Пустырник трава

МНН: Пустырника трава
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021152
Информация о регистрации в РК: 19.01.2015 - 19.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп шөбі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1,5 г

Құрамы

белсенді зат – 1,5 г сасықшөп шөбі

Сипаттамасы

Диаметрі 1 мм тесіктері бар електен өтетін ашық-жасыл түсті ұнтақ. Дәмі ащылау. Иісі болымсыз.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар

АТХ коды N05СМ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон, урсол, ванил), иіткіш заттар, гликозидтер, қантты заттар, эфир майы бар. Айқын тыныштандырғыш қасиеттері бар, сондай-ақ гипотензиялық және кардиотоникалық әсер береді. Тыныштандыратын әсер бере бастауы орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін күшейту немесе қозу үдерісін төмендету есебінен жүреді. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ физиологиялық ұйқының басталуын жеңілдетеді. Дағдылану, психикалық тәуелділік құбылыстарын туындатпайды.

Препарат жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие.

Қолданылуы

Кешенді емдеу кезінде:

- нейроциркуляторлық дистонияда

- қатты эмоциялық қозуда, ашушаңдықта

- неврастенияда

- әйелдердегі климактериялық синдромда

- гипертониялық ауруда

- ұйқысыздықпен, ширығу сезімімен және жоғары реактивтілікпен қатар жүретін психоастения мен неврастенияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолдануға арналған.

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнаған сумен демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, жылы күйінде 1 сүзгі-пакеттен күніне 2-3 рет қабылдау керек. Емдеу курсы мен дозасын дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар - тері бөртпесі, қышыма болуы мүмкін

- диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа тыныштандыратын және жүрек препараттарымен үйлесімді, ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілердің әсерiн күшейтедi.

 

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған тұнбаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек. Пайдаланар алдында шайқау керек.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан тартына тұрған жөн.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г препараттан бір реттік қолдануға арналған сүзгі-пакетке салынған.

20 сүзгі-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Нұсқаулықтың мәтіні тікелей қорапқа жазылуы мүмкін.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы

Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би даңғ., 3

Тел/ факс 8 (7262) 45-63-12 E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Тел/факс 8(7252) 55-60-82; 55-60-89

E-mail: office@ecopharm.kz

 

2

 

Прикрепленные файлы

565739151477976575_ru.doc 46.5 кб
214889891477977731_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники