Сенадексин-Здоровье

МНН: Сеннозиды А и B
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Senna glycosides
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014290
Информация о регистрации в РК: 25.12.2019 - 25.12.2024
Номер регистрации в РБ: 1067/96/01/02/06/07/12/13/17/17
Информация о регистрации в РБ: 30.11.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сенадексин-Здоровье

Халықаралық патенттелменген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 70 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - құрамында А және В сеннозидтердің кальций тұзы бар 70 мг сенна жапырақтарының 20 % шаққандағы сығындысы,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, ванилин, магний стеараты, метилпарагидроксибензоат, стеарин қышқылы, тальк, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр түріндегі, сызығы және ойығы бар, ванилин иісті, теңбілдері күңгірттеу және ақшылдау түсті, түсі сұр-қоңырдан қоңырға дейінгі таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетіндер. Жанаспалы іш жүргізетін дәрілер. Сенна гликозидтері.

АТХ коды А06А В06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Антрагликозидтерді (негізінен А және В сеннозидтер) ішке қабылдағаннан кейін іс жүзінде асқазанда және аш ішекте сіңбейді. Тоқ ішекте фармакологиялық белсенді антрондар мен антранолдарға ыдырайды, олар несеппен, сондай-ақ нәжіспен шығарылады. Сондай-ақ термен бөлінеді, аздаған мөлшерде емшек сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Сенадексин-Здоровье – іш жүргізетін өсімдік текті препарат (сенна жапырағы немесе александриялық жапырақ, немесе сүйір жапырақты кассия жапырағы).

Фармакологиялық әсері антрагликозидтерге (негізінен А және В сеннозидтерімен), сондай–ақ басқа гликозидтерге байланысты. Ішке қабылдағанда сенна гликозидтері өзгермеген түрде асқазан және аш ішек арқылы өтеді. Тоқ ішекте антрагликозидтер ішек бактериялары көмегімен фармакологиялық белсенді антрондар мен антранолдарға ыдырайды, олар тоқ ішектің интерорецепторларын тітіркендіреді, ішек перистальтикасын күшейтеді және ішектің босауын жылдамдатады. Антрондар мен антранолдар су мен электролиттердің сіңуіне кедергі жасайды, ішек қуысында судың диффузиялануына ықпал етеді. Осмостық әсері салдарынан нәжіс көлемі ұлғаяды, толу қысымы жоғарылайды, бұл перистальтиканы көтермелеуге ықпал етеді.

Іш жүргізетін әсері 6 – 10 сағатан соң байқалады. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда оның қарқынды әсері организмдегі калий құрамының азаюынан төмендеуі мүмкін.

Препаратты емделушілер жақсы көтереді, құрамында шайырлы заттар аз болғандықтан ішекке тітіркендіруші әсер етпейді.

Қолданылуы

- созылмалы іш қатуда

- ішектің гипо- және атониясында

- геморройда, проктитте және артқы өтіс жарықтарында ішектің босауын жеңілдетуде

- диагностикалық және емдеу емшаралары алдында ішекті тазартуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Аздаған сұйықтық мөлшерімен ішіп, әдетте ұйықтар алдында немесе таңертең, ішке қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 таблеткадан тағайындайды. Әсері болмағанда дозаны 3 таблеткаға дейін көтеруге болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы 3 таблетка. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қабылдамаған дұрыс.

Егде жастағы емделушілерге емдеуді тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан бастау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- анорексия, іш тұсының ауыруы, диарея

- несеп түсінің өзгеруі

- аллергиялық реакциялар

Болуы мүмкін (ұзақ қабылдағанда)

- электролиттерді, негізінен калий ионын жоғалту

- альбуминурия, гематурия

- ішек псевдомеланозы

- тоқ ішек атониясы, метеоризм, ас қорытудың бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сенна гликозидтеріне және препараттың басқа компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- метроррагия

- ішек бітелісі

- ішектің жедел қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жара колиті, аппендицит)

- перитонит

- асқазан мен он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы

- асқазан-ішектен қан кету

- жарықтың қысылып қалуы

- цистит

- генезі анықталмаған іш тұсының ауыруы

- су-электролиттік теңгерімнің ауыр бұзылуы

- 12 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ас қорыту жолында баяу сіңетін дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді. Хинидин сульфатпен (антиаритмиялық препарат) бір мезгілде қолданғанда антрахинонды іш жүргізетін дәрілермен бәсекелестік қасиеттеріне байланысты қанда әсер етуші заттардың деңгейін төмендетуі мүмкін. Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану гипокалиемия салдарынан жүрек аритмиясын туындатуы мүмкін. Аритмияға қарсы дәрілермен, диуретиктермен және кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда бұлшықет әлсіздігі дамиды. Ұзақ қолданғанда және/немесе жоғары дозада қолданғанда препарат тетрациклиндердің сіңірілуін бұзады.

Айрықша нұсқаулар

  • Емдәмді өзгертумен ішектің босауын қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда ғана, препаратты қолдану ұсынылады; қалыпты ішек функциясын қалпына келтіруге қажетті ең төменгі тиімді дозаны қолданған жөн.

  • Жүрек гликозидтері, антиаритмиялық дәрілер, QT аралығын ұзартатын препараттар, диуретиктер, кортикостероидтар немесе мия тамыры негізіндегі препараттар қабылдайтын емделушілерге препарат қабылдауды бастар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

  • Егер іш қатудың себебі белгісіз немесе ас қорыту жолы тарапынан шағымданулар (іштің ауыруы, жүрек айну және құсу) болса, онда іш жүргізетін дәрілер қабылдауды бастар алдында дәрігер іш қатудың себебін анықтауы қажет, өйткені осы симптомдар басталып жатқан немесе ендігі бар ішек бітелісінің белгілері болуы мүмкін.

  • Препарат көріністік қолдануға арналған, сондықтан препаратты қолдану 1 аптадан артық жүргізілсе, сақтықпен және дәрігермен алдын ала кеңесуден кейін қолданады, өйткені ішек қызметін көтермелейтін іш жүргізетін дәрілерді ұзақ қолдану ішек атониясының күшеюіне әкелуі мүмкін.

  • Басқа дәрілік заттарды қолданғаннан кейін екі сағат ішінде немесе ұсынылған дозадан асатын дозада препаратты қолдануға болмайды. Нәжісті ұстай алмаумен (инконтиненция) зардап шегетін ересектер препаратты қабылдау кезінде төсеуішті (сүрткіні) жиі ауыстыра отырып, терінің нәжіспен ұзақ уақыт жанасуын болдырмаған жөн. Бауыр немесе бүйрек аурулары, ішектің созылмалы қабыну аурулары бар емделушілерге препаратты сақтықпен қолданған жөн.

    Препарат құрамында лактоза бар, осыны лактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын формалары, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар емделушілердің ескергені жөн.

    Педиатрияда қолданылуы

    12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды.

    Жүктілік және лактация кезеңі

    Препаратты жүкті әйелдерге тек дәрігердің қадағалауымен қолдану керек. Жүкті әйелдерде препаратты қолдану жағымсыз әсерлер (абдоминальді ауырулар, диарея) дамуының анағұрлым жоғары ықтималдығымен қатар жүреді. Препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады, өйткені препарат компоненттері емшек сүтіне өтуі және баланың ішінің жиі, сұйық болып өтуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

    Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару мүмкіндігіне әсері

    Препарат әдетте көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою, психикалық және қимыл реакциялары жылдамдығын талап ететін жұмыстарды орындау мүмкіндігіне әсер етпейді. Алайда, препаратқа жеке реакцияны тексеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, су-тұз теңгерімінің бұзылуы, ішек шаншуы, ас қорыту жолы мүшелерінің тітіркенуі, жүрек айну, эпигастрий аумағының ауруы, құрысулар, ішек функциясының нашарлауы, қантамырлық коллапс, метаболикалық ацидоз.

Емі: асқазанды шаюды қоса алғанда, симптоматикалық. Егер күрделі диарея қаупі бар болса, регидратация (суды көп мөлшерде қабылдау) ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

300 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшікке салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

8С-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Здоровье Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ,

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Здоровье Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Тел.: +7(727) 271-10-17

Факс: +7(727) 271-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

Прикрепленные файлы

583312491477976654_ru.doc 55.5 кб
892669961477977789_kz.doc 63 кб
1067_96_01_02_06_07_12_13_17_17_p.pdf 0.26 кб
1067_96_01_02_06_07_12_13_17_17_s.pdf 0.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ