Офтан® Катахром

МНН: Аденозин, Никотинамид, Цитохром C
Производитель: Сантен АО, по лицензии Дайчи Санкио Ко. Лтд, Япония
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009662
Информация о регистрации в РК: 04.12.2020 - 04.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Офтан® Катахром

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы 10 мл

Құрамы

1мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 0,675 мг/мл С цитохромы, 2 мг/мл аденозин, 20 мг/мл никотинамид,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий сукцинатының гексагидраты, сорбит, натрий дигидрофосфатының дигидраты, натрий гидрофосфатының дигидраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қызыл түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01XA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде С Цитохромы қанға сіңбейді. Аденозин көздің мөлдір қабығы арқылы еркін өтеді және барлық тіндерге таралады. Аденозиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі бір минуттан аз, ол барлық тіндерде дерлік метаболизденіп, несеппен бірге еркін шығарылатын инозин, ксантин және урат түзеді. Аденозиннің құрамдас элементі болып табылатын рибоза глицеральдегид-3-фосфатқа дейін, содан кейін пируватқа дейін метаболизденеді және Кребс циклында жанып кетеді. Никотинамид тез сіңеді және никотин қышқылына дейін ішінара метаболизденеді. Осы қосылыстың екеуі де N-метилникотинамидке метаболизденеді, ол әрі қарай бауырда ыдырайды. Метаболиттер және өзгермеген никотинамид несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Офтан® Катахром – біріктірілген препарат, оның әсер ету механизмі ең алдымен антиоксидантты, метаболизмді және көз тінінің трофикасын жақсартатын, оның құрамына кіретін белсенді компоненттер – С цитохромының, аденозиннің және никотинамидтің әсерлеріне негізделеді.

С цитохромы - бұл құрылысы жөнінен гемоглобинге ұқсас, жоғары молекулалы темірпорфиринді қосылыс, гемнен және жалғыз пептидті тізбектен (С апоцитохромы) тұрады. С цитохромы биохимиялық тотығу-тотықсыздану үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Оның оттегі радикалдарын утилизациялауда химиялық белсенділігі жоғары. Көзбұршағының алдыңғы жағындағы (көздің мөлдір қабығының және көзішілік сұйықтықтың) тіндердің барлығындағы тотығу үдерістерінің тежелуі катарактаның дамуын басу үшін үлкен маңызға ие, өйткені ультракүлгін сәуле осы тіндерде тізбекті реакцияларды тудырып, радикалдарды түзеді, олар көзбұршағының бұлыңғырлануына әкеп соғуы мүмкін. Көзге тамызатын Офтанâ Катахром дәрісінің құрамына кіретін С цитохромының белгілі тотығу-тотықсыздану жағдайларында оттегі радикалдарын бейтараптандыруға қабілеті бар, осылайша, катарактаның дамуына жол бермейді.

Аденозин ДНҚ мен РНҚ репарациясы үшін қажетті компонент, сондай-ақ осы молекулалардың құрылыс элементі болып табылады. Аденозин энергетикалық метаболизм үдерістеріне қатысады. Аденозин көз бұршағында, мысалы, тотығудың зақымдаушы әсерінен болған бұзылуларды қалпына келтіру үшін қажетті ДНҚ репарациясының негізгі элементі болып табылады. Қантамырын кеңейтетін әсерінің және көздің қанмен жабдықталуының жоғарылауының арқасында аденозин ыдыраудың уытты өнімдерінің шайылуына мүмкіндік беріп, көзішілік сұйықтықтың түзілуін және алмасуын жақсартады. Аденозин конъюнктивте, көздің мөлдірқабығында және көздің басқадай тіндерінде қабынуды азайтады.

Никотинамид НАД және НАДФ-нің құрылыс элементі болып табылады. Көзбұршағының эндотелиальді жасушаларының регенерациясына мүмкіндік береді, ол катарактаға жол бермейді.

Қолданылуы

- катарактада

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, зақымданған көздің конъюнктивалық қалтасына 1-2 тамшыдан күніне 3 рет. Емделу курсын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- көзді қысқа мерзімдік күйдіруі және ашытуы

- жанаспалы дерматит

Өте сирек:

- жүрек айну

- артериялық гипотония, бас айналу

- ентігу

Никотин қышқылы қан тамырларын кеңейтетін әсерге ие және мыналарды туындатуы мүмкін:

- қан кернеулері

- ыстықты сезіну

- естен танулар

- самайда тамырдың соғуын сезіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу айқындалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Офтанâ Катахром көзге тамшысы глаукоманы емдеуге арналмаған.

Офтанâ Катахром құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді болады және оны жанаспалы линза таққан кезде қолдануға болмайды. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастаған жөн, оларды қайтадан кем дегенде 15 минут өткеннен кейін ғана тағуға болады. Бензалконий хлориді көзді аз уақыт тітіркендіруі мүмкін.

Жүктілік және лактация

Офтанâ Катахром көз тамшысын жүктілік және бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігін бағалау жүргізілмеген, сондықтан препаратты қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Тиісті және жақсы бақыланатын зерттеулерде Офтанâ Катахром көз тамшысын балаларға қолданудың қауіпсіздігіне және тиімділігіне баға берілген жоқ, сондықтан балаларға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автомобильді басқару немесе механикалық жабдықтарды қолдану қабілетіне ықпалын тигізбейді. Кез келген көз препараттары сияқты, егер көрудің өтпелі бұлыңғырлануы білінсе, емделуші көру қалпына келгенше күте тұруы тиіс және тек содан кейін ғана автомобильді басқаруға немесе механикалық жабдықтарды қолдануға болады.

Артық дозалануы

Симптомдары: хабарланбаған

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көз тамшысы 10 мл-ден бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыда. 1 құты қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

+ 8 - +15 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін – 1 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Құтыны алғаш пайдаланған кезде құтының қақпағын, бір мезгілде төмен қарай баса отырып, бұраңыз, содан кейін құтыны ашыңыз.

Прикрепленные файлы

255855611477976385_ru.doc 56 кб
505937561477977585_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники