Неомицин

МНН: Неомицин
Производитель: Тархоминский фармацевтический завод Польфа Акционерное Общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Neomycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121680
Информация о регистрации в РК: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

НЕОМИЦИН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Неомицин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль,11.72 мг/г

Құрамы

16 г 1 баллон препараттың құрамында

белсенді зат – 187.50 мг неомицин сульфаты (неомицинге шаққанда),

қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан/бутан/изобутан).

32 г 1 баллон препараттың құрамында

белсенді зат – 375.00 мг неомицин сульфаты (неомицинге шаққанда),

қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан/бутан/изобутан).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған бактерияларға қарсы препараттар және микробқа қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған басқа да бактерияларға қарсы препараттар. Неомицин.

АТХ коды D06AX04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Неомицин зақымданған теріге қолданғанда жергілікті әсер етеді және іс жүзінде қанға сіңбейді. Дәрілік препаратты зақымданған теріге қолданған жағдайда, неомицин қанға сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Аминогликозидтік антибиотик. Тасымалдау және матрицалық РНҚ кешенінің түзілуін бәсеңдете отырып, ақуыздар синтезін бұзады. Төменгі концентрацияларда бактериостатикалық (микробтық жасушаларда ақуыздар синтезінің бұзылуы есебінен), жоғары концентрацияларда – бактерицидтік (микробтық жасушаның цитоплазмалық жарғақшаларын зақымдайды) әсер етеді. Микробтық жасушаға енеді, рибосомалардың 30S субъбірлігінде спецификалық ақуыз-рецепторларымен байланысады. Тасымалдау және матрицалық РНҚ кешенінің түзілуін (рибосомалардың 30S субъбірлігімен) бұзады және ақуыздар синтезін тоқтатады.

Грамоң және грамтеріс аэробты микроорганизмдер қатарына қатысты белсенді: Staphylococcus spp., Streptococcus spp.; аэробты бактерияларға қатысты орташа белсенді – Corynebacterium diphtheriae, Listeria monocytogenes; энтеробактерий – Escherichia coli, Salmonella spp., Shigella spp., Proteus spp., Enterobacter aerogenes, Klebsiella pneumonia, Vibrio cholerae; Mycobacterium tuberculosis, Haemophilus influenzae. Pseudomonas aeruginosa, анаэробты бактерияларға әсер етпейді.

Микроорганизмдердің неомицинге төзімділігі баяу және аздаған дәрежеде дамиды.

Неомицин, сыртқа қолдануға арналған аэрозоль препараты терінің қабыну ошақтарында бактериялық флораның дамуын бәсеңдетеді. Сондай-ақ құрғататын және салқындататын әсері бар.

Қолданылуы

  • Неомицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан терінің жұқпалы-қабыну ауруларында (оның ішінде фурункулез, контагиозды импетиго);

  • Жұқпаланған күйіктер және I және II дәрежелі үсуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Неомицин препаратын дәрігердің нұсқауларына сәйкес қолданған жөн.

Күмәнданған жағдайда, дәрігермен қайтадан кеңесу қажет.

Препарат тек сыртқа қолдануға (теріге) арналған.

Зақымданған бөліктерді баллонды тіке, бүркетін басын жоғары ұстап тұрып,

15 cм бастап 20 см дейінгі арақашықтықта 3 секунд бойы аэрозольмен суландырады.

Бірдей уақыт аралығымен тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін қолдану керек.

Ескерту: Көзді шашыратқан заттан қорғау керек.

Шашыратқан затты деммен ішке тартуға болмайды.

Препаратты қолданғаннан кейін әрдайым қолды сабындап сумен мұқият жуу қажет.

Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку қажет.

Емдеу ұзақтығы

Әдетте 7-10 күн қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

  • Неомицин терінің үлкен, әсіресе зақымданған беткейлеріне ұзақ қолданған кезде қанға сіңуі және неомициннің жүйелі әсеріне тән жағымсыз реакцияларын – мысалы, естудің және (немесе) бүйректің зақымдануын туындатуы мүмкін

  • сыртқа қолданғанда препараттың аппликациясы орнында аллергиялық реакциялар (мысалы, қышыну, бөртпе, қызаруы, ісінуі) болуы мүмкін

  • ұзақ қолданған кезде жанаспалы аллергияны туындатуы мүмкін

Егер қандай болсын жоғарыда аталған реакциялар немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай болсын басқа да жағымсыз реакциялар пайда болса, олар туралы дәрігерге хабарлау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • неомицинге немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сеізмталдық

  • тері бүтіндігінің бұзылуы, ауқымды зақымданған аудан, жаққан орынның сулануы, трофикалық ойық жаралар

  • бір мезгілде басқа да ото- және нефроуытты препараттармен қолдану

  • 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде немесе соңғы кезде қабылдап жүрген, оның ішінде рецептісіз босатылатын барлық препараттар туралы дәрігерге хабарлау қажет.

Екі немесе одан да көп препараттарды бір мезгілде жергілікті қолдану ұсынылмайды, өйткені ол аппликация орнындағы әсер етуші заттардың концентрациясына ықпал етуі немесе терінің қызаруына әкелуі мүмкін.

Препаратты бүйрекке және есту мүшелеріне зақымдайтын әсер беруі ықтимал препараттармен ұзақ қолдану (мысалы, гентамицин, этакрин қышқылы, колистин) неомициннің уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек қана теріге қолдануға арналған. Препараттың шырышты қабықтармен жанасуын болдырмаған жөн. Көзді аэрозольдің әсерінен қорғау қажет. Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алған жағдайда, оларды бөлме температурасындағы сумен мұқият жуу қажет. Шашыратқан затты деммен ішке тартуға болмайды.

Теріге препарат жағылған жерді бинттеуге және препаратты окклюзиондық таңғыш астына қоллануға болмайды. Окклюзиондық таңғышты қолдану қанға препараттың тері арқылы өтуін елеулі күшейтеді.

Егер препараттың аппликациясы орнында терінің тітіркенуі пайда болса, препарат қолдануды тоқтату керек.

Препараттың қанға сіңу және неомициннің жүйелік әсер етуіне тән жағымсыз реакциялардың (мысалы, есту мүшелері мен бүйрекке зақымдаушы әсер етуі) пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, препаратты терінің ауқымды беткейіне, әсіресе зақымданған теріге қолдануға болмайды. Жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препарат қолдануды бірден тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Препаратты ұзақ қолдану неомицинге төзімді бактериялар мен зеңдер штаммдарының көбеюіне әкелуі мүмкін.

Неомицинге сезімтал емес бактериялар немесе зеңдер туындатқан жұқпалар дамыған жағдайда бактерияларға қарсы немесе зеңге қарсы сәйкес ем қолданған жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.

қолданылуы

Жүктілік кезінде ана үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана тағайындауға болады. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болғанда, емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті басқару және механикалық жабдықтармен қызмет көрсету қабілетіне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Препаратты терінің ауқымды бөлігіне үлкен дозада, окклюзиялық таңғыш астына немесе зақымданған теріге қолдану неомициннің қанға сіңуін және жүйелік әсерін туындатуы мүмкін («Айрықша нұсқауларын» қараңыз).

Препараттың артық дозалану симптомдары препараттың сыртқа қолданылуымен байланысты жағымсыз реакциялардың күшеюі, сондай-ақ неомицинді жалпы қолдануға тән жағымсыз әсерлер (отоуытты, нефроуытты әсері) болуы мүмкін.

Емі: препарат қолдануды бірден тоқтату және оны организмнен жылдам шығаруға әрекет жасау керек.

Емі симптоматикалық.

Препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойған жағдайда дереу дәрігерге немесе жақын маңдағы медициналық жедел жәрдем пунктіне көріну керек. Медицина қызметкерлері қандай дәрілік препарат қолданылғанын нақты анықтай алуы үшін өзімен бірге түпнұсқалық қаптамадағы препаратты ала бару қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

16 г немесе 32 г препараттан полипропилен қалпақшамен сақтандырылған шашыратқыш басы және клапаны бар алюминий аэрозольді баллонда.

1 баллоннан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Басқа да ақпараттар

Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.

Баллонды тесуге және қыздыруға болмайды.

Қысымдағы баллон.

Толық босаған баллонды тастау керек.

ПРЕПАРАТ ЖЕҢІЛ ТҰТАНАДЫ, БАЛЛОНДЫ ОТТАН САҚТАУ КЕРЕК!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Тархоминск фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік қоғамы,

Польша

А. Флеминга к-сі 2, 03-176 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Тархоминск фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік қоғамы,

Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав. 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

Прикрепленные файлы

220723831477976363_ru.doc 84 кб
872402371477977556_kz.doc 100.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники