ПИКОСЕН

МНН: Натрия пикосульфат, Сенны остролистной листья
Производитель: ДКП Фармацевтическая фабрика ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Натрия пикосульфат в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021023
Информация о регистрации в РК: 08.12.2014 - 08.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ПИКОСЕН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 7,5 мг натрий пикосульфаты,

пішен жапырақтарының құрғақ 10 мг (4-6:1) сығындысы,

қосымша заттар: сорбит (Е 420), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), 2 % хлорлы сутегі қышқылы, «Альпі шөптері А:221.089» хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар, дәмі тәттілеу, қызғылт сары-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтаған кезде шөгінді түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Жанаспалы іш жүргізгіштер. Натрий пикосульфаты басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды А06А В58

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Пикосен – біріктірілген жанаспалы іш жүргізетін дәрі.

Натрий пикосульфаты бактериялық сульфатазалар әсерімен тоқ ішекте триарилметан тобымен белсендіріледі. Бұл ретте босатылатын зат ішек шырышты қабығының сезімтал жүйке ұштарын көтермелейді, оның моторикасын күшейтеді.

Пішен антрагликозидтері сұйықтықтың сіңірілуін тежейді және ішек қабырғалары жиырылғыштығын көтермелейді.

Қолданылуы

- іш қатуда немесе дефекация жеңілдеуін қажет ететін жағдайларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен балаларға 12 жастан бастап 10-20 тамшыдан тәулігіне 1 рет, келесі күні таңертең ішектің босатылуы үшін түнге қарай қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығын дәрігер әр емделуші үшін жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, есекжем, гиперемия және қышыну)

- диспепсиялық құбылыстар (диарея, жүрек айну, метеоризм, құсу)

- іштің түйілуі және ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі

- шығу тегі анықталмаған іш ауыруы

- құрсақ қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, спецификалық емес ойық жаралы колит және басқалар)

- геморрой, тік ішектің сызаттары, спастикалық колит

- гепатит

- панкреатит

- нефрозонефрит

- дегидратация және электролиттік теңгерімнің бұзылуы

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ПИКОСЕН үлкен дозаларын диуретиктермен немесе андренокортикостероидтармен бір мезгілде қолдану электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін, бұл жүрек гликозидтеріне сезімталдықты ұлғайтуы ықтимал.

Антибиотиктермен бір мезгілде емдеу препараттың іш жүргізетін әсерін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Іш қатудың себептерін анықтап алмай, препаратты күнде немесе ұзақ кезең бойы қабылдамаған жөн.

Препаратты ұзақ қолдану теңгерімнің бұзылуы мен гипокалиемияға әкелуі, сондай-ақ дағдылану және «рикошет» әсері салдарынан іш қатудың себебі болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, іштің түйілуі (шаншуы) және су-электролиттік теңгерімнің клиникалық мәнді бұзылулары (гипокалиемия, басқа да электролиттерді және сұйықтықты жоғалту), тоқ ішек шырышты қабығының ишемиясы. Ұзақ уақыт артық дозалау созылмалы диарея мен іштің ауыруы, гипокалиемия, екіншілік гиперальдостеронизм дамуына әкеледі, бүйректің зақымдануы және нефролитиаздың дамуы, метаболикалық алкалоз, гипокалиемия және бұлшықет әлсіздігі дамуына алып келуі мүмкін.

Емі: асқазанды шаяды, энтеросорбенттер (белсендірілген көмір) тағайындайды, симптоматикалық ем (су-электролиттік теңгерімді түзету, спазмолитиктер қолдану)

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл немесе 25 мл тығынмен және қақпақпен тығындалған құтыларда.

Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картоннан немесе макулатуралық хром-эрзац картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препарат жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданылмауы тиіс.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЕКК «Фармацевтикалық фабрика» ЖШҚ, Украина

10014, Житомир қ., Лермонтовская к-сі, 5.

Тіркеу куәлігінің иесі

«УкрФармЭкспорт» ЖШҚ, Украина

02225, Киев қ., Сабуров к-сі, 19 үй, 3 пәтер.

Телефон: +(38044) 451-44-80

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фарм-Евро ЖШС.

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер.

Факс: +(7272) 71-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

880996281477976557_ru.doc 49 кб
886823901477977715_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники