Секнидокс

МНН: Секнидазол
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Secnidazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015801
Информация о регистрации в РК: 02.09.2021 - 02.09.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Секнидокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Секнидазол

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 1 г таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат – 1,0 г секнидазол,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон (К30), магний стеараты, тазартылған тальк,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (Е15), титанның қостотығы (Е171), индигокармин лагы (Е132), тазартылған тальк, пропиленгликоль.

Сипаттамасы

Көгілдір түсті қабықпен қапталған, бір жақ бетінде “SECN” деген өрнегі және басқа жақ бетінде бөлетін сызығы бар капсула пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Протозойға қарсы препараттар. Нитроимидазол туындылары.

АТХ коды РО1АВ 07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін секнидозол асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Биожетімділігі 80%-ға жуықты құрайды. Бауырда метаболизмге ұшырайды. Ішке бір рет 2 г қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрацияға (ТС max) жету уақыты – 4 сағат. Бүйректер арқылы шығарылуы – 72 сағат (қабылданған дозаның 16%-ы).

Секнидазол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, ана сүтіне енеді. Секнидазолдың жартылай шығарылу уақыты шамамен 25 сағатқа тең, ол препаратты қабылдау үлгісін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оны пациент үшін өте қолайлы етеді.

Фармакодинамикасы

Секнидокс – протозойға қарсы нитроимидазолдар тобына жататын, бактерияларға қарсы әсері бар препарат. Секнидокс бактерицидтік (грамоң және грамтеріс анаэробты бактерияларға қарсы) және амебацидтік (ішекішілік және ішектен тыс) әсерімен сипатталады. Секнидокстің әсіресе Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Giardia lamblia-ға әсері ерекше белсенді. Микроорганизм жасушасының ішіне ене отырып, Секнидазол 5 – нитротобының қалпына келуі нәтижесінде белсенділенеді, соның есебінен жасушалық ДНҚ-мен өзара әрекеттеседі. Оның спирал түріндегі құрылысы бұзылады және жіптері ыдырайды, нуклеотидтік синтезі тежеледі және жасушасы жойылады.

Ісіктердің сәулеленуге сезімталдығын арттырады, алкогольге сенсибилизация тудырады (тетурамға ұқсас әсер етеді).

Қолданылуы

  • трихомонадты уретриттерде және вагиниттерде (Trichomonas vaginalis-ден туындаған)

  • бактериалды вагинозда

  • ішек амебиазында (Entamoeba histolytica-дан болған)

  • бауыр амебиазында (Entamoeba histolytica-дан болған)

  • лямблиозда (Giardia lamblia-дан болған)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Секнидоксті тамақтанар алдында ішке судың аз мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Ересектерге:

Трихомонадты уретриттер және вагиниттер, бактериалды вагиноз – 2 таблеткадан, бір рет;

ішек амебиазы

жедел симптоматикалық амебиаз – 2 таблеткадан, бір рет;

симптомсыз амебиаз, ошақтық және цисталық түрін қосқанда - күн сайын бір рет қабылданатын 2 таблеткадан, 3 күн бойы;

бауыр амебиазы - күн сайын 1,5 таблеткадан (1,5 г) бір реттік немесе бөлінген дозалар түрінде, 5 күн бойы.

лямблиоз - 2 г, бір рет.

Препаратпен қайталап емдеу курсының керектігі және мақсаттылығы әрбір пациент үшін жеке таңдалады.

Жағымсыз әсерлері

  • жүректің айнуы, ауызда «металл» дәмін сезіну, глоссит, стоматит, асқазан тұсының ауыруы

  • бас айналуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, атаксия, парестезия, полиневропатия

  • есекжем

  • орташа қайтымды лейкопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Секнидокстың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдықта

  • орталық жүйке жүйесінің органикалық ауруларында

  • қан ауруларында (оның ішінде сыртартқысында)

  • жүктілікте және лактация кезеңінде

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Секнидокс бір мезгілде қолданған кезде әсері тікелей емес антикоагулянттардың (индандион немесе кумарин туындылары) әсерін күшейтеді.

Секнидоксті дисульфираммен біріктіріп қолдану паранойяльды реакцияларды (іштің түйілуі, жүректің айнуы, құсу, бас ауыру, бетке қан тебу) және де дисульфирамдағыдай, этанолды көтереалмаушылықты тудырады.

Секнидоксті литий препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде оның қан плазмасындағы концентрациясын арттырады.

Препаратты деполяризацияланбайтын миорелаксанттармен (векуроний бромиді) біріктірмеу керек.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр амебиазының іріңді кезеңін емдеуді абсцестен іріңді жоюмен бірге жүргізу қажет.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған кезде протромбин индексіне бақылау жасау және де, қажет болған кезде, Секнидокспен емдеу кезеңінде және оны тоқтатқаннан кейін 8 күн ішінде антикоагулянттардың дозасын түзету керек.

Секнидокспен емдеу кезеңінде алкогольды қолдануды тоқтата тұрған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: лейкопения, атаксия.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 2 таблеткадан.

Пішінді 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, +250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Дайындалған жері «Лаборатория Бэйли – Креат», (Шмэн де Нуизмэн Z.I. де 150 Арпэн, 28500 Вернуйе – Франс) Франция, «Медрайк» лицензиясы бойынша, Ұлыбритания.

Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания,

(«WORLD MEDICINE», Great Britain)

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы: Қ.Р., Алматы қ. , Сүйінбай даңғ., 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

www.worldmedicine.kz

 

Прикрепленные файлы

797281701477976304_ru.doc 52.5 кб
647961021477977496_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники