Нитроксолин

МНН: Нитроксолин
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nitroxoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013430
Информация о регистрации в РК: 19.05.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Нитроксолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нитроксолин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 0,05 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50 мг нитроксолин,

қосымша заттар:

ядро: сүтті қант (лактоза), картоп крахмалы, аэросил, тальк, кальций стеараты,

қабық: ұнтақ қант, негізгі магний карбонаты, поливинилпирролидон, аэросил, тальк, пигментті титанның қостотығы (Е 171), тропеолин 0 (Е103), қышқылды қызыл 2С (кармуазин, азорубин) (Е 122), ара балауызы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық қызыл-сары немесе қызыл-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында үш қабаты көрінеді: ішкі жағы – сарыдан сұрғылт-сары түске дейін, аздап жасылдау реңге жол беріледі; ортасы - ақ түсті және сырты - ашық-қызыл сарыдан қызыл сары түске дейін.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа препараттар. Басқа да бактерияға қарсы препараттар. Нитроксолин.

АТХ коды J01XX07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін нитроксолин асқазан-ішек жолынан жақсы және жылдам сіңіріледі. Плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) ішке қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) шамамен 2 сағатты құрайды.

Көбінесе бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады, сонымен қатар несепте жоғары концентрациялары (100 мкг/мл және одан да жоғары) түзіледі.

Фармакодинамикасы

Нитроксолин бактериялық дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) синтезінің селективті тежелуі есебінен бактериостатикалық әсер береді. Цитоплазма жарғақшасын зақымдауға және уропатогенді штамдардың несеп шығару жолдарының эпителий жасушаларына адгезиясын төмендетуге қабілетті.

Нитроксолин грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге: Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Enterococcus faecalis, Corynebacterium diphtheriae, Bacillus subtilis, Escherichia coli, Neisseria gonorrhoeae, Proteus spp., Klebsiella spp., Salmonella spp., Enterobacter spp-ге әсер етеді.

Mycobacterium tuberculosis, Trichomonas vaginalis, зеңдердің кейбір түрлеріне (Candida spp., дерматофиттер, өңездер мен терең микоздардың кейбір қоздырғыштары) қатысты белсенді.

Қолданылуы

- уретритте

- циститте

- пиелонефритте

- эпидидимитте

- қуықасты безінің жұқпа жұқтырылған аденомасында

- несеп жолдарының қайталанған жұқпаларының алдын алу үшін

Қолдану тәсілдері және дозалары

Препаратты ішке, ас ішу кезінде немесе одан кейін қабылдайды.

Таблеткаларды шайнамай, қажетінше су мөлшерімен ішіп тұтастай жұтады.

Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозаларын дәрігер әр емделуші үшін жекелей белгілейді.

Ересектерге әдетте тәулігіне 4 рет 100-200 мг (2-4 таблетка) препараттан тағайындайды. Ересектерге арналған тәуліктік дозасы: 400 мг (тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан). Ауыр жағдайларда тәуліктік дозасын 600-800 мг дейін арттыруға болады. Ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік дозасы 800 мг.

Емдеу курсы 2-3 апта.

Несеп жолдарының созылмалы жұқпаларында нитроксолинді екі апталық үзіліспен 2 апта бойы қайталау курстарымен тағайындауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- диспепсиялық реакциялар (жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы)

Сирек:

- терінің аллергиялық реакциялары

- сарысуда несеп қышқылы мен аминотрансферазалардың азаюы

Өте сирек:

- тахикардия

- аллергиялық тромбоцитопения

- несептің қанық сары түске боялуы

- атаксия, парестезиялар

- полинейропатия

- бас ауыруы

- бауыр функциясының бұзылулары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- нитроксолинге немесе препараттың кез-келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- хинолиндік қатардың препараттарына аса жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (олиго-, анурия)

- неврит, полиневрит

- катаракта

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нитроксолинді тетрациклиндер тобының препараттарымен бір мезгілде қолданғанда әр препараттың әсерінің қосылуы байқалады, нистатин және леворинмен бірге – әсері күшейеді. Теріс нейротропты әсерлері қосылмауы үшін нитроксолинді нитрофурандармен бірге қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат жинақталуы мүмкін болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен (бүйректің функционалдық жағдайын бақылай отырып) қолдану керек.

Емдеу кезінде несеп запырангүл түстес сары түске боялуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт қолданғанда уытты шеткергі невриттер, миелопатиялар, көру жүйкесінің зақымданулары дамуы мүмкін. Болуы мүмкін жинақталу құбылыстары жүрек айнуы, құсу, жалпы әлсіздікпен білінеді.

Емі: препаратты тоқтатқанда әдетте, барлық көріністері басылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15˚С-ден 25˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы

623856, Свердлов облысы, Ирбит қ., Киров к-сі, 172.

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ирбит химфармзауыты» ААҚ, Ресей Федерациясы

623856, Свердлов облысы, Ирбит қ., Киров к-сі, 172.

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

Прикрепленные файлы

053706561477976660_ru.doc 53 кб
770806911477977802_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники