Панкрим®

МНН: Панкреатин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009437
Информация о регистрации в РК: 24.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 10.98 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Панкрим®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат: 250.000 мг панкреатин ең төмен ферментативтік белсенділікпен: липаза – 7000 ЕФБ кем емес, протеаза – 600 ЕФБ кем емес, амилаза – 4800 ЕФБ кем емес,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, поливинилпирролидон, полисорбат 80, тальк, кальций стеараты,

қабықтың құрамы: ацетилфталилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), вазелин майы, триацетин, Понсо бояғышы 4R (Е124).

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, екі жақ беті дөңес, қызыл түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытуға ықпал ететін препараттар (ферменттік препараттарды қоса). Ферменттік ас қорыту препараттары. Панкреатин.

АТХ коды А09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық зерттеулер өткізілген жоқ, өйткені құрамында ұйқы безінің ферменттері бар препараттардың емдік белсенділігі АІЖ қуысында жүзеге асырылады. Ферменттер өз әсерін көрсеткеннен кейін ішекте протеолиздік ыдырауға ұшырайды. Панкрим® препараты (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар) белсенді энзимдерді асқазанның тұзды қышқылының әсер етуінен қорғайды. Препараттың ең жоғары ферментативтік белсенділігі ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-45 минуттан соң байқалады.

Фармакодинамикасы

Құрамында амилаза, липаза және протеаза - панкреатикалық ферменттері бар шошқадан алынған ферментті препарат аш ішекте толығырақ сіңірілуіне ықпал жасай отырып, майдың, ақуыздың және көмірсудың қорытылуын жеңілдетеді. Препарат ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциясының жеткіліксіздігін толықтырады. Құрамына кіретін панкреатикалық ферменттер ақуыздардың –амин қышқылдарына дейін, майлардың – глицерин мен май қышқылдарына дейін, крахмалдың – декстриндер мен моносахаридтерге дейін ыдырауына ықпал етеді.

Панкрим® асқазан-ішек жолының функционалдық жағдайын жақсартады, ас қорыту үдерістерін қалыптандырады. Трипсин ұйқы безінің көтермеленген секрециясын тежейді. Панкреатикалық ферменттер асқазан сөлінің әсерінен қабық арқылы қорғалғандықтан дәрілік түрден аш ішектің сілтілі ортасында босатылады.

Қолданылуы

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциясының жеткіліксіздігінде орын басатын ем ретінде:

  • созылмалы панкреатитте

  • панкреатэктомиядан кейінгі ахуалдарда

  • ұйқы безінің қатерлі ісігінде

  • толық немесе ішінара асқазан резекциясынан кейінгі (мысалы: Бильрот II)

  • ұйқы безі түтіктерінің немесе ортақ өт түтіктің обструкциясында (оның ішінде, жаңа түзілім салдарынан)

  • Швахман–Даймонд синдромында

  • муковисцидозда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтану кезінде жеткілікті сұйық мөлшермен шайнамастан қабылдайды.

Ем-дәм құрамына және аурудың ауырлығына байланысты препарат дозасын жекелей таңдайды. 1 таблеткадан көбірек қабылдау қажет болған жағдайда бір таблетканы тамақтанудың алдында, қалғанын тамақтану кезінде қабылдайды.

Әсіресе сұйықтық жоғалтылуы күшейген кезде, оны әрдайым жеткілікті мөлшерде қабылдау маңызды. Сұйықтықты жеткіліксіз мөлшерде қабылдау іш қатуға әкелуі мүмкін.

Егер емделуші Панкрим® препаратын уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, өткізіп алған дозаны тікелей тамақтанудан кейін қабылдау қажет. Кешірек қабылдау талапқа сай емес. Препараттың әдеттегі дозасын келесі тамақтану кезінде қабылдау қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарланған доза қабылдау ұсынылмайды.

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін жағдайлардағы дозалануы

Дозалануы және емдеу ұзақтығы ас қорыту бұзылыстарының дәрежесіне және тағамдағы май құрамына қатысты емделушінің жекелей ерекшеліктерін ескере отырып белгіленуі тиіс. Негізгі тамақтанумен (түскі ас, таңғы ас немесе кешкі ас) бірге қабылдануы тиіс доза 25000-нен 80000 Б. липазаға (Евр. Ф.) дейін ауытқуы мүмкін, бұл 1-ден 3-ке дейінгі Панкрим® таблеткасы, ал негізгі ас ішу арасындағы жеңіл тамақтану кезінде доза шамамен жеке дозаның жартысына жуығын құрайды.

Муковисцидоз

Муковисцидозда препарат дозасын емдеуші дәрігер таңдайды.

Американдық Муковисцидоз Фондысының ұсыныстарына сәйкес, Панкрим® дозасын бір рет тамақтану барысына дене салмағының 1 кг липаза бірлігі мөлшерімен есептелінеді. Жасына байланысты бір реттік дозаны төмендегідей есептейді:

Баланың жасы

Ұсыныстар

4 жасқа дейін

Дене салмағының 1 кг 1000 б. липаза

4 жастан асқан

Дене салмағының 1 кг 500 б. липаза

Дозасын және ем ұзақтығын стеаторея бақылауының нәтижелеріне және тамақтанудың талапқа сай статусын демеуге, аурудың ауырлығына байланысты анықтайды. Емделушілердің көпшілігінде доза дене салмағына тәулігіне 10000 бірлік липаза/кг немесе тағамдағы 1 грамм майға 4000 бірлік липазадан аспауы тиіс.

Емдеуді балалардың дене салмағы 25 кг кем болмағанда ғана бастау ұсынылады. Дене салмағы 25 кг кем балаларға ферменттің төменірек мөлшерлі дозасын қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі – іштің ауыруы*

Жиі – жүректің айнуы, құсу, метеоризм, диарея, іш қату

Жиі емес - бөртпе

Жиілігі белгісіз - мықынішек, бүйен және жуан ішек (фиброзданған колонопатия) стриктураларында, аса жоғары сезімталдық реакцияларында (анафилактикалық реакциялар), терінің аллергиялық реакциялары: есекжем, қышыну

*Асқазан - ішек бұзылыстары негізгі ауруға байланысты. Плацебо қабылдаған тобымен салыстырғанда іштің ауыруы және диарея жиілігі ұқсас немесе төмендеу болды.

Құрамында панкреатин бар препараттың жоғары дозаларын қабылдаған муковисцидозымен науқастарда, фиброзданған колонопатия сипатталды.

Бала жасындағы науқастар қатыстырылған клиникалық зерттеулерде қосымша жағымсыз реакциялар анықталмады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- панкреатинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуінің немесе өзара әрекеттесудің басқа түрлері жайлы мәліметтер жоқ. Бір мезгілде қабылдағанда фолий қышқылының сіңірілуі төмендейді, бұл соңғысының дозасын жоғарлатуды қажет етеді, сондай-ақ гипогликемиялық препараттар тиімділігінің төмендеуі ықтимал (акарбозаның және миглитолдың).

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлер білінгенде: препаратты қабылдауды тоқтатып, Сіздің емдеуші дәрігеріңізден кеңес алған дұрыс.

Муковисцидозда панкреатиннің тиісті дозасынан асырған жағдайда тоқішектің илеоцекальді бөлімінде және өрлемелі бөлігінде стриктуралар (фиброзданған колонопатия) дамуы мүмкін

Жуан ішектің зақымдануын жоққа шығару үшін барлық әдеттегіден тыс симптомдар немесе асқазан - ішек жолы тарапындағы өзгерістерді сақтық шарасы ретінде мұқият медициналық бағалаудан өткізу ұсынылады. Әсіресе, егер емделуші тәулігіне дене салмағының әр кг 10000 бірлік липазадан астам қабылдаған жағдайда.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде Панкримді® қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жүкті және емшек емізетін әйелдер үшін күтілетін пайда ұрыққа немесе сәбиге төнетін зор қатерден артық болған жағдайларда қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Панкрим® көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: Панкримді® емдік дозадан жоғарырақ дозаларда қолданғанда гиперурикозурия, гиперурикемия туындатуы мүмкін.

Емі: дәрілік затты тоқтату, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде тұтыну, демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты тікелей қорапшаға жазу рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидова, көш. 81, т/ф.: 8 7252 561342

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидова, к-сі 81, т/ф.: 8 7252 561342

Телефон нөмірі 7252 (561342)

факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық почтасы: infomed@santo.kz

 

5

 

Прикрепленные файлы

871781861477976385_ru.doc 65.5 кб
031452901477977579_kz.doc 86 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники