Ромашка - Зерде

МНН: Ромашки аптечной цветки
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения функциональных нарушений со стороны ЖКТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021198
Информация о регистрации в РК: 04.04.2018 - 04.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Түймедақ-Зерде

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1 г

Құрамы

Бір сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат: түймедақтың майдаланған гүлдері 1 г

Сипаттамасы

Тесігінің диаметрі 2 мм електен өтетін және диаметрі 0,3 мм електен өтпейтін дәрілік түймедақ гүлдерінің сары-жасыл түсті ірі ұнтағы. Иісі күшті, хош иісті. Дәмі жағымды, ащылау, сәл шырышты.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А03

Фармакологиялық қасиеттері

Түймедақ гүлдерінің құрамында: терпинен, лимонен, цинеол, цимен, кадинен құрамында бар эфир майы; флавоноидтар, никотин, аскорбин, каприл, антемис, изовалерьян, салицил қышқылдары, кумариндер, холин, фитостериндер, каротин, ащылар, шырыштар, шайыр, қант, ақуыз заттары, сондай-ақ спазмолитикалық әсері бар гликозидтер болады.

Түймедақ гүлдерінің биологиялық белсенді заттары қабынуға қарсы, антисептикалық, тұтқыр, өт түзілуі мен өттің бөлінуін көтермелейтін түйілуді басатын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде

- ішек түйілулерінде, метеоризмде, диареяда

- гастритте, он екі елі ішектің және асқазанның ойық жараларында

Сыртқа

- стоматитте, гингивитте, баспа кезінде шаю үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге. 1-2 сүзгі-пакетке 150-200 мл қайнап тұрған суды құяды, 10-15 минут тұндырады. Ересектер және 12 жастан асқан балалар жылы күйінде 2-3 ас қасықтан күніне 2-3 рет тамақтанудан кейін қабылдайды. Балаларға 3 жасқа дейін 1 шай қасықтан, 3-тен 6 жасқа дейін 1 ас қасықтан, 7-12 жасқа 1-2 ас қасықтан күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақтанудан кейін. Емдеу курсы дәрігер тағайындайды.

Сыртқа ауыз қуысын, тамақты шаю үшін. ½ -1 стақаннан күніне 3-5 рет жылы тұнбаны қолданады. Емдеу курсы 5-6 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- түймедақ гүлдеріне жеке жоғары сезімталдық болуы мүмкін.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларда

Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Жүктілік, лактация

Дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Препаратты автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдау автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1.0 г препараттан өндіруші кәсіпорынның тауарлық жазба белгісімен бір реттік қолдануға арналған сүзгі-пакетте. Бір реттік қолдануға арналған сүзгі-пакетті полипропиленді үлбірден жасалған пакетке салады. 20 сүзгі-пакеттен немесе полипропилен пакеттегі 20 сүзгі-пакеттен қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша аннотация жазылатын картон қорапшаға салынады.

Қорапшаны полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабады, содан соң қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1., тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

 

Прикрепленные файлы

562841721477976526_ru.doc 43.5 кб
883509181477977684_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники