Оксивин-DF (Спрей назальный)

МНН: Оксиметазолин
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121725
Информация о регистрации в РК: 28.10.2020 - 28.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Оксивин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі 0,025 %, 0,05 % 10 мл

Құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг немесе 0,5 мг

қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және басқа да жергілікті қолдануға арналған мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин

АТХ коды R01AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде оксиметазолин аздаған мөлшерде жүйелі қан ағысында сіңеді, сондықтан оның концентрациясы қан плазмасында елеусіз. Препараттың әсері қолданғаннан кейін 15 минуттан соң байқалады. Әсер ету ұзақтығы - 10-12 сағ.

Препарат орташа дәрежеде ғана метаболизденеді және негізіде организмнен өзгермеген түрде несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Оксиметазолин имидазолин туындысы тобынан альфа-адреномиметик болып табылады. α1-адренорецепторларды көтермелейді. Интраназальді қолданған кезде мұрын шырышты қабығының қантамырлары тарылып, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінулері және гиперемиясы басылады. Мұрын шырышының ісінуін басқаннан кейін есту түтігінің, мұрынның қосалқы қуысының аэрациясы үшін шығатын арналар кеңейеді және ашылады. Ол мұрын қуысының дренажды функциясын көтермелейді және бактериялық асқынулар дамуының алдын алады.

Қолданылуы

- жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте

- риносинуситте

- евстахиит, астасқан ринитте

- диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін

Қолдану тәсілдері және дозалары

Интраназальді.

Бүркемелеуді дұрыс жасау үшін қорғағыш қалпақшасын шешіп, пластик ұштық-бүріккішті ерітінді бүріккішке келетіндей етіп 1-2 рет абайлап басып, шашырату керек. Одан кейін құты қондырғысын мұрын жолына енгізіп, бүріккішті 1 рет тез және шалт басу және бүріккішті қыспай қондырғыны суырып алу керек.  

0,025 % мұрын спрейі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: мұрынның әрбір жолына тәулігіне 2-3 рет 1 бүркемелеуден.

0,05 % мұрын спрейі 6 жастан асқан балаларға және ересектерге: мұрынның әрбір жолына тәулігіне 2-3 рет 1 бүркемелеуден.

Емдеу курсы 5-7 күннен көп емес.

Жағымсыз әсерлері

жиі:

- мұрын жолдары шырышының ашуы және кеберсуі

- ауыздың және тамақтың кебуі

- түшкіру

жиі емес:

- бас айналуы, бас ауыруы

- ұйқысыздық

- шаршағыштық (қажығыштық)

- жүрек айнуы

- шырыш қабығының домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелуін сезіну)

- реактивті гиперемия

- шырыш қабығының атрофиясы

- аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)

өте сирек:

- пульстің жиілеуі

- артериялық гипертензия

- тахикардия

- тахифилаксия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- атрофиялық ринит

- айқын атеросклероз

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- аритмиялар

- артериялық гипертензия

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- қуық безінің гиперплазиясы

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең

- қант диабеті

- тиреотоксикоз, гипертиреоз

- жабықбұрышты глаукома

- көздің ауыр аурулары

- феохромацитома

- порфирия

- 1 жасқа дейінгі балалар (Оксивин-DF 0,025% үшін)

- 6 жасқа дейінгі балалар (Оксивин-DF 0,05% үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.

Оксивин-DF-ті қантамырларын тарылтатын басқа да дәрілермен (енгізу тәсіліне байланысты емес) қолданған кезде жағымсыз әсерлер өзара күшеюі мүмкін.

Моноаминооксидаза тежегіштерін (оларды тоқтатқаннан кейін 14 күнгі кезеңді қоса) және үшциклді антидепрессантарды бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Оксивин-DF-ті ұзақ қолданудан аулақ болу керек, өйткені оның емдік әсерін әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Өз еркімен ұсынылған дозадан асырмау және препаратты 5-7 күннен артық қолданбау керек.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін болжанатын пайда бала мен ұрық үшін әлеуетті қауіп артқан жағдайда ғана препарат қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Оксивин-DF ұсынылған дозада көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылған дозадан арттырған немесе байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: көз қарашығының тарылуы, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның көтерілуі, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Одан басқа да психиканың бұзылуы байқалуы мүмкін, сондай-ақ ұйқышылдықпен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың тоқтауы және команың дамуы мүмкін.

Емі: шұғыл түрде белсендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) тағайындау немесе асқазанды шаю. Артериялық қысымды төмендетуі үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар (фентоламин 5 мг тұзды (физиологиялық) ерітіндіде к/і баяу немесе 100 мг пероральді) тағайындайды. Вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды.

Қажет болған кезде ыстықты түсіретін, құрысуға қарсы және өкпені жасанды желдету емі жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қорғағыш қалпақшалы пластик бүріккіш-ұштығы бар және батып тұратын түтігі бар қаусырылып жабылған алюминий қақпақты қоса, помпалы дозалаушы қондырғысы бар қоңыр пластик құтыда 10 мл препараттан. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

 

5

 

Прикрепленные файлы

380972321477976384_ru.doc 57.5 кб
709289701477977584_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники