Ринитал

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний органов дыхания
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021001
Информация о регистрации в РК: 12.12.2014 - 12.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Ринитал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: Cardiospermum trit. D3 25.00 мг, Galphimia glauca trit. D3 25.00 мг, Luffa operculata trit. D4 25.00 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы

Сипаттамасы

Ойығы бар жайпақ цилиндр тәрізді ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды R07AX

Фармакологиялық қасиеттері

Поллиноз және жыл бойындағы аллергиялық ринитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын емдеуге арналған кешенді гомеопатиялық препарат. Препараттың белсенді заттары мұрынның бітелуі, мұрын мен жұтқыншақтың қышуы, түшкіру, жас ағу, көздің шымылдау сезімі тәрізді және т.б. әдеттегі аллергия симптомдарына қатысты тиімді.

Қолданылуы

Жоғарғы тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары:

- поллинозда

- маусымдық емес аллергиялық ринитте (жылдық аллергиялық ринитте)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

жедел жағдайларда жақсарғанға дейін әрбір сағат сайын 1 таблеткадан (бірақ күніне 12 таблеткадан артық емес). Әрі қарай емдеуде күніне 3 рет 1-2 таблеткадан қабылдайды.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

жедел жағдайларда жақсарғанға дейін әрбір 2 сағат сайын 1 таблеткадан (бірақ күніне 8 таблеткадан артық емес). Әрі қарай емдеуде күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды.

Поллиноздың алдын алу үшін: препаратты қабылдауды аллергенді тозаң пайда болғанға дейін 6 апта бұрын бастап, күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Таблеткаларды ауызда баяу еріте отырып, тамақтануға дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанудан соң жарты сағаттан кейін қабылдау керек. Балаларға қолдану қолайлылығы үшін таблетканы аздаған суда еріту ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы – егер дәрігер басқаша тағайындамаса, 8 аптадан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- теріде бөртпе түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары және асқазан-ішек бұзылыстары болуы мүмкін (мысалы, диарея, жүрек айнуы).

Кез келген жағымсыз құбылыстар дамыған жағдайда препаратты тоқтатып, дәрігерден кеңес алған жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған. Осы гомеопатиялық дәрілік затты қолдану басқа дәрілік заттардың қолданылуын жоққа шығармайды.

Егер емделушілер қандай да бір дәрілік заттарды, оның ішінде рецептісіз босатылатын препараттарды қабылдап жүрсе немесе біраз уақыт бұрын қабылдаған болса немесе қабылдауы мүмкін болса оларға дәрігермен кеңесу қажет. Гомеопатиялық дәрілік заттардың әсері күшті әсер ететін препараттар, алкоголь қабылдау және шылым шегу сияқты өмір салтына қатысты жалпы негативті факторлардың ықпалынан төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Риниталдың құрамында лактоза және бидай крахмалы бар.

Лактозаны көтере алмаушылығы бар немесе глютен ауруы бар науқастар үшін ескерту:

Ринитал целиакиясы бар науқастарды емдеуге жарамды. Препаратты крахмал жақпайтын (целиакиядан ерекшелігі бар ауру) емделушілерге тағайындамаған жөн, өйткені онда бидай крахмалы бар. Препараттың құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын аурулар, галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза жетіспеушілігі немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге бұл препаратты қолданбаған жөн.

Симптоматикасы сақталса немесе анық емес болса, сонымен қатар жаңа симптомдар пайда болса дәрігермен кеңесу керек, өйткені мәселе медициналық көмекті талап ететін аурулар туралы болуы мүмкін.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде аурудың бұрыннан бар симптомдары (бастапқы нашарлау) өткінші түрде күшеюі мүмкін; бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Риниталды жүктілік уақытында және лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайда ұрыққа (балаға) төнетін қауіптен артық болса ғана қабылдауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан ПВХ үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші және тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия.

Қаптаушы-ұйым

Др Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ, Германия.

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ-сы, Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 п.

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

821780711477976590_ru.doc 46 кб
582791611477977744_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники