Септефрил

МНН: Декаметоксин
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011973
Информация о регистрации в РК: 15.05.2014 - 15.05.2019
Номер регистрации в РБ: 4595/2000/05/09/10/12/15/16/20/20
Информация о регистрации в РБ: 29.09.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Септефрил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

0,2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0.2 мг декаметоксин (100% құрғақ затқа шаққанда),

қосымша заттар: сахароза, повидон, картоп крахмалы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Беткейі тегіс дөңгелек пішінді, жиегі қиғашталған және сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02A A20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Декаметоксин аммоний қосылыстарының тобына жатады, антисептикалық әсер көрсетеді. Декаметоксин беткейлік-белсенді зат болғандықтан, ол микроб жасушасының өткізгіштігін, оның құрылымының декструкциясын және қырылуын туындата отырып, өзгертеді. Препараттың антисептикалық әсері осыған негізделген.

Декаметоксиннің микробтарға қарсы әсер ету ауқымы кең (дифтерия коринобактериялары, оның ішінде стафилококктар, энтеробактериялар, псевдомонадтарды қоса, споралы микроорганизмдер, қарапайымдылар, ашытқы тәрізді зеңдер, дерматомицеттер, вирустар). Декаметоксин бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын арттырады, микроб жасушаларына бактерицидті, спороцидті, фунгицидті әсер етеді.

Қолданылуы

  • жұтқыншақ және ауыз қуысы ауруларында (стоматит, баспа, тонзиллит, фарингит және басқалар)

  • ауыз және жұтқыншақ шырышы кандидозында

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақтың операция алдындағы және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларының алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Септефрил ауыз қуысында сорылады, ауыз қуысында толық сорылғанша ұстау керек. Ересектерге препаратты 1 таблеткадан тәулігіне 4-6 рет, 3-4 күн тағайындайды. 6-15 жастағы балаларға Септефрилді 1 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Таблеткаларды тамақтанудан кейін қабылдап, сонан соң бір сағат бойы тамақтанбайды және сұйықтық ішпейді.

Жағымсыз әсерлері

  • сілекей бөлінуінің артуы, бұл таблетканы сорып болғаннан кейін қайтады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Септефрил антибиотиктердің емдік әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты емделушілердің осы тобына қолдану қауіпсіздігі туралы клиникалық деректер жоқ болғандықтан, сақтықпен тағайындаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,2 мг таблеткалар. 10 таблеткадан поливинилхлоридті немесе поливинилиденхлоридті және бір жағында термолакты жабыны және басқа жағында мөрі бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы.

Украина, 03134, Киев қ., Мир к-сі, 17.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты» Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

050063 Алматы қ., Әуезов а-ны, «Жетысу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

факс: +7(727) 313-23-34;

E-mail: vadimt58@list.ru

Прикрепленные файлы

159451811477976711_ru.doc 42.5 кб
456600141477977850_kz.doc 45.5 кб
4595_2000_05_09_10_12_15_16_20_20_p.pdf 0.16 кб
4595_2000_05_09_10_12_15_16_20_20_s.pdf 0.16 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ