Релиф® Адванс (Суппозитории ректальные)

МНН: Бензокаин
Производитель: Иституто Де Анжели С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzocaine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014747
Информация о регистрации в РК: 13.09.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Релиф® Адванс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензокаин

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат: 206 мг бензокаин

қосымша заттар: какао майы (теобром майы), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, жүгері крахмалы.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, мөлдір емес, түсі бозғылт-ақтан ақшыл-сары түске дейінгі суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Геморройды және анус сызатын емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Жергілікті анестетиктер. Бензокаин.

АТХ коды C05АD03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бензокаинді жергілікті қолданғанда Релиф Адванс препаратында жүйелік сіңуі төмен.

Фармакодинамикасы

Бензокаин – беткейлік белсенді жергілікті жансыздандыратын дәрі, резорбтивті әсер етпейді, натрий иондары үшін жасуша жарғақшасының өткізгіштігін азайтады, жарғақшалардың ішкі беткейінде орналасқан рецепторлардан кальций иондарын ығыстырады, жүйке импульстарының өткізілуін бөгейді. Бензокаин айқын ауыруды басатын әсер етеді.

Қолданылуы

- сыртқы және ішкі геморройда

- артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында

- айқын ауыру синдромымен жүретін анальді қышынуда

- проктологиялық операциялардан кейінгі ауыруларда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек. 1 суппозиторийден тік ішекке тәулігіне 4 ретке дейін (таңертең, түнге қарай және ішекті әр босатқаннан кейін) енгізу керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 суппозиторий. Емдеу курсының ұзақтығы– 7-10 күн.

Жағымсыз әсері

Сирек: аллергиялық реакциялар: ашыту, гиперемия, анус тесігі аумағындағы тері бөртпесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық

- тромбоэмболиялық ауру

- гранулоцитопения

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Релиф Адванс құрамына кіретін бензокаин аминосалицил қышқылының препараттарына антагонист болуы мүмкін.

Бензокаин ұсынылатын дозасын айтарлықтай жоғарылатқан жағдайда және ұзақ уақыт қолданғанда моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерінің, антидепрессанттар және и гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Артқы өтіс жолдарынан мол қанды бөліністер болған жағдайда немесе ауыру симптомдары 7 күннен астам сақталғанда, проктологпен қосымша кеңесу қажет.

Релиф Адванс препаратын 12 жастан асқан балаларда қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: шымылдатып ашыту, гиперемия

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 суппозиторийден поливинилхлорид/полиэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші фирманың, өндіруші елдің атауы, мекенжайы

Иституто Де Анжели С.р.л.,

50066 Реггелло (Флоренция), Лок. Прулли 103/c, Италия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.,

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Tel.: + 7 (727) 258 80 40

Факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

1

 

Прикрепленные файлы

954605881477976552_ru.doc 46 кб
516239711477977718_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники