Релиф® 28,4 г (Мазь ректальная)

МНН: Фенилэфрин
Производитель: Фамар С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения геморроя и анальных трещин для местного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015057
Информация о регистрации в РК: 23.02.2017 - 23.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Релиф®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді жақпамай

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат: 2,5 мг фенилэфрин гидрохлориді;

қосымша заттар: минералды май, ақ петролатум (вазелин), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сусыз ланолин, бензой қышқылы, жүгері майы, глицерин, ланолин спирті, қатты парафин, тазартылған су, жебіршөп майы, альфа-токоферол (Е витамині), ақ балауыз.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектері жоқ сары жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Геморройды және анус сызатын емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморройды және анус сызатын емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер.

АТХ коды C05АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фенилэфрин гидрохлориді – адреномиметик, жергілікті қан тамырларын тарылтатын әсері бар, бұл геморрой мен аноректальді аумақтың басқа да ауруларында экссудация, ісінулерді, қышынуды және серозды бөлінулерді азайтуға ықпал етеді.

Вазелин және минералды май –жақпамайдың қауіпсіз негізі, жұмсартатын және бүркемелегіш әсері бар.

Релиф препараты қышынуда, күйдіруде және геморройға қатысты жайсыздықтарда тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

Симптоматикалық ем:

  • сыртқы және ішкі геморройда

  • артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында

  • анус қышымасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты гигиеналық шаралар жасағаннан кейін қолдану керек.

Жақпамайды қолданар алдында зақымдалған орынды ылғал сүрткімен сүртіп, құрғату қажет. Жақпамайды тік ішекке енгізу үшін, аппликатордың қорғаныш қалпақшасын шешіп алу керек, аппликаторды сықпаға бекітеді, жақпамайды сықпадан абайлап сығып шығарады. Аппликаторды жақсылап майлап, оны сақтықпен тік ішекке енгізеді. Жақпамай сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағылады.

Аппликаторды әр қолданудан кейін мұқият дезинфекциялап, қорғағыш қалпақшасына салып қояды.

Препаратты күніне 4 ретке дейін қолданады (таңертең, түнге қарай және әрбір үлкен дәреттен кейін). Емдеу курсының ұзақтығы– 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: аллергиялық реакциялар: ашыту, гиперемия, анус тесігі аумағындағы тері бөртпелері;

бірен-саран жағдайлар:

  • рефлекторлы брадикардия, аритмия;

  • бас айналуы, ашушаңдық, қайталанатын бас ауыруы, діріл, ұйқысыздық.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық

  • тромбоэмболиялық ауру

  • гранулоцитопения

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен, үшциклді антидепрессанттармен, антигипертензивті дәрілермен (ß- адреноблокаторлармен) бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Артқы өтіс жолдарынан мол қанды бөліністер аққан жағдайларында немесе ауыру симптомдары 7 күннен артық уақыт сақталғанда проктологпен қосымша кеңесу қажет.

Препаратты қолданардың алдында, сізде мыналар: артериялық гипертензия, жүрек-қантамыр ауррулары, қалқанша без ауруы, жабық бұрышты глаукома, қант диабеті, панкреатит, гепатит, бөгелу салдарынан несеп шығарудың қиындауы (мысалы, простата гипертрофиясы) орын алса дәрегерден кеңес алыңыз.

Егер тік ішекке енгізгенде ауырулар тудырса аппликатор пайдаланудың қажеті жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек емнің анаға да, ұрық немесе балаға да пайдасы мен қатерінің арақатынасын мұқият бағалап алған соң ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалағануы

Симптомдары: шымылдатып ашыту, гиперемия

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28,4 г препарат пластик қақпағы бар ламинацияланған сықпада.

1 сықпадан аппликаторымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Фамар С. А., 63, Аг. Димитриу к-сі, 17456 Алимос, Греция.

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес-орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Тел.: + 7 (727) 258 80 40

Факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

664816161477976533_ru.doc 50 кб
877702571477977693_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники