Рибавирин (Ribavirin)

МНН: Рибавирин
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ribavirin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121997
Информация о регистрации в РК: 21.01.2016 - 21.01.2021
Номер регистрации в РБ: 16/03/1932
Информация о регистрации в РБ: 23.03.2016 - бессрочно
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Рибавирин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рибавирин

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 200 мг рибавирин бар,

қосымша заттар – крахмал 1500, магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза.

Капсуланың құрамы: желатин, глицерин, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді жартылай сфералы шеттерімен ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті қатты желатинді капсулар № 0.

Капсула ішінде - ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін дәрілер. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Рибавирин.

АТХ коды J05AB04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рибавирин ішке қабылдағаннан кейін (Tmax = 1,5 с) жеңіл сіңеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 45 - 65 % құрайды, ол бауыр арқылы «алғашқы өту» әсерімен байланысты. Рибавирин плазма ақуыздарымен байланыспайды, тасымалдануы эритроциттердің қатысуымен (нуклеозидтік тасымалдаушы есебінен) жүреді. Таралу көлемі шамамен 5000 л құрайды. Бір рет қолданғанда жартылай таралу кезеңі 3,73 сағатты; жартылай шығарылу кезеңі – 79 сағатты құрайды.

Бірнеше рет енгізгенде рибавириннің плазмада жинақталуы және оның биожетімділігі 6 есе жоғарылауы байқалады. 600 мг дозада тәулігіне 2 рет енгізгенде рибавириннің плазмадағы Css 4-ші аптаның соңына қарай 2200 нг/мл құрады. Қабылдауды тоқтатқаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі 298 сағатқа жуықты құрады.

Метаболизмі қайтымды фосфорлану және гидролиз жолымен жүреді ( триазольді карбоксильді метаболиттің түзілуімен дерибоздену және амидті гидролиз). Рибавирин мен оның метаболиттері организмнен негізінен несеппен шығарылады. Нәжіспен 2 апта ішінде қабылданған дозаның 12 % жуығы бөлінеді.

Бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарда бір рет қабылдағанда AUC және Сmax көрсеткіштері артады. Рибавириннің плазмадағы концентрациясы гемодиализде айтарлықтай өзгермейді. Бауыр жеткіліксіздігімен науқастарға бір рет енгізгенде (Чайлд-Пью бойынша А-С класы) фармакокинетикасы өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Рибавирин кейбір РНҚ-және ДНҚ-вирустарға қатысты in vitro белсенді нуклеозидтердің синтетикалық аналогы болып табылады.

Созылмалы С гепатитін рибавиринмен монотерапия вирустың элиминациясына (гепатита С вирусының- РНК) немесе кейіннен бақылау кезеңінің 6 айы ішінде 6 - 12 ай емдеуден кейін бауырдың гистологиялық көрінісінің жақсаруына әкелмейді.

Алайда рибавириннің пегинтерферон альфа-2b-мен біріктірілімі клиникалық зерттеулерде пегинтерферон альфа-2b немесе интерферон альфа-2b-мен с монотерапиямен салыстырғанда емге жауап деңгейінің жоғарылауына әкелді.

Рибавирин пегинтерферон альфа-2b немесе интерферон альфа-2b-мен біріктірілімде С вирусты гепатитіне әсерін өзгертетін механизмі белгісіз.

Қолданылуы

Бұрын емделмеген және емделген бауыр жеткіліксіздігінсіз 18 жастан асқан ересек пациенттерде Созылмалы С гепатитін емдеуде (1 генотип) үштік ем құрамында (боцепревир және пегинтерферон альфа-2b).

- вирустық С гепатиті (2, 3, 4 генотип)

  • бұрын емделмеген, ВСГ-РНҚ оң, бауыр функциясының жеткіліксіздігі жоқ, аланинаминотрансфераза (AЛТ) деңгейі жоғары (ересек пациенттерде) 18 жастан асқан ересек пациенттерде және дене салмағы 47 кг астам жасөспірімдерде пегинтерферон альфа-2b-мен немесе интерферон альфа-2b-мен біріктірілген қосарлы ем құрамында

  • 18 жастан асқан ересек пациенттерде пегинтерферон альфа-2b-мен біріктірілген қосарлы ем құрамында

- бұрын емделмеген, компенсацияланған циррозы және/немесе клиникалық тұрғыдан тұрақты АИТВ ко-инфекциясы бар

- бұрын емделген, интерферон альфа-2b-мен (пегилирленген немесе пегилирленбеген) монотерапияда немесе рибавиринмен біріктірілген алдыңғы ем тиімсіз болғанда

  • интерферон альфа-2b-мен монотерапияда бұрын емделген, емге жауап болған (ем аяғына қарай аланинаминотрансфераза (АЛТ) қалпына келген), соңынан ауруы қайталанған 18 жастан асқан ересек пациенттерде интерферон альфа-2b-мен біріктірілген қосарлы ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді С гепатиті бар пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы және бақылауы тиіс.

Емдеуді С гепатиті бар пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі керек. Рибавирин ересектерде интерферон альфа-2b, пегинтерферон альфа-2b-мен біріктірілген ем құрамында, тек біріктірілген қосарлы емде ғана қолданылуы тиіс. ССГ 1 генотипі бар ересек пациенттерде боцепревирмен және пегинтерферонмен альфа-2b-мен біріктірілген үштік емде қолданылуы мүмкін.

Біріктірілген ем тағайындағанда пегинтерферон альфа 2b және интерферон альфа-2b және боцепревир препараттарының медицинадағы қолданылуы бойынша нұсқаулығын оқып шыққан жөн.

Дозалануы

Рибавирин препаратын дозалау пациенттің дене салмағына қарай есептеледі. Рибавирин капсулалары тамақтанумен бірге пероральді түрде тәулігіне 2 рет таңертең және кешке тағайындалады.

Ересектер

Рибавирин препаратын дозалау пациенттің дене салмағына қарай есептеледі (2 кесте). Интерферон альфа-2b-мен біріктірілімде 3 млн доза ХБ аптасына 3 рет немесе пегинтерферон альфа-2b –мен аптасына 1,5 мкг/кг дозада қолданғанда ұсынылатын дозалары:

Біріктірілген ем режимін таңдау таңдалған біріктірілімнен күтілетін тиімділік пен қауіпсіздікті ескере отырып, жекелей жүргізіледі.

2 кесте. Рибавирин препаратының пациенттің дене салмағына қарай ұсынылатын дозасы.

Пациент салмағы (кг)

Рибавирин препаратының күндізгі дозасы

200 мг-ден капсулалар қабылдау сызбасы

<65

800 мг

4 капсула (2 таңертең, 2 кешке)

65 - 80

1000 мг

5 капсула (2 таңертең, 3 кешке)

81 - 105

1200 мг

6 капсула (3 таңертең, 3 кешке)

>105

1400 мг

7 капсула (3 таңертең, 4 кешке)

Біріктірілген ем

Бұрын емделмеген пациенттерді емдеудің ұзақтығы

Рибавиринмен интерферон альфа-2b және боцепревирмен біріктірілген қосарлы және үштік емінде емдеу ұзақтығы осы препараттардың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.

Егер пациентте ерте вирусологиялық жауап анықталмаса емдеудің 12-24 аптасынан кейін рибавиринмен біріктірілген емді тоқтату туралы мәселені қарастырған дұрыс (СГВ-РНҚ –ға талдаудың теріс нәтижесі немесе емнің 12-ші аптасында бастапқы деңгейіне қатысты вирусты жүктеменің 2 log төмендеуі).

1 генотип. Емнің 12 аптасында СГВ-РНҚ анықталмайтын деңгейінде терапияны тағы 9 ай бойына (барлығы 48 апта) жалғастыру керек.

Егер анықталмайтын деңгейге қол жетпесе, бірақ 12 аптада СГВ-РНҚ мөлшері бастапқы деңгейден 2 log төмендесе емнің 24 аптасында оны бағалауды қайталау керек, егер СГВ-РНҚ анықталмаса, онда емнің толық курсын жалғастыру керек (барлығы 48 апта). Егер СГВ-РНҚ 24 аптада анықталса, емді тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Емнің 4 аптасында СГВ-РНҚ анықталмайтын деңгейіне қол жеткізілген және емнің 24 аптасында да СГВ-РНҚ бойынша теріс болып қалған, вирустық жүктемесі (<600 000 ХБ/мл) төмен пациенттерде 24 апталық ем курсынан соң ем не тоқтатылуы мүмкін, немесе тағы 24 апта бойы жалғастырылуы мүмкін (яғни, 48 апта). Емнің 48 апталық курсымен салыстырғанда ұзақтығы 24 апталық емде аурудың қайталану қаупі жоғары.

2 немесе 3 генотип

Емнің 48 апталық курсынан өтуі тиіс адам иммунитеті тапшылығы вирусы ко-инфекциясын (АИТВ)/СГВ жұқтырғандардан басқа, пациенттерге 24 апталық емдеу курсы ұсынылады.

4 генотип

СГВ 4 генотипін жұқтырған пациенттерді емдеу едәуір қиын болады деп саналады. Бұл топтың пациенттері үшін 1 генотип вирусын жұқтырған пациенттер тобында керекті ем тактикасын ұстану керек.

СГВ/АИТВ ко-жұқтырған, бұрын емделмеген пациенттердегі емнің ұзақтығы

СГВ/АИТВ ко-жұқтырған пациенттердегі қосарлы біріктірілген емнің ұзақтығы СГВ генотипіне байланыссыз 48 аптаны құрайды. Рибавирин препаратының дозасын дене салмағына қарай түзету керек (2 кестені қараңыз).

ТВЖ предикторлары

Аталған пациенттердегі ТВЖ предикторлары 12 аптада СГВ-РНҚ мөлшерінің бастапқы деңгейден ≥2 log төмендеуі бар ерте вирусологиялық жауап (ЕВЖ) болып табылады. Жағымсыз болжам (ЕВЖ көрсетпеген пациенттер) RBV + PegIFN біріктірілген ем қолданғанда пациенттердің 99%-ы ТВЖ алмаған. Позитивтік болжам (ЕВЖ көрсеткен пациенттер) тобында біріктірілген ем қолданғанда пациенттердің 50%-ы ТВЖ алған.

Бұрын емделген тұлғалардағы емдеу ұзақтығы (қайталанумен пациенттер немесе емге жауап бермеген пациенттер)

Интерферон альфа-2b-мен және боцепревирмен біріктірілімде рибавиринмен үштік емде емдеу ұзақтығы осы препараттардың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.

Рибавирин+ПЭГ-интерферонмен қосарлы ем: генотипіне тәуелсіз 12-ші аптада СГВ-РНҚ деңгейі анықталмаған барлық пациенттер, 48-апталық ем алуы керек.

Тұрақты вирусологиялық жауаптың дамуын болжау: емнің 12-ші аптасында қан сарысуында СГВ-РНҚ деңгейі анықталу деңгейінен төмен барлық пациенттер кейінгі 9 ай бойы (48 апта) ем алуы керек. Емнің 12-ші аптасында вирусологиялық жауап алмаған пациенттерде, тұрақты вирусологиялық жауаптың даму мүмкіндігі өте төмен.

Рибавирин+интерферон альфа-2b қосарлы ем: емдеу курсының ұсынылатын ұзақтығы 6 айды құрауы тиіс деп анықтады. 6 ай емнен кейін вирусологиялық жауап болмағанда (СГВ-РНҚ анықталу шегінен төмен) тұрақты вирусологиялық жауапқа қол жеткізу мүмкіндігі төмен.

1 генотип: Ем басталған соң 6 айдан кейін СГВ-РНҚ болмаған пациенттер үшін қосарлы терапия тағы да 6 ай бойына (яғни, емнің барлық ұзақтығы бір жылды құрайды) жалғасуы тиіс.

2, 3, 4 генотип: 6 ай емнен кейін СГВ-РНҚ болмаған пациенттер үшін емдеу курсын жалғастыру туралы шешім басқа да болжамдық факторларға негізделуі тиіс (мысалы, жасы >40 жас, жынысы еркек, көпір тәрізді фиброз).

Біріктірілген қосарлы емнің дене салмағы 47 кг астам жасөспірімдерде қолданылуы

Рибавирин препаратының дозасын таңдау пациенттің дене салмағы бойынша (кестені қара) белгіленеді. ПЭГ-интерферон альфа-2b және интерферон альфа-2b препараттарының дозасын таңдау дене беткейінің ауданына сәйкес жүргізіледі: Рибавиринді екі рет күніне 15 мг/кг ішке қабылдаумен бірге ПЭГ-интерферон альфа-2b ұсынылған дозасы тері астына аптасына 60 мкг/м2 құрайды (Кестені қара); рибавиринді күніне 15 мг/кг екі рет ішке қабылдаумен біріктірілімде интерферон альфа-2b ұсынылған дозасы тері астына 3 млн. ХБ/м2 құрайды (Кестені қара).

Салмағы 47 кг кем пациенттер үшін немесе капсуланы жұта алмайтындар үшін Рибавириннің баламалы дәрілік препараттарын қолдану ұсынылады.

Қосарлы ем қолданғанда Рибавириннің ұсынылған дозасы.

Пациенттің дене салмағы, кг

Тәуліктік дозасы

200 мг капсулалар саны

<47

15 мкг/кг

Рибавириннің баламалы препараты қолданылады

47-49

600 мг

3 (1 таңертең, 2 кешке)

50 –65

800 мг

4 (2 таңертең, 2 кешке)

>65

Ересектерге арналған дозалау кестесін қараңыз

Жасөспірімдерге арналған емдеу ұзақтығы

1 генотип: емнің ұсынылатын ұзақтығы 48 аптаны құрайды. Егер пациенттерде 12 аптада вирусологиялық жауапқа қол жетпесе, егер 12 аптада емге дейінгі мөлшермен салыстырғанда СГВ-РНҚ мөлшері 2 log10 төмендеген болса, сондай-ақ 24 аптадағы СГВ-РНҚ позитивті тестілерінде біріктірілген емін тоқтату ұсынылады.

2 немесе 3 генотип: Емнің ұсынылатын ұзақтығы 24 аптаны құрайды.

4 генотип: Емнің ұсынылатын ұзақтығы 48 аптаны құрайды.

Альфа-2b ПЭГ-интерферонмен және Рибавиринмен қосарлы ем қабылдап жүрген жасөспірімдер, егер емге дейінгі мөлшермен салыстырғанда СГВ-РНҚ мөлшері 12 аптада 2 log1 төмендеген болса, немесе 24 аптадағы СГВ-РНҚ позитивті тестілерінде ем тоқтатылуы тиіс.

Барлық пациенттер үшін біріктірілген емде дозаны модификациялау

Рибавиринмен альфа-2b интерферонмен және боцепревирмен біріктіріп қосарлы немесе үштік емдеу кезінде зертханалық көрсеткіштерде жағымсыз ауыр құбылыстар немесе ауытқулар туындағанда әрбір препарат үшін дозаны жағымсыз реакциялар жойылғанша немесе олардың ауырлығы азайғанша түзету қажет етіледі (4 кестені қараңыз). Емді жақсы нәтижеге жеткізу үшін емнің тағайындалған сызбасын ұстану және мүмкін болғанша тағайындалатын препараттардың стандартты дозаға жақын дозасын демеу керек.

Дозаны зертханалық көрсеткіштеріне қарай модификациялау.

Зертханалық мәндері

Тек Рибавирин дозасын төмендету (1 ескертуді қараңыз), егер:

Тек интерферон альфа-2b-нің (және ПЭГ-интерферонның) дозасын төмендету (2 ескертуді қараңыз), егер:

Біріктірілген емді тоқтату керек егер *

Гемоглобин

<100 г/л

-

<85 г/л

Сыртартқысында жүрек ауруы бар ересектердегі гемоглобин.

20 г/л емнің кез келген 4 апталық кезеңінде гемоглобин деңгейінің төмендеуі (дозаны үнемі төмендету)

дозаны төмендеткен соң 4 аптадан кейін <120 г/л болу

Балалар мен жасөспірімдердегі гемоглобин: қолдануға болмайды

     

Лейкоциттер

-

<1.5 x 109/л

<1.0 x 109/л

Нейтрофилдер

-

<0.75 x 109/л

<0.5 x 109/л

Тромбоциттер

-

Ересектер: <50 x 109/л

жасөспірімдер: <70 x 109/л

ересектер: <25 x 109/л

жасөспірімдер: <50 x 109/л

Билирубин - тікелей

-

-

2.5 x ҚЖШ**

Билирубин - тікелей емес

>5 мг/дл

-

ересектер: >4 мг/дл

жасөспірімдер, интерферон альфа-2b-мен: >5 мг/дл (>4 апта үшін) немесе

ПЭГ-интерферонмен жасөспірімдер: >4 мг/дл ( >4 апта үшін)

Сарысу креатинині

-

-

>2.0 мг/дл

Креатинин клиренсі (КК)

-

-

Егер КК<50 мл/мин болса, Рибавиринді қабылдауды тоқтату керек

АЛТ, АСТ

-

-

2,0×бастапқы деңгейден немесе >10×ҚЖШ**

* Дозаны модификациялау немесе емді тоқтату үшін интерферон альфа-2b және ПЭГ-интерферонның медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

** Қалыптың жоғарғы шегі

1 ескерту: Ересек пациенттер үшін Рибавирин препаратының дозасын алғашқы төмендету күніне 200 мг құрайды (дозасының төмендетілуі күніне 400 мг дейін болуы тиіс, 1400 мг доза қабылдап жүрген пациенттерден басқалары). Қажет болғанда, Рибавирин препаратының дозасын қосымша екінші рет күніне 200 мг төмендетілуі мүмкін. Рибавирин препаратының дозасы 600 мг дейін төмендетілетін пациенттер күн сайын таңертең 1 капсуладан (200 мг) және кешке екі капсуладан (2х200 мг) қабылдауы тиіс.

Рибавирин + ПЭГ-интерферон сызбасы бойынша емделген жасөспірімдер үшін Рибавирин препаратының дозасын алғашқы төмендету күніне 12 мг/кг дейінді, ал екінші төмендету күніне 8 мг/кг дейінді құрайды.

Рибавирин + интерферон альфа-2b сызбасы бойынша емделген жасөспірімдер үшін Рибавирин препаратының дозасын күніне 7.5 мг/кг дейін төмендетеді.

2 ескерту: Рибавирин + ПЭГ-интерферон емделген ересек пациенттер үшін ПЭГ-интерферон дозасын алғашқы төмендету аптасына 1 мкг/кг дейін. Қажет болғанда дозасын екінші төмендету аптасына 0.5 мкг/кг дейін.

Рибавирин + ПЭГ-интерферон сызбасы бойынша емделген жасөспірімдер үшін ПЭГ-интерферон дозасын алғашқы төмендету аптасына 40 мкг/м2 дейін, ал дозаны аптасына 20 мкг/м2 дейін екінші төмендету.

Рибавирин препаратымен + интерферон альфа-2b-мен емделген ересек пациенттер, балалар мен жасөспірімдер үшін интерферон альфа-2b-нің дозасын 2 есе төмендету керек.

Жағымсыз әсерлері

Біріктірілген емде жағымсыз құбылыстар Рибавиринді қабылдаумен, сондай-ақ интерферон альфа-2b немесе пегинтерферон альфа-2b қабылдаумен, сондай-ақ олардың біріктірілімін қабылдаумен де байланысты болуы мүмкін. Ары қарай жағымсыз құбылыстар олардың жиілігіне қарай жүйелі біріктірілген: өте жиі (1/10 пациенттен аса), жиі (1/100-ден 1/10 дейін), жиі емес (1/1000-нан1/100 дейін), сирек

(1/10000-нан 1/1000 дейін), өте сирек (1/10000 аз), белгісіз (жиілігі анықталмаған).

Қан түзу жүйесі тарапынан: өте жиі – анемия, нейтропения; өте сирек – апластикалық анемия*; белгісіз – шынайы эритроцитарлық аплазия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура.

Жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі – бас ауыруы, бас айналуы, зейінді жұмылдырудың төмендеуі, депрессия, мазасыздық, ашушаңдық, эмоциялық ауытқушылық, ұйқысыздық; жиі – суицидальді ойлар, психоз, озбырлы мінез-құлық, сананың бұлыңғырлануы, үрейлі қозу, күйгелектік, көңіл-күйдің өзгеруі, қалыптан тыс мінез-құлық, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, жыныстық құмарлықтың төмендеуі, апатия, әдеттегіден тыс түстер көру, жылауықтық, амнезия, жадының бұзылуы, синкопе, бас сақинасы, атаксия, парестезия, дисфония, дәм сезбеу, гипестезия, гиперестезия, гипертонус, ұйқышылдық, зейінді жұмылдырудың бұзылуы, тремор, дисгевзия; жиі емес – нейропатия, шеткергі нейропатия, суицидке әрекеттену, паникалық шабуыл, елестеулер; сирек – эпилепсия ұстамасы (конвульсиялар)*, биполярлық бұзылыстар*; өте сирек – цереброваскулярлық қан кету*, цереброваскулярлық ишемия*, энцефалопатия*, полинейропатия*, суицид*; белгісіз – гомицидальді ойлар (басқа адамдарға қарсы озбыр мінез)*, маниялар*, психикалық жағдайдың өзгеруі, бет жүйкесінің салдануы, мононейропатиялар.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі – ауыздың құрғауы, іш аумағының ауыруы жүрек айнуы, құсу, диарея; жиі – тіс ауыруы, қызыл иектің қанағыштығы және қабынуы, ойық жаралы-гангренозды стоматит, стоматит, ойық жаралы стоматит, глоссит, хейлит, гепатомегалия, сарғаю, гипербилирубинемия*, іштің оң жақ жоғарғы квадратының ауыруы, тәбеттің жоғарылауы, гастроэзофагеальді рефлюкс*, диспепсия, іштің кебуі, іштің қатуы, метеоризм, диарея, колит; өте сирек – гепатоуыттылық (өліммен аяқталуды қоса)*, ойық жаралы спецификалық емес колит*; белгісіз – парадонтальді бұзылыстар, тіс аурулары.

Эндокринді жүйе тарапынан: өте жиі – анорексия, дене салмағының азаюы; жиі– гипотиреоз, гипертиреоз, гипергликемия, гиперурикемия, гипокальциемия, дегидратация, гемолитикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения, лимфаденопатия, лимфопения; жиі емес – қант диабеті, гипертриглицеридемия*.

Жүрек- қантамырлық жүйе тарапынан: жиі – жүрек қағуы, тахикардия, жүректегі шуыл, гипотензия, гипертония, тері беткейіне қан тебу; жиі емес –миокард инфарктісі; сирек – кардиомиопатия, аритмия*, ревматоидты артрит (алғаш рет анықталған немесе асқыну), васкулит; өте сирек –миокард ишемиясы*, шеткергі ишемия*; белгісіз – экссудативті перикардит, перикардит*.

Тыныс алу жүйесі тарапынан өте жиі – вирусты инфекция, фарингит, диспноэ, жөтел; жиі – респираторлық инфекциялар, мұрыннан қан кету, мұрын маңайы қойнауларының ісінуі, мұрынның бітелуі, ринорея, кеуде қуысы аумағында дискомфорт және ауыру, респираторлық бұзылыстар, жоғарғы тыныс жолдарында секрецияның артуы, тамақ немесе көмейдің ауыруы, өнімсіз жөтел, синусит, отит, ринит, бронхит; жиі емес – төменгі тыныс жолдарының инфекциясы; сирек – пневмония*; өте сирек – өкпе инфильтраттары*, пневмонит*, интерстициальді пневмонит*; белгісіз – Квинке ісінуі, бронхтүйілуі, анафилаксия.

Несеп жыныс жүйесі тарапынан: жиі – несеп шығарудың жиілеуі, полиурия, несеп құрамының өзгеруі, әйелдер: сүт бездерінің ауыруы, аналық бездер функциясының бұзылуы, аменорея, меноррагия, етеккір айналымының бұзылуы, қынап аурулары; ерлер: импотенция, простатит, эректильді дисфункция, жыныстық дисфункция*; сирек – бүйрек жеткіліксіздігі*; өте сирек – нефроздық синдром*.

Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: өте жиі – артралгия, миалгия, қаңқа бұлшықет ауыруы; жиі – артрит, белдің ауыруы, бұлшықет түйілуі, аяқтардың ауыруы; жиі емес – сүйектердің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі; сирек – рабдомиолиз*, миозит*, тері саркоидозы, саркоидоз*; белгісіз –Фогт-Койянаги-Харада синдромы (увео-энцефало-менингеальді синдромы), жүйелі қызыл жегі, васкулит.

Сезім ағзалары тарапынан: жиі – вертиго, естудің бұзылуы /жоғалуы, құлақтың шыңылдауы, құлақтың ауыруы, көрудің бұзылуы және бұлыңғырлануы, конъюнктивит, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көз жасы бездері функциясының бұзылуы, көздің құрғақтығы; сирек – торқабыққа қан құйылуы*, ретинопатия (макулярлық ісінуді қоса)*, торқабық артериялары немесе көктамырлары тромбозы*, көру жүйкесінің невриті*, көру жүйкесі дискінің ісінуі*, көру жітілігінің төмендеуі немесе көру аумағының шектелуі*, ретинальді экссудаттар.

Дерматологиялық реакциялар: өте жиі – алопеция, қышыну, терінің құрғақтығы, бөрту; жиі – псориаз, псориаздың асқынған түрі, экзема, жарыққа сезімталдық, макулопапулезді бөртпе, эритематозды бөртпе, түнгі тершеңдік, гипергидроз, дерматит, акне, фурункулдер, эритема, есекжем, терінің қабынуы, көгерулер, жоғары тершеңдік, шаш құрылымының бұзылуы, тырнақ құрылымының бұзылуы *; жиі емес – аса жоғары сезімталдық реакциясы; өте сирек –Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермальді некролиз*, полиморфалы эритема*; белгісіз – есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциясы.

Басқалары: өте жиі – шаршағыштық, қалтырау, гипертермия, астения, тұмау тәріздес синдром; жиі – өзін нашар сезіну, шөлдеу, бактериялық инфекция (сепсисті қоса), зеңдік инфекция, тұмау, қарапайым герпес, несеп шығару жолдарының инфекциясы, табиғаты анықталмаған жаңа түзілім.

Ескерту* жиілігі қосарлы емнің клиникалық зерттеулері нәтижелері негізінде көрсетілген.

АИТВ ко-инфекциясы бар пациенттердегі 5%-дан астам жиіліктегі жағымсыз әсерлер (моноинфекциясы бар пациенттерде кездеспеген): оральді кандидоз (14%), жүре пайда болған липидодистрофия (13%), CD4 лимфоциттер төмендеуі (8%), тәбеттің төмендеуі (8%), гамма-глютамилтранспептидаза (9%) деңгейінің жоғарылауы, қандағы деңгейінің жоғарылауы: амилаза (6%), сүт қышқылы (5%), липаза (6%), арқаның ауыруы (5%), цитолиздік гепатит (6%), аяқ-қол ауырулары (6%).

Митохондриялық уыттылық. Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерін (КТНТ) Рибавиринмен бірге қабылдаған, АИТВ/ СГВ ко-жұқтырған пациенттерде митохондриялық уыттылық және лактацидоз жағдайлары байқалды.

АИТВ/СГВ ко-жұқтырған пациенттердегі зертханалық көрсеткіштер

Нейтропения, тромбоцитопения және анемия сияқты гематологиялық бұзылулар АИТВ/СГВ ко-жұқтырған пациенттерде жиі туындағанына қарамастан, олар көптеген жағдайларда дозаны модификациялаумен түзетілді және емдеу курсын мезгілінен бұрын тоқтатуды қажет еткен жоқ. Рибавиринді ПЭГ-интерферонмен қабылдаған пациенттерде жиі байқалды.

CD4 лимфоциттер санының төмендеуі

ПЭГ-интерферонмен Рибавиринмен біріктірілімде емдеу, CD4+ жасушалардың пайыздық арақатынасын төмендетпей-ақ, алғашқы 4 апта ішінде CD4+ жасушаларының абсолюттік мөлшерін азайтуға әкеледі.

CD4+ жасуша санының төмендеуі дозаны төмендеткен соң немесе емді тоқтатқаннан кейін қайтымды болып табылады. ПЭГ-интерферон Рибавиринмен біріктірілімде АИТВ вирусемиясының деңгейіне елеулі ықпалын тигізбейді.

Жасөспірімдерде

ПЭГ-интерферонмен біріктірілгенде қауіпсіздік бейіні ересектердегі осындаймен ұқсас болды. Алайда Рибавирин+ПЭГ-интерферон біріктірілген емін 48 аптаға дейін тағайындағанда балаларда бойдың өсуі баяулайтыны анықталды, оның қайтымдылығы анықталған жоқ. Ересектер пациенттермен салыстырғанда суицидтік әрекеттер, депрессия, эмоционалдық құбылмалылық, ұйқышылдық, инъекция енгізген жерде реакциялар, қызба, анорексия, құсу жиілігі жоғарырақ болғаны анықталды және олар емдеу уақытында және емдеуді аяқтаған соң 6 ай ішінде байқалды. Пациенттердің шамамен 30%-да анемия мен нейтропенияны жақсы бақылау үшін дозаны модификациялау қажет болды.

Интерферон альфа-2b-мен біріктірілгенде бойдың өсуі (орташа 9%-ға) мен дене салмағының төмендеуі (орташа 13%-ға) байқалғанмен, балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздік бейіні ересектердегімен ұқсас болды. Бұл төмендеудің қайтымдылығы белгісіз. Препубертатты кезеңде ем қабылдаған балаларда өсудің төмендеуі көбірек болғаны анықталды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • рибавиринге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік (жүктілікті тестілеудің теріс нәтижесі туралы деректер алынғанға дейін емді бастамау керек)

  • бала емізу кезеңі

  • сыртартқыда жүректің ауыр сипатты ауруларының болуы, бұдан бұрынғы 6 айдағы жүректің тұрақты емес және бақыланбайтын ауруларын қоса

  • ауыр ұзақ уақытқа созылған аурулар

  • бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі немесе креатин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен болатын және/немесе гемодиализ

  • бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В немесе С класы) немесе декомпенсацияланған бауыр циррозы

  • гемоглобинопатия (мысалы, талассемия, орақ-жасушалы анемия)

  • диданозинмен қоса енгізу

  • тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • дене салмағы 47 кг-ден төмен балалар мен жасөспірімдер

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі қазіргі кездегі немесе сыртартқысындағы ауыр депрессиямен, суицидтік ойлармен немесе суицидтік әрекеттермен қатар жүретін психикалық бұзылыстар

  • сыртартқыдағы аутоиммундық гепатит немесе аутоиммундық аурулар

Сақтықпен

- жүректің басқа да аурулары

- өкпенің ауыр аурулары (оның ішінде өкпенің созылмалы обструктивті аурулары)

- кетоацидозға бейімділікпен қант диабеті

- қан ұюының бұзылуы (тромбофлебиттер, өкпе артериялары тромбоэмболиясы), сүйек кемігінің қан түзу функциясы айтарлықтай бәсеңдеуі;

- қатар жүретін АИТВ-инфекциясында (лактацидоз даму қаупімен байланысты) жоғары белсенділікпен антиретровирусты терапиямен (ЖБАЕ) біріктірілген ем.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Р450 цитохромының ферменттері Рибавириннің метаболизміне қатыспайды.

Рибавирин аталған ферменттерге бәсеңдететін әсер білдірмейді, бауырдың ферменттік белсенділігін аздап стимуляциялайды.

Сондықтан Р450 цитохромымен өзара әрекеттесу ықтималдығы тіптен аз.

Азатиоприн. Рибавирин, инозинмонофосфатдегидрогеназа белсенділігін төмендете отырып, азатиоприн метаболизміне кедергі келтіреді, миелоуыттылық дамуына ықпал ететін уытты 6-метилтиоинозин-монофосфаты (6-MTИMФ) жинақталуына әкеледі. Пегилирленген интерферон альфа және Рибавиринді азатиопринмен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. Рибавирин препаратын азатиопринмен бірге қабылдаудың артықшылығы миелоуыттылықтың даму қаупін ақтаған жағдайда миелоуыттылықтың дамуына мұқият бақылау керек. Ол пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.

Пегинтерферон альфа-2b және интерферон альфа-2b. Рибавирин препараты және аталған интерферондар арасында өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ.

Антацидтер. 600 мг дозадағы Рибавириннің биожетімділігі құрамында магний және алюминий бар антацидтер немесе симетиконды бірге қабылдағанда14%-ға төмендеген. Биожетімділігінің төмендеуі АІЖ бойымен Рибавириннің транзиті баяулауынан немесе рН өзгеруінен туындаған болуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулердің клиникалық маңызы жоқ.

Нуклеозидтердің аналогтары. Нуклеозидтік аналогтарды басқа нуклеозидтермен жеке немесе біріктіріп пайдалану лактоацидозға әкелуі мүмкін.

Рибавирин in vitro пуриндік нуклеозидтердің белсенді фосфорланған метаболиттерінің құрамын арттырады, сондықтан ол мысалы, диданозинмен немесе абакавирмен индукцияланған лактоацидоз қаупін күшейтуі мүмкін.

Рибавирин препараты мен диданозинді бірге қолдану ұсынылмайды, митохондриялық уыттылық, лактоацидоз және панкреатит жағдайлары байқалды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталған.

Рибаврин мен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда анемия асқынуы мүмкін. Өзара әрекеттесуінің дәл механизмі әлі де зерттеуді қажет етеді.

Анемияның даму қаупінің жоғары болуына байланысты Рибавирин мен зидовудинді бір уақытта пайдалану ұсынылмайды. Әсіресе оларда сыртартқысында зидовудинмен индукцияланған анемия болса осындай пациенттерде антиретровирустық емде (АРВЕ) зидовудинді алмастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Оның жартылай шығарылуының ұзақтығы салдарынан Рибавирин препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін дәрілермен өзара әрекеттесуінің мүмкіндігі 2 ай бойы сақталады (жартылай шығарылуының 5 кезеңі). Рибавирин препаратының КТНТ-пен немесе протеаза тежегіштерімен өзара әрекеттесуіне айғақтар жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Рибавиринді монотерапия ретінде қолдану тиімсіз, сондықтан ол С гепатитін емдегенде дербес қолданылмауы тиіс. Біріктірілген емді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі Рибавиринді интерферон альфа-2b-препараттарымен (оның ішінде – ПЭГ-интерферон) біріктіру үшін ғана анықталды.

Психикалық бұзылулар және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)

ОЖЖ тарапынан күрделі бұзылулар, атап айтқанда депрессиялар, суицидтік ойлар және суицидтік әрекеттер кейбір пациенттерде біріктірілген ем кезінде және ем аяқталғаннан кейін 6 ай бойына байқалуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасында аталған симптомдар ересек пациенттермен салыстырғанда жиі (1%-ға қарсы 2.4%) байқалған. Басқа да психикалық бұзылулар, мысалы, депрессия, эмоционалдық құбылмалылық және ұйқышылдық байқалуы мүмкін.

Озбыр мінез-құлық (кейде басқа адамдарды өлтіргісі келетін сияқты бағытта), биполярлық бұзылыстар, мания, сананың тұмандануы және менталдық статустың өзгеруі интерферон альфаны қолданумен өзара байланысты болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда пациенттерге психикалық аурулардың белгілері мен симптомдарының пайда болуы тұрғысында тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Егер мұндай симптомдар пайда болса, олардың потенциальді ауырлығын ескеру және талапқа сай емдік күтімді қамтамасыз ету қажеттілігін қарастыруы керек. Егер психикалық симптомдар қайтпаса немесе күшейсе, немесе суицидтік және гомоцидтік ниеттер пайда болса, емді тоқтату ұсынылады және пациентге тиісті психиатриялық көмек көрсету керек.

Рибавирин препаратын альфа интерферонымен біріктірілімде психикалық бұзылулармен немесе сыртартқысында бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерге пайдалануға болмайды.

Бұрыннан есірткілік және алкогольдік тәуелділігі бар пациенттер

Егер психикалық бұзылулармен сондай-ақ қазіргі кезде немесе сыртартқысында алкогольдік және есірткілік тәуелділігі бар пациенттер үшін Рибавириннің интерферон альфа-2b препараттарымен біріктірілген емін тек психиатрия (наркология) саласындағы маман тексергеннен кейін ғана және психикалық жай-күйін ұдайы бақылай отырып бастау керек.

18 жастан кіші жасөспірімдерде қолданылуы

3 жастан бастап және одан үлкен балаларда Рибавирин препаратының интерферон альфа-2b-мен біріктірілімі (6 жасқа дейінгі балалар үшін ішуге арналған Рибаверин ерітіндісі қолданылады) қолданылуы мүмкін. Қабылдау түрін таңдау пациенттің жекелей сипаттамасына байланысты. Аталған біріктірілімнің балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ.

Бойының өсуі мен дамуына әсері

48 аптаға дейін созылатын, интерферон альфа-2b-мен Рибавирин препаратының біріктірілімін қабылдау 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде салмақтың жоғалту және бойының өсуінде кідіруіне әкеледі. Бойдың өсуінде қалыпты көрсеткіштермен салыстырғанда кешеуілдеудің (15%-дан көп) болуы балалардың 21%-да байқалды, бұл тіпті емнің аяқталғанынан 5 жыл өткен жағдайда да анықталған.

Балалар үшін пайда/қаупінің арақатынасына жекелей баға беру

Ем басталғанға дейін емнен күтілетін пайдасын, сондай-ақ пайда/қаупі арақатынасын клиникалық зерттеулерде балалар мен жасөспірімдер үшін алынған қауіпсіздік жөніндегі деректерге сәйкес бағалау керек. Біріктірілген емнің бойдың өсуін тежейтіндігін ескеру маңызды, оның қайтымдылығы әлі анықталған жоқ.

Ауру барысына және емге жауабына (СВГ-генотипі және вирустық жүктеме) жағымсыз әсер етуі мүмкін баланың ауруының сипатына, аурудың үдеуіне (фиброз қаупі), ко-инфекцияға (мысалы, АИТВ) баға беру керек.

Келешекте бойдың аласа болу қаупін азайту үшін баланы бойының пубертаттық күрт өсуінен кейін емдеген жөн. Емнің жыныстық жетілуге ұзақ мерзімдік әсері жөнінде деректер жоқ.

Қалқанша без функциясын бақылау. Интерферон альфа-2b препаратымен Рибавириннің біріктірілімін қабылдаған балалардың 12-21%-да тиреотроптық гормонның (ТТГ) деңгейінің жоғарылауы, ал 4%-да транзиторлық төмендеуі байқалды. Біріктірілген емді бастар алдында ТТГ деңгейін анықтау қажет. Осы уақытта анықталған қалқанша без функциясының қандай да бір ауытқуы түзетілуі тиіс. Егер ТТГ деңгейі қалыпты болса, емді бастауға болады.

Қалқанша без функциясының бұзылу симптомдары пайда болғанда тиреоидтық статусты анықтау және тиісті ем жүргізу керек. Қалқанша без функциясын әрбір 3 ай сайын (мысалы, ТТГ деңгейін анықтау) тексеру керек.

Гемолиз/анемия

Интерферон альфа-2b препаратымен Рибавириннің біріктірілімін қабылдап жүрген ересектердің 14%-да және балалар мен жасөспірімдердің 7%-да гемоглобин деңгейінің <100 г/л төмендегенін анықтады.

Рибавирин жүрек-қан тамырлар жүйесіне тікелей ықпалын тигізбесе де, оны қабылдаумен байланысты анемия жүрек функциясы жеткіліксіздігін үдетуі және/немесе коронарлық аурулар симптомдарын өршітуі мүмкін.

Сондықтан жүрек ауруы бар пациенттерді емдеуге Рибавирин препаратымен ем сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Емдеуді бастар алдында және емдеу кезінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің жағдайына баға беру керек. Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан кез келген нашарлау белгісінің анықталған жағдайда вирусқа қарсы ем тоқтатылуы тиіс.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің, миокард инфарктісінің және/немесе аритмияның белгілері бар немесе олар сыртартқысында болған ересек пациенттер дәрігердің ұдайы бақылауын қажет етеді.

Емді бастар алдында және емдеу кезінде электрокардиография жүргізу ұсынылады.

Аритмия (негізінен, қарыншаүстілік), әдетте дәстүрлі емге көнеді, бірақ емді тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Сыртартқысында жүрек-қан тамыр аурулары бар балалар мен жасөспірімдерде біріктірілген емді қолдану жөнінде деректер жоқ.

Дереу типті аса жоғары сезімталдық

Аса жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары (мысалы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, бронхтың түйілуі, анафилаксиялар) дамығанда препаратты қолдануды дереу тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн. Транзиторлық бөртпелер емді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

Офтальмологиялық бұзылулар

Рибавириннің интерферон альфа-2b препаратымен біріктірілімін қолдану көрудің кемуіне немесе жоғалуына, ретинопатияға, макулярлық ісінумен қоса, торқабық артериясының немесе көктамырының тромбозына, ретинальді қан құйылуға және «мақта тәріздес түйіндерге», көру жүйкесінің невритіне, көру жүйкесі дискісінің ісінуіне және торқабықтың ажырауына түрткі болуы немесе өршітуі мүмкін. Емді бастар алдында барлық пациенттерге офтальмологиялық тексерулер жүргізу қажет.

Көздің торқабығы ауруларымен (диабеттік немесе гипертензиялық ретинопатия сияқты) пациенттер біріктірілген ем жүргізілген кезде ұдайы офтальмологиялық тексерулерден өтуі тиіс.

Жаңа симптомдар пайда болған жағдайда немесе олар өршігенде шұғыл түрде толық офтальмологиялық тексеру қажет етіледі, және қажет болғанда біріктірілген емді тоқтату керек.

Бауыр функциясы бұзылған кезде қолданылуы

Емдеу кезінде бауыр функциясының едәуір нашарлау белгілері бар барлық пациенттер мұқият дәрігерлік қадағалауды керек етеді. Бауыр функциясы бұзылуларының белгілері мен симптомдары үдеген жағдайда емді тоқтатқан жөн. Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігінде Рибавирин препаратының дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Бүйрек дисфункциясымен (креатинин клиренсі төмендегенде) пациенттерде Рибавириннің шығарылуы өзгерген. Рибавиринмен емді бастағанға дейін барлық пациенттерде бүйрек функциясын бағалау керек. Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттерге Рибавирин қабылдауға болмайды. Қан плазмасының креатинин клиренсі деңгейі ˃2 мг/дл жоғарылағанда Рибавириннің интерферон альфа-2b препараттарымен біріктірілімін қабылдауды тоқтату керек.

Иммуносупрессияның арту ықтималдығы

Рибавириннің интерферон альфа-2b препаратымен және азатиопринмен біріктірілген емін бастағаннан кейін 3-7 апта ішінде пайда болатын сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі мен панцитопения жағдайлары сипатталған. Симптомдары емді тоқтатқаннан кейін 4-6 апта ішінде толық қайтты және аталған препараттардың әрқайсысын қайта тағайындағанда қайталанған жоқ.

АИТВ ко- жұқтырған пациенттерде қолданылуы

Митохондриялық уыттылық және лактоацидоз. Рибавиринді КТНТ қабылдайтын АИТВ ко-жұқтырған (әсіресе ddI және d4T) пациенттерге Рибавириннің интерферон альфа-2b препаратымен біріктірілімін қабылдағанда ерекше сақтық шараларын сақтаған жөн.

Митохондриялық уыттылық маркерлерін және лактоацидозды мұқият тексеру керек.

Рибавирин препаратын диданозинмен және ставудинмен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Үдемелі бауыр циррозы бар АИТВ ко-жұқтырған пациенттер арасындағы бауыр декомпенсациясы. Белсенділігі жоғары антиретровирустық ем (БЖАРЕ) қабылдап жүрген, үдемелі бауыр циррозы бар, ко-жұқтырған пациенттер Рибавириннің интерферон альфа-2b с препараттарымен біріктірілімін қабылдағанда бауыр декомпенсациясының жоғары қаупіне немесе өлімге ұшырауы мүмкін. Осындай пациенттерге ем кезінде бауыр функциясына Чайлд-Пью бойынша баллмен баға бере отырып, мұқият бақылау жасау керек. Бауырдың үдемелі декомпенсациясы бар пациенттерде гепатитке қарсы емді дереу тоқтату және олардың антиретровирустық еміне қайта баға беру керек.

АИТВ ко- жұқтырған пациенттер арасындағы гематологиялық бұзылулар.

Бір мезгілде Рибавириннің интерферон альфа-2b препаратымен және БЖАРЕ емін қабылдап жүрген пациенттерде тек СГВ жұқтырған пациенттерге қарағанда нейтропенияның, тромбоцитопенияның және анемияның даму қаупі жоғары. Олардың көбі төмендетілген дозамен емделе алатындығына қарамастан, пациенттердің осы тобындағы гематологиялық параметрлерді мұқият бақылау керек.

CD4 саны төмен пациенттер.

АИТВ бар және қанда CD4-жасушалар мөлшері 200 жасуша/мл-ден төмен пациенттерде тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі, сондықтан бұндай пациенттерге емді сақтықпен тағайындаған жөн (антиретровирустық препараттардың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Дентальді және парадонтальді бұзылулар

Рибавиринді интерферон альфа-2b препаратымен біріктірілімін қабылдағанда дентальді және парадонтальді бұзылулар дамуы мүмкін.

Ұзақ уақыт емдеуде ауыз ішінің құрғауы тістер мен ауыздың шырышты қабығын зақымдайтын әсер беруі мүмкін.

Ауыз қуысының мұқият гигиенасы ұсынылады (әрбір тамақ ішкен сайын тісті тазалау керек және ұдайы стоматологиялық тексеруден өткен жөн).

Зертханалық зерттеулер

Емді бастар алдында барлық пациенттерге гематологиялық тексеру, (гемоглобин, нейтрофильді лейкоциттер және тромбоциттер деңгейін анықтауды қоса) және қанның биохимиялық талдауын (АСТ, АЛТ, билирубин және несеп қышқылы деңгейін анықтауды қоса) жүргізу керек.

Рибавирин препаратымен емді бастағанға дейін рұқсат етілген бастапқы көрсеткіштер:

ересектердегі гемоглобин ≥120 г/л (әйелдер) және ≥130 г/л (ерлер), балаларда ≥110 г/л (қыздар), ≥120 г/л (ұлдар); тромбоциттер ≥100×109/л; нейтрофилдер саны ≥1500/мм3. Зертханалық тексеруді емдеу кезінде, сондай-ақ 2, 4 аптада, және ары қарай көрсетілімдері бойынша жүргізу керек.

Емдеу кезінде көрсетілімдері бойынша СВГ-РНҚ деңгейін анықтауды мезгіл-мезгіл жүргізу қажет.

Бала көтере алатын жастағы әйелдер

Ем қабылдап жүрген әйелдер емнің барлық кезеңі бойына әр ай сайын және ем аяқталғаннан кейін 4 ай бойы контрацепцияның тиімді дәрілерін қолдануы және жүктілікке тест жасауы тиіс.

Ұрық сұйықтығы құрамында бар Рибавириннің , адам эмбрионы/ұрығына тератогенді немесе геноуытты әсер білдіруі белгісіз.

Әкесі Рибавирин қабылдаған жұптардағы жүктіліктің ағымын бақылаудың шектелген деректері әдеттегі жұптастармен салыстырғанда даму ақаулары қаупінің жоғарылауын анықтаған жоқ.

Әйтсе де пациентке немесе оның бала туатын жастағы жұптасына емдеу кезінде және емдеу курсы аяқталғаннан кейін 7 ай бойы, контрацепцияның тиімді дәрілерін қолдану, сондай-ақ мезгіл-мезгіл жүктілікке тест жасау ұсынылады.

Жұптастары жүкті ер адамдар Рибавириннің ұрық сұйықтығы арқылы ана организміне түсуін болдырмау үшін мүшеқапты қолдану қажеттігі туралы хабардар болуы тиіс.

Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділігі.

Рибавирин препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Пациенттердің жүкті болып қалуына жол бермеу үшін ерекше шаралар қолдану керек. Тура емді бастар алдында жүктілікке теріс тест алғанша емдеуді бастауға болмайды. Егер емдеу кезінде немесе емді тоқтатқаннан кейін 4 ай ішінде жүкті болып қалса, пациентті Рибавирин препаратының ұрыққа тигізетін тератогенді қаупі туралы хабардар ету керек. Рибавириннің интерферон альфа-2b препаратымен біріктірілімін қабылдағанда бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттерде қолданылуы

Рибавириннің әр капсуласының құрамында лактоза бар, оны тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ем аясында шаршағыштық, ұйқышылдық немесе сананың шатасуы пайда болса, көлік құралын немесе күрделі техниканы басқаруға жол бермеуге кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Сипатталмаған. Тіпті 10,0 г рибавиринді қабылдаудың өзі қандай-да болмасын уытты әсерлерінің біліністерін туындатқан жоқ, жекелеген жағымсыз симптомдары өздігінен қайтты және көмекті қажет етпеді.

Артық дозаланған жағдайда дәрігердің ұдайы бақылауымен өмірлік маңызы бар ағзалардың функциясына мониторинг жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші\қаптаушы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы («БМПЗ» ААҚ), Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64, тел/факс +375(177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы («БМПЗ» ААҚ), Беларусь Республикасы,

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

Прикрепленные файлы

856590501477976305_ru.doc 164.5 кб
719880591477977550_kz.doc 223.5 кб
16_03_1932_s.pdf 2.12 кб
16_03_1932_p.pdf 1.8 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ