Прилиджи® 60 мг

МНН: Дапоксетин
Производитель: Менарини - Фон Хейден ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дапоксетин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021415
Информация о регистрации в РК: 29.05.2015 - 29.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Прилиджи® 30 мг

Прилиджи® 60 мг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дапоксетин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг және 60 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - дапоксетин гидрохлориді 33.60 мг (30.00 мг дапоксетинге баламалы) немесе дапоксетин гидрохлориді 67.20 мг (60.00 мг дапоксетинге баламалы),

қосымша заттар: 75% лактоза моногидраты және 25% микрокристалды целлюлоза қоспасы, натрий кроскармеллозасы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабығы: сұр ұнтақ жабын 4 (лактоза моногидраты, гипромеллоза 2910 15 ср, титанның қостотығы (Е 171), триацетин/глицерол триацетаты, темірдің қара тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172)).

Сипаттамасы

30 мг таблеткалар: дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында үшбұрыштың ішінде «30» бедерленген сұр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

60 мг таблеткалар: дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында үшбұрыштың ішінде «60» бедерленген сұр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Дапоксетин.

АТХ коды G04BX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Дапоксетин тез сіңеді және плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax), шамамен таблетканы қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі 42% (диапазоны 15-76%) құрайды, 30 мг-дан 60 мг дейінгі диапазонда Cmax және ҚАА дозаға пропорциональді жоғарылады.

Бірнеше рет қабылдағаннан кейін дапоксетин мен белсенді метаболиті десметилдапоксетин үшін ҚАА мәні препаратты бір реттік дозада қабылдағаннан кейінгі мәнімен салыстырғанда шамамен, 50%-ға артты.

Майлы тағам қабылдау Cmax (10%-ға) аздап төмендетті және ҚАА дапоксетиннің ҚАА (12%-ға) аздап жоғарылатты, сондай-ақ дапоксетиннің ең жоғары концентрациясына жету уақытын аздап ұзартты. Бұл өзгерістердің клиникалық мәні болмады. Прилиджи препаратын ас қабылдауға байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы

Дапоксетиннің 99%-дан астамы жоғары адамның сарысулық ақуыздарымен in vitro байланысады. Белсенді метаболит десметилдапоксетин ақуыздармен 98,5%-ға байланысқан. Дапоксетиннің таралуының орташа көлемі тепе-тең жағдайда 162 л құрайды.

Биотрансформациясы

in vitro зерттеулерінің деректері бойынша дапоксетин бауыр мен бүйрек тіндерінің көптеген ферментер жүйесімен (алдымен CYP2D6, CYP3A4) және құрамында флавин бар монооксигеназамен (FMO1) метаболизденеді.

14Cдапоксетинді пероральді қабылдағаннан кейін соңғысы алдымен биотрансформацияның келесі жолдарын: Nтотығу, Nдеметилдену, нафтилдің гидроксилирленуі глюкуронирленуі және сульфаттануды қамтумен көптеген метаболиттер түзе отырып белсенді метаболизденеді. Ішке қабылданғаннан кейін алғашқы өтуінің жүйе алдылық әсерінің болуы туралы деректер бар.

Плазмада айналымдағы көптеген заттар, интактілі дапоксетин және дапоксетиннің Nтотығы болып табылады. in vitro жүргізілген байланысу мен тасымалдану зерттеулерінің деректері көрсеткендей, дапоксетиннің Nтотығы белсенді емес болып табылады. Десметилдапоксетин мен дидесметилдапоксетинді қоса, қосымша метаболиттер, дәрілік препаратпен байланысқан плазмадағы заттардың жалпы мөлшерінің 3%-дан азын құрады.

in vitro жүргізілген байланысу зерттеулерінің деректері көрсеткендей, десметилдапоксетин мен дапоксетин бірдей тиімділік иеленген, ал дидесметилдапоксетиннің белсенділігі дапоксетиннің белсенділігінің 50%-ға жуығын құрады. Бос десметилдапоксетиннің концентрациясы (ҚАА және Cmax) сәйкесінше бос дапоксетиннің концентрациясының 50% және 23% құрады.

Шығарылуы

Дапоксетиннің метаболиттері алдымен конъюгат түрінде несппен шығарылады. Белсенді заттар өзгермеген түрінде несепте анықталған жоқ. Пероральді қабылдағаннан кейін дапоксетиннің жартылай шығарылуының бастапқы кезеңі шамамен 1,5 сағатты құрады, ал қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң плазмадағы деңгейі концентрациясы шыңының 5%-дан азын құрады, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі шамамен 19 сағатты құрады. Десметилдапоксетиннің жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі шамамен 19 сағатты құрады.

Емделушілердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы

Десметилдапоксетиннің метаболиті Прилиджи препаратының фармакологиялық әсеріне ықпал етеді, әсіресе егер оның концентрациясы жоғары болса. Төменде кейбір популяцияларында белсенді фракциясының жоғарылауы берілген. Ол бос дапоксетин мен десметилдапоксетиннің концентрациясының қосындысын білдіреді. Десметилдапоксетин мен дапоксетин бірдей тиімділік иеленген. Бағалау десметилдапоксетиннің ОЖЖ бірдей таралуын болжамдайды, әйтсе де іс жүзінде солай екендігі белгісіз.

Нәсілі

Клиникалық фармакология зерттеулерді талдау 60 мг дапоксетинді қолданумен бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін латынамерикандықтар, сондай-ақ еуропалық, негроидты және монголдық нәсілдер өкілдерінің арасында статистикалық мәні бар ерекшеліктерді анықтаған жоқ. Дапоксетиннің жапондықтарда және еуропалықтардағы фармакокинетикасын салыстыру үшін жүргізілген клиникалық зерттеулерде анықталғандай төмен дене салмағына байланысты жапондықтарда дапоксетиннің плазмадағы жоғары деңгейі (10-20%-ға) (ҚАА және шыңдық концентрациясы) орын алады. Егер концентрациясы аздап жоғары болса, айтарлықтай клиникалық әсерді күтуге болмайды.

Егде жастағы емделушілер (65 жастағы және асқан). 60 мг дапоксетинді қолданумен препаратты бір реттік қабылдаудың клиникалық фармакология зерттеулерінің тұжырымы дені сау егде жастағы ер адамдар мен дені сау жас ер адамдар арасындағы фармакокинетикалық параметрлердің (Cmax, ҚААinf, Tmax) айтарлықтай айырмашылығын анықтаған жоқ. Емделушілердің аталған тобында тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

60 мг дапоксетинді қолданумен препаратты бір реттік дозада қабылдағаннан кейін клиникалық фармакологияны зерттеулер бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі 50-ден 80 мл/мин дейін), орташа (креатинин клиренсі 30-дан < 50 мл/мин дейін), және ауыр (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде, сондай-ақ бүйректің қалыпты функциясымен (креатинин клиренсі > 80 мл/мин) субъектілерде жүргізілді. Бүйрек функциясының бұзылуында дапоксетиннің ҚАА жоғарылауына айқын бейімділік анықталған жоқ.

Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде деректер шектеулі болғанмен, бүйректің қалыпты функциясымен субъектілермен салыстырғанда бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуымен субъектілерде ҚАА, шамамен 2 есе жоғары болды. Бүйрек диализіндегі емделушілерде дапоксетиннің фармакокинетикасына бағалау жүргізілген жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде бос дапоксетинннің Cmax 28%-ға төмендеді, ал ҚАА өзгерген жоқ. Белсенді фракцияның (бос дапоксетин мен десметилдапоксетин концентрациясының қосындысы) бос Cmax және ҚАА сәйкесінше 30%-ға және 5%-ға төмендеді. Бауыр функциясының орташа дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде, бос дапоксетиннің Cmax айтарлықтай өзгерген жоқ (3%-ға төмендеді), ал бос ҚАА 66%-ға жоғарылады. Белсенді фракцияның бос Cmax айтарлықтай өзгерген жоқ, ал ҚАА – екі еселенді.

Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуымен емделушілерде, бос дапоксетиннің Cmax 42%-ға төмендеді, ал бос ҚАА шамамен 223%-ға жоғарылады. Белсенді фракцияның У Cmax және ҚАА өзгерулері ұқсас болды.

CYP2D6 полиморфизмі

60 мг дапоксетинді қолданумен препаратты бір реттік дозада қабылдағаннан кейін клиникалық фармакологияны зерттеулерінде плазмада әлсіз CYP2D6 метаболизаторлардың концентрациясы белсенді CYP2D6 метаболизаторларға (дапоксетин үшін Cmax, шамамен 31%-ға жоғары, ал ҚААinf 36%-ға жоғары; десметилдапоксетин үшін Cmax 98%-ға жоғары, ал ҚААinf 161%-ға жоғары) қарағанда жоғары болды.

Прилиджи препаратының белсенді фракциясының Cmax шамамен 46%-ға, ал ҚАА – шамамен 90%-ға жоғарылауы мүмкін. Аталған жоғарылату дозаға байланысты жағымсыз әсерлерінің ауырлығын күшейтуі және оны жиілетуі мүмкін. CYP2D6 әлсіз метаболизаторлармен Прилиджи препаратын қабылдағанда дапоксетиннің метаболизмін тежеуі мүмкін, орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері және күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштері секілді басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдағанда қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Дапоксетин IC50 1,12 нM-мен күшті әсер ететін серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ), ал оның адам организміндегі негізгі метаболиттері - десметилдапоксетин (IC50 < 1,0 нM) және дидесметилдапоксетин (IC50 < 2,0 нM) тепе-тең шамада немесе әлсіздеу (дапоксетин-N-oксид (IC50 = 282 нM)) болады.

Адамда эякуляция алдымен симпатикалық жүйке жүйесімен реттеледі. Эякуляцияны алдымен ми ядроларының қатары (медиальді преоптикалық және паравентрикулярлы ядролар) әсер ететін ми діңінің қатысуымен спинальді рефлекторлық орталық жүзеге асырады.

Уақытынан ерте эякуляцияда дапоксетиннің әсер ету механизмі серотониннің кері қармалуының нейрондармен тежелуімен және кейіннен нейромедиаторлардың пре- және постсинаптикалық рецепторларға әсерінің күшеюімен байланысты деп болжамданады.

Егеуқұйрықтарда дапоксетин супраспинальді деңгейде латеральді парадәужасушалардың ядросына әсер ету көмегімен эякуляция болуының рефлекторлы механизмін тежейді. Ұрық қуықшасын, ұрық шығаратын өзек, қуықасты безін, бульбоуретральді бездерді және қуық мойнын қамтитын бұлшықеттерді иннервациялайтын постганглионарлық симпатикалық талшықтар эякуляция туындауына қажет олардың үйлесімді жиырылуын туындатады. Егеуқұйрықтарда дапоксетин эякуляция болуының аталған рефлекторлық механизмін өзгертеді.

Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік

Уақытынан ерте эякуляцияны емдеуде Прилиджи препаратының тиімділігі плацебоны бақылаумен, шегінде жалпы алғанда 6081 емделуші рандомизирленген бес клиникалық салыстырмалы жасырын зерттеу жүргізгенде анықталды. Емделушілердің жасы 18 жаста және одан асқан. Аталған тұлғаларды зерттеуге қосқанға дейін 6 ай ішінде жыныстық қатынастың көбінде оларда уақытынан ерте эякуляция орын алды. Уақытынан ерте эякуляция диагностикалық критерийлерге сәйкес DSM-IV (Психикалық бұзылыстарды диагностикалау және статистикасы бойынша басшылық) анықталады: эякуляция басталуының қысқа уақыты (интравагинальді эякуляцияның латентті уақыты [IELT; вагинальді пенетрациядан интравагинальді эякуляция кезеңіне дейінгі уақыт] екі минуттан кемді құрайды, ол төрт зерттеуде секундомерді қолданумен өлшенді), эякуляцияны дұрыс бақыламау, сондай-ақ аталған жағдаймен өзара байланысты айтарлықтай стресс немесе өзара қарым қатынастағы қиындықтар.

Эректильді дисфункцияны қоса, жыныстық дисфункцияның басқа түрлерімен тұлғалар, сондай-ақ УЕЭ емдеу үшін басқа дәрілік препараттар қабылдайтын тұлғалар барлық зерттеулерден алынып тасталды.

Барлық рандомизирленген зерттеулер нәтижесі салыстырмалы болды. Тиімділігі емнің 12 аптасынан кейін байқалды. Бір зерттеуге ЕК елдерінен сондай-ақ басқа елдерден емделушілер де қамтылды, ал емдеу ұзақтығы 24 аптаны құрады. Аталған зерттеуде 1162 емделуші рандомизирленді: 385 плацебо қабылдады, 388 Прилиджиді препаратын 30 мг дозада қажеттігіне қарай қабылдады және 389 Прилиджиді препаратын 60 мг дозада қажеттігіне қарай қабылдады.

Зерттеудің соңындағы орташа IELT көрсеткішінің орташа мәні мен медиана көрсеткіші төмендегі 1 кестеде көрсетілген, зерттеудің соңында орташа кем дегенде орташа IELT сипатталатын деңгейіне жеткен субъектілердің біріккен таралуы төмендегі 2 кестеде көрсетілген. Басқа зерттеулер мен деректердің біріккен талдауы 12 аптада ұқсас нәтижелер көрсетті.

1 кесте: Емнің соңында ең аз квадраттар* әдісімен есептелген IELT көрсеткішінің орташа мәні мен медиана көрсеткіші

IELT орташа мәні

Плацебо

Прилиджи 30 мг

Прилиджи 60 мг

Медиана

1,05 мин

1,72 мин

1,91 мин

Плацебомен [95% ДИ] салыстырғандағы айырмашылығы

 

0,6 мин**

[0,37, 0,72]

0,9 мин**

[0,66, 1,06]

Ең аз квадраттар әдісімен есептелген орташа мәні

1,7 мин

2,9 мин

3,3 мин

Плацебомен [95% ДИ] салыстырғандағы айырмашылығы

 

1,2 мин**

[0,59, 1,72]

1,6 мин**

[1,02, 2,16]

*Бастапқы деректер болмағанда емделушілерге ауыстырылған бастапқы мәндер.

**Айырмашылығы статистикалық мәнді болды (р мәні <= 0,001).

2 кесте: Зерттеудің* соңында кем дегенде орташа IELT сипатталатын деңгейіне жеткен субъектілер

IELT

(мин)

Плацебо

%

Прилиджи 30 мг

%

Прилиджи 60 мг

%

≥1,0

51,6

68,8

77,6

≥2,0

23,2

44,4

47,9

≥3,0

14,3

26,0

37,4

≥4,0

10,4

18,4

27,6

≥5,0

7,6

14,3

19,6

≥6,0

5,0

11,7

14,4

≥7,0

3,9

9,1

9,8

≥8,0

2,9

6,5

8,3

*Бастапқы деректер болмағанда емделушілерге ауыстырылған бастапқы мәндер.

IELT ұзару мәні IELT бастапқы деңгейімен байланысты болды. Ол әр емделушілерде әртүрлі болды. Прилиджи қабылдаудан әсерінің клиникалық маңыздылығы емнің нәтижесінің талдау көмегімен көрсетілді, ол туралы емнің әсері орын алған әртүрлі емделушілер хабарлады.

Емдік әсерімен емделуші кем дегенде 2 категорияға эякуляциясын бақылау күшеюі, сондай-ақ кем дегенде 1 категорияға эякуляциямен байланысты стрестің азаюы орын алған субъект ретінде анықталған. Плацебомен салыстырғанда, Прилиджи қабылдаған топтардың әрқайсысындағы субъектілердің үлкен пайызында емдік әсер зерттеудің 12-ші немесе 24 аптасының соңында дамыды, ол статистикалық нақты болды. 30 мг (11,1% - 95% ДИ [7,24; 14,87]) және 60 мг (16,4%  95% ДИ [13,01; 19,75]) дапоксетин топтарында 12-ші аптада плацебо тобымен салыстырғанда (біріктірілген талдау) емдік әсерімен емделушілердің үлкен пайызы орын алды.

Прилиджи препаратымен емдеу нәтижесінің клиникалық мәні жалпы клиникалық әсерді Бағалау нәтижесін (CGIC) өлшеуге арналған емдік топтың мысалында көрсетілді, онда емделушілерді «ең жақсыдан» «ең нашарға» дейінгі жауаптың ауытқуымен өзіндегі уақытынан ерте эякуляцияны емді бастау кезінен бастап салыстыруды сұрады.

Зерттеудің соңында (24 апта), 28,4% (30 мг тобы) және 35,5% (60 мг тобы) субъектілер хабарлағандай, олардың жағдайы плацебо тобындағы 14% салыстырғанда, «жақсы» немесе «өте жақсы» болды, ал дапоксетинді 30 мг және 60 мг дозада қабылдаған, сәйкесінше 53,4% және 65,6% субъектілер, олардың жағдайы плацебо тобындағы 28,8% салыстырғанда кем дегенде «аздап жақсы» болғанын хабарлады.

Қолданылуы

Прилиджи 18-ден 64 жасқа дейінгі ересек ерлерде уақытынан ерте эякуляцияны (УЕЭ) емдеу үшін қолданылады.

Прилиджи препаратын келесі критерийлерге сәйкес емделушілерге тағайындау керек:

- интравагинальді эякуляцияның латентті уақыты (IELT) екі минуттан кемді құрайды

- минимальді сексуальді стимуляциядан кейін жыныс мүшесі енгенге дейін, ену кезінде, енген бойында дереу және емделушінің қалаған кезеңінен ерте болатын персистирленетін немесе қайталанатын эякуляция

- УЕЭ салдары ретінде өзара қарым қатынаста пайда болатын айқын стресс немесе қиындықтар

- эякуляцияның болуын жеткіліксіз бақылау

- соңғы 6 айда жыныстық қатынастың көп жағдайында уақытынан ерте эякуляцияның болуы.

Прилиджи препаратын болжамды жыныстық қатынас алдында тек ем ретінде қажетіне қарай қабылдау керек. Прилиджи препаратын егер УЕЭ диагнозы қойылмаса еркектерде эякуляцияны ірку үшін тағайындауға болмайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Ересек ер адамдар (18-ден 64 жасқа дейінгі жастағы)

Барлық емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы болжамды жыныстық қатынасқа дейін 1-3 сағат бұрын қабылдау керек 30 мг құрайды. Прилиджи препаратымен емдеуді 60 мг дозадан бастауға болмайды.

Прилиджи үнемі күнделікті қабылдауға арналмаған. Прилиджи препаратын тек болжамды жыныстық қатынас жағдайында ғана қабылдау керек. Прилиджи препаратын 24 сағаттан жиі қабылдауға болмайды.

Егер 30 мг дозадағы препаратқа жекелей реакция жеткіліксіз болса, және емделушіде орташа немесе ауыр дәрежедегі жағымсыз әсерлер, сондай-ақ естен танудың даму мүмкіндігін болжамдауға мүмкіндік беретін продромальді симптомдар болмаса, доза ұсынылған ең жоғары 60 мг дозаға дейін жоғарылатуы мүмкін, оны қажет болғанда жыныстық қатынасқа дейін шамамен 1-3 сағат бұрын қабылдау керек. Жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен ауырлығы препаратты 60 мг дозада қабылдағанда артады.

Егер емделушіде препаратты бастапқы дозада қабылдағаннан кейін ортостатикалық реакция пайда болса, дозаны 60 мг дейін жоғарылатуға болмайды. Емнің алғашқы төрт аптасынан кейін (немесе кем дегенде препаратты 6 рет қабылдағаннан кейін) дәрігер аталған препаратпен емді жалғастырудың талапқа сай екендігі туралы мәселені шешіп алу үшін әрбір нақты жағдайда Прилиджи препаратының пайда мен қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізуі керек.

24 аптадан аса уақыт Прилиджи препаратын қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер саны шектелген. Прилиджи препаратымен емді жалғастырудың клиникалық талапқа сай екендігін және пайда және қауіп арақатынасын кем дегенде әрбір алты айда қайталап бағалау керек.

Егде жастағы емделушілер (65жастағы және одан асқан)

Прилиджи препаратының 65 жастағы және одан асқан емделушілерде тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Балалар мен жасөспірімдер

Прилиджи препаратын аталған жас тобында уақытынан ерте эякуляция себебіне байланысты қабылдауға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілер

Препаратты бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықтағы бұзылуымен емделушілерде қабылдағанда сақтық шараларын сақтау керек. Бүйрек функциясының ауыр бұзылумен емделушілерге Прилиджи препаратын қабылдауға болмайды.

Бауыр функциясының бұзылуымен емделушілер

Бауыр функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылумен емделушілерге Прилиджи препаратын қабылдауға болмайды (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В және С кластары).

CYP2D6 төмен метаболизмі диагностикаланған емделушілер немесе күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерін қабылдайтын емделушілер

CYP2D6 төмен метаболизмі диагностикаланған емделушілерде және бір мезгілде күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерін қабылдайтын емделушілерде дозаны 60 мг дейін жоғарылатқанда сақтық шараларын сақтау керек.

Орташа күштегі CYP3А4 тежегіштерін немесе күшті әсер ететін CYP3А4 тежегіштерін қабылдайтын емделушілер

Бір мезгілде күшті әсер ететін CYP3А4 тежегіштерін қабылдауға болмайды. Бір мезгілде орташа күштегі CYP3А4 тежегіштерін қабылдайтын емделушілер сақтық шараларын сақтауы керек және 30 мг тең дозаны жоғарылатуға болмайды

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған. Таблетканың ащы дәмін сезбеу үшін бүтіндей жұту керек. Таблеткаларды кем дегенде бір толық стакан сумен қабылдау керек. Прилиджи препаратын ас қабылдауға байланыссыз қабылдауға болады.

Аталған дәрілік препаратты қабылдауда немесе оны қолданғанда қажетті сақтық шаралары

Емді бастар алдында ортостатикалық гипотензияға қатысты «Айрықша нұсқаулар» бөлімімен танысыңыз.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздігінің жалпы бейіні

Клиникалық зерттеулер жүргізгенде естен танулар мен ортостатикалық гипотензияның пайда болуына қатысты хабарлар орын алды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қара).

Клиникалық зерттеулердің 3 фазасында жиі кездесетін дозаға байланысты келесі жағымсыз дәрілік реакциялардың пайда болуы туралы хабарлар орын алды: жүрек айнуы (қажеттігіне қарай 30 мг және 60 мг дозада дапоксетин қабылдаған топтарда сәйкесінше 11,0% және 22,2%), бас айналуы (5,8% және 10,9%), бас ауыруы (5,6% және 8,8%), диарея (3,5% және 6,9%), ұйқысыздық (2,1% және 3,9%) және шаршағыштық (2,1% және 4,1%). Препаратты қабылдауды тоқтатуға әкелетін ең жиі кездесетін жағымсыз құбылыстар жүрек айнуы (Прилиджи қабылдаған 2,2% емделушілерде) мен бас айналуы (Прилиджи қабылдаған 1,2% емделушілерде) болды. Прилиджи препаратының қауіпсіздігі плацебоны бақылаумен бес салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеулерге қатысқан уақытынан ерте эякуляциямен 4224 емделушілерде бағаланды. 4224 емделушіден 1616-ы Прилиджи препаратын қажеттігіне қарай 30 мг дозада, ал 2608 – қажеттігіне қарай, немесе тәулігіне бір рет 60 мг дозада қабылдады.

Өте жиі( 1/10)

  • бас айналуы, бас ауыруы

  • жүрек айнуы

Жиі ( 1/100-ден < 1/10 дейін)

  • үрей, қозу, мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттегіден тыс түстер, либидоның төмендеуі

  • ұйқышылдық, зейіннің бұзылуы, тремор, парестезия

  • көрудің бұлыңғырлануы

  • тиннит

  • қан кернеулер

  • мұрынның қосалқы қойнауларының ісінуі, есінеу

  • диарея, құсу, іш қату, іштің ауыруы, эпигастриядағы ауыру, диспепсиялық құбылыстар, метеоризм, асқазанда жайсыздықты сезіну, іштің кебуі, ауыздың құрғауы

  • гипергидроз

  • эректильді дисфункция

  • шаршағыштық, ашушаңдық

  • артериялық қысымның жоғарылауы

Кейде ( 1/1000-нан < 1/100 дейін)

  • депрессия, көңіл-күйдің болмауы,көтеріңкі көңіл-күй, ауытқымалы көңіл- күй, жоғары қозғыштық, енжарлық, апатия, сананың шатасуы, бағдарсыздық, ойлаудың бұзылуы, шамадан тыс сергектік, ұйқының бұзылуы, ұйықтау қиындығы, интрасомниялық бұзылыстар, түнгі қорқыныштар, бруксизм, либидоның жоғалуы, аноргазмия

  • естен тану, вазовагальді естен тану, постуральді бас айналуы, акатизия, дисгевзия, гиперсомния, летаргия, седативті әсер, сана деңгейінің төмендеуі

  • мидриаз, көздің ауыруы, көру бұзылыстары

  • вертиго

  • синоатриальді түйіннің блокадасы, синусты брадикардия, тахикардия

  • гипотензия, систолалық гипертензия, қан кернеулері

  • іште және эпигастрия аймағында жайсыздық сезімі

  • қышыну, салқын тер

  • эякуляцияның жеткіліксіздігі, ер адамдарда оргазмның бұзылуы, ер адамдардың генитальді парестезиясы

  • әлсіздік, ысыну сезімі, үрей сезімі, әдеттегіден тыс сезімдер, масаңдық сезімі

  • жүректің жиырылу жиілігінің артуы, диастолалық артериялық қысымның жоғарылауы, ортостатикалық артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек ( 1/10000-нан < 1/1000 дейін)

  • дене жүктемесінде бас айналуы, кенеттен ұйықтап қалу

  • дефекацияға императивті қысылу

9-айлық ұзақ уақыттық кең ауқымды ашық зерттеулер жүргізгенде хабарланған жағымсыз реакциялар қосарлы жасырын зерттеулер жүргізгенде хабарланғандағыларға ұқсайтын болды. Қосымша жағымсыз реакциялар туралы хабарланған жоқ.

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Клиникалық зерттеулер жүргізгенде холтеровтік мониторлауды жүргізу аясында емделушілерде дәрілік препаратты қабылдаумен байланысты сананы жоғалтумен, брадикардиямен немесе синоатриальді блокадамен естен танулардың пайда болуы туралы хабарлар орын алды.

Көптеген жағдайларда қабылдағаннан кейін алғашқы 3 сағаттың ішінде, оны алғаш қабылдағаннан кейін немесе клиника жағдайында зертеулерге қатысты емшаралар жүргізумен байланысты болды (қан алу немесе ортостатикалық манипуляциялар, сондай-ақ артериялық қысымды өлшеу).

Естен танулардың алдында жиі продромальді симптомдар байқалды.

Естен танулардың және болуы мүмкін продромальді симптомдардың пайда болуы дозаға байланысты деп болжамданады, ол препаратты клиникалық зерттеулердің 3 фазасында жоғарыда ұсынылған дозаларда қабылдаған емделушілер арасында пайда болуының жоғары жиілігін көрсетті.

Клиникалық зерттеулер жүргізгенде ортостатикалық гипотензияның пайда болуы туралы хабарлар орын алды (4.4 бөлімді қара). Сананы жоғалтумен сипатталатын естен танулардың пайда болу жиілігі, Прилиджи препаратын клиникалық тексеру бағдарламасында зерттелетін популяцияға байланысты ауытқыды 0,06% (30 мг)-дан 0,23% (60 мг) дейінгі диапазонда плацебоны бақылаумен клиникалық зерттеулердің 3 фазасына қамтылған тұлғаларда және УЕЭ зардап шекпейтін дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеулердің 1 фазасы үшін 0,64% (барлық доза бірге) дейін ауытқыды.

Емделушілердің басқа ерекше топтары

Күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерін қабылдайтын емделушілерде дозаны 60 мг дейін жоғарылатқанда немесе CYP2D6 әлсіз метаболизаторларының генотипі бар емделушілерде дозаны 60 мг дейін жоғарылатқанда сақтық шараларын сақтау керек.

Тоқтату синдромы

Созылмалы депрессиялық бұзылыстарды емдеу үшін тұрақты қолданылатын СКҚСТ қабылдауды кенеттен тоқтату дисфория, ашушаңдық, қозу, бас айналуы, сенсорлы бұзылыстар (мысалы, электрошок типті парестезиялар), үрей, сананың шатасуы, бас ауыруы, летаргия, эмоциональді ауытқымалылық, ұйқысыздық және гипомания секілді симптомдардың дамуына әкелетіні туралы хабарлар бар.

Қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері көрсеткендей, препаратты қабылдауды тоқтатқанда жеңіл немесе орташа ұйқысыздық және бас айналуы секілді симптомдардың пайда болу жиілігі 62 күн бойы күнделікті қабылдағаннан кейін плацебоға ауыстырылған тұлғаларда аздап жоғары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жүрек тарапынан айқын патология: жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV кластар), АВ-блокада немесе синусты түйін әлсіздігі синдромы секілді өткізгіштіктің бұзылуы, жүректің айқын ишемиялық ауруы, клапанның айқын білінетін ақауы, сыртартқысында естен танулардың болуы

- сыртартқысында мания немесе ауыр депрессияның болуы

- бір мезгілде моноаминооксидаза тежегіштерін қабылдау (МАО тежегіштері), немесе егер оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күннен аз уақыт өтсе, МАО тежегіштерін Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.

- тиоридазинді бір мезгілде немесе тиоридазинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдау. Тиоридазинді Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.

- бір мезгілде серотонинді кері қармаудың тежегіштерін [серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ), серотонин-норадреналинді кері қармаудың тежегіштері (СНКҚТ), үшциклді антидепрессанттар (ҮЦА)] немесе басқа дәрілік препараттарды/ серотонинергиялық әсерімен өсімдік тектес препараттарды [мысалы, Lтриптофан, триптандар, трамадол, линезолид, литий, шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum)] немесе аталған дәрілік препараттарды/өсімдік тектес препараттарды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдау. Аталған дәрілік препараттар / өсімдік тектес препараттарды Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды

- кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазадон, атазанавир және т. б. секілді күшті әсер ететін CYP3А4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдау

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштерімен болуы мүмкін өзара әрекеттесуі

СКҚСТ моноаминооксидаза тежегіштерімен біріктіріп қабылдағанда гипертермия, сіресу, миоклония, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуын қоса, өмірлік маңызды функциялардың жылдам өзгеру мүмкіндігімен кейде өліммен аяқталатын елеулі реакциялардың, сондай-ақ делирий мен комаға ауысатын айқын қозуды қоса, психикалық статустың өзгеруінің пайда болуы туралы хабарлар орын алды. Аталған реакциялар туралы хабарлар сондай-ақ жуық арада СКҚСТ қабылдауды тоқтатқан және МАО тежегіштерін қабылдауды бастаған емделушілерде де орын алды. Қатерлі нейролептикалық синдромды еске түсіретін симптомдармен жекелеген жағайлар орын алды. СКҚСТ мен МАО тежегіштерін біріктіріп қабылдауға қатысты жануарларды зерттеуде алынған деректер, аталған дәрілік препараттардың артериялық қысымды жоғарылатып және қозуды туындатып синергиялық әсер етуі мүмкіндігін болжамдауға мүмкіндік береді. Сондықтан Прилиджи препаратын МАО тежегіштерімен біріктіріп немесе оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қолдануға болмайды. Осылайша МАО тежегіштерін Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.

Тиоридазинмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі

Тиоридазинді қабылдау өздігінен QTс аралығының ұзаруын туындатпайды, ол айқын қарыншалық аритмияның пайда болуымен байланысты. CYP2D6 изоферментін тежейтін Прилиджи секілді дәрілік препараттар бәлкім тиоридазиннің метаболизмін тежейді; осының нәтижесінде пайда болған тиоридазиннің жоғары деңгейі QTс аралығының айқынырақ ұзаруына әкеледі деп күтіледі. Прилиджи препаратын тиоридазинмен біріктіріп немесе оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдауға болмайды. Осылайша, тиоридазинді Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттар/ серотонинергиялық әсерімен өсімдік тектес препараттар

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерімен жағдайдағы сияқты, дәрілік препараттармен/серотонинергиялық әсерімен өсімдік тектес препараттармен (МАО тежегіштерін, L-триптофан, триптандар, трамадол, линезолид, СКҚСТ, СНКҚТ, литий және шайқурай негізіндегі препараттарды қоса (Hypericum perforatum)) бір мезгілде қолдану серотониндік әсерлерінің жиілігінің артуына әкелуі мүмкін. Прилиджи препаратын басқа СКҚСТ, МАО тежегіштерімен, немесе басқа да дәрілік препараттармен/серотонинергиялық әсерімен өсімдік тектес препараттармен біріктіріп немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қабылдауға болмайды. Осылайша, аталған дәрілік препараттарды/ өсімдік тектес препараттарды Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қабылдауға болмайды.

ОЖЖ әсер ететін дәрілік препараттар

Уақытынан ерте эякуляциямен емделушілерде Прилиджи препаратын ОЖЖ әсер ететін дәрілік препараттармен (мысалы, эпилепсияға қарсы препараттар, антидепрессанттар, антипсихотикалық препараттар, анксиолитиктер, седативті әсерімен ұйықтататын препараттар) бір мезгілде қабылдауды жүйелі бағалау жүргізілген жоқ. Сондықтан Прилиджи препаратын және аталған дәрілік препараттарды бір мезгілде тағайындау қажет болған жағдайда сақтық шараларын сақтау керек.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттардың дапоксетиннің фармакокинетикасына әсері

Адамның бауыр және бүйрек тіндерін, сондай-ақ ішек микросомаларын in vitro зерттеуде, анықталғандай, дапоксетин алдымен CYP2D6, CYP3A4 және флавинмонооксигеназа 1-мен (FMO1) метаболизденеді. Яғни, аталған ферменттердің тежегіштері дапоксетиннің клиренсін төмендетуі мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері

Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштері. Кетоконазолды қабылдау (7 күн ішінде 200 мг тәулігіне екі рет) сәйкесінше 35% және 99%-ға дапоксетиннің Cmax және ҚААinf жоғарылатады (60 мг бір реттік доза). Бос дапоксетиннің, сондай-ақ десметилдапоксетиннің таралуына қатысты, белсенді фракциясының Cmax шамамен 25%-ға жоғарылауы мүмкін, ал күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін қабылдағанда белсенді фракциясының ҚАА екі есе жоғарылауы мүмкін.

Белсенді фракцияның Cmax және ҚАА жоғарылауы мысалы, CYP2D6 әлсіз метаболизаторларымен немесе күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерімен біріктірілімде CYP2D6 функциональді ферментінің жеткіліксіздігімен популяцияда айтарлықтай артуы мүмкін.

Сондықтан Прилиджи препаратын және кетоконазол, итраконазол, ритонавир, саквинавир, телитромицин, нефазадон, нелфинавир және атазанавир секілді күшті әсер ететін CYP3А4 тежегіштерін бір мезгілде қолдануға болмайды.

Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері. Прилиджи препаратын және орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін (Мысалы, эритромицин, клоритромицин, флуконазол, ампренавир, фосампренавир, апрепитант, верапамил, дилтиазем) бір мезгілде қабылдау әсіресе CYP2D6 әлсіз метаболизаторларында дапоксетин мен десметилдапоксетиннің экспозициясының айтарлықтай жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қолданғанда дапоксетиннің ең жоғары дозасы 30 мг құрайды.

Осы екі өлшем гено- немесе фенотиптеу нәтижесі бойынша CYP2D6 белсенді метаболизаторлары тобына жататындардан басқа барлық емделушілерге қатысты. CYP2D6 белсенді метаболизаторлары тобына жататын емделушілерге дапоксетин мен күшті әсер ететін CYP3A4 тежегішін бір мезгілде қолданғанда ұсынылатын ең жоғары доза 30 мг. Дапоксетинді 60 мг дозада және орташа әсер ететін CYP3A4 тежегішін бір мезгілде қолданғанда оларға сақтық шараларын сақтау керек.

Күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштері

Дапоксетиннің Cmax және ҚААinf (60 мг бір реттік доза) флуоксетиннің (тәулігіне 60 мг 7 күн ішінде) барында сәйкесінше 50% және 88% артады.

Бос дапоксетиннің және сондай-ақ десметилдапоксетиннің таралуына қатысты күшті әсер ететін CYP2D6 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда белсенді фракциясының Cmax шамамен 50%-ға жоғарылауы мүмкін, ал белсенді фракциясының ҚАА екі есе жоғарылауы мүмкін. Белсенді фракциясының Cmax және ҚАА аталған жоғарылауы CYP2D6 әлсіз метаболизаторларынан күтілгенмен бірдей және дозаға байланысты жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен ауырлығының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

PDE5 тежегіштері

PDE5 тежегіштерін қабылдайтын емделушілерге ортостатикалық толеранттылықтың төмендеу мүмкіндігіне байланысты Прилиджи препаратын қабылдауға болмайды. Препаратты бір реттік дозада қабылдаумен айқаспалы зерттеуде тадалафил (20 мг) және силденафилмен (100 мг) біріктірілімде дапоксетиннің (60 мг) фармакокинетикасына бағалау жүргізілді. Тадалафил дапоксетиннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Силденафил клиникалық мәні жоқ деп болжамданатын, дапоксетиннің фармакокинетикасында (ҚААinf 22%-ға жоғарылауы және Cmax 4%-ға жоғарылауы) жеңіл өзгерістер туындатты.

Прилиджи препараты мен PDE5 тежегіштерін бір мезгілде қолдану ортостатикалық гипотензияны туындатуы мүмкін. Уақытынан ерте эякуляция және эректильді дисфункциямен Прилиджи препараты мен PDE5 тежегіштерін бір мезгілде қолданатын емделушілерде Прилиджи препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Дапоксетиннің бір мезгілде қабылданатын дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері

Тамсулозин

30 мг немесе 60 мг дапоксетинді бір реттік дозада немесе көп реттік дозада тәуліктік дозада тамсулозин қабылдайтын емделушілердің бір мезгілде қабылдауы соңғысының фармакокинетикасының өзгеруін туындатпайды.

Дапоксетин мен тамсулозинді бір мезгілде қабылдау тек тамсулозинді қабылдауды 30 немесе 60 мг дозада дапоксетинмен біріктірілімде тамсулозинді қабылдаумен салыстырғанда ортостатикалық профильдің өзгеруін және ортостатикалық әсерлерінің өзгеруін туындатпайды. Әйтсе де Прилиджи препаратын альфа-адренорецепторлардың антагонисін қабылдайтын емделушілерге тағайындағанда ортостатикалық толеранттылықтың төмендеу мүмкіндігімен байланысты сақтық шараларын сақтау керек.

CYP2D6 метаболиздейтін дәрілік препараттар

Кейіннен 50 мг дезипраминді бір рет қабылдаумен дапоксетинді көп реттік дозаларда қабылдау (тәулігіне 60 мг 6 күн ішінде) тек дезипраминді қабылдаумен салыстырғанда дезипраминнің орташа Cmax және ҚААinf, сәйкесінше 11% және 19%-ға жоғарылауына әкелді. Дапоксетин CYP2D6 метаболиздейтін басқа препараттардың плазмадағы концентрациясының ұқсас жоғарылауын туындатуы мүмкін. Бәлкім бұл маңызды клиникалық мән иеленбеген.

CYP3A4 метаболиздейтін дәрілік препараттар

Дапоксетинді бірнеше рет қабылдау (тәулігіне 60 мг 6 күн бойы) шамамен, 20%-ға (диапазоны - 60 +18% дейін) мидазоламның (8 мг бір реттік доза) ҚААinf азаюына әкелді. Бәлкім, көптеген емделушілер үшін аталған әсердің мидазоламға қатысты айтарлықтай клиникалық мәні жоқ. CYP3A белсенділігінің жоғарылауы негізінен CYP3A метаболизденетін және тар емдік диапазон иеленген дәрілік препаратты бір мезгілде қабылдайтын кейбір емделушілерде клиникалық мән иеленуі мүмкін.

CYP2С19 метаболиздейтін дәрілік препараттар

Дапоксетинді бірнеше реттік дозаларда қабылдау (тәулігіне 60 мг 6 күн бойы) 40 мг омепразолды бір рет қабылдауда метаболизмінің тежелуіне әкелген жоқ. Бәлкім, дапоксетин CYP2C19 басқа субстраттарының фармакокинетикасына әсер етпейді.

CYP2С9 метаболиздейтін дәрілік препараттар

Дапоксетинді бірнеше реттік дозаларда қабылдау (тәулігіне 60 мг 6 күн бойы) 5 мг глибуридті бір рет қабылдағанда фармакокинетикасы немесе фармакодинамикасына әсер еткен жоқ. Бәлкім, дапоксетин CYP2C9 басқа субстраттарының фармакокинетикасына әсер етпейді.

Варфарин және қан ұюына және/немесе тромбоциттер функциясына әсер ететін дәрілік препараттар

Варфарин мен дапоксетинді үнемі қабылдаудың әсерін бағалауға қатысты деректер жоқ; сондықтан үнемі варфарин қабылдайтын емделушілерде дапоксетинді қабылдауда сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Дапоксетиннің фармакокинетикасын зерттеуде (тәулігіне 60 мг 6 күн бойы) варфариннің (ПТ немесе МНО) фармакокинетикасы немесе фармакодинамикасына 25 мг соңғысын бір рет қабылдағанда әсер еткен жоқ.

СКҚСТ қабылдаумен байланысты қан кетулер туралы хабарлар орын алды.

Этанол

Этанолды 0,5 г/кг бір реттік дозада (шамамен 2 алкогольді сусын) бір мезгілде қабылдау дапоксетиннің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ (60 мг препаратты бір рет қабылдағанда); әйтсе де, дапоксетин этанолмен біріктірілімде ұйқышылдықты күшейтеді және сергектікті айтарлықтай әлсіретеді. Когнитивті функцияның бұзылуын (сандық зейін жылдамдығына тест, сандық символдарды ауыстыру тесті) фармакодинамикалық өлшеу дапоксетин мен этанолды бір мезгілде қабылдағанда аддитивті әсердің барын анықтады. Алкоголь мен дапоксетинді бір мезгілде қолдану бас айналуы, ұйқышылдық, рефлекстер жылдамдығының баяулауы, немесе жағдайды дұрыс бағалау қабілетінің бұзылуы секілді жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігін немесе ауырлығын арттырады. Алкоголь мен дапоксетинді біріктіру алкогольді қабылдаумен байланысты аталған әсерлерді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ, естен тану секілді, нейрокардиогенді жағымсыз құбылыстардың даму мүмкіндігін арттыруы мүмкін, осылайша кездейсоқ жарақат алу қаупін жоғарылатады; сондықтан емделушілерге Прилиджи препаратын алкогольмен бірге қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы ұсынымдар

Прилиджи препараты тек «Қолданылуы» бөлімінде сипатталған критерийлерге сәйкес келетін ер адамдарда уақытынан ерте эякуляцияны емдеу үшін қолданылады. Прилиджи препараты уақытынан ерте эякуляция диагнозы қойылмаған ер адамдарға қолдануға болмайды. Уақытынан ерте эякуляция диагнозы қойылмаған ер адамдарда эякуляцияны іркуіне қатысты препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Жыныстық бұзылулардың басқа түрлері

Эректильді дисфункцияны қоса, жыныстық бұзылыстардың басқа түрімен емделушілерді емдеуді бастар алдында, мұқият дәрігерлік тексеру жүргізу керек. Прилиджи препаратын PDE5 тежегіштерін қабылдайтын эректильді дисфункциямен (ЭД) ер адамдарда қабылдауға болмайды.

Ортостатикалық гипотензия

Емді бастар алдында дәрігер ортостатикалық бұзылыстарға қатысты сыртартқысын жинауды қоса, мұқият тексеру жүргізу керек. Емді бастар алдында ортостатикалық тест жүргізу керек (дененің вертикальді және горизонтальді қалпында артериялық қысымды және пульс жиілігін өлшеу). Сыртартқысында құжатталған ортостатикалық реакция немесе оған күдік болғанда, Прилиджи препаратымен ем жүргізуге болмайды.

Клиникалық зерттеулер жүргізгенде ортостатикалық гипотензия дамуы туралы хабарлар орын алды. Препаратты тағайындайтын дәрігер, орнынан тұрған кезде бас айналуы секілді продромальді симптомдар дамыған жағдайда, басын төмен түсіріп дереу жату немесе симптомдары қайтқанға дейін басын екі тізесінің арасына түсіріп отыру керектігі туралы емделушіні алдын ала ескертуі керек. Препаратты тағайындайтын дәрігер, сондай-ақ ұзақ уақыт жатқаннан немесе отырғаннан кейін дереу тұруға болмайтыны туралы емделушіге хабарлауы керек.

Өзіне қол жұмсау/өзіне қол жұмсауға қатысты ойлар

СКҚСТ қоса, антидепрессанттар (плацебомен салыстырғанда) үлкен депрессивтік бұзылыстар мен басқа да психикалық бұзылыстармен балалар мен жасөспірімдердегі қысқа мерзімдік зерттеулердің деректері бойынша суицидальді ойлар мен суицидальділіктің пайда болу қаупін жоғарылатады. 24 жастан асқан ересектерде плацебомен салыстырғанда қысқа мерзімдік зерттеулер жүргізгенде суицидальділіктің қаупінің жоғарылауы анықталған жоқ. Прилиджи препаратын уақытынан ерте эякуляцияны емдеу үшін қолдануға қатысты клиникалық зерттеулер жүргізгенде, суицидпен байланысты болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді бағалауда суицидальділікке жедел ем жүргізуге нақты көрсетілімдер суицидті бағалаудың жіктелуінің Колумбиялық алгоритмі бойынша (C-CASA), депрессияны бағалау үшін, Монтгомери-Асберг шкаласы бойынша және депрессияны бағалау үшін Бек шкаласы бойынша анықталған жоқ.

Естен тану

Емделушілер, естен танулар немесе бас айналуы немесе естен тану алдындағы жағдайлар секілді продромальді симптомдар пайда болған жағдайда көлікті жүргізу немесе қауіпті механизмдермен жұмыс жасау секілді жарақат алуға әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болу керектігі туралы ескертілуі керек.

Прилиджи қабылдаған емделушілерде, плацебо қабылдағандармен салыстырғанда, жүрек айнуы, бас айналуы/естен тану алдындағы жағдай және профузды терлеу секілді продромальді симптомдардың байқалу мүмкіндігі туралы жиі хабарлар болды.

Клиникалық зерттеулерде естен тану жағдайлары емделушілерде холтеровтік мониторлау аясында брадикардиямен немесе синусты түйін блокадасымен сананы жоғалту ретінде жіктелген; олар этиологиясы бойынша вазовагальді деп қарастырылды.

Көптеген жағдайда препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 3 сағаттың ішінде болды, оны алғаш қабылдағаннан кейін немесе клиникалық жағдайлардағы тексерулерге (қан алу немесе ортостатикалық манипуляциялар, сондай-ақ артериялық қысымды өлшеу секілді) жататын емшаралар жүргізумен байланысты. Препараты қабылдағаннан кейін алғашқы 3 сағаттың ішінде жүрек айнуы, бас айналуы, естен тану алдындағы жағдайлар, жүректің қағуы, әлсіздік, сананың шатасуы және профузды терлеу секілді продромальді симптомдар болуы мүмкін және жиі естен танудың алдында байқалады. Емделушілерді Прилиджи препаратымен емдеу барысында кез келген уақытта продромальді симптомдардың болуымен немесе онсыз естен танудың болу мүмкіндігі туралы ескерту керек. Препаратты тағайындайтын дәрігер, емделушілерді естен тану салдарынан құлаумен байланысты елеулі жарақаттар алу мүмкіндігін төмендету үшін, гидратацияның баламалы деңгейін демеу және продромальді құбылыстар мен симптомдарды анықтау үшін дәрігермен кеңесу керектігін ескерту керек. Емделушіде продромальді симптомдарға ұқсайтындар пайда болғанда, ол симптомдары сақталғанша басы денесінен төмен болатындай дереу жатуы, немесе басын тізесінің арасына түсіріп отыруы керек.

Емделуші естен тану немесе ОЖЖ тарапынан басқа реакциялар пайда болғанда, көлік жүргізу немесе қауіпті механизмдермен жұмыс жасауды қоса, жарақаттануға әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болуы керектігі туралы ескертілуі керек.

Жүрек-қантамыры ауруларының даму қаупінің факторларымен емделушілер

Жүрек-қантамырының негізгі аурулары бар тұлғалар, клиникалық зерттеулердің 3 фазасына қатыспады. Естен танумен (жүрекпен байланысты естен тану немесе шығу тегі басқа естен тану) байланысты жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жүрек-қантамыры жүйесінің негізгі органикалық ауруларында (мысалы, қан ағымы жолының құжатталған обструкциясы, жүрек клапаны ақауы, күретамыр стенозы және коронарлық артериялар патологиясы) жоғары. Жүрек-қантамыры жүйесінің негізгі ауруларымен емделушілерде вазовагальді естен танудың пайда болуының жоғары қаупінің барын анықтау үшін деректер жеткіліксіз.

Рекреационды есірткілермен бірге қабылдау

Емделушілерге Прилиджи препаратын рекреационды есірткілермен бірге қабылдауға болмайтыны туралы ескертілуі керек.

Метилендиоксиметамфетамин (МДМА) және лизергин қышқылының диэтиламиді (ЛҚД) секілді с серотонинергиялық әсерімен рекреационды есірткілер Прилиджи препаратымен бірге қабылдағанда потенциальді елеулі реакцияларға әкелуі мүмкін. Аталған реакциялар аритмияны, гипертермияны, серотонинді синдромды қамтуы мүмкін, тек олармен ғана шектелмейді. Прилиджи препаратын есірткілік дәрілер және бензодиазепиндер секілді седативті қасиетімен рекреационды есірткілермен бірге қабылдау, кейіннен ұйқышылдық пен бас айналуын күшейтуі мүмкін.

Этанол

Емделушілер Прилиджи препаратын алкогольмен бірге қабылдауға болмайтыны туралы ескертілуі керек.

Алкоголь мен дапоксетинді бірге қабылдау алкогольді қабылдаумен байланысты нейрокогнитивті әсерді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ естен тану секілді нейрокардиогенді жағымсыз құбылыстардың күшеюіне әкеледі, осылайша кездейсоқ жарақат алу қаупін жоғарылатады; сондықтан емделушілерге Прилиджи препаратын алкогольмен бірге қабылдауға болмайтыны ескертілуі керек.

Қантамырларын кеңейтетін қасиетімен дәрілік препараттар

Прилиджи препаратын қантамырларын кеңейтетін қасиетімен (альфа-адренорецепторлардың антагонистері және нитраттар секілді) дәрілік препараттарды қабылдайтын емделушілерге ортостатикалық толеранттылықтың төмендеу мүмкіндігімен байланысты сақтықпен тағайындау керек.

Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері

Препаратты орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін қабылдайтын емделушілерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек; дозасы 30 мг аспауы керек.

Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштері

Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін қабылдайтын емделушілерге препараттың дозасын 60 мг дейін жоғарылатқанда немесе CYP2D6 әлсіз метаболизатор генотипі бар емделушілерге дозасын 60 мг дейін жоғарылатқанда сақтық шараларын сақтау керек, өйткені бұл экспозиция деңгейін жоғарылатуы мүмкін, ол өз кезегінде дозаға байланысты жағымсыз әсерлердің ауырлығы мен пайда болу жиілігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Мания

Прилиджи препаратын сыртартқысында мания/гипомания немесе биполярлы бұзылыстар бар емделушілерге қолдануға болмайды; оны қабылдауды емделушілерде аталған аурудың симптомдары дамыған жағдайда тоқтату керек.

Құрысулар

СКҚСТ құрысуға дайындық шегін төмендету қабілетіне байланысты, құрысу дамыған кез келген емделушіде, Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтату керек. Тұрақсыз эпилепсиямен емделушілерге Прилиджи препаратын қабылдауға болмайды. Бақыланатын эпилепсиямен емделушілерді мұқият мониторингілеу керек.

Балалар мен жасөспірімдер

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Прилиджи препаратын қабылдауға болмайды.

Депрессия және/немесе психикалық аурулар

Прилиджи препаратымен емді бастар алдында депрессия белгілері мен симптомдарымен ер адамдарға диагностикаланған депрессивті бұзылыстардың барын анықтау үшін, тексеру жүргізу керек. Прилиджи препаратын және СКҚСТ және СНКҚСТ қоса, антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды. УЕЭ емдеуге арналған Прилиджи препаратын қабылдауды бастау үшін, осыған дейін болған депрессия немесе фобияны емдеуді үзуге болмайды. Прилиджи препаратын психикалық бұзылыстарда және шизофрения секілді аурулармен ер адамдарда немесе қатар жүретін депрессиямен емделушілерде қабылдауға болмайды, өйткені депрессиямен байланысты симптомдардың күшеюін жоққа шығаруға болмайды. Бұл негізгі психикалық бұзылыстардың немесе дәрілік препараттарды қабылдаудың салдарынан болуы мүмкін. Дәрігер емделушілерді кез келген уақытта депрессиялық ойлар немесе сезімдер туралы хабарлауы және егер депрессия құбылыстары мен симптомдары емделу кезінде дамыса, Прилиджи препаратын қабылдауды тоқтатуы туралы ескертуі керек.

Қан кету

СКҚСТ қабылдаумен байланысты қан кетулер туралы хабарлар орын алды. Прилиджи препаратын қабылдағанда әсіресе бір мезгілде, тромбоциттер функциясына әсер ететін дәрілік препараттарды (мысалы, атипиялық антипсихотикалық препараттар және фенотиазиндер, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар [ҚҚСП], антиагреганттар) немесе антикоагулянттарды (мысалы, варфарин) қабылдайтын, сыртартқысында қан кету немесе қан кетудің бұзылуымен емделушілерде сақтық шараларын сақтау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Прилиджи препаратын бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерге қолдануға болмайды, ал бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықтағы бұзылуымен емделушілерге қабылдағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Тоқтату синдромы

Созылмалы депрессивті бұзылыстарды емдеу үшін үнемі қабылданатын СКҚСТ дереу тоқтату, дисфория, ашушаңдық, қозу, бас айналуы, сенсорлық бұзылыстар (мысалы, электрошок типі бойынша парестезия), үрей, сананың шатасуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, эмоциональді ауытқымалық, ұйқысыздық және гипомания секілді симптомдардың дамуына әкелетіні туралы хабарлар бар.

УЕЭ-мен тұлғаларда Прилиджи препаратын 60 мг дозада 62 күн бойы күнделікті немесе қажеттігіне қарай қабылданғаннан кейін тоқтату синдромын бағалау үшін жүргізілген қосарлы салыстырмалы клиникалық зерттеуде, препаратты күнделікті қабылдаудан кейін плацебоға ауыстырылған тұлғаларда ұйқысыздық пен бас айналуының жиілігінің аздап жоғарылауымен жеңіл тоқтату синдромдары байқалды.

Көру ағзалары тарапынан бұзылыстар

Прилиджи® препаратын қабылдауда мидриаз және көздің ауыруы секілді көз ағзалары тарапынан бұзылыстар орын алды. Жоғары көзішілік қысыммен емделушілерге, сондай-ақ жабықбұрышты глаукоманың пайда болу қаупі тобындағы емделушілерге Прилиджи препаратын қабылдағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Лактозаны көтере алмаушылық

Прилиджи® препаратын лактозаны көтере алмаушылықпен байланысты, туа біткен Lapp-лактазаның жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактозаның сіңуінің бұзылуы сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулармен емделушілерге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Прилиджи препаратын әйелдерде қолдануға болмайды.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың фертильділікке, жүктіліктің ағымына, сондай-ақ эмбрион/ұрықтың дамуына тікелей немесе қосымша зиянды әсері байқалған жоқ.

Дапоксетин және оның метаболиттерінің әйел сүтіне өтуі белгісіз.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Прилиджи препараты көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасауға қабілетіне мардымсыз немесе орташа әсер етеді.

Дапоксетин қабылдайтын емделушілерде клиникалық зерттеулер жүргізгенде бас айналуы, жадының бұзылуы, естен танулар, көрудің бұлыңғырлануы және ұйқышылдықтың пайда болуы туралы хабарлар орын алды. Сондықтан емделушілер көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасауды қоса, жарақат қаупімен жағдайлардан аулақ болу туралы ескертілуі керек.

Алкоголь мен дапоксетинді біріктіру алкогольді қабылдаумен байланысты нейрокогнитивті әсерлерді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ естен тану секілді нейрокардиогенді жағымсыз құбылыстардың күшеюіне әкелуі мүмкін, осылайша кездейсоқ жарақат алу қаупін жоғарылатады; сондықтан емделушілерге Прилиджи препаратын алкогольмен бірге қабылдауға болмайтыны ескертілуі керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Прилиджи препаратының клиникалық фармакологиясына зерттеу жүргізгенде оны 240 мг дейінгі тәуліктік дозада қабылдағанда (3 сағат айырмашылықпен қабылданған 120 мг-ден, екі дозадағы препарат) күтпеген жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Жалпы СКҚСТ артық дозалану симптомдары ұйқышылдық, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар, жүрек айнуы және құсу, тахикардия, тремор, қозу және бас айналуы секілді серотонинмен өзара байланысты жағымсыз әсерлерді қамтиды.

Артық дозалану жағдайында қажеттігіне қарай стандарты демеуші шаралар жүргізу керек. Ақуыздармен жоғары дәрежедегі байланысуына және дапоксетин гидрохлоридінің таралуының кең көлеміне байланысты, қарқынды диурез, диализ, гемоперфузия және қанды алмастырып құюдың пайдасы күмәнді. Прилиджи прпараты үшін арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 немесе 6 таблеткадан балалардың ашып алуынан қорғалған, басып шығару үшін сәйкес жиналмалы картон қорапшада медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Менарини – Фон Хейден ГмбХ

Лейпцигер Штрассе 7-13,

01097 Дрезден, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)

Глиникер Вег 125

12489 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі

Тел.: +77272446183, 2446184, 2446185

Факс:+7 727 2446180

Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

397569261477976501_ru.doc 183 кб
075699661477977670_kz.doc 253.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники