Олисио®

МНН: Симепревир
Производитель: Янссен-Силаг С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Симепревир
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021212
Информация о регистрации в РК: 25.02.2015 - 25.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Олисио®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Симепревир

Дәрілік түрі

Капсулалар 150 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 154,40 мг натрий симепревиры (150,0 мг симепревирге баламалы),

қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты,

капсула: титанның қостотығы (Е 171), желатин,

жазуға арналған бояудың құрамы: шеллак, темірдің қара тотығы (E 172), н-бутилді спирт, 2-пропанол, 28 % аммиак ерітіндісі, пропиленгликоль (Е 1520).

Сипаттамасы

0 өлшемді, қалпақшасында «ТМС435 150» қара жазуы бар, ақ түсті қатты желатин капсулалар. Капсула ішіндегісі - ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы дәрілер. Симепревир.

АТХ коды J05AE14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Симепревирдің фармакокинетикалық қасиеттері дені сау еріктілерде және С гепатиті вирусы инфекциясын жұқтырған ересек пациенттерде бағаланған. Симепревирдің плазмадағы (AUC) деңгейі С гепатиті вирусы инфекциясын жұқтырған ересек пациенттерде дені сау еріктілердегі тиісті мәнге қарағанда 2-3 есе артық болған. Симепревирдің плазмадағы Cmax және AUC мәндері пегинтерферон альфа және рибавиринмен бірге қолданғанда және симепревирмен монотерапияда ұқсас болған.

Сіңуі

Тамақпен қабылданатын 150 мг симепревирдің бір пероральді дозасына сәйкес келетін симепревирдің орташа абсолютті биожетімділігі 62% құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax), әдетте, дозаны қабылдағаннан кейін 4 сағаттан 6 сағатқа дейінгі кезеңде жетеді.

Адамның тоқ ішегінің жасушаларымен (Сасо-2) in vitro эксперименттері нәтижесі бойынша симепревир P-гликопротеин субстраты болып табылады.

Тамақтың сіңуге әсері

Дені сау еріктілерде тамақ ішу кезінде симепревир қабылдау салыстырмалы биожетімділігін (AUC) құрамында майы көп (928 ккал) калориясы жоғары таңғы астан кейін 61%-ға және калориясы қалыпты таңғы астан кейін (533 ккал) 69%-ға арттырған, бұл арада сіңу уақытының тиісінше 1 және 1,5 сағатқа ұлғайғаны байқалған.

Таралуы

Симепревир плазма ақуыздарымен (> 99,9%), негізінен альбуминмен жақсы байланысады, аз дәрежеде альфа-1-қышқыл гликопротеинмен байланысады. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде плазма ақуыздарымен байланысуы өзгеріссіз болады дерлік.

Метаболизмі

Симепревир бауырда метаболизденеді. Адамның бауыр микросомаларындағы in vitro зерттеулерінің нәтижелері бойынша симепревир көбіне бауырда CYP3A4 изоферменті көмегімен тотығу метаболизміне ұшырайды. Сондай-ақ CYP2C8 және CYP2C19 изоферменттерінің қатысуын жоққа шығару мүмкін емес.

CYP3A4 изоферментінің орташа немесе күшті тежегіштері плазмадағы симепревир концентрациясын елеулі арттырады, CYP3A4 изоферментінің орташа немесе күшті индукторлары плазмадағы симепревир концентрациясын елеулі төмендетеді. In vitro зерттеулерінде симепревир CYP1A2 немесе CYP3A4 индукцияламайды. Симепревир А катепсині изоферменті белсенділігінің клиникалық елеулі тежегіші емес.

In vitro эксперименттері симепревирдің Р-гликопротеин (P-gp), MRP2, OATP1B1/3, OATP2B1 дәрілік заттарының тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Симепревир OATP1B1/3 және NTCP жұту тасымалдағыштарын және P-gp/MDR1, MRP2, BCRP және BSEP эффлюксті тасымалдағыштарды тежейді. OATP1B1/3 және MRP2 гепатоциттер жарғақшасы арқылы билирубин тасымалына қатысады. In vitro эксперименттерінде симепревир OCT2 тежемейді.

Дені сау еріктілерде 14C-симепревирді ішке 200 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін плазмадағы радиоактивті заттардың үлкен бөлігін (98% дейін) өзгермеген препараттар құрады, және тек елеусіз бөлігін ғана метаболиттер құраған (ешқайсысы елеулі метаболит емес). Нәжістегі сәйкестендірілген метаболиттер макроциклдық немесе хош иістік топтардың немесе екі топтың да тотығуы нәтижесінде түзілген, сондай-ақ соңынан тотығумен O-диметилдену нәтижесінде түзілген.

Шығарылуы

Симепревирдің шығарылуы өтпен бірге жүреді. Препараттың шығарылуында бүйрек елеусіз рөл атқарады. Дені сау еріктілерде 14C-симепревирді ішке 200 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін радиоактивті заттардың орташа 91% ішек арқылы бөлінген, қабылданған дозаның <1% бүйрекпен шығарылған. Нәжістегі өзгермеген симепревир қабылданған дозаның орташа 31% құрады.

Дені сау еріктілерде 200 мг дозада қабылдағанда симепревирдің жартылай шығарылу кезеңі 10-13 сағатты, ал С гепатиті вирусы инфекциясын жұқтырған пациенттерде – 41 сағатты құрады.

Дозаға байланыстылығы/дозаға тәуелді болмауы

Препаратты тәулігіне 1 рет 75 мг-ден 200 мг дейінгі дозаларда көп рет қабылдағаннан кейін плазмадағы Cmax және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) мәні дозаға пропорционал тікелей артумен ұлғайған; препаратты көп рет қабылдағаннан кейін оның жинақталғаны байқалды. Тепе-теңдік жай-күйіне тәулігіне 1 рет 7 күн қабылдағаннан кейін жеткен.

Пациенттердің ерекше тобы

Егде пациенттер (65 жастан асқан)

Қолдану тәсілі және дозалары

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Симепревирдің бүйрекпен шығарылуы елеусіз. Созылмалы С гепатиті жоқ бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен (бүйрек ауруларында [MDRD] шумақтық сүзілу жылдамдығын есептеу үшін Диета модификациясы формуласын пайдалану арқылы жіктелетін; есептелетін шумақтық сүзілу жылдамдығы ≥ 80 мл/мин) салыстырғанда созылмалы С гепатиті жоқ және ауыр дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуы бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин аз) пациенттерде тепе-теңдік күйдегі симепревирдің AUC орташа мәні 62%-ға жоғары болды. Қан плазмасындағы симепревир концентрациясының зерттелген және күтілетін өзгерістері негізінде жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Олисио® препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Гемодиализ талап етілетін пациенттерді қоса, ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы немесе терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы С гепатиті бар пациенттерде Олисио® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттердегі популяциялық фармакокинетикалық талдауының нәтижесі бойынша, Олисио®дәрілік препаратымен тәулігіне 1 рет 150 мг дозада емдегенде креатинин клиренсі симепревир фармакокинетикасының параметрлеріне әсер етпеген. Осылайша, жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылуының симепревир деңгейіне клиникалық елеулі әсері күтілмейді. Симепревир плазма ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысатындықтан, берілген препараттың гемодиализ арқылы елеулі мөлшерде шығарылу ықтималдығы аз.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде пегинтерферон альфа және рибавиринмен емдеу бойынша ақпарат қолданылуы бойынша нұсқаулыққа сәйкес келтірілген.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер

Симепревир, негізінен, бауырда метаболизденеді.

СВГ инфекциясын жұқтырған пациенттердің плазмадағы симепревир құрамы дені сау пациенттерде байқалғанмен салыстырғанда шамамен 2-3 есе жоғары болды.

Бауыр функциясы қалыпты дені сау адамдармен салыстырғанда СВГ инфекциясын жұқтырмаған (Чайлд-Пью бойынша В класы), орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде симепревирдің қисық астындағы орташа концентрациясы (AUC) 2,4 есеге жоғары болды және СВГ инфекциясын жұқтырған, ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде 5,2 есе жоғары.

Әлсіз және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде симепревир дозасын түзету талап етілмейді; ауыр бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттер үшін дозалауға қатысты ұсыныстар жоқ. СВГ инфекциясын жұқтырған, орташа немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша В немесе С класы) бар пациенттерде симепревирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан препаратты бұндай пациенттерде қолданғанда ерекше сақтық жасау ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде симепревир және дәрілік заттарды үйлестіре пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат алу үшін дәрілік препаратты медициналық қолдану бойынша тиісті нұсқаулыққа қарау керек.

Жынысы

Жынысына қарай дозаны түзету талап етілмейді. Симепревирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған, СВГ инфекциясын жұқтырған, пациенттердің популяциялық фармакокинетикалық талдауы жынысына қарай симепревир фармакокинетикасының клиникалық елеулі өзгерісін анықтамады.

Дененің салмағы

Дене салмағына немесе дене салмағының индексіне қарай доза түзету талап етілмейді. Бұл сипаттама симепревирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған, СВГ инфекциясын жұқтырған, пациенттердің популяциялық фармакокинетикалық талдауы негізінде симепревир фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсері жоқ.

Нәсілі

Симепревирдің популяциялық фармакокинетикалық талдауының нәтижелері симепревирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған, СВГ инфекциясын жұқтырған, еуропалық және негроид нәсілді пациенттер арасында салыстырарлық шамада болды.

СВГ инфекциясын жұқтырған пациенттерде Қытайда және Оңтүстік Кореяда жүргізілген III фаза зерттеулерінде плазмадағы симепревирдің орташа құрамы 3 фазаның біріктірілген популяциясындағы азиялық емес пациенттердегіге қарағанда 2,1 есе жоғары болды.

Нәсіліне қарай доза түзету талап етілмейді.

АИТВ-1 ко- инфекциясын жұқтырған пациенттер

Симепревирдің фармакокинетикалық параметрлері АИТВ-1 ко- инфекциясы бар немесе онсыз СВГ 1 генотипі бар пациенттер арасында салыстырарлық шамада болды

Балалар

18 жастан кіші балаларда симепревир фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Симепревир вирус репликациясында маңызды рөл атқаратын NS3/4A С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері болып табылады.

Қанның биохимиялық талдау нәтижесі бойынша симепревир 1a және 1b генотипті NS3/4A тиісінше медианалық мәні Ki 0,5 және 1,4 нмоль/л бар С гепатиті вирусы рекомбинантты протеазалардың протеолитикалық белсенділігін тежеген.

Вирусқа қарсы in vitro белсенділігі

1b репликон СВГ генотипіне қарсы симепревирдің EC50 және EC90 орташа мәні тиісінше 9,4 нМ (7,05 нг/мл) және 19 нМ (14,25 нг/мл) құрады. СВГ изоэлектрлік нүктеден алынған бір ізді NS3 құрайтын химерлік репликондар 1a генотипті және 1b генотипті, алдын ала ем қабылдамаған пациенттер үшін 1b генотипті репликонға сілтемемен салыстырғанда симепревирдің тиісінше EC50 1,4 (N=78) және 0,4 (N=59) мәні үшін орташа өзгеру жиілігін (ӨЖ) көрсетті. Бастапқы полиморфизмі Q80K 1a және 1b генотипті штаммдарда симепревир орташа ӨЖ мәніне тиісінше EC50 11 (N=33) және 8,4 (N=2) алып келген. Зерттеулер нәтижесінде алынған 2 генотипті, 3 генотипті және 4 генотипті бастапқы штаммдарға қарсы симепревир үшін орташа ӨЖ мәні тиісінше 25 (N=4), 1,014 (N=2) және 0,3 (N=8) құрады. Қан сарысуының 50% қатысуы симепревирдің репликондық белсенділігін 2,4 есе азайтты. Симепревирдің интерферонмен, рибавиринмен, NS5A немесе NS5B тежегіштерімен біріктірілімі in vitro аддитивті немесе синергиялық әсерге соқтырды.

In vivo вирусқа қарсы белсенділігі

7 күн бойына күн сайын тәулігіне бір рет 200 мг симепревир қабылдаған пациенттердегі C201 (1 генотипі) және C202 (2, 3, 4, 5 және 6 генотипі) зерттеулерінде алынған симепревирмен қысқа мерзімді монотерапия туралы деректері 1 кестеде берілген.

1 кесте. Симепревирмен монотерапияның вирусқа қарсы белсенділігі, 200 мг (C201 және C202 зерттеулері)

Генотипі

7/8 күндегі (log10 ХБ/мл ) СВГ РНҚ орташа (SE) өзгерістері

1 генотипі (N=9)

-4,18 (0,158)

2 генотипі (N=6)

-2,73 (0,71)

3 генотипі (N=8)

-0,04 (0,23)

4 генотипі (N=8)

-3,52 (0,43)

5 генотипі (N=7)

-2,19 (0,39)

6 генотипі (N=8)

-4,35 (0,29)

Жасуша өсіріндісіндегі резистенттілік

Симепревирге резистенттілік құрамында 1a және 1b генотипті ВГС репликондары бар жасушалар үшін сипатталған. Симепревирге қатысты селекцияланған 1 генотипті репликондардың 96% -да NS3 протеазаның 43, 80, 155, 156 орналасуында аминқышқылдарының бір немесе көп рет алмасуын алып жүрген және/немесе 168, көбірек жиілікпен байқалатын (78%) D168 NS3 орналасуында алмастырумен жүрген.

Бұдан басқа, бағытталған мутанттар және химерлық репликондардың ауыстырылуы пайдаланылатын 1a және 1b генотипті СВГ репликондарын зерттеуде симепревирге резистенттілікке баға берілген.

Клиникалық штаммдардан NS3 бір ізділігі алынған. In vitro зерттеулерінде 43, 80, 122, 155, 156 және 168 орналасуларында NS3 аминқышқылдарын алмастыру симепревир белсенділігін азайтты. In vitro зерттеулердегі Q80K немесе R, S122R және D168E сияқты басқа алмастырулар төмен деңгейдегі резистенттілік көрсеткенде (2 және 50 арасындағы EC50 үшін ӨЖ), in vitro зерттеулеріндегі D168V немесе A және R155K сияқты басқа алмастырулар әдетте симепревирге сезімталдығының елеулі төмендеуімен (өзгеру жиілігі (ӨЖ) EC50 >50 үшін) астасты. Q80G немесе L, S122G, N немесе T сияқты басқа алмастырулар симепревир (EC50 ≤2 үшін ӨЖ) белсенділігін төмендетпеген. Жеке-дара бір алмастыру пайда болғанда, симепревир белсенділігінің бірнеше алмастыру біріктірілімінде 50 еседен астам төмендеуі in vitrо 80, 122, 155, және/немесе 168 орналасулардағы NS3 аминқышқылын алмастыру симепревирге резистенттіліктің деңгейі төмендеуімен астасты.

Клиникалық зерттеулердегі резистенттілік

2 және 3 фазаның (С2015, С206, C208, C216, HPC3007 зерттеулері) клиникалық зерттеулері барысында алынған деректердің біріктірілген талдауында 150 мг дозадағы симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен үйлесімде қабылдаған ТВЖ (тұрақты вирустық жауап) қол жетпеген пациенттерде 197 пациенттің 180 (91%), 80, 122, 155 және/немесе 168 - NS3 қалыптарда аминқышқылы алмасуы туындағаны бақыланған.

Көрсетілген қалыптарда бәрінен де жиі D168V және R155K алмасуы, сонымен бірге басқа мутациялармен біріктірілімде (2 кесте) анықталды. 1a HCV-генотипті пациенттерде көбіне R155K аминқышқылы алмасуын, жеке-дара және сондай-ақ 80, 122 және/немесе 168 қалыптарда NS3 аминқышқылы алмасуы бар үйлесімде анықтады, бұл арада 1b HCV-генотипі бар пациенттерде бәрінен де жиі D168V алмасуы (2 кесте) бақыланды.

1a HCV-генотипті бастапқы деңгейде Q80K аминқышқылы алмасуы бар пациенттерде ем тиімсіз болғанда бәрінен жиі R155K алмасуын анықтады.

2 кесте. 2 және 3 фаза біріктірілген зерттеулерінде ем кезінде туындайтын және аминқышқылы алмасуы: ТВЖ жетпеген, пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде 150 мг симепревир қабылдаған пациенттерде.

NS3 дамыған аминқышқылы алмасуы

HCV-генотиптің барлық нұсқалары

N=197

% (n)

Генотип 1а1

N=116

% (n)

Генотип 1b

N=81

% (n)

NS3 қалыптағы кез келген алмасу 43, 80, 122, 155, 156 немесе 1682

91,4% (180)

94,8% (110)

86,4% (70)

D168E

15,7% (31)

14,7% (17)

17,3% (14)

D168V

31,0% (61)

10,3% (12)

60,5% (49)

Q80R5

7,6% (15)

4,3% (5)

12,3% (10)

R155K

45,2% (89)

76,7% (89)

0% (0)

Q80X+D168X4

8,1% (16)

4,3% (5)

13,6% (11)

R155X+D168X4

9,1% (18)

12,9% (15)

3,7% (3)

Q80K3, S122A/G/I/T3, S122R, R155Q3, D168A, D168F3, D168H, D168T, I170T5

10% аз

10% аз

10% аз

1 1а/1b HCV-генотипімен инфекцияланбаған бірнеше пациент қосылуы мүмкін.

2 Жеке немесе басқа алмастырулармен біріктірілімде (араласты қоса).

3 Алмасуы бір және одан көп, NS3 80, 122, 125 және/немесе 168 қалыптарда, тек басқа жаңа алмасулармен біріктірілімде ғана бақыланды.

4 Сондай-ақ осы біріктірілімдегі пациенттер жеке алмасуды көрсететін басқа жолға қосылған. «Х» бірнеше аминқышқылын көрсетеді. Басқа қосарлы немесе үштік мутациялар төменірек жиілікпен бақыланды.

5 Екі пациентте I170T бірлі-жарым алмасуы туындады.

Ескерту: in vitro симепревир белсенділігі төмендеуімен қатар жүрген NS3 қалыптағы 43 және 156 алмастыру ем тиімсіздігі жағдайында бақыланбаған

HPC2002 зерттеулерде 1 генотипімен инфекцияланған, симепревирді софосбувирмен, рибавиринмен немесе онсыз қабылдаған пациенттерде, қайталануы бар 6 пациенттің 5 (83%)-де дамыған R155K немесе D168E аминқышқылының алмасуы бақыланды. Софосбувирге резистенттілікке байланысты жаңа аминқышқылының алмасуы анықталмады.

Резистенттілікке байланысты аминқышқылы алмасуы тұрақтылығы

Симепревирге резистенттілік туындататын NS3 аминқышқылы алмасуы тұрақтылығы емнің сәтсіздігінен кейін бағаланды. 2 және 3 фазаның клиникалық зерттеулерінің жиынтық деректерінде 150 мг дозадағы симепревирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен үйлесімде қабылдаған пациенттерде симепревирмен емді бастағаннан кейін туындаған резистенттілік нұсқалары 28 аптасында-ақ (бақылау кезеңінің медианасының 0-70 апталық диапазонында) 180 пациенттің 90 (50%)-да анықталмады. D168V жаңа бірлі-жарым алмасуы бар 48 пациенттің 32 (67%) –де және R155K жаңа бірлі-жарым алмасуы бар 66 пациенттің 34 (52%)-де тиісінше жаңа нұсқалар зерттеу аяқталар сәтте анықталмады. Қазіргі уақытта жүргізілетін 2 фазаның алдыңғы зерттеуінде симепревир қабылдай отырып, ТВЖ қол жетпеген пациенттер қатысқан ұзақ мерзімдік обсервациялық зерттеулердің (HPC3002 зерттеуі) деректері бойынша, 88 аптада-ақ (бақылау кезеңінің медианасының 47-147 апталық диапазонында) бұл пациенттердің 70% (16/23) жаңа мутациялар анықталмады.

Ұзақ бақылауда симепревир резистенттілігіне байланысты алғаш туындаған немесе бұрыннан бар алмасудың клиникалық әсері бақыланбаған.

Айқаспалы резистенттілік

Емді бастағаннан кейін туындаған NS3 аминқышқылы алмасуының кейбіреуі және симепревир қабылдаған пациенттерде анықталған және ТВЖ жетпеген клиникалық зерттеулерде (мысалы R155K) телапревир, боцепревир және басқа да NS3/4A протеазалар тежегіштерінің анти-HCV-белсенділігінің төмендеуіне әкелді. NS3/4A протеазалар тежегіштері негізінде кейінгі HCV ем сызбасының тиімділігіне ТВЖ қол жетпеген пациенттерде алдын ала симепревир қабылдаудың әсері анықталмады. Бұрын NS3/4A протеазалар тежегіштерін, телапревир немесе боцепревир қабылдаған пациенттерде симепревир тиімділігі туралы клиникалық деректер жоқ. Симепревирге резистентті нұсқалар полимеразалардың HCV нуклеозидты және нуклеозидты емес тежегіштер өкілдеріне, сондай-ақ NS5A тежегіштеріне сезімталдығын сақтайды. NS5A тежегіштеріне (L31F/V, Y93C/Н), нуклеозидты тежегіштерге (S96T, S282T) және нуклеозидты емес тежегіштерге (C316N, M414I/L, P495A) қабылдағыштықтың төмендеуіне әкелетін құрамында аминқышқылы алмасуы бар нұсқалар симепревирге in vitro сезімталдығын сақтады.

Клиникалық тиімділігі

C208, C216 және HPC3007 зерттеулеріндегі 1 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердегі пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімдегі симепревир емінің тиімділігі бойынша жиынтық деректер 3 кестеде келтірілген.

3 кесте. Пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімде симепревир/плацебо қабылдаған пациенттерде СВГ субтипіне және полиморфизм Q80K болуы немесе болмауына қарай ем аяқталғаннан 12 аптадан1 кейінгі тұрақты вирусологиялық жауап (ТВЖ) (ITT талдау).

 

СВГ 1a2 генотипті барлық пациенттер

СВГ 1a2 генотипті

Q80K3 бастапқы полиморфизм

бар/жоқ пациенттер

СВГ 1b генотипті барлық пациенттер

Бар

Жоқ

СВГ моноинфекциясы бар пациенттер (C208, C216, HPC3007 және C206 зерттеулері)

Бұрын ем қабылдамаған пациенттер (C208 және C216 біріктірілген зерттеулері)

Симепревир

75% (191/254)

58% (49/84)

84% (138/165)

85% (228/267)

Плацебо

47% (62/131)

52% (23/44)

43% (36/83)

53% (70/133)

Бұрынғы емнің рецидиві бар пациенттер (HPC3007 зерттеуі)

Симепревир

70% (78/111)

47% (14/30)

79% (62/79)

86% (128/149)

Плацебо

28% (15/54)

30% (6/20)

27% (9/34)

43% (34/79)

Бұрынғы емге ішінара жауабы бар пациенттер (C206 зерттеуі)

Симепревир 4

56% (14/25)

38% (3/8)

65% (11/17)

88% (38/43)

Плацебо

13% (1/8)

0% (0/2)

17% (1/6)

7% (1/15)

Бұрынғы емге жауабы нөл болған пациенттер (C206 зерттеуі)

Симепревир 4

42% (11/26)

75% (3/4)

38% (8/21)

58% (14/24)

Плацебо

0% (0/7)

0% (0/0)

0% (0/7)

33% (3/9)

СВГ/АИТВ-1 ко-инфекциясы бар пациенттер (C212 зерттеуі)

Бұрын ем қабылдамаған пациенттер

Симепревир

77% (33/43)

86% (12/14)

72% (21/29)

90% (9/10)

Бұрынғы емнің рецидиві бар пациенттер

Симепревир

83% (10/12)

33% (1/3)

100% (9/9)

100% (3/3)

Бұрынғы емге ішінара жауабы бар пациенттер

Симепревир

67% (6/9)

100% (1/1)

62% (5/8)

100% (1/1)

Бұрынғы емге жауабы нөл болған пациенттер

Симепревир

54% (13/24)

50% (6/12)

58% (7/12)

75% (3/4)

1 C206 зерттеулерінде ТВЖ ем аяқталғаннан кейін 24 аптадан соң баға берілген.

2 1a/1b айырмашылықтары бар басқа СВГ генотипті бірнеше пациент қосылуы мүмкін. 3 Симепревирмен ем тобындағы пациенттер саны: дерек мөлшері жеткілікті пациенттер ғана.

4 Симепревир 150 мг емі жүргізілген бірлескен топ.

HPC2002 (COSMOS) зерттеулердегі 1 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердегі софосбувирдің симепревирмен біріктіріліміндегі интерферонсыз емінің тиімділігі бойынша жиынтық деректер 4 кестеде келтірілген.

4 кесте. Симепревирді софосбувирмен +/- рибавиринмен біріктірілімінде қабылдаған пациенттердегі алдыңғы емнің статусына, бауыр фиброзы сатысына қарай ем аяқталғаннан 12 аптадан1 кейінгі ТВЖ

(ITT талдауының деректері).

 

Бұрынғы емге нөлдік жауабы бар пациенттер

(METAVIR F0-F2 шкаласы бойынша фиброз сатысы )

Бұрын ем қабылдамаған пациенттер және бұрынғы емге нөлдік жауабы бар пациенттер

(METAVIR F3-F4 шкаласы бойынша фиброз сатысы)

Симепревир+

софосбувир+

рибавирин,

12 апта

96% (26/27)

93% (25/27)

Симепревир+ софосбувир,

12 апта

93% (13/14)

93% (13/14)

150 мг симепревирді 400 мг софосбувирмен 12 апта бойына рибавиринмен немесе рибавиринсіз күніне бір рет.

Қолданылуы

Олисио® препараты басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде ересек пациенттердегі созылмалы С гепатитін емдеу үшін (СГС) көрсетілген.

С (СВГ) гепатиті вирусының әртүрлі генотиптеріндегі препараттың спецификалық белсенділігі туралы деректер «Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамикасы» бөлімдерінде келтірілген.

Қолдану тәсілі және дозалары

Олисио® препаратымен емдеу созылмалы С гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігермен бастамалануы және жүргізілуі тиіс.

Олисио® препаратын тамақ ішу уақытында күніне бір рет ішке қабылдау керек. Капсуланы тұтас қабылдау керек.

Дозалануы

Олисио® препаратының ұсынылатын дозасы 12 апта бойына күн сайын тамақ ішу кезінде күніне бір рет 150 мг (бір капсула) құрайды.

Олисио® препаратымен емдеу монотерапия режимінде жүргізілмеуі тиіс.

Олисио® препараты созылмалы С гепатитін емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен үйлесімде қолданылуы тиіс. 1a генотипті вирусынан туындаған созылмалы С гепатиті бар пациенттерде Олисио® препаратын альфа пегинтерферонмен және рибавиринмен біріктірілген ем жүргізу мүмкіндігін қарастыруда ем бастар алдында вируста NS3 Q80K полиморфизм болуына зерттеу жүргізу керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Сондай-ақ Олисио® препаратымен біріктірілімде пайдаланылатын дәрілік препараттардың медициналық қолдануы бойынша нұсқаулықтарымен танысу керек.

Олисио® препаратымен біріктірілген емде бірге қолдану үшін ұсынылатын дәрілік препарат(тар) және емнің ұзақтығы 5 кестеде келтірілген.

5 кесте. Олисио® препаратымен біріктірілген емде бірге қолдану үшін ұсынылатын дәрілік препарат(тар) және емнің ұзақтығы.

Пациенттер тобы

Емі

Ұзақтығы

1 немесе 4 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған, бұрын ем қабылдамаған, немесе сыртартқысында рецидиві1 бар және алдыңғы емге (ішінара және нөлдік жауабы бар пациенттерді қоса) жауап болмаған2, бауыр циррозы бар немесе бауыр циррозы жоқ, АИТВ коинфекциясы бар немесе АИТВ коинфекциясы жоқ пациенттер

Олисио® + софосбувир

(+/- рибавирин)3

12 апта 4 («Айрықша нұсқаулар», «Жағымсыз әсерлері» бөлімдерін қараңыз)

1 немесе 4 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған, бұрын ем қабылдамаған, немесе сыртартқысында рецидиві бар пациенттер1

   

- АИТВ коинфекциясы жоқ, бауыр циррозы бар немесе бауыр циррозы жоқ

- АИТВ коинфекциясы бар, бауыр циррозы жоқ

Олисио® +

пегинтерферон альфа + рибавирин5

24 апта 6

Олисио®препаратымен емді

пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде бастау керек, және 12 апта бойына жалғастыру керек. Осыдан кейін ем

пегинтерферон альфа және рибавиринмен кейінгі 12 апта бойына жалғастырылуы тиіс.

- АИТВ коинфекциясы және бауыр циррозы бар

Олисио® +

пегинтерферон альфа + рибавирин5

48 апта6

Олисио®препаратымен емді

пегинтерферон альфа және рибавиринмен үйлесімде бастау керек, және 12 апта бойына жалғастыру керек. Осыдан кейін ем

пегинтерферон альфа және рибавиринмен кейінгі 36 апта бойына жалғастырылуы тиіс.

1 немесе 4 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған, алдыңғы емге (ішінара және нөлдік жауабы бар пациенттерді қоса) жауап болмаған2, бауыр циррозы бар немесе бауыр циррозы жоқ, АИТВ коинфекциясы бар немесе АИТВ коинфекциясы жоқ пациенттер

Олисио® +

пегинтерферон альфа + рибавирин5

48 апта 6

Олисио®препаратымен емді

пегинтерферон альфа және рибавиринмен үйлесімде бастау керек, және 12 апта бойына жалғастыру керек.

Осыдан кейін ем

пегинтерферон альфа және рибавиринмен кейінгі 36 апта бойына жалғастырылуы тиіс.

.

1 Рибавиринмен немесе онсыз интерферонмен (пегилирленген немесе пегилирленбеген) алдыңғы емнен кейінгі рецидив

2 Рибавиринмен немесе онсыз интерферонмен (пегилирленген немесе пегилирленбеген) алдыңғы емге жауап болмауы

3 Рибавирин әрбір пациентке жеке-дара клиникалық баға беру негізінде ғана қосылуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар», «Жағымсыз әсерлері» бөлімдерін қараңыз). Ұсынылатын емнің ұзақтығы 12 аптаны құрайды. Олисио® препаратының софосбувирмен (рибавиринмен немесе онсыз) ұзағырақ емі (24 аптаға дейін) әрбір жағдайда жеке-дара негізде қарастырылуы тиіс («Айрықша нұсқаулар», «Жағымсыз әсерлері» бөлімдерін қараңыз).

4Олисио® препаратының софозбувирмен біріктірілімінде пациенттерді емдегенде емді тоқтатудың спецификалық ережесі жоқ.

5Генотипті 1a вирусынан туындаған созылмалы С гепатиті бар пациенттерде Олисио® препаратымен пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілген ем жүргізу мүмкіндігін қарастыруда, ем бастар алдында вирустың NS3 Q80K полиморфизмы барын зерттеу керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

6Емді тоқтату талап етілмеген жағдайдағы ұсынылатын емнің ұзақтығы

Пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімінде Олисио® қабылдайтын пациенттер үшін емнің 4, 12 және 24 апталарында СВГ РНҚ деңгейін анықтауға негізделген емді тоқтату ережелеріне қатысты 6 кестені қараңыз

Софосбувирмен Олисио® препаратымен емдеу үдерісінде талапқа сай емес вирусологиялық жауабы бар пациенттерде емді тоқтату

Олисио® препаратының софосбувирмен біріктірілген емінде қолданылуы мүмкін вирусқа қарсы емді тоқтату бойынша ережелер жоқ.

Олисио® препаратымен пегинтерферон альфа және рибавиринмен емдеу үдерісінде

Емдеу уақытында талапқа сай емес вирусологиялық жауабы бар пациенттерде тұрақты вирусологиялық жауапқа (ТВЖ) қол жеткізу ықтималдығы аз, және бұндай пациенттерде емді тоқтату ұсынылады.

6 кестеде Олисио® препаратымен емді пегинтерферон альфа және рибавиринмен қабылдайтын пациенттерде 4, 12 және 24 аптада СВГ РНҚ деңгейлеріне негізделген емді тоқтату ережелері келтірілген.

6 кесте. Емге талапқа сай емес вирусологиялық жауабы бар, Олисио® препаратымен пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілген ем қабылдайтын пациенттерде емді тоқтату ережелері.

Емнің аптасы

СВГ РНҚ деңгейі

Тактикасы

4

≥ 25 ХБ/мл

Олисио®, пегинтерферон альфа және рибавирин препараттарын тоқтату

12

≥ 25 ХБ /мл 1

Пегинтерферон альфа және рибавиринді тоқтату (Олисио®препаратымен ем 12 аптада аяқталған)

24

≥ 25 ХБ /мл 1

Пегинтерферон альфа және рибавиринді тоқтату

1 СВГ РНҚ алдыңғы анықталмайтын деңгейінен кейін егер вирустық жүктеме деңгейі СВГ РНҚ ≥ 25 ХБ/мл құраған жағдайда СВГ емін тоқтату туралы шешім қабылдар алдында, нәтижені растау үшін СВГ РНҚ зерттеуін қайта жүргізу ұсынылады.

Дозаны түзету немесе емді тоқтату

Емнің тиімсіздігін болдырмау мақсатында дозаны төмендету немесе Олисио® дәрілік препаратының емін тоқтатуға жол берілмейді. Қолайсыз реакциялар туындауы немесе талапқа сай емес вирусологиялық жауап болуы себепті Олисио® дәрілік препаратының емін тоқтату жағдайында осы препаратпен емді жаңғыртуға болмайды.

СГС емдегенде Олисио® препаратымен біріктірілімде пайдаланылатын дәрілік препараттарды дозалауды реттеу немесе қабылдауды тоқтату

Доза түзетуді немесе емді осы дәрілік препараттардың кез келгенімен тоқтату талап ететін, бірге қолданылатын дәрілік препараттарға потенциалды байланысы бар жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда тиісті дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаулықтарда көрсетілген нұсқауларды басшылыққа алу керек.

СГС емдегенде Олисио® препаратымен үйлесімде пайдаланылатын басқа дәрілік препараттарды қандай да бір себеппен тоқтатқан жағдайда Олисио® препаратымен емдеуді де сол сияқты тоқтату керек.

Егер рибавирин Олисио® және софосбувир препараттарымен емге қосылған және емді тоқтату қажеттігі туындаған жағдайда, емді жалғастырудың Олисио® және софосбувир препараттарымен ғана мүмкіндігін қарастыру керек.

Дозаны жіберіп алу

Олисио® дәрілік препаратын қабылдауда кешігіп қалу 12 сағаттан аз уақытты құраса, жіберіп алған дозаны мүмкін болғанша тамақпен бірге тезірек қабылдау керек, және одан әрі қарай әдеттегі дозалау режимін ұстану керек.

Олисио® дәрілік препаратын қабылдауда кешігіп қалу 12 сағаттан көп уақытты құраса, жіберіп алған дозаны қабылдаудың керегі жоқ; ал келесі доза әдеттегі кесте уақыты бойынша қабылдану керек.

Пациенттердің ерекше тобы

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Олисио® дәрілік препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер 65 жастан асқандарда шектеулі. 75 жастан асқан пациенттерде Олисио® дәрілік препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде Олисио® дәрілік препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде

«концентрация-уақыт» қисығы ауданының (AUC) артуы байқалды. Гемодиализдегі пациенттерді қоса, ауыр дәрежелі бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) немесе терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Олисио® дәрілік препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Олисио® препаратын ауыр дәрежелі бүйрек функциясы бұзылуымен СВГ бар пациенттерге сақтықпен тағайындау ұсынылады, өйткені симепревир концентрациясы пациенттердің бұл санатында жоғарылауы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде Олисио® препаратымен біріктірілімде пайдаланылатын дәрілік препараттарды қолдануға қатысты ақпараттар алу үшін медициналық қолдануы бойынша тиісінше нұсқаулықты зерттеу керек.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша А немесе В кластары) Олисио® препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша С класы) симепревир концентрациясы елеулі жоғарылаған, бұндай пациенттерде Олисио® препаратының дозасына қатысты ұсыныстар болмайды. С гепатиті және бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі (Чайлд-Пью бойынша B немесе C кластары ) бұзылуы бар пациенттерде Олисио® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Осыған байланысты ауыр және орташа дәрежедегі бауыр функциясы бұзылуы және С вирусты гепатиті бар пациенттерге Олисио® препаратын тағайындағанда жоғары сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Декомпенсацияланған циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша B немесе C кластары) Олисио® препаратымен біріктірілімде пайдаланылатын дәрілік препараттарды қолдануға қатысты ақпараттар алу үшін медициналық қолдануы бойынша тиісінше нұсқаулықты зерттеу керек.

Нәсілі

Нәсілдік белгілеріне қарай доза түзету талап етілмейді.

Балалар

18 жасқа толмаған балаларда Олисио® препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі әзірге анықталмаған. Деректер жоқ.

СВГ/АИТВ-1 ко-инфекциясы бар пациенттер

СВГ/АИТВ-1 ко- инфекциясын жұқтырған пациенттерде Олисио® препаратының дозасын түзету талап етілмейді.

СВГ/АИТВ-1 ко- инфекциясын жұқтырған пациенттер, СВГ емінің бұрынғы тарихына байланыссыз, СВГ моноинфекцияланған пациенттер сияқты сызбамен емделуі тиіс, бауыр циррозы бар ко-инфекциясын жұқтырған пациенттер бұған қосылмайды, оларға Олисио® препаратымен пегинтерферон альфа және рибавиринмен 12 апталық біріктірілген ем аяқталғаннан кейін 36 апта бойына пегинтерферон альфа және рибавиринмен ем қабылдау керек (емнің жалпы ұзақтығы 48 апта құрайды).

Антиретровирусты препараттармен өзара әрекеттесулері туралы ақпарат алу үшін «Айрықша нұсқаулар» және «Дәрілік өзара әрекеттесулер» бөлімін қараңдар.

Жағымсыз әсерлері

Олисио® дәрілік препаратын созылмалы С гепатитін емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен үйлесімде қолдану керек. Пегинтерферон альфа және рибавиринмен емдегенде байқалатын жағымсыз реакциялар қолданылуы бойынша тиісті нұсқаулықтарда сипатталған.

Пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде қолданылуы

Бұрын ем қабылдамаған, немесе рибавиринмен немесе онсыз интерферон негізіндегі тиімсіз алдыңғы емі болған, 1 генотипті СВГ бар пациенттерде пегинтерферон альфа және рибавирин біріктірілімінде қолданғанда симепревир қауіпсіздігінің жалпы бейіні II фазаның екі клиникалық зерттеулерінен (C205 және C206 зерттеулері) және III фазаның 3 клиникалық зерттеулерінен (C208, C216 және HPC3007 зерттеулері) алынған жиынтық деректерге негізделген. II және III фазаларының зерттеулерінен алынған жиынтық деректерге пегинтерферон альфа және рибавиринмен үйлесімдегі симепревир қабылдаған 1486 пациенттің (олардың ішінде 12 апта бойына тәулігіне 1 рет 150 мг дозада симепревир қабылдаған 924 пациент бар) және пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо қабылдаған 540 пациенттің ақпараты енгізілген.

Қауіпсіздік бойынша III фаза зерттеулерінің жиынтық деректеріндегі симепревирмен 12 апталық ем барысында тіркелген жағымсыз реакцияларының көпшілігі ауырлығы бойынша 1 немесе 2 дәрежеге жатады. 3 немесе 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо қабылдаған пациенттердің 0,5%-мен салыстырғанда симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған пациенттердің 3,1%-да тіркелген. Күрделі жағымсыз реакциялар симепревирмен біріктірілімде ем қабылдаған пациенттердің 0,3%-да (ауруханаға жатқызу қажеттілігі бар, фотосезімталдықтың 2 жағдайы) анықталған, және пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо қабылдаған пациенттердің арасында бір де бір жағдай болмаған.

Емнің бірінші 12 аптасы ішінде жиірек (≥ 5% жиілікпен) анықталған жағымсыз реакциялар жүрек айнуы, бөртпе, қышыну, ентігу, қандағы билирубин артуы және фотосезімталдық реакциялары болған («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жағымсыз реакцияларға байланысты симепревир қабылдауды тоқтату симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен бірге қабылдаған пациенттердің 0,9% -да талап етілген.

1 және 4 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған пациенттер топтары арасындағы симепревирдің қауіпсіздік бейіні шамалас.

Жағымсыз реакцияларының кесте тізбесі

Жағымсыз реакциялары туралы мәліметтер 7 кестеде келтірілген, жағымсыз реакциялар ағза жүйесі класына (АЖК) және кездесу жиілігіне сәйкес берілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - дейін <1/10), жиі емес (≥ 1/1,000 - дейін <1/100), сирек (≥ 1/10,000 - дейін <1/1,000), өте сирек (<1/10,000).

7 кесте. 1 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердегі симепревирмен, пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілген емде анықталған (C208, C216 және HPC3007 III фаза зерттеулерінің нәтижесі бойынша; емнің бірінші 12 аптасы; тағайындалған емге сәйкес талдау).

Ағзалар жүйесінің класы

Кездесу жиілігінің санаты

Симепревир + пегинтерферон альфа + рибавирин

N=781

Респираторлық аурулар,

кеуде қуысы ағзаларының аурулары

және

көкірек ортасы

өте жиі

диспноэ *

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар

өте жиі

жүрек айнуы

жиі

іш қатуы

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар

жиі

қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы*

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар

өте жиі

бөртпе*, қышыну*

жиі

фотосезімталдық реакциялары*

*қосымша ақпарат алу үшін төмендегі бөлімді қараңыз

Жеке дара жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Бөртпе және қышыну

Симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған плацебо тобындағы пациенттердің тиісінше 16,6% және 14,6%-мен салыстырғанда симепревирмен 12 апталық ем бойына бөртпе және қышыну пациенттердің 21,8% -да және 21,9%-да тіркелген (барлық дәрежедегі, III фазаның бірлескен деректері). Симепревир қабылдаған пациенттердегі бөртпе және қышынудың білінулерінің көпшілігі ауырлықтың жеңіл немесе орташа дәрежесі болды (1 немесе 2 дәрежелі). Бөртпе және қышынудың 3 дәрежесі симепревир қабылдаған пациенттердің, тиісінше 0,5% және 0,1%-да тіркелген. Бөртпе немесе қышыну салдарынан симепревирмен емді тоқтату симепревир қабылдаған науқастардың 0,8% және 0,1%-да, пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо тобындағы науқастардың тиісінше 0,3% және 0%-да талап етілді.

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде қабылдаған плацебо тобындағы пациенттердің 2,8%-мен салыстырғанда симепревирмен 12 апталық ем қабылдаған науқастардың 7,4%-да тіркелген (барлық дәрежедегі, III фазаның бірлескен деректері). Қандағы билирубин деңгейінің 3 немесе 4 дәрежелі жоғарылауы симепревир қабылдаған пациенттердің тиісінше 2% және 0,3% тіркелген (III фаза зерттеулерінің бірлескен деректеріне сәйкес)

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы салдарынан симепревирмен емді тоқтату сирек жағдайларда (0,1%; n=1) талап етілді. Тікелей және тікелей емес билирубиннің деңгейінің жоғарылауы симепревирді пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде қолдану кезінде көп жағдайларда бауырда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауымен қатар жүрмеген және ем аяқталған соң қалыпқа келген.

Фотосезімталдық реакциялары

Пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо емін қабылдаған пациенттердің 0,8%-мен салыстырғанда 12 апталық ем кезінде фотосезімталдық реакциялары симепревирді қабылдаған пациенттердің 4,7%-да анықталды (барлық дәрежедегі; III фазаның зерттеулерінің бірлескен деректері). Симепревирді қабылдаған пациенттердің фотосезімталдық реакцияларының көпшілігі әлсіз немесе ауырлығы орташа дәрежелі болды (1 немесе 2 дәрежелі); симепревирді қабылдаған пациенттердің 0,3%-ы ауруханаға жатқызуға себеп болған күрделі жағымсыз реакцияларды өткерген («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ентігу

Пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо емін қабылдаған пациенттердің 7,6% -мен салыстырғанда симепревирмен 12 апталық бірінші ем кезінде симепревирді қабылдаған пациенттердің 11,8%-да ентігу анықталды (барлық дәрежелі; III фаза бірлескен деректеріне сәйкес).

Ауырлығы 1 немесе 2 дәрежелі жағымсыз реакциялар байқалды, оның бір де біреуі бір де бір зерттеуде емнің тоқтауына алып келмеді. Пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімде плацебо қабылдаған пациенттердің 9,1%-мен салыстырғанда симепревирді қабылдаған 45 жастан асқан пациенттердің 16,4%-да ентігу анықталды (барлық дәрежелі; III фаза бірлескен деректері).

Жүрек ырғағы бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зертханалық көрсеткіштер тарапынан ауытқулар

Топтардың арасындағы гемоглобин деңгейі немесе нейтрофилдер және тромбоциттер мөлшерінің айырмашылығы тіркелмеген. Ем барысында симепревирмен емдеуде пегинтерферон альфа және рибавиринмен плацебо біріктірілімімен салыстырғанда зертханалық көрсеткіштер тарапынан туындаған ауытқулар үлкен жиілікпен тіркелгені 8 кестеде келтірілген.

8 кесте. Пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімінде симепревирмен емдеуде үлкен жиілікпен анықталған ем барысында туындаған зертханалық көрсеткіштер (ДДҰ 1-ден 4-ке дейінгі шкаласы бойынша уыттылықтың ең жоғары дәрежесі бар) тарапынан ауытқулар (III фаза зерттеулері нәтижесі бойынша C208, C216 және HPC3007; емнің бірінші 12 аптасы; тағайындалған емге сәйкес талдау).

Зертханалық көрсеткіш

ДДҰ уыттылық аралығы

Симепревир +

пегинтерферон альфа + рибавирин N=781

n (%)

Сілтілік фосфатаза

1 дәрежелі

≥ 1,25 дейін ≤ 2, 50 x ULN

26 (3,3%)

2 дәрежелі

> 2,50 дейін ≤ 5, 00 x ULN

1 (0,1%)

Гипербилирубинемия

1 дәрежелі

≥ 1,1 дейін ≤ 1, 5 x ULN

208 (26,7%)

2 дәрежелі

> 1,5 дейін ≤ 2, 5 x ULN

143 (18,3%)

3 дәрежелі

> 2,5 дейін ≤ 5, 0 x ULN

32 (4,1%)

4 дәрежелі

> 5,0 x ULN

3 (0,4%)

ULN = қалыптың жоғарғы шегі

Софосбувирмен рибавиринмен үйлесімде немесе онсыз қолданылуы

Симепревирдің софосбувирмен үйлесіміндегі, рибавиринмен немесе онсыз біріктіріліміне баға берген HPC2002 зерттеулерінде, симепревирдің пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімі үшін анықталғаннан басқа, қауіпсіздік бойынша жаңа деректердің сәйкестігі болмады; софосбувирмен біріктірілімдегі 12 апталық симепревирмен емнің кезінде жиілігі көбірек (>10%) болған төмендегі жағымсыз реакциялар туралы хабарланған: шаршағыштық (25%), бас ауыруы (21%), жүрек айнуы (21%), ұйқысыздық (14%) және қышыну (11%).

Симепревирмен 12 апталық емнің кезінде тіркелген, ерекше назар аударылатын, басқа да жағымсыз құбылыстар: бөртпе (симепревирді рибавиринмен және софосбувирмен үйлесімде қабылдаған пациенттердегі 20%-бен салыстырғанда симепривирді софосбувирмен үйлесімде рибавиринсіз қабылдаған пациенттерде 11% -), анемия (тиісінше 13% қарсы 0 %), жарыққа сезімталдық реакциялары (тиісінше 6% қарсы 7 %) және билирубин артуы (тиісінше 9% қарсы 0 %) болды.

Ерекше топтың пациенттерінде қолданылуы бойынша қосымша ақпарат

АИТВ-1 ко-инфекция жұқтырған пациенттер

Симепревирдің пегинтерферон альфамен және рибавиринмен үйлесімдегі қауіпсіздік бейіні АИТВ-1 ко-инфекциясы немесе онсыз 1 генотипті СВГ инфекциясын жұқтырған пациенттердегімен шамалас.

Азиялық пациенттер

Қытайда және Оңтүстік Кореяда азиялық пациенттерге жүргізілген пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктірілімдегі тәулігіне 1 рет 150 мг дозадағы 3 фаза зерттеулерінде Олисио® препаратының қауіпсіздік бейіні қандағы билирубин деңгейінің жоғарылау жиілігін қоспағанда, ғаламдық зерттеулердегі 3 фазаның біріктірілген деректері бар азиялық емес пациенттердегімен салыстырарлық болды (9 кестені қараңыз).

9 кесте. Симепревирмен емдегі немесе пегинтерферон альфа және рибавирин біріктірілімімен плацебо (емнің алғашқы 12 аптасы) 3 фаза HPC3005 зерттеулері нәтижелері бойынша азиялық пациенттерде, C208, C216 және HPC3007 3 фаза зерттеулеріндегі біріктірілген деректермен салыстырудағы бақыланған "қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы"

 

Азиялық пациенттердегі 3 фаза зерттеулері

3 фазаның біріктірілген деректері

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

Симепревир +

пегинтерферон альфа + рибавирин N=152

n (%)

Плацебо +

пегинтерферон альфа + рибавирин N=152

n (%)

Симепревир +

пегинтерферон альфа + рибавирин N=781

n (%)

Плацебо +

пегинтерферон альфа + рибавирин N=397

n (%)

Барлық дәрежелер

67 (44.1%)

28 (18.4%)

58 (7.4%)

11 (2.8%)

3 дәрежелі

10 (6.6%)

2 (1.3%)

16 (2.0%)

2 (0.5%)

4 дәрежелі

0 (0%)

0 (0%)

2 (0.3%)

0 (0%)

Тоқтату

1 (0.7%)

0 (0%)

1 (0.1%)

0 (0%)

Симепревирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен қабылдау уақытында, тікелей және тікелей емес билирубин жоғарылауы, әдетте, бауыр трансаминазалары жоғарылауымен байланысты емес және ем тоқтатылғаннан кейін қалпына келеді.

Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде симепревир экспозициясы елеулі жоғары («Қолдану тәсілі және дозалары» және «Фармакокинетикасы» бөлімдерін қараңыз). Симепревирдің плазмадағы концентрациясы артуымен билирубин деңгейі жоғарылауының жағдайларының арту үрдісі байқалды. Билирубин деңгейі жоғарылауының бұл жағдайлары бауыр функциясына қолайсыз реакциялары жағдайының бір де бірімен байланысты болмаған. Үдемелі фиброзы бар пациенттерде анемияның аса жоғары деңгейі туралы хабарланған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- 2, 3, 5 немесе 6 генотипті СВГ жұқтырған пациенттер;

- CYP3A4 орташа/күшті тежегіші немесе индукторы болып табылатын заттармен Олисио® препаратын бір мезгілде қолдану;

- галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

- карбамазепинмен, окскарбазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, астемизолмен, терфенадинмен, жүйелі қолданылатын эритромицинмен, кларитромицинмен, телитромицинмен, жүйелі қолданылатын флуконазолмен, жүйелі қолданылатын вориконазолмен, жүйелі қолданылатын итраконазолмен, жүйелі қолданылатын кетоконазолмен, жүйелі қолданылатын позаконазолмен, рифампицинмен, рифабутинмен, рифапентинмен, жүйелі қолданылатын дексаметазонмен, цизапридпен, ледипасвирмен, сүт ошаған (Silybum marianum), құрамында шілтерлі шайқурай бар препараттармен (Hypericum perforatum), эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, невирапинмен, дарунавирмен/ритонавирмен, ритонавирмен, ритонавирмен күшейтілген/ күшейтілмеген АИТВ протеаза тежегіштерімен, құрамында кобицистат бар препараттармен, циклоспоринмен бір мезгілде қолдану.

Сондай-ақ бірге қолданылатын препараттардың медициналық қолдануы бойынша нұсқаулықтарында көрсетілген қолдануға болмайтын жағдайлар

Олисио®препаратымен біріктірілген емде де ескерілуі тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Симепревир концентрациясына әсер ететін дәрілік препараттар

Симепревир биотрансформациясына қатысатын негізгісі CYP3A4 изоферменті болып табылады, осыған байланысты симепревир фармакокинетикасына басқа дәрілік препараттардың клиникалық елеулі әсері CYP3A4 изоферменті арқылы дамуы мүмкін. Олисио® препаратын орташа немесе күшті CYP3A4 тежегіштерімен бірге қолдану плазмадағы симепревир концентрациясын елеулі арттыруы мүмкін, сонымен бірге орташа немесе күшті CYP3A4 индукторларымен үйлестірілген ем плазмадағы симепревир концентрациясын елеулі азайтуы мүмкін және оның тиімділігінің жойылуына алып келуі мүмкін (10 кестені қараңыз). Осыған байланысты Олисио® препаратын орташа немесе күшті CYP3A4 тежегіштері немесе индукторлары болып келетін заттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Симепревирдің бауырда жинақталуы OATP1B1/3 байланысты. Элтромбопаг немесе гемфиброзил сияқты OATP1B1/3 тежегіштері плазмадағы симепревир концентрациясының орташа ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Симепревирді қолдану белсенділігіне әсер ететін дәрілік препараттар

Симепревир ішектің CYP1A2 белсенділігін және CYP3A4 белсенділігін әлсіз тежейді, бұл арада бауырдың CYP3A4 белсенділігіне әсер етпейді. Олисио® препаратының бәрінен бұрын CYP3A4 метаболизденетін дәрілік препараттармен біріктірілген емі осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясы жоғарылауына алып келуі мүмкін (10 кестені қараңыз).

In vivo симепревир CYP2C9, CYP2C19 немесе CYP2D6 белсенділігіне әсер етпейді. Симепревир OATP1B1/3 және гликопротеин Р және BCRP тасымалдаушыларын тежейді. Олисио® препаратының OATP1B1/3ь субстраттары және гликопротеин Р және BCRP  тасымалдаушылары болып табылатын дәрілік препараттармен біріктірілген емі аталған дәрілік препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін (10 кестені қараңыз).

Өзара әрекеттесулерінің кестесі

10 кестеде симепревир және басқа да дәрілік препараттардың арасындағы белгілі және теориялық болжамды өзара әрекеттесулерге қатысты ақпараттар келтірілген (90%-дық сенімді аралықтағы ең кіші квадраттар әдісімен есептелген фармакокинетикалық параметрлердің өзгерістерінің орташа мәнімен берілген; ұлғаюы «↑», төмендеуі – «↓», өзгерістер жоқтығы – «↔» символымен белгіленеді). Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер, егер басқасы көрсетілмесе, симепревирдің тәулігіне бір рет 150 мг ұсынылатын дозасы бар дені сау ересек адамдарда жүргізілген.

10 кесте. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері және доза түзету бойынша ұсыныстар.

Емдік аймаққа сәйкес дәрілік препараттар

Дәрілік заттың деңгейіне әсері

Орташа мән шегінің арақатынасы (90% сенімді аралық)

Біріктірілген емдегі ұсыныстар

АНАЛЕПТИКТЕР

Кофеин

150 мг

кофеин AUC 1,26 (1,21-1,32) ↑

кофеин Cmax 1,12 (1,06-1,19) ↔

кофеин Cmin зерттелмеген

Дозаны түзету талап етілмейді.

АРИТМИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Дигоксин

0,25 мг

дигоксин AUC 1,39 (1,16-1,67) ↑

дигоксин Cmax 1,31 (1,14-1,51) ↑ дигоксин Cmin зерттелмеген

(гликопротеин Р тасымалдаушысын тежеу)

Дигоксин концентрациясы бақылануы және қажетті клиникалық әсер алу үшін дигоксин дозасын титрлеуде ескерілуі тиіс.

Амиодарон

Зерттелмеген. Амиодаронды

пероральді қолданғанда амиодарон

концентрациясының орташа жоғарылауы күтіледі

(CYP3A4 ішек энзимінің тежелуі)

Амиодаронмен CYP3A4 тежелуі салдарынан симепревирдің концентрациясының орташа жоғарылауы туындауы мүмкін.

Софосбувирсіз емдеу режимі:Амиодаронды ішу арқылы қолданғанда сақтық шараларын ескеру керек және емдік және/немесе клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (ЭКГ және т.б.).

Софосбувирмен емдеу режимі:егер баламалы емдеу әдісі қол жетімсіз болса ғана қолдану керек, егер Олисио® препаратын софосбувирмен үйлесімде қолданса мұқият мониторинг ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Дизопирамид Флекаинид Мексилетин Пропафенон Хинидин

Зерттелмеген. Бұл аритмияға қарсы дәрілерді пероральді қолданғанда концентрациясының орташа жоғарылауы күтіледі

(CYP3A4 ішек энзимінің тежелуі)

Бұл аритмияға қарсы препараттарды пероральді қолданғанда сақтық шараларын ұстану және емдік және/немесе клиникалық мониторинг (ЭКГ және т.б.) жүргізу ұсынылады.

АНТИКОАГУЛЯНТТАР

Варфарин

10 мг

S-варфарин AUC 1,04 (1,00-1,07) ↔

S-варфарин Cmax 1,00 (0,94-1,06) ↔

S-варфарин Cmin зерттелмеген

Дозаны түзету талап етілмейді. Алайда, халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) бақылануы ұсынылады.

ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Карбамазепин

Окскарбазепин

Фенобарбитал

Фенитоин

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының елеулі төмендеуі күтіледі

(CYP3A4 күшті индукциясы)

Олисио®препаратын құрысуға қарсы бұл препараттармен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік әсерінің жойылуына әкелуі мүмкін.

АНТИДЕПРЕССАНТТАР

Эсциталопрам

күніне бір рет 10 мг

эсциталопрам AUC 1,00 (0,97-1,03) ↔

эсциталопрам Cmax 1,03 (0,99-1,07) ↔

эсциталопрам Cmin 1,00 (0,95-1,05) ↔

симепревир AUC 0,75 (0,68-0,83) ↓

симепревир Cmax 0,80 (0,71-0,89) ↓

симепревир Cmin 0,68 (0,59-0,79) ↓

Дозаны түзету талап етілмейді.

АНТИГИСТАМИНДІК ПРЕПАРАТТАР

Астемизол

Терфенадин

Зерттелмеген. Астемизол және терфенадин жүрек аритмиясын туындатуы мүмкін, осы антигистаминдік препараттардың концентрацияларының орташа жоғарылауы мүмкін

(CYP3A4 ішек энзимінің тежелуі)

Олисио® препаратын астемизолмен немесе

терфенадинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.

ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Антибиотик –макролидтер (жүйелі қолданылатын)

Азитромицин

Зерттелмеген. Азитромициннің шығарылу жолдарын ескере отырып, азитромицин және симепревирдің арасында өзара дәрілік әрекеттесулер болжанбайды.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Эритромицин

500 мг күніне үш рет

эритромицин AUC 1,90 (1, 53-2, 36) ↑

эритромицин Cmax 1,59 (1, 23-2, 05) ↑

эритромицин Cmin 3,08 (2, 54-3, 73) ↑

симепревир AUC 7,47 (6, 41-8, 70) ↑

симепревир Cmax 4,53 (3, 91-5, 25) ↑

симепревир Cmin 12,74 (10, 19-15, 93) ↑

(CYP3A4 ферменті және гликопротеин Р тасымалдаушысының эритромицинмен және симепревирмен тежелуі )

Олисио® препаратын жүйелі қолданылатын эритромицинмен біріктірілімде қабылдау ұсынылмайды.

Кларитромицин

Телитромицин

Зерттелмеген. Симепревирдің плазмадағы концентрациясының ұлғаюы болжанады.

(CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші)

Олисио® препаратын кларитромицинмен немесе телитромицинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.

Зеңге қарсы препараттар (жүйелі қолданылатын)

Итраконазол

Кетоконазол * Позаконазол

Зерттелмеген. Симепревирдің плазмадағы концентрациясының елеулі ұлғаюы болжанады.

(CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші)

Олисио® препаратын жүйелі қолданылатын итраконазолмен, кетоконазолмен немесе позаконазолмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.

Флуконазол

Вориконазол

Зерттелмеген. Симепревирдің плазмадағы концентрациясының елеулі ұлғаюы болжанады.

(CYP3A4 ферментінің әлсізден орташа дәрежеге дейін тежелуі)

Олисио® препаратын жүйелі қолданылатын флуконазолмен немесе

вориконазолмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды.

Микобактерияларға қарсы препараттар

Бедаквилин

Зерттелмеген. Препараттың клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Рифампицин1

600 мг күніне бір рет

рифампицин AUC 1,00 (0, 93-1,08) ↔

рифампицин Cmax 0,92 (0, 80-1,07) ↔ рифампицин Cmin зерттелмеген

25-дезацетил-рифампицин AUC 1,24 (1,13-1,36) ↑

25-дезацетил-рифампицин Cmax 1,08 (0,98-1,19) ↔

25-дезацетил-рифампицин Cmin зерттелмеген

симепревир AUC 0,52 (0,41-0,67) ↓

симепревир Cmax 1,31 (1,03-1,66) ↑

симепревир Cmin 0,08 (0,06-0,11) ↓

(CYP3A4 ферментін индукциялау)

Олисио® препаратын рифампицинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Рифабутин

Рифапентин

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының төмендеуі күтіледі.

(CYP3A4 ферментін индукциялау)

Олисио® препаратын рифабутинмен немесе рифапентинмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік тиімділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін.

ЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Декстрометорфан

(DXM)

30 мг

DXM AUC 1,08 (0,87-1,35) ↑

DXM Cmax 1,21 (0,93-1,57) ↑

DXM Cmin зерттелмеген

декстрорфан AUC 1,09 (1,03-1,15) ↔

декстрорфан Cmax 1,03 (0,93-1,15) ↔ декстрорфан Cmin зерттелмеген

Дозаны түзету талап етілмейді.

КАЛЬЦИЙ ӨЗЕКШЕЛЕРІНІҢ БЛОКАТОР ПРЕПАРАТТАРЫ (пероральді қолдануға арналған)

Амлодипин

Бепридил Дилтиазем Фелодипин Никардипин Нифедипин Низолдипин Верапамил

Зерттелмеген. Пероральді қабылдағанда кальций өзекшелерінің блокаторларының концентрациясының жоғарылауы күтіледі,

(CYP3A4 ішек энзимі және гликопротеин Р тасымалдаушысының тежегіші)

Симепревир концентрациясының жоғарылауы амлодипинмен CYP3A4 әлсіз тежелуін және дилтиаземмен және верапамилмен CYP3A4 орташа тежелуін туындатуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторларын пероральді қолданғанда сақтық шараларын ескеру және пациенттердің клиникалық мониторингін жүргізу ұсынылады.

ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТАР

Дексаметазон

(жүйелік қолданылатын)

Зерттелмеген. Симепревир плазмадағы концентрациясының төмендеуі күтіледі.

(энзимнің орташа CYP3A4 индукциялануы)

Олисио® препаратын жүйелі қолдануға арналған дексаметазонмен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік әсерінің жойылуына алып келуі мүмкін.

Будесонид

Флутиказон

Метилпреднизо-лон

Преднизон

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

АСҚАЗАН-ІШЕК ПРЕПАРАТТАРЫ

Антацидті дәрілер

Алюминий немесе магний гидроксидтері, кальций карбонаты

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді

H2-рецепторлардың антагонистері

Циметидин,

низатидин, ранитидин

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Асқазан-ішек жолдарының моторикасын стимуляциялайтын препараттар

Цизаприд

Зерттелмеген. Цизаприд жүрек аритмиясына алып келуі мүмкін. Цизаприд концентрациясының жоғарылауы күтіледі.

(CYP3A4 ішек ферментін тежеу)

Олисио® препаратын цизапридпен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Протондық сорғы тежегіштері

Омепразол

40 мг

омепразол AUC 1,21 (1,00-1,46) ↑

омепразол Cmax 1,14 (0, 93-1,39) ↑

омепразол Cmin зерттелмеген

Дозаны түзету талап етілмейді.

Декслансопразол

Эзомепразол Лансопразол Пантопразол Рабепразол

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

СВГ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР

Вирусқа қарсы

Даклатасвир

60 мг күніне бір рет

даклатасвир AUC 1,96 (1,84-2,10) ↑ даклатасвир Cmax 1,50 (1,39-1,62) ↑

даклатасвир Cmin 2,68 (2,42-2,98) ↑

симепревир AUC 1,44 (1,32-1,56) ↑

симепревир Cmax 1,39 (1,27-1,52) ↑ симепревир Cmin 1.49 (1.33-1.67) ↑

Бұл препараттардың ешбіріне осы біріктірілімде доза түзету талап етілмейді

Ледипасвир

30 мг күніне бір рет

ледипасвир AUC 1.92 (1.77-2.07) ↑

ледипасвир Cmax 1.81 (1.69-2.94) ↑

ледипасвир Cmin зерттелмеген

симепревир AUC 2.69 (2.44-2.96) ↑

симепревир Cmax 2.61 (2.34-2.86) ↑

симепревир Cmin зерттелмеген

Ледипасивир және симепревир концентрациясы оларды бірге қолданғанда артады.

Олисио® препаратын

ледипасвирмен

біріктірілімде

қолдану

ұсынылмайды.

Софосбувир2

400 мг күніне бір рет

софосбувир AUC 3,16 (2,25-4,44) ↑

софосбувир Cmax 1,91 (1,26-2,90) ↑

софосбувир Cmin зерттелмеген

GS-331007 AUC 1,09 (0,87-1,37) ↔

GS-331007 Cmax 0,69 (0,52-0,93) ↓

GS-331007 Cmin зерттелмеген симепревир AUC 0,94 (0,67-1,33) ↔

симепревир Cmax 0,96 (0,71-1,30) ↔ симепревир Cmin зерттелмеген

Фармакокинетиканың алдын ала қосалқы зерттеулерінде бақыланған софосбувир концентрациясының артуы клиникалық елеулі болмайды.

ӨСІМДІК ТЕКТІ ПРЕПАРАТТАР

Сүтті ошаған (алатікен) (Silybum

marianum)

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының жоғарылауы болжанады.

(CYP3A4 ферментінің тежелуі)

Олисио® препаратын сүтті ошағанмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Шілтерлі шайқурай

(Hypericum perforatum)

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының елеулі жоғарылауы болжанады.

(CYP3A4 ферментін индукциялау)

Олисио® препаратын құрамында шілтерлі шайқурай бар препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік әсерінің жойылуына алып келуі мүмкін.

АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР

Антиретровирустық – CCR5 антагонистері

Маравирок

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Бұл препараттардың бір де біреуіне берілген біріктірілімде дозаны түзету талап етілмейді.

Антиретровирустық интеграза тежегіштері

Ралтегравир

400 мг күніне екі рет

ралтегравир AUC 1,08 (0,85-1,38) ↑

ралтегравир Cmax 1,03 (0,78-1,36) ↔

ралтегравир Cmin 1,14 (0,97-1,36) ↑

симепревир AUC 0,89 (0,81-0,98) ↔

симепревир Cmax 0,93 (0,85-1,02) ↔

симепревир Cmin 0,86 (0,75-0,98) ↓

Дозаны түзету талап етілмейді.

Долутегравир

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Антиретровирустық препараттаркері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері

Эфавиренз

600 мг күніне бір рет

эфавиренз AUC 0,90 (0,85-0,95) ↔

эфавиренз Cmax 0,97 (0,89-1,06) ↔

эфавиренз Cmin 0,87 (0,81-0,93) ↔

симепревир AUC 0,29 (0,26-0,33) ↓

симепревир Cmax 0,49 (0, 44-0,54) ↓

симепревир Cmin 0,09 (0,08-0,12) ↓

(CYP3A4 энзимін индукциялау)

Олисио® препаратын эфавирензбен біріктіріп қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл Олисио® препаратының емдік әсерінің жойылуына алып келуі мүмкін.

Рилпивирин

25 мг күніне бір рет

рилпивирин AUC 1,12 (1,05-1,19) ↔

рилпивирин Cmax 1,04 (0,95-1,13) ↔

рилпивирин Cmin 1,25 (1,16-1,35) ↑

симепревир AUC 1,06 (0,94-1,19) ↔

симепревир Cmax 1,10 (0,97-1,26) ↑

симепревир Cmin 0,96 (0,83-1,11) ↔

Дозаны түзету талап етілмейді.

Басқа КТНЕТ

(делавирдин,

этравирин,

невирапин)

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының өзгеруі болжанады.

(CYP3A4 ферментін индукциялау [этравиринмен немесе невирапинмен] немесе тежеу [делавирдин]).

Олисио® препаратын делавирдинмен, этравиринмен

немесе невирапинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Антиретровирустық препараттар – кері транскриптазаның нуклеозидты немесе нуклеотидты тежегіштері

Тенофовир дизопроксил фумараты 300 мг күніне бір рет

тенофовир AUC 1,18 (1,13-1,24) ↔

тенофовир Cmax 1,19 (1, 10-1,30) ↑

тенофовир Cmin 1,24 (1,15-1,33) ↑

симепревир AUC 0,86 (0,76-0,98) ↓

симепревир Cmax 0,85 (0,73-0,99) ↓

симепревир Cmin 0,93 (0,78-1,11) ↓

Дозаны түзету талап етілмейді.

Басқа КТНТ

(абакавир, диданозин, эмтрицитабин, ламивудин, ставудин, зидовудин)

Зерттелмеген. Дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі реакциялары күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Антиретровирустық препараттар протеаза тежегіштері

Дарунавир/

ритонавир3

800/100 мг күніне бір рет

дарунавир AUC 1,18 (1,11-1,25) ↑

дарунавир Cmax 1,04 (0,99-1,10) ↔

дарунавир Cmin 1,31 (1,13-1,52) ↑

ритонавир AUC 1,32 (1,25-1,40) ↑

ритонавир Cmax 1,23 (1,14-1,32) ↑

ритонавир Cmin 1,44 (1,30-1,61) ↑

симепревир AUC 2,59 (2,15-3,11) ↑*

симепревир Cmax 1,79 (1,55-2,06) ↑*

симепревир Cmin 4,58 (3,54-5,92) ↑*

* симепревирдің 150 мг монотерапиясымен салыстырғандағы дарунавир/ритонавир + 50 мг симепревир .

(CYP3A4 энзимінің күшті тежегіші)

Олисио® препаратын дарунавир/ ритонавир біріктірілімімен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Ритонавир1

100 мг күніне екі рет

симепревир AUC 7,18 (5,63-9,15) ↑

симепревир Cmax 4,70 (3,84-5,76) ↑

симепревир Cmin 14,35 (10,29-20,01) ↑

(CYP3A4 энзимінің күшті тежегіші)

Олисио® препаратын ритонавирмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Ритонавирмен күшейтілген немесе ритонавирмен күшейтілмеген басқа да АИТВ протеаза тежегіштері

(атазанавир,

фосампренавир, лопинавир, индинавир,

нелфинавир, саквинавир,

типранавир)

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының өзгерулері күтіледі

(CYP3A4 энзимін индукциялау немесе тежеу).

Олисио® препаратын ритонавирмен немесе онсыз АИТВ протеаза тежегіштерінің біреуімен де біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Құрамында кобицистат бар дәрілік препараттар

Зерттелмеген. Плазмадағы симепревир концентрациясының елеулі өзгерулері күтіледі.

(CYP3A4 энзимінің күшті тежегіші)

Олисио®препаратын құрамында кобицистат бар дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

ГМГ-КоА РЕДУКТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Розувастатин

10 мг

розувастатин AUC 2,81 (2,34-3,37) ↑

розувастатин Cmax 3,17 (2,57-3,91) ↑

розувастатин Cmin зерттелмеген

(OATP1B1/3, BCRP тасымалдағышын тежеу)

Олисио® препаратын розувастатинмен біріктіріп қолданғанда розувастатин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады және оның қауіпсіздігін бақылай отырып, ең аз қажетті дозаны пайдалану керек.

Питавастатин

Правастатин

Зерттелмеген. Плазмадағы питавастатин және правастатин концентрациясының жоғарылауы күтіледі.

(OATP1B1/3 тасымалдағышын тежеу)

Олисио® препаратын пивастатинмен және правастатинмен біріктіріп қолданғанда пивастатиннің және правастатин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады және оның қауіпсіздігін бақылай отырып, ең аз қажетті дозаны пайдалану керек.

Аторвастатин

40 мг

аторвастатин AUC 2,12 (1,72-2,62) ↑

аторвастатин Cmax 1,70 (1,42-2,04) ↑

аторвастатин Cmin зерттелмеген

2-OH-аторвастатин AUC 2,29 (2,08-2,52) ↑

2-OH-аторвастатин Cmax 1,98 (1,70-2,31) ↑

2-OH-аторвастатин Cmin зерттелмеген

(OATP1B1/3 тасымалдағышы және/немесе CYP3A4 энзимін тежеу)

Симепревир концентрациясының жоғарылауы аторвастатинмен OATP1B1 тежелуін туындатуы мүмкін.

Олисио® препаратын аторвастатинмен біріктіріп қолданғанда аторвастатин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады және оның қауіпсіздігін бақылай отырып, ең аз қажетті дозаны пайдалану керек.

Симвастатин

40 мг

симвастатин AUC 1,51 (1,32-1,73) ↑

симвастатин Cmax 1,46 (1,17-1,82) ↑

симвастатин Cmin зерттелмеген

симвастатин қышқылы AUC 1,88 (1,63-2,17) ↑

симвастатин қышқылы Cmax 3,03 (2,49-3,69) ↑

симвастатин қышқылы Cmin зерттелмеген

(OATP1B1 тасымалдаушысы және/немесе CYP3A4 энзимін тежеу )

Олисио® препаратын симвастатинмен біріктіріп қолданғанда симвастатин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады және оның қауіпсіздігін бақылай отырып, ең аз қажетті дозаны пайдалану керек.

Ловастатин

Зерттелмеген.

Ловастатин концентрациясының артуы күтіледі.

(OATP1B1 тасымалдаушысы және/немесе CYP3A4 энзимін тежеу)

Олисио® препаратын ловастатинмен біріктіріп қолданғанда ловастатин дозасын мұқият титрлеу ұсынылады және оның қауіпсіздігін бақылай отырып, ең аз қажетті дозаны пайдалану керек.

Флувастатин

Зерттелмеген. Препараттың клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

ГОРМОНАЛДЫҚ КОНТРАЦЕПТИВТЕР

Этинилэстрадиол және норэтиндрон

0,035 мг күніне бір рет/1 мг күніне бір рет

этинилэстрадиол AUC 1,12 (1,05-1,20) ↔

этинилэстрадиол Cmax 1,18 (1,09-1,27) ↑

этинилэстрадиол Cmin 1,00 (0,89-1,13) ↔

норэтиндрон AUC 1,15 (1,08-1,22) ↔

норэтиндрон Cmax 1,06 (0,99-1,14) ↔

норэтиндрон Cmin 1,24 (1,13-1,35) ↑

Дозаны түзету талап етілмейді.

ИММУНОСУПРЕССАНТТАР

Циклоспорин

100 мг

Пациент үшін таңдалған доза4

циклоспорин AUC 1,19 (1,13-1,26) ↑

циклоспорин Cmax 1,16 (1,07-1,26) ↑

циклоспорин Cmin зерттелмеген

симепревир AUC 5,81 (3,56-9,48) ↑5

симепревир Cmax 4,74 (3,12-7,18) ↑5

симепревир Cmin зерттелмеген5

OATP1B1/3, Р-гликопротеин және CYP3A циклоспоринмен тежелуі.

Олисио® препаратын циклоспоринмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Такролимус

2 мг

Пациент үшін таңдалған доза4

такролимус AUC 0,83 (0,59-1,16) ↓

такролимус Cmax 0,76 (0,65-0,90) ↓

такролимус Cmin зерттелмеген

симепревир AUC 1,85 (1,18-2,91) ↑6

симепревир Cmax 1,79 (1,22-2,62) ↑6

симепревир Cmin зерттелмеген6

OATP1B1 такролимуспен тежелуі

Олисио® препаратын такролимуспен осы біріктіріп емдеуде препараттардың бір де біреуіне доза түзету талап етілмейді . Қандағы такролимус концентрациясының мониторингі ұсынылады.

Сиролимус

Зерттелмеген. Плазмадағы сиролимус концентрациясының әлсіз жоғарылауы немесе төмендеуі болжанады.

Қандағы сиролимус концентрациясының мониторингі ұсынылады.

ЕСІРТКІЛІК АНАЛЬГЕТИКТЕР

Метадон7

30-150 мг күніне бір рет, жекеленген доза

R(-) метадон AUC 0,99 (0,91-1,09) ↔

R(-) метадон Cmax 1,03 (0,97-1,09) ↔

R(-) метадон Cmin 1,02 (0,93-1,12) ↔

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бупренорфин

Налоксон

Зерттелмеген. Клиникалық елеулі дәрілік өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Дозаны түзету талап етілмейді.

5 ТИПТІ ФОСФОДИЭСТЕРАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Силденафил

Тадалафил Варденафил

Зерттелмеген. PDE-5 тежегіштері концентрациясының орташа жоғарылауы болжанады.

(CYP3A4 ішек энзимінің тежелуі)

Симепревир концентрациясының орташа жоғарылауы силденафилмен OATP1B1 орташа тежелуімен шартталуы мүмкін.

Егер Олисио® препараты силденафилмен, варденафилмен немесе тадалафилмен эректильді дисфункцияны емдеу үшін көрсетілген дозаларда біріктірілген емде пайдаланылса дозаны түзету талап етілмейді.

Егер Олисио® препаратының силденафилмен немесе тадалафилмен біріктірілген емінде олар ұзақ уақыт өкпе артериялық гипертензиясын емдеу үшін пайдаланылатын дозаларда қолданылса PDE -5 тежегіштерінің дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

Емді PDE -5 тежегіштерінің азырақ дозасынан бастау ұсынылады және қажет болуына қарай клиникалық мониторингімен, қажеттілік шамасына қарай арттыру керек.

ТЫНЫШТАНДЫРАТЫН ПРЕПАРАТТАР/ ТРАНКВИЛИЗАТОРЛАР

Мидазолам

Пероральді: 0,075 мг/кг

Көктамыр ішіне:

0,025 мг/кг

Пероральді:

мидазолам AUC 1,45 (1,35-1,57) ↑

мидазолам Cmax 1,31 (1,19-1,45) ↓

мидазолам Cmin зерттелмеген

Көктамыр ішіне:

мидазолам AUC 1,10 (0,95-1,26) ↓

мидазолам Cmax 0,78 (0,52-1,17) ↓

мидазолам Cmin зерттелмеген.

(CYP3A4 ішек энзимін орташа тежеу)

Симепревир бауырда CYP3A4 тежемейтіндіктен көктамыр ішіне енгізгенде плазмадағы мидазолам концентрациясы өзгермеген.

Емдік индексі тар дәрілік препаратты Олисио® препаратын пероральді қабылдайтын үйлесімде емде қолданғанда сақтық шараларын ескеру ұсынылады.

Триазолам (пероральді )

Зерттелмеген. Триазолам концентрациясының әлсіз жоғарылауы болжанады.

(CYP3A4 ішек энзимін тежеу)

Емдік индексі тар дәрілік препаратты Олисио® препаратын пероральді қабылдайтын үйлесімде емде қолданғанда сақтық шараларын ескеру ұсынылады.

СТИМУЛЯТОРЛАР

Метилфенидат

Зерттелмеген. Дәрілер арасында клиникалық релевантты өзара әрекеттесулері жоқ.

Дозаны түзету талап етілмейді.

Әрбір фармакокинетикалық параметр үшін сілтеме бағыты (↑=жоғарылайды, ↓=төмендейді, ↔ =өзгеріссіз) 0,80 - 1,25 диапазонның (↔),төмен (↓) немесе жоғары (↑) шегінде болатын орташа геометриялық қатынастың 90%-дық сенімді аралығына негізделген.

1 Өзара әрекеттесулердің осы зерттеулері препараттармен үйлесімдегі емде ең жоғары әсерге жететін симепревир үшін болжамды ұсынылатын дозаларға қарағанда жоғары дозалар үшін орындалды. Дозалауға арналған ұсыныстарды симепревирдің ұсынылатын күн сайын тәулігіне бір рет 150 мг дозасында қолдануға болады .

2 Салыстыру ауру тарихын бақылауға негізделген. Симепревир және дәрілік препараттардың арасындағы өзара әрекеттесулерге СВГ инфекциясын жұқтырған 22 пациентте 2 фаза зерттеулері аясындағы алдын ала жүргізілген фармакокинетикалық субзерттеулерде баға берілген. Симепревирдің софосбувирмен үйлесімдегі қауіпсіздігі мен тиімділігі 3 фаза зерттеулерінде анықталмаған.

3 Бір бақылау тобындағы 150 мг симепревирмен салыстырғанда дарунавир/ритонавир препараттарымен кешенді үйлестірілген емде өзара әрекеттесулердің осы зерттеулеріндегі симепревир дозасы 50 мг құрады.

4 Оқшау клиникалық тәжірибеге сәйкес дәрігер шешімі бойынша пациент үшін таңдалған доза.

5 Салыстыру тарихын бақылауға негізделген. Бауырдың трансплантациясынан кейінгі 9 АИТВ-жұқтырған пациенттердегі II фаза зерттеулерінің аралық деректері.

6 Салыстыру тарихын бақылауға негізделген. Бауырдың трансплантациясынан кейінгі 11 АИТВ-жұқтырған пациенттердегі II фаза зерттеулерінің аралық деректері.

7 Симепревир және дәрілік препарат арасындағы өзара әрекеттесулер метадонмен тұрақты демеуші емде жүрген апиынға тәуелді ересектердегі фармакокинетикалық зерттеулерде бағаланды.

* Кетоконазол: АТХ қосымша жіктемесі күтіледі.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы ақпарат

Олисио® препаратының тиімділігі СВГ 2, 3, 5 немесе 6 генотиптерін жұқтырған пациенттерде зерттелмеген; сондықтан Олисио® препараты пациенттердің бұл санаттарын емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

СГС емдеудің монотерапиясында дәрілік зат ретінде Олисио® препаратын қолдануға рұқсат етілмейді; препарат басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде тағайындалуы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұл дәрілік препараттарға байланысты ерекше сақтандырулар және сақтық шаралары сондай-ақ оларды Олисио® препаратымен біріктірілімдегі емде қолданғанда да ескерілуі тиіс. NS3-4A протеаза тежегіштері негізінде СВГ алдындағы емі сәтсіз болған пациенттерге Олисио® препаратын пайдалану бойынша клиникалық деректер жоқ.

Бауыр декомпенсациясы және бауыр функциясы бұзылуы Бауыр декомпенсациясы және бауыр функциясы бұзылуы , оның ішінде өліммен аяқталғандары да маркетингтен кейінгі кезеңде Олисио® препаратының пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімінде және софосбувирмен үйлесімінде емдегенде тіркелді. Себеп-салдарлық байланысын анықтау қиын болса да, оның потенциалды қаупін жоққа шығаруға болмайды. Осылайша бауыр декомпенсациясының немесе бауыр функциясының бұзылуының жоғары қаупіне ұшыраған пациенттерде бауыр функциясын бағалау Олисио® препаратымен біріктірілген емге дейін және оның барысында бақылауда болуы тиіс.  Ауыр брадикардия және жүрек блокадасы

Брадикардия жағдайлары Олисио® препаратының софосбувирмен біріктірілімінде және амиодаронмен бірге емде бақыланды. Механизмі анықталмады. Аталған жағдай өмірге аса қауіпті болып табылады, сондықтан аритмияға қарсы басқа баламалы ем қол жетімсіз немесе қарсы көрсетілімі болғанда, амиодаронды Олисио® препаратының софосбувирмен біріктірілімінде емде жүрген пациенттерге тағайындау керек.Егер амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет саналса, Олисио® препаратының софосбувирмен біріктіріліміндегі емнің басында жүрек қызметіне мұқият мониторинг ұсынылады. Брадиаритмияның жоғары қаупі бары анықталған пациенттерді препараттарды бірге қабылдауды бастағаннан кейін тиісті клиникалық жағдайларда 48 сағат бойына үнемі бақылау керек. Амиодаронның жартылай шығарылу кезеңі ұзақтығынан мониторинг сондай-ақ жуырда (бірнеше ай ішінде) амиодарон тоқтатылғаннан кейінгі Олисио® препаратының софосбувирмен біріктірілімінде С гепатитін емдеу үшін қабылдауды бастаған пациенттерге де керек. Олисио® препаратының софосбувирмен біріктірілімінде және амиодаронмен үйлесімде басқа да препараттармен немесе онсыз ем қабылдаған, жүрек жиырылу жиілігі төмен барлық пациенттер сондай-ақ брадикардия симптомдары және жүрек блокадасы туралы ескертілуі тиіс және оларға симптомдар туындаған жағдайда жедел дәрігерге қаралу керектігі ұсынылады.

СВГ 1a генотипін жұқтырған пациенттерде симепревирдің қолданылуы

Q80K полиморфизмі жоқ, СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттермен салыстырғанда бақылаудың бастапқы нүктесінде полиморфизм NS3 Q80K бар СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттерде пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімдегі симепревир тиімділігі елеулі төмен. Олисио® препаратымен пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктірілімдегі ем тағайындағанда СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттерде Q80K полиморфизм барлығын тексеру үшін міндетті түрде тест жүргізілуі ұсынылады.

Q80K полиморфизмі бар СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттерде немесе тест жүргізу мүмкіндігі болмағанда баламалы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.

СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттерде СВГ емдеу үшін Олисио® препаратын вирусқа қарсы тікелей әсері бар заттармен біріктірілімде қолданған жағдайда симепревир тиімділігіне полиморфизм әсеріне баға беруді жүргізу үшін қолда бар деректер өте шектеулі. СВГ инфекциясының 1a генотипін жұқтырған пациенттерде Олисио® препаратын софосбувирмен біріктіріп ем бастағанға дейін расталған деректер алынғанша Q80K полиморфизм барлығына зерттеу жүргізу керек.

Интерферонсыз емдеу

Дозалаудың оңтайлы режимі және емнің ұзақтығы анықталмаған.

СВГ инфекциясын емдеуге арналған тікелей әсері бар басқа вирусқа қарсы дәрілермен үйлесімде емдеу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Альфа-2b пегинтерферонмен үйлесімде емдеу

Симепревирмен пегинтерферон альфа-2b және рибавиринмен үйлесімде емдеу бойынша рандомизацияланған клиникалық зерттеулерде пациенттерде симепревирді пегинтерферон альфа-2a және рибавиринмен біріктірілген ем қабылдағандармен салыстырғанда вирусемия деңгейінің қайталануы/жоғарылауы және вирустық рецидив жағдайларының жиірек білінуі бар ТВЖ 12 төмендеу көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Фотосезімталдық

Жағымсыз әсерлері

Бөртпе

Жағымсыз әсерлері

Бауыр функциясының бұзылуы

Айқын бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттерде плазмадағы симепревир концентрациясы елеулі жоғарылайды. СВГ орташа немесе айқын бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша В немесе С класы) бар немесе декомпенсацияланған пациенттерде Олисио® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген; сондықтан бұндай пациенттерге Олисио® препаратын тағайындағанда ерекше сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Олисио® препаратын пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктіріп емдегендегі зертханалық көрсеткіштер

С гепатиті вирусының РНҚ деңгейіне клиникалық көрсетілімдері бойынша 4-ші және 12-ші аптада баға беру керек. С гепатиті вирусының РНҚ деңгейін мониторингтеу үшін ем кезінде С гепатиті вирусының РНҚ сезімтал мөлшерлік талдау пайдалану ұсынылады. Бастапқы, сондай-ақ ем кезінде және емнен кейін алынған қанның жалпы клиникалық талдауының, қанның биохимиялық талдауының (бауыр ферменттерінің және билирубин талдауын қоса) нәтижелеріне және жүктілікке тесттерге қойылатын талап пегинтерферон альфаны және рибавирин препаратын қолдану бойынша нұсқаулықтарда келтірілген.

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Олисио® препаратын P4503А цитохромының (CYP3A4) орташа немесе күшті индукторларымен немесе тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл тиісінше симепревир концентрациясының елеулі төмендеуіне немесе жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

B гепатиті вирусын (ВГВ) ко-инфекциясын жұқтыру

В гепатиті вирусы ко-инфекциясын жұқтырған пациенттерде СВГ инфекциясын емдеу үшін Олисио® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Ағзалар трансплантациялануынан кейінгі пациенттер

Олисио® препаратын циклоспоринмен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл трансплантациядан кейінгі СГВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде клиникалық зерттеулердің II фазасында көрсетілгендей симепревир концентрациясының елеулі артуына алып келеді.

Олисио® препаратының қосымша заттары

Олисио® препараты құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе галактоза және глюкоза мальбсорбциясына байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер Олисио® препаратын қабылдауына болмайды.

Жүктілік және контрацепция

Препаратты бала тууға қабілетті жастағы әйелдерге және жүктілікте ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Жануарлардағы зерттеулер Олисио® препаратының ұрпақ өрбіту функциясына әсері барын көрсетті. Жүкті әйелдерде симепревир қолдану бойынша талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, осыған байланысты берілген препаратты жүктілікте қолдану ұсынылмайды.

Олисио® препараты бала тууға қабілетті жастағы әйелдерге тек контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланған және пайдасы қаупін ақтайтын жағдайда тағайындалуы мүмкін.

Олисио® препараты, СГС емдегенде, басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде қолданылуы тиіс болғандықтан, бұл дәрілік препаратқа қатысты қолдануға болмайтын жағдайлар мен ескертулер дәл солай Олисио® препаратымен біріктірілген емде ескерілуі тиіс.

Рибавирин қабылдаған жануарлардың барлық түрінде елеулі тератогендік және/немесе эмбриоцидтік әсер байқалды. Ем қабылдап жүрген әйелдерде жүктілікті болдырмау мақсатында, сондай-ақ емде жүрген еркектердің жұптас әйелдерінде сақтықтың барлық шараларын жасау керек. Бала тууға қабілетті пациенттер және ұрпақ өрбітуге қабілетті жұптары бар еркек пациенттер рибавиринмен барлық емдік курсы бойына және ем аяқталғаннан кейін рибавиринді медициналық қолдану бойынша нұсқаулықта анықталған мерзім бойына контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.

Лактация кезеңі

Симепревир және оның метаболиттерінің емшек сүтімен бөлінуі туралы нақты деректер жоқ. Егеуқұйрықтарда лактация кезеңінде симепревир қолдануда оның емшек сүтін еметін балаларының плазмаларында анықталды, бұл симепревирдің емшек сүтімен экскрецияланумен шартталынуы ықтимал. Жаңа туған нәресте/ұрық үшін қаупі жоққа шығарылуы мүмкін емес. Емшектегі балаға Олисио® препаратының жағымсыз әсерінің ықтималдығынан, емшек емізудің бала үшін артықшылығы мен ана үшін болатын емнің оң әсерін ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе Олисио® дәрілік препаратымен емді тоқтату/одан бас тарту туралы шешімді қабылдау керек.

Фертильділігі

Симепревирдің адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде фертильділігіне әсері байқалмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Олисио® препараты көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз ғана әсер етеді. Олисио® препаратын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп СГС емдегенде көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне олардың потенциалды әсеріне қатысты ақпарат алу үшін Олисио® препаратымен біріктірілген емде пайдаланылатын дәрілік препараттардың медициналық қолдануы бойынша нұсқаулығымен танысу керек.

Артық дозалануы

Адамның симепревирмен артық дозалануы бойынша ақпараттар шектеулі. Дені сау ересек еріктілерде тәулігіне 1 рет 5 күн бойына симепревирді 600 мг дейінгі дозада бір рет қабылдағанда немесе 400 мг дейінгі дозада көп рет қабылдағанда, сондай-ақ С гепатиті бар ересек пациенттерде 4 апта бойына тәулігіне 1 рет 200 мг дозада қабылдағанда, әдетте жағымды болды.

Спецификалық у қайтарғысы белгісіз. Артық дозаланған жағдайда демеуші ем жүргізу (мысалы, асқазан-ішек жолдарын шаю) және пациенттің клиникалық жай-күйін бақылау ұсынылады.

Симепревир қан плазмасындағы ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуымен сипатталады, сондықтан гемодиализдің симепревирдің елеулі шығарылуына алып келу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 капсуладан салынған.

1 немесе 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдануы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Янссен-Силаг С.п.А., Италия

Қаптаушы

Янссен-Силаг С.п.А., Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

 

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, павильон № 23 «А»

Тел.: +7 (727) 356 88 11

е-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com

 

 

Прикрепленные файлы

525796351477976567_ru.doc 443 кб
401049571477977728_kz.doc 412.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники