СЕКРАЗОЛ® ДЛЯ ДЕТЕЙ

МНН: Амброксол
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016349
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕКРАЗОЛ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

15мг/5мл шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбат құрамында

белсенді зат – 15 мг амброксол гидрохлориді,

қосымша заттар: 70% сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий цитраты, лимон қышқылының моногидраты, бүлдірген хош иістендіргіші, тазартылған су

Сипаттамасы

Бүлдірген дәмі бар мөлдір, түссіз шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын және жөтелді жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05CB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амброксол гидрохлориді асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі; асқа дейін ішке қабылдағанда қан плазмасындағы жоғарғы концентрациясы 2 сағаттан соң байқалады. Амброксолдың биожетімділігі шамамен 60%. Амброксолдың шамамен 30 %-ы бауырда метаболизденеді.

Элиминация кезеңі шамамен 22 сағатты құрайды. Қан плазмасындағы тиімді концентрациясы > 30 нг/мл күніне екі рет 30 мг дозадан қабылдаған кезде байқалады. Мұндай жағдайда тұрақты ең төмен концентрациясы 50 нг/мл құрайды, амброксолдың екі еселенген дозалары плазмада жинақталуына әсер етпейді. Амброксол белсенділігі жойылған, глюкуронидтермен байланысқан түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕКРАЗОЛ® муколитикалық және қақырық түсіретін зат болып саналады, ол тыныс алу жолының сөлінісін сұйылтатын әсерге ие. Мукозды сөліністің тұтқырлығын төмендетеді, ол цилиарлық эпителий функциясын жақсартады, соның салдарынан сөліністің шығарылуы жақсарып, тыныс алу жеңілдейді.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕКРАЗОЛ® қолданғанда тыныс алу жолдарының сөлініс бөлу қызметі және табиғи эпителиялық қабаты қалыпқа келеді.

Қолданылуы

- секреция бұзылуымен және қақырық бөлінуінің қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: 10 мл (2 өлшеуіш қасық) тәулігіне 3 рет;

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: 5 мл (1 өлшеуіш қасық) тәулігіне 2-3 рет;

2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (1/2 өлшеуіш қасық) тәулігіне 3 рет;

2 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (1/2 өлшеуіш қасық) тәулігіне 2 рет;

Емдеу курсы 14 күн.

Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады. Егер жедел респираторлық ауруларына жүргізілген емде жағдай жақсармаса, медициналық көмекке жүгінген жөн.

Жағымсыз әсерлері

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жиі (≥ 1/100 - < 1/10):

- жүрек айнуы, дәм сезудің өзгеруі, ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы сезімталдықтың төмендеуі (оральді және фарингеальді гипостезия)

Жиі емес (≥ 1/1,000 - < 1/100):

- құсу, диарея, диспепсия, іш ауыруы, ауыздың құрғауы

Сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000):

- тамақтың құрғауы

Иммунитет жүйесінің бұзылуы

Жиілігі белгісіз:

- анафилактикалық реакциялар, анафилактикалық шокты қосқанда

Тері мен тері асты шелінің бұзылыстары

Сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000):

- бөртпе, есекжем,

Жиілігі белгісіз:

- қышыну және аса жоғары сезімталдықтың басқа да реакциялары, ангионевротикалық ісіну.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқысында бромгексинге немесе оның метаболиті амброксолға

жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары

- шығу тегі әртүрлі құрысу синдромдары

- сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН Секразол® препаратын бірге қолданғанда:

- атропинмен және антихолинергтік әсері басқадай препараттармен, яғни, амантадинмен, үшциклді антидепрессанттармен, галоперидолмен, гистаминдік Н1- рецепторлардың бөгегіштерімен, және прокаинамидпен, кірпікшелі эпителийдің белсенділігін басатын және мукоцилиарлық клиренсті төмендететін, ипратропиумді қоспағанда, сөліністің жинақталуына әкелуі мүмкін

- жөтелге қарсы препараттардың жоғарыланған дозаларымен, жөтел рефлексінің басылуына, соның нәтижесінде амброксол әсерінен көп мөлшерде түзілген бронхиалдық сөліністің шығарылуы қиындайды.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН Секразол® кодеинмен немесе құрамында кодеин бар басқадай жөтелге қарсы препараттармен қолданбау керек.

Айрықша нұсқаулар

Амброксол гидрохлоридін қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты терінің күрделі зақымдану жағдайлары өте сирек тіркелген. Негізінен олар негізгі аурудың ауырлығына және қатар жүретін емге байланысты. Сонымен қоса Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермальді некролиздің ерте сатысында емделушілерде келесі симптомдар арқылы спецификалық емес аурулардың басталу белгілері байқалуы мүмкін: дене температурасының жоғарылауы, бүкіл дененің ауыруы, ринит, жөтел және тамақ ауыруы. Бұл белгілердің пайда болуы суық тиюге қарсы препараттармен керексіз симтоматикалық емделуге әкелуі мүмкін. Тері зақымданулары пайда болғанда – емделуші дәрігермен дереу қаралады, амброксол гидрохлоридін қабылдау тоқтатылады.

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге тағайындағанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем, асқазанды шаю; құрысулар, естен танған жағдайда немесе құсу рефлексі пайда болмаған жағдайда назогастральді зондты пайдалану арқылы лаваж жасаған дұрыс. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл шәрбаттан алғаш ашылуы бақыланатын және бұралып жабылатын қақпағы бар күңгірт шыны құтыда.

1 құтыдан өлшегіш қасықпен немесе өлшегіш стақанмен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голлограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін қолдану мерзімі 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы: nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

115119511477976413_ru.doc 57 кб
553728411477977613_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники