Септогал без сахара

МНН: Бензалкония хлорид, Левоментол, Мяты перечной масло, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Ядран Галенски Лабораторий АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121889
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Қантсыз Септогал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Соруға арналған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: бензалконий хлоридінің ерітіндісі 50% – 1.00 мг, левоментол – 3.00 мг, бұрыш жалбызының майы – 1.00 мг, эвкалипт майы – 0.60 мг

қосымша заттар: магний стеараты, ксилитол, сорбитол.

Сипаттамасы

Сергіткіш иісі бар, бір жақ бетінде “septogal” ойылып жазылған, ақтан ашық-сары түске дейінгі, кертігі бар жайпақ цилиндрлі дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың жүйелі сіңуі төмен. Левоментол және бұрыш жалбызы майы ішекте сіңеді, несеппен және өтпен глюкурон түрінде шығады.

Эвкалипт майы шырышты қабық арқылы сіңеді, негізінен тыныс алатын ауамен өкпе арқылы бөлінеді.

Бензалконий хлоридінің фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ, алайда аммонийдің төрттік бірігулері (10-нан 20%-ға дейін) нашар сіңетіні белгілі, қалған бөлігі нәжіспен өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Жергілікті антисептикалық әсерлермен біріктірілген препарат.

Препараттың құрамына аммонийдің (бензалконий хлориді) және белсенді табиғи заттар төрттік бірігулері тобынан (левоментол, бұрыш жалбызы майы, эвкалипт майы) антисептик жатады, осы заттар арқылы әсерінің күшеюіне ықпал етеді.

Бензалконий хлориді – беткейлік-белсенді катионды зат. Өзінің эмульгациялайтын қасиетінің арқасында олардың енуін жоғарылата отырып, микробтық цитоплазмалық жарғақшаларын деполяриздейді. Осылайша грамоң және грамтеріс бактерияларға және Candida albicans-ке бактерицидті әсер етеді. Сондай-ақ ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығын ылғалдандырудың арқасында ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына кедергі болады.

Ментол және бұрыш жалбызы майы елеулі айқын антисептикалық, ауыруды басатын әсерге ие. Жұтқан кезде ашыту мен ауыру сезімі сияқты симптомдарды жеңілдетеді, сондай-ақ ауыздан жағымсыз иісті кетіреді. Одан да басқа эвкалипт майы шырышты қабықтың рецепторларына көтермелейтін әсер береді, соның арқасында тыныс алу жеңілдейді.

Соруға арналған таблеткада қант болмайды. Препараттың құрамына кіретін ксилитол мен сорбитол кариестің дамуына түрткі болмайды.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен қызыл жегі шырышты қабығының қабынбалы ауруларында (стоматит, гингивит)

  • тамақтың инфекциялық-қабынбалы ауруларында (фарингит, ларингит, тонзиллит)

  • суық тиюден немесе тұмаудан болған дауыстың қырылдауында

  • ауыздан жағымсыз иісті қайтару үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Әр 2-3 сағат сайын 1 таблетканы толық ерігенге дейін сору керек.

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар күніне 6 таблеткаға дейін қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 8 таблеткаға дейін қабылдау ұсынылады.

Емдеу курсы 7-10 күн, ауру симптомдары қайтқанға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (≤1/10 000)

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

  • жоғары сезімталдық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сеізмталдық

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ауыз қуысында сору үшін тағайындалған басқа да антисептиктермен қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында ксилит және сорбит (соруға арналған бір таблетканың энергетикалық құндылығы 2,4 ккал құрайды) бар, сондықтан диабеті бар пациенттер қантсыз Септогалды қолдануға болады.

Бір уақытта сүтпен бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені сүт бензалконий хлоридінің антисептикалық әсерін төмендетеді.

Дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы мен құсу қатар жүрген жедел инфекция жағдайында, егер жағдай 3 күн ішінде жақсармаса, дәрігердің кеңесіне жүгіну ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Егер ана үшін күтілген пайда ұрық және бала үшін әлеуетті қауіп артқан жағдайда ғана жүктілік және бала емізу кезеңінде қантсыз Септогал қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану ықтималдығы аз. Препараттың көп мөлшерін қолдану ас қорыту жүйесінің бұзылуын туындатуы мүмкін.

Симптомдар: жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Ядран” Галенски Лабораторий АҚ,

Свилно 20, 51000 Риека, Хорватия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, Хорватия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Ядран» Галенски Лабораторий АҚ,

Алматы қ., Жамакаев к-сі, 126, тел. (факс): + 7 (727) 271 80 44;

e-mail: saldibekova@jgl.ru

Прикрепленные файлы

249453241477976296_ru.doc 58.5 кб
760753031477977542_kz.doc 25.36 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники