Промекс (40 мг)

МНН: Эзомепразол
Производитель: Балканфарма-Дупница АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Esomeprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021128
Информация о регистрации в РК: 31.12.2014 - 31.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Промекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эзомепразол

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған 20.0 мг және 40.0 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - эзомепразол магний дигидраты (эзомепразолға шаққанда) 21.75 мг және 43.50 мг (20.0 мг және 40.0 мг),

қосымша заттар

пеллет құрамы: метакрил қышқылы - этилакрилат сополимері (1:1), тальк, триэтилцитрат, гипромелоза, қант пеллеттері, магний стеараты, гидроксипропилцеллюлоза, глицерил моностеараты, полисорбат 80,

таблетка ядросының құрамы: микрокристалды целлюлоза, повидон, макрогол 6000, кросповидон, натрий стеарил фумараты,

қабығы: Opadry Pink 03B34284 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол, темірдің (Е172) қызыл тотығы, темірдің сары (Е172)) тотығы (20 мг доза үшін), Opadry Pink 03B34285 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол, темірдің (Е172) қызыл тотығы, темірдің сары (Е172)) тотығы (40 мг доза үшін).

Сипаттамасы

Эллипс пішінді, ақшыл-қызғылт түсті қабықпен қапталған, екі жағы дөңес, 6.55 х 13.6 мм өлшемді (20 мг доза үшін) таблеткалар.

Эллипс пішінді, қызғылт түсті қабықпен қапталған, екі жағы дөңес, 8.2 х 17.0 мм өлшемді (40 мг доза үшін) таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальдік рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Протон сорғысының тежегіштері. Эзомепразол.

АТХ коды А02ВС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі және таралуы

Эзомепразол қышқыл ортада тұрақсыз және энтеросолюбильдік қабықпен қапталған түйіршік түрінде пероральді қабылданады. R-изомерде конверсиясы in vitro елеусіз. Эзомепразолдың абсорбциясы тез, шыңдық плазмалық концентрациясына дозасынан кейін шамамен 1-2 сағаттан соң жетеді. Бір реттік 40 мг дозадан кейінгі абсолюттік биожетімділігі 64% құрайды және тәулігіне бір рет қайта қолданғаннан кейін 89%-ға дейін ұлғаяды. 20 мг эзомепразол үшін сәйкес келетін мән тиісінше 50% және 68% құрайды. Дені сау субъектілердегі тепе теңдік жағдайында айқын көрінетін таралу көлемі шамамен дене салмағына 0,22 л/кг құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97% байланысады.

Бұл эзомепразолдың асқазан қышқылдығына әсеріне елеулі әсер етпесе де, тамақ ішу эзомепразол абсорбциясын кейінге қалдырады және төмендетеді.

Метаболизм және экскрециялануы

Эзомепразол Р450 (CYP) цитохром жүйесімен толық метаболизденеді. Эзомепразол метаболизмінің үлкен бөлігі эзомепразолдың гидрокси- және десметил метаболиттері түзілуіне жауап беретін полиморфты CYP2C19 цитохромына тәуелді. Қалған бөлігі CYP3A4 басқа арнайы изоформасына тәуелді, ол эзомепразолдың плазмадағы негізгі метаболиті сульфон түзілуіне жауап береді.

Төменде келтірілген параметрлер негізінен CYP2C19 ферменті белсенді (метаболизмі белсенді емделушілер) адамдардағы фармакокинетикасын бейнелейді.

Жалпы плазмалық клиренсі бір реттік дозадан кейін шамамен 17 л/сағат және қайта қолданудан кейін шамамен 9 л/сағат құрайды. Тәулігіне бір рет жүйелі түрде қабылдағанда плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1,3 сағат құрайды. Эзомепразолдың фармакокинетикалық қасиеттері тәулігіне екі рет, 40 мг дейінгі дозада зерттелді. Эзомепразолды қайта қолданғанда қисық астындағы аудан (AUC) көрсеткіштері ұлғайды. Бұл ұлғаю дозаға тәуелді және қайта қолданғаннан кейін AUC дозаға пропорционалдыдан астамға артуына алып келеді. Бұл уақытша дозаға тәуелділігі CYP2C19 ферментінің эзомепразолмен немесе оның сульфонды метаболитімен тежелуінен туындауы ықтимал жүйеалдылық метаболизм және жүйелік клиренс төмендеуімен шартталған.

Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазан қышқылы секрециясына әсер етпейді. Эзомепразолдың пероральді дозасының 80% дерлігі организмнен несеппен метаболит ретінде, ал қалған бөлігі – нәжіспен шығарылады. Бастапқы дәрілік заттың 1% азы несепте анықталады.

Емделушілердің ерекше тобы

Тұрғын халықтың 2,9±1,5%-ға жуығында CYP2C19 изоферментінің белсенділігі төмендеген. Бұндай емделушілерде эзомепразол метаболизмі негізінен CYP3A4 әсері нәтижесінде жүзеге асады. Эзомепразолды тәулігіне бір рет 40 мг жүйелі қабылдағанда АUС орташа мәні CYP2C19 изоферментінің белсенділігі жоғары емделушілерде осы параметрдің мәні 100%-ға артады. Изофермент белсенділігі төмен емделушілерде плазмадағы ең жоғары концентрациясының орташа мәні шамамен 60%-ға арттырылған. Көрсетілген ерекшеліктер эзомепразолдың дозасына және қолдану тәсіліне әсер етпейді.

Егде жастағы субъектілердің (71-80 жас) эзомепразол метаболизмі елеусіз өзгереді.

40 мг эзомепразолды бір рет қабылдағаннан кейін AUC орташа көрсеткіші еркектерге қарағанда әйелдерде шамамен 30%-ға жоғары. Препаратты тәулігіне бір рет қайталап қолданғанда гендерлік айырмашылық байқалмады. Бұл нәтижелер эзомепразолдың позологиясына әсер етпейді.

Бауырдың жеңіл және орташа дисфункциясы бар емделушілерде эзомепразол метаболизмі бұзылуы мүмкін. Бауырдың ауыр дисфункциясы бар емделушілерде метаболизм жылдамдығы төмендеген, бұл эзомепразолдың АUС мәні 2 есе артуына алып келеді. Осылайша, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге 20 мг ең жоғары дозаны арттыруға болмайды. Эзомепразол немесе оның негізгі метаболиттері тәулігіне бір рет дозалағанда аккумуляцияға тенденциясы барын көрсетпеген.

Бүйрек функциясы төмендеуі бар емделушілерде зерттеу жүргізілмеген. Бүйрек бастапқы дәрілік заттың шығарылуына емес, эзомепразол метаболиттерінің шығарылуына жауап беретіндіктен бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эзомепразол метаболизмі өзгермейді деп болжау мүмкіндігі бар.

Балалар

12-18 жас арасындағы жасөспірімдік жаста:

Эзомепразолды 20 мг және 40 мг дозаларында қайталап қолданғаннан кейін 12-18 жастағы жасөспірімдердегі жалпы экспозиция (AUC) және плазмадағы ең жоғары концентрациясына (tмакс) жету уақыты ересектердегі эзомепразолдың екі дозасындағыдай болды.

Фармакодинамикасы

Эзомепразол омепразолдың S-изомері болып табылады және спецификалық мақсатты әсер ету механизмі арқылы асқазан қышқылы секрециясын төмендетеді. Бұл париетальді жасушадағы қышқыл сорғысының спецификалық тежегіші. Омепразолдың R- және S-изомерлерінің осыған ұқсас фармакодинамикалық әсері бар.

Әсер ету механизмі

Эзомепразол париетальді жасушада секреторлық өзекшелердің қышқыл ортасында белсенді түрге конвертацияланатын және жинақталатын әлсіз негіз болып табылады және протондық сорғы Н+К+-АТФ-азу - ферментін, ал сондай-ақ қышқылдың базальді және стимулацияланған секрециясын тежейді.

20 мг және 40 мг эзомепрозолды пероральді қолданғаннан кейін әсері бір сағат ішінде білінеді. 20 мг эзомепразолды бес күн ішінде тәулігіне бір рет қайта қолданғаннан кейін пентагастрин стимулацияланғаннан кейін қышқылдың шыңдық секрециясы 90%-ға төмендеген, бұл 5-ші күні дозалағаннан кейін 6-7 сағаттан кейін тиісті өлшеммен көрсетілген.

Бес күн 20 мг және 40 мг эзомепразолды пероральді дозалаудан кейін асқазанішілік pH > 4 орташа 13 және 17 сағат, тиісінше және ГЭРА симптоматикасы бар емделушілерде 24 сағаттан астам демеп ұсталды. 20 мг эзомепразол үшін 8, 12 және 16 сағаттан кем емес уақыт бойына демелетін асқазанішілік pH > 4 емделушілер пропорциясы тиісінше 76%, 54% және 24% құрады. Дәл сондай пропорциялар 40 мг эзомепразол үшін тиісінше 97%, 92% және 56% құрады.

Плазмалық концентрацияның суррогаттық параметрі ретінде AUC пайдалан отырып, қышқыл секрециясын тежеу мен экспозициясы арасындағы арақатынас көрсетілді.

Қышқыл секрециясын тежеудің емдік тиімділіктері

Рефлюкс-эзофагитті 40 мг эзомепразолмен емдеу емделушілердің шамамен 78%-да төрт аптадан кейін, және емделушілердің 93%-да сегіз аптадан кейін жүреді.

Эзомепразолмен (20 мг, тәулігіне екі рет) және антибиотиктермен тиісінше бір апталық емдеу емделушілердің шамамен 90%-да H. pylori дұрыс эрадикациясына алып келеді.

Эрадикациялық бір апталық емнен кейін ойық жараны және асқынбаған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасындағы симптомдар жойылуын тиімді емдеу үшін соңынан антисекреторлық препараттармен монотерапия жасаудың қажеттілігі жоқ.

Протондық сорғы тежегіштерін қоса, кез келген жолмен азайтылған асқазан қышқылдығы әдетте АІЖ болатын бактериялар санын ұлғайтады. Протондық сорғы тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter туындаған, ал ауруханаға жатқызылған емделушілерде сондай-ақ Clostridium difficile туындаған асқазан-ішек жұқпасы қаупінің елеусіз артуына алып келуі мүмкін.

Қолданылуы

20 мг доза үшін.

Ересектер

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауру (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

- рецидивті болдырмау үшін емделген эзофагиті бар емделушілерді ұзақ емдеу

- гастро-эзофагеальді рефлюксті ауруды (ГЭРА) симптоматикалық емдеу

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін тиісті бактерияға қарсы емдік сызбалармен біріктірілімде

- Helicobacter pylori туындаған он екі елі ішек ойық жарасының жазыла бастауы үшін

- ойық жарасы бар емделушілердегі Helicobacter pylori туындаған асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының рецидивін болдырмау үшін

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ емдеу талап етілетін емделушілер

- асқазан ойық жарасының ҚҚСП емдеуге байланысты жазылуы

- қауіп тобындағы емделушілерде ҚҚСП емдеуден туындаған асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының алдын алу

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

12 жастан асқан жасөспірімдер

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауру (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

- рецидивті болдырмау үшін емделген эзофагиті бар емделушілерді ұзақ емдеу

- ГЭРА симптоматикалық емдеу

Helicobacter pylori туындаған он екі елі ішек ойық жарасын емдеуге арналған антибиотиктермен біріктірілімде.

40 мг доза үшін.

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауру (ГЭРА)

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

Пептикалық ойық жаралардан рецидивтік қан кетулердің к. і. алдын алудан кейін емді жалғастыру.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тұтас, сұйықтықпен іше отырып жұту керек. Таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды.

Жұтудан қиналатын емделушілер газдалмаған жарты стақан суда ерітілген таблетка қабылдауына болады. Ішекте еритін жабындысы еріп бүлінуі мүмкіндігінен басқа сұйықтық пайдалануға болмайды. Таблеткалар ерігенше араластырыңыз, содан кейін пеллет жүзіндісін дереу немесе 30 минут ішінде ішіп қою керек. Содан кейін стақанды қайтадан жартылай толтырып ішу керек. Пеллеттерді ұсақтауға немесе шайнауға болмайды.

Жұта алмайтын емделушілер үшін таблеткаларды газдалмаған суда еріту керек және асқазан зонды арқылы енгізеді. Таңдалған еккіш және зондтың сәйкестігін тиісті түрде тексеру маңызды.

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер.

Гастро-эзофагеальді рефлюксті ауру (ГЭРА)

4 апта бойына 40 мг эзомепразол тәулігіне бір рет.

Симптомдары сақталған немесе эзофагиті емделмеген емделушілерге қосымша 4 апталық ем ұсынылады.

Эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазыла бастағаннан кейін рецидивті болдырмас үшін ұзақ демеуші ем

20 мг эзомепразол тәулігіне бір рет.

Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу

Эзофагиті жоқ емделушілер үшін доза тәулігіне бір рет 20 мг эзомепразолды құрайды. Емнің төрт аптасынан кейін симптомдар жойылмаса, емделушілер қосымша зерттеуді өтуі тиіс. Ауру симптомдарын жойғаннан кейін препарат қабылдаудың «қажет бойынша» режиміне өтуге болады, яғни симптомдары жаңғырғанда 20 мг Промекс тәулігіне бір рет қолданады. ҚҚСП ем қабылдайтын және асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы даму қаупі бар топқа кіретін емделушілерге «қажет бойынша» режимінде емделуге болмайды.

Ересектер

Біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori эрадикациясы үшін және

Helicobacter pylori туындаған ойық жараны емдеу үшін, Helicobacter pylori ойық жарасынан туындаған асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы рецидивін болдырмау үшін: 20 мг Промекс, 1 г амоксициллин және 500 мг кларитромицин, 7 күн бойына тәулігіне екі рет.

ҚҚСД ұзақ қабылдаушы емделушілер

ҚҚСД қолданудан туындаған асқазан ойық жарасын емдеу үшін әдеттегі доза тәулігіне бір рет 20 мг Промекс құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды.

ҚҚСД қолданудан туындаған асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының алдын алу үшін емдеу қауіп тобындағы емделушілерде доза 20 мг құрайды және тәулігіне бір рет қабылданады.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне екі рет 40 мг Промекс құрайды. Дозалау жеке-дара түзетілуі тиіс, ал ем ұзақтығы клиникалық картинасына қарай анықталады. Қолда бар клиникалық деректерді негізге ала отырып, емделушілердің көбі тәулігіне 80-160 мг Промекс шегіндегі дозалармен бақылануына болады. 80 мг астам дозада дозаланғанда дозаны бөліп және тәулігіне екі рет қабылдау керек.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерге доза түзету талап етілмейді.Тәжірибе шектеулілігі салдарынан, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер емді сақтықпен қабылдауы тиіс.

Бауыр функциясы бұзылуы

Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге доза түзету талап етілмейді. Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде ең жоғары доза 20 мг эзомепразолдан артпауы тиіс.

Егде емделушілер

Бұл жастағы топ емделушілеріне доза түзету талап етілмейді.

Препаратты назогастральді зонд арқылы енгізу

1. Таблетканы еккішке салыңыз және еккішке 25 мл су және шамамен 5 мл ауа толтырыңыз. Кейбір зондтар үшін зондтың таблетка түйіршіктерімен ластанбауы үшін препаратты 50 мл ішетін сумен сұйылту талап етілуі мүмкін.

2. Таблетка еруі үшін шамамен екі минут бойына еккіш ішіндегісін шайқаңыз.

3. Еккішті ұштығын жоғары қаратып ұстаңыз және ұштығы ластанбағандығына көз жеткізіңіз.

4. Еккішті жоғары қаратқан бағытта ұстап тұруды жалғастырыңыз және оның ұштығын зондқа енгізіңіз.

5. Еккішті сілкіңіз және оны ұштығын төмен қаратып аударыңыз. 5-10 мл ерітілген препаратты зондқа дереу енгізіңіз. Енгізгеннен кейін еккішті бұрынғы күйіне келтіріңіз және шайқаңыз (ұштық ластануын болдырмау үшін еккішті ұштығын жоғары қаратып ұстайды).

6. Еккішті ұштығын төмен қаратып аударыңыз және тағы 5-10 мл препаратты зондқа енгізіңіз. Еккіш босағанша осындай операцияны қайталай беріңіз.

7. Еккіште шөгінді түрінде препарат бөлігі қалып қалған жағдайда еккішке 25 мл су және 5 мл ауа толтырыңыз және 5 тармақта сипатталған операцияны қайталаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 - ≤ 1/10 дейін)

- бас ауыруы, бас айналуы

- іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қатуы

- тері бөртпелері, фотосезімталдықты, қышынуды қоса

Жиі емес (≥1/1000 - ≤ 1/100 дейін)

- шеткергі ісінулер

- ұйқысыздық

- бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық

- вертиго

- ауыз құрғауы

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- дерматит, қышыну, бөртпе, есекжем

- жамбас-сан буынының, қол білезігі немесе омыртқа сынуы

Сирек (≥1/10000 - ≤ 1/1000 дейін)

- лейкопения, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық реакциялары (қызба, ангионевротикалық ісіну, және анафилактикалық реакция/анафилактикалық шок)

- гипонатриемия

- ажитация,сананың шатасуы, депрессия

- дәм бұзылуы

- анық көрмеу

- бронх түйілуі

- стоматит, гастроинтестинальді кандидоз

- сарғаюы бар немесе онсыз гепатит

- алопеция, фотосезімталдық

- артралгия, миалгия

-дімкәстік, қатты тершеңдік

Өте сирек (< 1/10000)

- агранулоцитоз, панцитопения

- озбыр мінез-құлық, елестеулер

-бауыр жеткіліксіздігі,бауырдың елеулі аурулары бар емделушілердегі энцефалопатия

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонс синдромы, уытты

эпидермальді некролиз

- бұлшықет әлсіздігі

- интерстициальді нефрит

- гинекомастия

Жиілігі белгісіз

- гипомагниемия

- микроскопиялық колит.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эзомепразолға, орын басқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- нелфинавирді бір мезгілде қабылдау

- лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

- глюкозо–галактозды мальабсорбция немесе сахаразо–изомальтаза жеткіліксіздігі

- ГЭРА-дағы 12 жасқа дейінгі балалық жаста

- гастроэзофагеальді рефлюксті аурудан басқа, 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жаста басқа көрсетілімдер бойынша

Сақтықпен

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эзомепразолдың басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері

pH- тәуелді сіңетін дәрілік препараттар

Эзомепразолмен және басқа ПСТ ем барысында асқазан қышқылдығы төмендеуі pH- тәуелді сіңетін дәрілік препараттар сіңуін төмендетуі мүмкін. Асқазан қышқылдығы төмендететін басқа да дәрілік препараттар сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб сияқты осындай препараттардың сіңуі төмендеуі мүмкін. Сонымен бірге эзомепразолды дигоксинмен бірге қабылдағанда соңғысының концентрациясы артуы мүмкін. Сондықтан эзомепразолды егде емделушілерге жоғары дозаларда тағайындалғанда сақ болу керек. Дигоксиннің емдік мониторингін күшейту керек.

Омепразолмен ем барысында асқазан pH артуы протеаза тежегіштерінің

адсорбциясын өзгертуі мүмкін. Өзара әрекеттесудің басқа болжамды механизмдері CYP2C19 тежеу арқылы жүреді. Атазанавир мен нелфинавирді омепразолмен бірге қолданғанда олардың сарысулық деңгейі төмендегені туралы хабарланған, сондықтан оларды бірге қолдану ұсынылмайды. Омепразолды (40 мг, тәулігіне екі рет) ересек еріктілерде 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен бірге қолдану атазанавир экспозициясының (AUC, Cмакс және Cмин шамамен 75% төмендеген) елеулі төмендеуіне алып келді. Атазанавир дозасын 400 мг дейін ұлғайту омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерін компенсацияламайды.

Омепразолды (20 мг, күнделікті) 400 мг атазанавирмен / 100 мг ритонавирмен дені сау еріктілерде бірге қолдану 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен, күнделікті, 20 мг омепразолсыз, күнделікті қолдануда бақыланатын экспозициясымен салыстырғандағы атазанавир экспозициясының шамамен 30%-ға төмендеуіне алып келді.

Омепразолды (40 мг, күнделікті) бірге қолдану нелфинавирдің AUC, Cмакс және Cмин орташа көрсеткіштерін 36-39%-ға төмендетеді, ал фармакологиялық белсенді метаболиті М8 AUC, Cмакс және Cмин орташа көрсеткіштері 75-92% ға төмендеген. Омепразолмен бірге жүретін ем барысында (40 мг, күнделікті) саквинавирдің (ритонавирмен біріктірілімде) сарысулық деңгейінің артқаны анықталды. Омепразолмен ем (20 мг, күнделікті) дарунавир (ритонавирмен біріктірілімде) және ампренавир (ритонавирмен біріктірілімде) экспозициясына әсер етпеді. Омепразолмен ем (20 мг, күнделікті) ампренавир (ритонавирмен біріктірілімде немесе онсыз) экспозициясына әсер етпеді. Омепразолмен ем (40 мг, күнделікті) лопинавир (ритонавирмен бірге жүретін) экспозициясына әсер етпеді. Омепразол және эзомепразолдың фармакодинамикалық әсерінің ұқсастығына байланысты эзомепразол және атазанавирді бірге қолдану ұсынылмайды, эзомепразол мен нелфинавирді бірге қолдануға болмайды.

CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттар

Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі ферментті - CYP2C1 тежейді. Осылайша, эзомепразолды метаболизміне CYP2C19 (диазепам, цитолопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин және т.б.) қатысатын басқа препараттармен бірге қолданғанда бұл дәрілік препараттардың плазмалық концентрациялары артуы мүмкін, сондықтан доза төмендету талап етілуі мүмкін. Бұны әсіресе Промексті «қажеттілік бойынша» тағайындағанда ескеру керек. 30 мг эзомепразол және CYP2C19 цитохромы субстраты болып табылатын диазепамды бірге қабылдағанда диазепам клиренсінің 45%-ға төмендегені анықталды.

40 мг эзомепразолды бірге қолдану эпилепсиясы бар емделушілерде фенитоиннің ең төменгі плазмалық деңгейінің 13%-ға ұлғаюына алып келеді. Осыған байланысты эзомепразолмен ем басында немесе оны тоқтатқанда фенитоиннің плазмадағы концентрациясын бақылау ұсынылады.

Омепразол вориконазолдың (CYP2C19 субстраты) Cмакс және AUCτ тиісінше 15% және 41%-ға ұлғайтқан.

40 мг эзомепразолды емделушілердің варфаринде бірге қолдануы бір зерттеулерде коагуляция уақытының сыйымды диапазонда болғанын көрсетті. Дегенмен тіркеуден кейінгі тәжірибе қатарлас ем барысында ХҚҚ клиникалық елеулі артуының жеке дара жағдайларын көрсетті.

Эзомепразолмен қатарлас емді бастауда және аяқтауда варфаринмен немесе басқа кумарин туындыларымен ем барысында мониторинг ұсынылады.

Омепразол және эзомепразол CYP2C19 тежегіштері ретінде әсер етеді. Айқаспалы бір зерттеуде дені сау еріктілерде 40 мг доза қабылданған омепразол цилостазолдың Cмакс және AUC көрсеткіштерін тиісінше 18% және 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің біреуін тиісінше 29% және 69% ұлғайтқан.

Дені сау еріктілерде 40 мг эзомепразолды бірге қолдану плазмалық концентрациясының қисық астындағы ауданының және уақытының (AUC) 32%-ға артуына және жартылай шығарылуының (t1/2) 31%-ға ұзаруына алып келді, бірақ цисапридтің плазмалық деңгейінің шыңдық елеулі артуы анықталмаған.

Цисапридтің өзін ғана қолданудан кейін бақыланған QT аралығының аздап ұзаруы цисапридті эзомепразолмен біріктірілімде бергенде одан әрі ұзармаған.

Эзомепразолдың амоксициллин немесе хинидиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық елеулі әсер етпейтінін көрсетті.

Эзомепразол мен напроксенді немесе рофекоксибтің бірге қолдануын бағалаған қысқа мерзімдік зерттеулерде қандай да бір релевантты фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмаған.

Бір айқаспалы клиникалық зерттеулерде, клопидогрель (екпінді дозасы 300 мг соңынан тәулігіне 75 мг) монотерапия түрінде және омепразолмен (800 мг клопидогрелмен бір уақытта) 5 күн бойына қолданылды. Клопидогрель мен омепразол бір мезгілде қабылданғанда клопидогрелдің белсенді метаболитінің экспозициясы 46%-ға (1 Күн) және 42%-ға төмендеген (5 Күн). Басқа зерттеулерде клопидогрел мен омепразолды әр түрлі уақытта қабылдау олардың өзара әрекеттесулеріне бөгет бола алмайтынын көрсеткен, бұл омепразолдың CYP2C19 тежегіш әсерінен туындауы ықтимал. Бұл фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерінің клиникалық асқынуларының қарама-қайшы деректері басқа обсервациялық және клиникалық зерттеулерден алынған.

Механизмі белгісіз

Кейбір емделушілерде оны ПСТ бірге қолданғанда метотрексат деңгейінің ұлғаюы анықталды. Метотрексатпен жоғары дозада емдегенде эзомепразолды тоқтату талап етілуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттардың эзомепразолдың фармакокинетикалық қасиеттеріне әсері.

Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді. Эзомепразолды және кларитромицин (500 мг, тәулігіне екі рет) сияқты CYP3A4 тежегішін бірге қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне алып келеді. Эзомепразолды және CYP2C19 және CYP3A4 біріктірілген тежегіштерін бірге қолдану эзомепразол экспозициясының екі еседен астамға ұлғаюына алып келуі мүмкін. Вориконазол (CYP2C19 және CYP3A4 тежегіштері) AUCτ - 280%-ға ұлғайтты. Бұндай жағдайларда әдетте эзомепразол дозасын түзету талап етілмейді. Дегенмен, доза түзету мүмкіндігін бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде немесе ұзақ мерзімді емдеуде ескеру керек.

CYP2C19 немесе CYP3A4 (немесе цитохромның екеуі де) (рифампицин және шайқурай) индукциялайтын препараттар, оның метаболизмін ұлғайту арқылы эзомепразолдың сарысулық деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қандай да бір үрейленетін симптомдар болған жағдайда (күтпеген жерден елеулі салмақ жоғалту, рецидивтік құсу, дисфагия, қанды құсық немесе мелена) және асқазан ойық жарасында немесе оған күдік болғанда қатерлі жаңа түзілім бар-жоғын анықтау керек, өйткені эзомепразолмен емдеу симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және диагноз қойылуын кешіктіруі мүмкін.

Ұзақ емдеудегі емдеушілер (әсіресе ұзақтығы бір жылдан астам болғанда) дәрігердің ұдайы бақылауында болуы керек.

Емдеуді «қажеттілік бойынша» алатын емделушілер егер олардың симптомдары сипатын өзгертсе дәрігерге дереу қаралуы тиіс.

Эзомепразолды «қажеттілік бойынша» тағайындағанда эзомепразолдың плазмалық концентрациясының тұрақсыздығынан басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулерінің болжамды салдарын ескеру керек.

Эзомепразолды Helicobacter pylori эрадикациясы үшін тағайындағанда оның барлық компоненттерінің болжамды дәрілік өзара әрекеттесулерін ескеру керек. Кларитромицин CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады, және тиісінше емдеушілерге CYP3A4 арқылы метаболизденетін (мысалы, цизаприд) басқа препараттармен бірге емдегенде үш компонентті ем тағайындағанда кларитромицинді қолдануға болмайтын жағдайларды және өзара әрекеттесулерін ескеру керек.

Протондық сорғы тежегішімен ем Salmonella және Campylobacter туындаған асқазан-ішек жұқпаларының қаупі елеусіз артуына алып келуі мүмкін.

Эзомепразолды атазанавирмен бірге қолдану ұсынылмайды. Егер атазанавир мен протондық сорғы тежегіштерінің біріктірілімінен аулақ болу мүмкін болмаса, 100 мг ритонавирмен атазанавир дозасын 400 мг дейін арттыра отырып, тұрақты клиникалық мониторинг ұсынылады, бұл арада эзомепразол дозасын 20 мг арттыруға болмайды.

Промекс, қышқыл секрециясын бөгейтін барлық препараттар сияқты гипо- немесе ахлоргидрия салдарынан В12 витаминінің (цианкобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Бұны организмінде В12 витаминінің қоры төмендеуі бар немесе ұзақ емдегенде В12 сіңуі төмендеу қаупінің факторы бар емдеушілерде ескеру керек.

Промекс CYP2C19 тежегіші болып табылады. Эзомепразолмен ем басында немесе аяқтағанда CYP2C19 арқылы метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін назарда ұстау керек. Ауыр гипомагниемия эзомепразол сияқты протондық сорғы тежегіштерімен (ПСТ) үш айдан кем емес уақыт бойына және көп жағдайда жыл бойына ем қабылдаған емделушілерде байқалған. Шаршау, тетания, делирийлер, конвульсиялар, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі білінулері жүруі мүмкін, бірақ олар кенеттен басталуы мүмкін және оларды анықтау қиын. Емдеушілердің көпшілігінде гипомагниемия магний орын басушы емінен кейін және ПСТ емін тоқтатқаннан кейін азаяды.

Ұзақ емдеу болжанатын немесе ПСТ дигоксинмен немесе гипомагниемия (мысалы, диуретиктер) туындатуға ықпалды препараттармен қабылдайтын емдеушілерде магний деңгейін ПСТ емін бастағанға дейін және ауық-ауық ем барысында өлшеу керек.

Протондық сорғы тежегіштері, әсіресе оларды жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойына (1 жылдан астам) қолданғанда, негізінен егде емделушілерде немесе басқа мойындалған қауіп факторлары болғанда жамбас-сан буынының, білезік немесе омыртқа сыну қаупі орташа артуы мүмкін.

Обсервациялық зерттеулер протондық сорғы тежегіштерінің сынудың жалпы қаупін 10-40%-ға арттыруы ықтимал деп болжауға мүмкіндік береді. Остеопороз қаупі жоғары емделушілер ағымдағы клини калық ұсыныстарға сәйкес бақылануы және емделуі тиіс, сондай-ақ D витаминінің және кальцийдің талапқа сай мөлшерін қабылдауы керек. Зертханалық зерттеулерге әсері

CgA деңгейінің артуы нейроэндокриндік ісіктердің зерттеуіне әсер етуі мүмкін. Осы әсерінен аулақ болу үшін, эзомепразолмен емді CgA өлшегенге дейін ең кемі 5 күн бұрын уақытша тоқтату керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілерге ана денсаулығы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін болжамды қауіптен артық болатын жағдайларда ғана тағайындауға болады.

Эзомепразолдың емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз, сондықтан Промексті бала емізу кезеңінде тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Спецификалық у қайтарғысы белгісіз. Эзомепразол қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады, сондықтан диализдің тиімділігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада Al/Al 7 таблеткадан қаптайды.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Балканфарма-Дупница АД, Болгария

Тіркеу куәлігінің иесі

Актавис Групп, Исландия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Актавис Интернешнл Лтд.» Алматы қ. өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі 241, кеңсе 1-а.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;

Электрондық поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

Прикрепленные файлы

270477431477976532_ru.doc 122.5 кб
225644431477977692_kz.doc 128.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники