Репарэф-2

МНН: Биен, Гидроксиметилхиноксалиндиоксид (Диоксидин)
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021122
Информация о регистрации в РК: 30.12.2014 - 30.12.2019
Номер регистрации в РБ: 22/11/532
Информация о регистрации в РБ: 28.06.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Репарэф-2

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 15 г

Құрамы

15 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: биен - 1500 мг, диоксидин -75 мг;

қосымша заттар: қазотының эфир майы, полисорбат 80, метилцеллюлоза, күнбағыс майы, сұйық парафин, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар ашық сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Қатты тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған тері және шырышты қабық арқылы іс жүзінде сіңірілмейді және жүйелі қан ағымына түспейді. Зақымданған тері және шырышты қабық арқылы елеусіз мөлшерде сіңіріледі.

Диоксидин қуыстарға енгізген кезде, сондай-ақ, жергілікті қолданғанда жараның беткейінен жақсы сіңіріледі. Іс жүзінде метаболизмге ұшырамайды, шумақтық сүзіліс арқылы бүйрекпен және экстраренальді шығарылады, қайталап енгізгенде организмде жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Репарэф-2 – жараны жазатын және күюге қарсы дәрі, регенерантты және репарантты қасиеттері бар. Репарэф-2 жақпамайының әсер етуші басы биен – α-токоферол ацетатымен (Е витамині) тұрақтандырылған жартылай қанықпаған май қышқылдарының этил эфирлерінің кешені болып табылады.

Биеннің құрамына биологиялық жарғақшалардың маңызды компоненттері және жасушалар мен тіндердің биореттегіштерінің көздері болып табылатын эссенциальді май – арахидон (простагландиндер мен лейкотриендер ізашары), олеин, линол және линолен қышқылдары (F витамині) кіреді. Репарэф-2 жақпамайы жара мен күйіктің жазылуына айқын көтермелейтін әсер көрсетеді, жара үдерісінің барлық фазасын жылдамдатады, фибробласттардың, фибриллогенездердің пролиферациясын, жара ақауларының эпителизациясын белсендіреді, қылтамырлар мен грануляциялық тін өсуінің күшеюіне ықпал етеді, жақсы функционалдық және косметикалық әсермен ауданы бойынша шағын және терең емес жаралардың тез жазылуын қамтамасыз етеді. Жақпамайды ауыздың шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары бар емделушілерде қолдану ауыру синдромының азаюына, қабыну құбылыстарының төмендеуіне, эритеманың төмендеуіне, эпителизацияның айтарлықтай жылдамдауына және барынша тез жазылуына ықпал етеді.

Диоксидин – әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы бактерицидтік препарат. Диоксидин бактерицидті әсер көрсетеді, оның механизмі соңына дейін зерттелмеген. Диоксидин белсенділігі оттегінің белсенді формалары түзілуінің индукциясы есебінен анаэробты ортада күшейеді. Proteus vulgaris, Pseudomonas aeruginosa, Фридлендер таяқшасына, Escherichia coli, Shigella dysenteria, Shigella flexneri, Shigella boydii, Shigella sonnei, Salmonella spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., патогенді анаэробтарға (Clostridium perfringens) қатысты белсенді. Антибиотиктерді қоса микробқа қарсы басқа дәрілік заттарға төзімді бактерия штамдарына әсер етеді. Жергілікті тітіркендіретін әсер көрсетпейді. Бактериялардың дәріге төзімділігі дамуы мүмкін. Экспериментальді зерттеулерде бүйрекүсті безінің қыртысына тератогенді, эмбриоуытты, мутагенді және зақымдайтын әсерінің болуы көрсетілген.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- ауыздың шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануларында (еріннің қарапайым герпесі (қайталанатын), пролиферация сатысындағы герпестік гингивостоматит; ауыз қуысының қайталанатын афттері; көп формалы эритема (ауыз қуысындағы көріністер))

- іріңді жараларда, шығу тегі мен орны әртүрлі күюлерде, тесілулерде, трофикалық ойық жараларда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жақпамайды тәулігіне 1 рет қолданады (барлық көрсетілімдер үшін). Ауыз қуысының шырышты қабығы ауруларын емдеу үшін Репарэф-2 жақпамайын қолдану ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Репарэф-2 жақпамайын жараның, ойық жараның немесе күйіктің беткейіне оларды бастапқы хирургиялық өңдеуден кейін және (немесе) антисептикпен шайғаннан кейін жұқа қабатпен жағады. Үстінен ішкі жағына жақпамай сіңірілген стерильді дәке таңғышты салады. Жараның жағдайына және ауданына байланысты аппликацияны 4-5 күн бойы тәулігіне 1-2 рет қайталайды.

Ауыздың шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануларын емдеу үшін Репарэф-2 жақпамайын ауыздың шырышты қабығының эрозиялы және ойық жаралы беткейіне эпителизация аяқталғанға дейін (7 күннен асырмай) аппликация түрінде (мақта немесе дәке пластинкаларда) жергілікті қолданады. Аппликация ұзақтығы - 5-7 минут.

Егер симптомдар 7 күннен артық сақталса, емді жалғастыру жөніндегі мәселені шешу үшін дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

Препарат науқастар үшін жақсы көтерімді. Жекелеген жағдайларда Репарэф-2 жақпамайымен емді бастағаннан кейін жеңіл күйдірудің өтпелі сезімі болуы, аппликация орнының қышынуы мүмкін.

Сирек

- ұзақ қолданғанда жара маңының дерматиті дамуы мүмкін. Жағымсыз әсерлер пайда болғанда жақпамайды қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек. Әр емделуші үшін пайда/қауіп арақатынасын есепке ала отырып, жақпамаймен емді қайта жандандыру туралы шешімді дәрігер қабылдайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- биенге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері мен ауыз қуысының шырышты қабығының қатерлі және қатерсіз жаңа түзілімдері

- бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі (соның ішінде сыртартқысында)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Репарэф-2 жақпамайының жүйелі әсер ететін дәрілік заттармен дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған. Репарэф-2 жақпамайының жергілікті қолданылатын басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ; сондықтан оларды бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты сақтықпен қолданады.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны азайтады. Диоксидинді микробқа қарсы басқа дәрілік заттар тиімсіз болғанда ғана тағайындайды.

Жақпамайдың көзге түсуін болдырмау керек (түскен жағдайда көзді жылы сумен шаю керек). Ауру ағымы нашарлағанда немесе жақпамаймен емдеген кезде туындаған жаңа симптомдар пайда болғанда дәрігерге қаралу ұсынылады.

Ауыз қуысының шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануларын емдеген кезде жақпамайды зақымданған жерлерге аппликациялағаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін ғана тамақ пен сусын ішу ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқаруға және жоғары зейін шоғырландыруды қажет ететін басқа жұмыстарды атқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Репарэф-2 жақпамайын қолданған кезде артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден алюминий сықпаларда. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2-ден 8C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС, 050028, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Бейсебаев к-сі 151 үй

тел/факс 8 (727) 383-93-74, 383-93-69

 

 

   

Прикрепленные файлы

249521641477976543_ru.doc 54.5 кб
997484611477977704_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ