Пантенол спрей

МНН: Декспантенол
Производитель: Аэрофарм ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014048
Информация о регистрации в РК: 04.02.2015 - 04.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Пантенол спрей

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – декспантенол 4,63 г

қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеарил спирті (А типті), жеңіл сұйық балауыз, жеңіл сұйық парафин, асқын сірке қышқылы1, 5.5 бар пропеллент2, тазартылған су.

1 - 100 г құрамы: асқын сірке қышқылы - 36.9 г, сутек пероксиді - 14.8 г, сілті қышқылы - 18.0 г, су - 30.3 г

2 - 100 г құрамы: пропан - 45.0 г, бутан - 52.0 г, изобутан - 3.0 г

Сипаттамасы

Сәл қышқылдау иісі бар ақ көбік

Фармакотерапиялық тобы

Аса жоғары тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар. Декспантенол. АТХ коды D03AX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда терімен жылдам сіңіріледі және пантотен қышқылына айналады, қан плазмасы ақуыздарымен (негізінен бета-глобулинмен және альбуминмен) байланысады. Қандағы оның концентрациясы - 0,5-1 мг/л, қан сарысуында – 100 мкг/л. Пантотен қышқылы организмде метаболизмге ұшырамайды (Ко-А қосылғаннан басқа), өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пантенол - пантотен қышқылының туындылары. Декспантенол организмде пантотен қышқылына өзгереді, ол коэнзим А құрамдас бөлігі болып табылатын және ацетилдену үдерістерінде, көмірсу және май алмасуында, ацетилхолин, кортикостероидтар, порфирин синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтың қайта жаңғыруын көтермелейді, жасуша метаболизмін қалпына келтіреді, митозды жылдамдатады және коллагенді талшықтардың беріктілігін арттырады. Қайта жаңғыртуға, метаболизмдік және қабынуға қарсы әлсіз әсер етеді.

Қолданылуы

  • жараларда, күн және термиялық күюлерде

  • буллездік және везикулярлық дерматитте

  • асептикалық операциядан кейінгі жаралар, нашар бітісетін тері трансплананттарда

  • тері сызаттарында, оның ішінде жарылуларды емдеу және профилактикада

Қолдану тәсілі және дозалары

Аэрозоль сыртқа барлық зақымданған беткей препаратпен (көбікпен) жабылатындай, 10-20 см арақашықтықтан бүрку арқылы тәулігіне 1 немесе бірнеше рет қолданылады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты болады. Пантенол спрейін ересектерге пайдалануға болады.

Жағымсыз әсерлері

  • терінің аллергиялық реакциялары

  • жанаспалы дерматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қолданардың алдында құтыны мұқият сілкіп-шайқау керек.

Баллонда қысым бар. Күн сәулесінің тікелей түсуінен және 50˚С-ден жоғары температурадан қорғау қажет. Баллонды қолданғаннан кейін күш жұмсап ашуға және өртеуге болмайды. Бүркуді ашық отқа немесе қатты қыздырылған затқа жақын жасауға болмайды. Көзге бүркуге болмайды. Тікелей ауызға немесе мұрынға бүркуге болмайды.

Балалар

Препаратты балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пантенолды дәрігердің пікірінше күтілетін пайда ықтимал қауіптен асып түсетін болса, жүктілік және лактация кезеңінде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат психомоторлық белсенділікті шектемейді және көлік құралдарын басқару мен қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

130 г препараттан ішкі жабыны бар, перманентті бүріккіш қондырмасы бар бу клапаны, ұзын батырылған түтігі, форсунка басы мен қақпағы бар алюминий баллондарға салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Тұтанғыш көзінен алыс сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Аэрофарм ГмбХ,

Francois-Mitterand-Allee 1

07407 Рудольштадт, Германия

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы тау» бизнес орталығы 4Б Блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

Прикрепленные файлы

200209511477976529_ru.doc 47 кб
179976681477977686_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники