Пиперазина адипинат-Дарница

МНН: Пиперазина адипинат
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Piperazine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016180
Информация о регистрации в РК: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Пиперазин адипинаты-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 200 мг пиперазин адипинаты

қосымша заттар: повидон, метилцеллюлоза, микрокристаллды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ойығы және сызығы бар, жалпақ цилиндр пішінді ақ түсті таблеткалар, мәрмәрлығына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Нематодозды емдеуге арналған препараттар. Пиперазин және оның туындылары.

АТХ коды Р02СВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пиперазин адипинаты асқазан-ішек жолынан тез сіңеді, көбінесе бүйректер арқылы шығарылады. Қабылданған бір реттік дозаның толық шығуы 24 сағат аралығында жүреді.

Фармакодинамикасы

Пиперазин және оның тұздары нематодтардың әр түріне, әсіресе аскаридаларға және острицаларға қарсы гельминтке қарсы әсер етеді. Екі жыныстың да ішіндегі жыныстық жетілген және жетілмеген гельминттеріне әсер етіп, нематодтардың бұлшықеттерін жансыздандырып сал етеді, олар әрі қарай ішектің перистальтикалық қозғалысымен сыртқа шығарылады. Препаратты қолданған кезде дегельминтизация деңгейі – 90-95%, ал қайталап қолданған кезде 100%-ға жетеді. Пиперазин адипинаты ішек саңылауында аскаридаларды жоймайды, тек олардың ішек кеңістігінде ұсталып тұруына мүмкіндік беретін бұлшықеттерін салдандырады, сондықтан олардың ыдырауынан болатын биологиялық улы өнімдерді сіңіру қауіптілігі болмайды.

Қолданылуы

- аскаридозда (аскаридалармен инвазиялану)

- энтеробиозда (острицалармен инвазиялану)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Аскаридоз: препаратты қатарынан 2 күн бойы тамақтанудан 1 сағат немесе 0,5-1 сағат кейін тәулігіне 2 реттен ішке тағайындайды. Бір реттік доза:

4-5 жастағы балаларға – 500 мг, 6–8 жастағыларға – 750 мг (препаратты тиісті дозада қолдану керек), 9–12 жастағыларға – 1 г, 13–15 жастағыларға – 1,5 г, ересектер мен 15 жастан асқандарға – 1,5-2 г.

Энтеробиоз: препаратты аскаридозды емдеген кездегідей дозада тағайындайды. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Емнің 1-3 циклын жеті күндік аралықпен жүргізу керек. Емдеу курстарының арасында острицаларды тік ішектен шығарып тастау үшін түнде 1 стақан суға ½ шай қасық натрий гидрокарбонатын (ас содасынан) қосып клизма жасайды. Балаларға арналған клизма көлемі – 1-3 стақан, ересектер үшін – 4-5 стақан.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, атаксия, бұлшықет әлсіздігі, тремор, эйфория, елестеулер, нистагм, көрудің нашарлауы (оның ішінде көрудің тұмандауы), қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, парестезия, хорея, арефлексия, құрысу

- спазмдық сипаттағы іш ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

- аллергиялық реакциялар, тері бөртпелерін қоса (о.і. есекжем, полиморфты эритема, пурпура) қышыну, бронх түйілуі, Стивенс-Джонсон синдромы, қызба, артралгия

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жағымсыз реакциялардың даму қаупі (әсіресе нейроуытты асқынулар).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе басқа да компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары

- эпилепсия

- созылмалы бауыр жеткіліксіздігі

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, нефрит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдану кезінде төмендегілер болуы мүмкін:

аминазинмен, фенотиазиндермен (хлорпромазин) – экстрапирамидалық бұзыластардың күшеюі;

пирантелмен – гельминттерге қатысты әсер антагонизмі

Айрықша нұсқаулар

Емді амбулаториялық жағдайда жүргізуге болады. Ем арнайы емдәмді немесе науқастарды дайындауды қажет етпейді. Іш жүргізгіш дәрілерді іш қатуға бейімділікте ғана тағайындайды.

Энтеробиозды емдеу кезінде қатаң гигиеналық режимді сақтау қажет.

Әлсіз және анемиясы бар науқастарға препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Балалар

Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препарат жүктілік кезінде қолданылмайды. Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Көлік құралын басқару немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарымен немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде ықтимал бас айналуы салдарынан сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, тремор, бұлшықет әлсіздігі, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, іштің түйіліп ауыруы. Бүйректің бөліп шығару функциясы бұзылған науқастарда нейроуытты құбылыстар туындауы мүмкін.

Емі: асқазанды шаяды, белсендірілген көмір немесе басқадай энтеросорбенттер қабылдайды, тұзды іш жүргізгіштер тағайындайды. Қажет болғанда оксигендік және су жүктемесімен трансфузиялық ем жүргізеді және әрі қарай салуретиктер тағайындайды. Жүйке жүйесі тарапынан симпоматика дамыған кезінде тиамин гидрохлоридін енгізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге қорапшаға салмай топтық ыдысқа салынуына жол беріледі.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ-ы, Борисполь к-сі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Украина, 02093, Киев қ-ы, Борисполь к-сі, 13

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.kiev.ua

Прикрепленные файлы

335822101477976321_ru.doc 52.5 кб
182494131477977566_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники