Ротокан (Даулет-Фарм ТОО)

МНН: Календулы лекарственной цветки, Ромашки аптечной цветки, Тысячелистника обыкновенного трава
Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014660
Информация о регистрации в РК: 22.09.2021 - 22.09.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ротокан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке және сыртқа қолдануға арналған сұйықтық 30 мл, 50 мл, 100 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді заттар:

түймедақ гүлі 500,0 г

тырнақгүл гүлі 250,0 г

мыңжапырақ шөбі 250,0 г,

қосымша заттар – 96% этанол, тазартылған су

Сипаттамасы

Қызыл-сары реңді, қою-қоңыр түсті өзіне тән иісі бар сұйықтық

Сақтаған кезде тұнба түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Басқалар.

АТХ коды А01АВ11

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың қабынуға қарсы, жара жазғыш, антисептикалық, гемостатикалық әсері бар. Препарат грануляция өсуінің артуы есебінен регенерация үдерістерін жылдамдатады, эпителизацияны жақсартады және жергілікті қорғаныс механизмдерін арттырады.

Қолданылуы

Стоматологиялық практикада ауыз қуысы шырышты қабығының қабыну ауруларында және шығу тегі әртүрлі пародонтта (афтозды стоматит, пародонтит, ойық жаралы-некротикалық гингивостоматит) қолданылады.

Гастроэнтерологияда: гастродуоденит, созылмалы энтерит және колит (кешенді емде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ротокан сулы ерітінді түрінде қолданылады, оны қолданар алдында стақандағы қайнатылған жылы суға препараттың 1 шәй қасығын қосу арқылы дайындайды. Ауыз қуысы шырышты қабығының ауруларында 2-5 күн бойы тәулігіне 2-3 рет аппликация (15-20 мин) немесе ауыз былаулары (1-2 мин) пайдаланылады. Пародонт ауруларын емдеу тіс тасын алғаннан және патологиялық қызылиек қалталарын қырнағаннан кейін жүргізіледі. Қызылиек қалталарына күнделікті немесе күнара (4-6 рет) 20 минутқа препарат ерітіндісіне молынан малынған жұқа турундалар енгізіледі.

Гастроэнтерологияда препарат ішке және микроклизмалармен (ректальді) қолданылады. Ішке күніне 3-4 рет тамаққа дейін 30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 40-60 минуттан соң 1/3 – 1/2 стақан сулы ерітіндіден (60-100 мл) қолданылады. Емдеу курсы 2-3 апта.

Микроклизма тәулігіне 1-2 рет тазартатын клизмадан кейін препараттың 50-100 мл сулы ерітіндісінен қолданылады. Емдеу курсы 3-6 апта.

Жағымсыз әсерлері

Тері бөртпелері, қышу түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

- бауыр функциясының ауыр бұзылыстарында

- бүйрек функциясының ауыр бұзылыстарында

- бассүйек-ми жарақатында, бас миы ауруларында

- алкоголизмде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балалар

6 жастан бастап дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік, лактация кезеңінде

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл, 50 мл 100 мл-ден полиэтилен тығынмен тығындалған винтті мойны және алюминий қалпақшалармен тығындалған бұралатын пластмасса қақпақтары бар шыны массадан жасалған құтыларда. Құтылар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан

Алматы қ-сы, Тополевская к-сі, 157 К

Телефон, 383-95-08 факс 383-95-08,

E-mail daulet-farm@mail.ru

Прикрепленные файлы

926491601477976673_ru.doc 51.5 кб
419518121477977822_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники