Невипан

МНН: Невирапин
Производитель: Ранбакси Лабораториз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016643
Информация о регистрации в РК: 14.07.2016 - 14.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 108.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Невипан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында белсенді зат - невирапин 200 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон; сыртқы түйіршік: микрокристалды целлюлоза, кремнийдің коллоидты қостотығы, натрий крахмалы гликолаты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, екі жағында сызығы және бір жағында «RX921» өрнегі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозид еместер - кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин.

АТХ коды J05AG01

Фармакологиялық қасиеттері

ФармакокинетикасыНевирапин дені сау еріктілерде және АИТВ-1 инфекциясы бар ересектерде ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңіріледі (>90 %). 200 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) 4 сағаттан соң жетеді және 2 ± 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрайды. Бірнеше рет қабылдағанда, Сmax невирапиннің плазмадағы желілік артуы байқалады. Ас ішу, антацидтер мен құрамында сілтілік буферлік компонент бар басқа дәрілік препараттарды қабылдау сіңірілуіне әсер етпейді. Невирапин липофильді зат болып табылады және іс жүзінде физиологиялық рН мәні кезінде иондалмайды. Тіндерде жақсы таралады, плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен шығарылады. Невирапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 60%-ға жуықты құрайды, оның плазмадағы концентрациялары 1-ден 10 мкг/мл дейін ауытқып тұрады. Невирапиннің жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациясы адамда плазмадағы концентрациясының 45%-ын (± 5%) құрайды; бұл арақатынас шамамен препараттың плазма ақуыздарымен байланыспаған фракциясына сәйкес келеді. Невирапин P450 цитохромының қатысуымен жүретін метаболизм жолымен бірнеше гидроксилденген метаболиттерге дейін қарқынды биотрансформацияланады (тотығу реакциясы). Невирапиннің тотығу метаболизмі негізінен, P450 цитохромының CYP3A тұқымдас изоферменттерінің көмегімен жүзеге асады, басқа изоферменттер де қосымша рөл атқаруы мүмкін. Қабылданған дозасының көп бөлігі несеппен (80%) және нәжіспен (10%) шығарылады. Несепте анықталған радиоактивті таңбасының 80%-дан астамы глюкуронидтермен гидроксилденген метаболиттер конъюгаттарына байланысты болды. Осылайша, адамда невирапиннің биотрансформациясы мен шығарылуының негізгі жолы P450 цитохромының қатысуымен жүретін метаболизмнен, глюкуронидтермен конъюгациядан және глюкуронидтермен байланысқан метаболиттерінің несеппен экскрециялануынан тұрады. Несептегі радиоактивтілігінің тек аздаған (<5%) үлесі (жалпы дозасының <3%-ына сәйкес келетін) өзгермеген қосылыспен байланысты болды, яғни, бүйректік экскреция невирапиннің шығарылуында азғантай рөл атқарады. Невирапин бауырдағы P450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылатындығы көрсетілген. Егер бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін емдеу 2-4 аптаға созылса (күніне 200-400 мг қабылдау), онда фармакокинетикасының көрсеткіштері аутоиндукциясымен сипатталады: невирапиннің болжалды оральді клиренсі шамамен 1,5-2 есе артады. Сондай-ақ аутоиндукциясы невирапиннің плазмадан жартылай шығарылу кезеңінің ақырғы фазасының сәйкесінше қысқаруына алып келеді: шамамен 45 сағаттан бастап (бір рет қабылдау) 25-30 сағатқа жуыққа дейін (препаратты күніне 200-400 мг дозаларда бірнеше рет қабылдағаннан кейін). Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының бұзылуы (ауырлық дәрежесі жеңіл, орташа және айқын) бар пациенттерде невирапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер байқалған жоқ. Алайда бүйрек жеткіліксіздігінің диализ жүргізуді қажет ететін ақырғы сатысы бар пациенттерде, 1 аптаны құрайтын әсер ету кезеңі бойына, невирапиннің AUC 44 %-ға азайғаны байқалды. Сонымен қатар плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жинақталатыны да анықталды. Әр диализ сеансынан кейін препараттың қосымша 200 мг дозасы көрсетілген.Екінші жағынан, креатинин клиренсі ≥ 20 мл/минутты құрайтын пациенттер, невирапиннің дозасын реттеуді қажет етпейді.Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр жеткіліксіздігі (жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі) бар пациенттерде невирапин фармакокинетикасының көрсеткіштерін салыстыру жүргізілді. Пациенттер емдеу ұзақтығы 3,4 жылға созылған фармакокинетикасын зертттеу аяқталғанға дейін 6 апта бойына, құрамында невирапин бар антиретровирустық емді күніне екі рет 200 мг-ден қабылдады. Бұл зерттеуде невирапин мен бес тотығу метаболитінің фармакокинетикалық параметрлері өзгерген жоқ. Алайда бауыр фиброзы бар шамамен 15% пациентте невирапиннің концентрациясы 9 000 нг/мл жоғары болды. Айқындығы орташа асциті бар бір пациенттегі фармакокинетикасын зерттеудің нәтижелері бауыр функциясының елеулі бұзылулары бар пациенттерде невирапиннің жүйелі айналымда жинақталуы мүмкіндігін көрсетеді. Невирапинді бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттер қолданбауы керек.Әйелдерде невирапиннің клиренсі ер жынысты пациенттерге қарағанда 13.8 %-ға төмен болса да, бұл айырмашылық клиникалық тұрғыдан маңызды болып есептелмейді. АИТВ-1 жұқтырған ересектерде невирапиннің фармакокинетикасы пациенттердің жас шамасына (18-68 жас аралығы) немесе нәсіліне (негроидтар, латыннамерикандық немесе кавказдық нәсілдер) байланысты өзгермеуі мүмкін.Егде жастағы пациенттер. Невирапин 65 жастан үлкен пациенттерде зерттелген жоқ.Педиатриялық пациенттер. Емдеу режимі дене беткейінің ауданына (ДБА) байланысты зерттелген зерттеуде, балалардың барлығы екі апта бойына күніне бір рет 150 мг/м2, содан соң күніне екі рет 150 мг/м2 қабылдады. Невирапинді күніне екі рет 150 мг/м2 дозалау (екі апталық бастапқы кезең бойына күніне бір рет 150 мг/м2) геометриялық орташа мәнін немесе невирапин концентрациясының 4-6 мкг/мл арасындағы (ересектердегі сияқты) ең төменгі орташа мәнін береді. 3 айға толмаған балаларда невирапиннің плазмадағы концентрациясы ересектерде байқалған ауқымының шегінде болды және жас шамасына байланысты, әсіресе 2 айлық кезеңде өзгеріп тұрды.ФармакодинамикасыНевипан АИТВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші болып табылады (КТНЕТ). Невирапин АИТВ-2 кері транскриптазасын және α, β, γ, δ ДНҚ-полимеразалары сияқты эукариоттардың ДНҚ полимеразасын тежемейді. Вирусқа қарсы in vitro белсенділігіНевирапиннің EC50 орташа мәні (50%-дық тежегіштік концентрациясы) АИТВ-1 A, B, C, D, F, G, және H изоляттарының М тобына, және адамның эмбриональді бүйрегінің 293 жасушасындағы CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF айналымдағы рекомбинанттық формаларына (CRF) қарсы - 63 нмоль. АИТВ-1 клиникалық изоляттарының 2,923 предоминантты В қосалқы түрінен тұратын топта EC50 орташа мәні - 90 нмоль. Мұндай EC50 мәндері шеткергі қанның мононуклеарлық жасушаларындағы, шығу тегі моноциттік макрофагтардағы және лимфобластты жасуша желілеріндегі невирапиннің вирусқа қарсы белсенділігін анықтау кезінде алынды. Невирапин АИТВ-1 изоляттарының немесе АИТВ-2 изоляттарының О тобына қарсы ешқандай вирусқа қарсы in vitro белсенділік танытқан жоқ.Төзімділік. In vitro невирапинге сезімталдығы төмен (100 - 250 есе) АИТВ-1 изоляттарының пайда болу мүмкіндігі анықталды. Генотиптік талдау Y181C және/немесе V106A аминқышқылды позициядағы АИТВ-1 RT геніндегі мутацияларды, вирус штаммы мен пайдаланылып отырған жасуша желісіне байланысты анықтап берді. Невирапинді басқа бірнеше КТНЕТ біріктіріп пайдаланған кезде невирапинге төзімділіктің туындау уақыты in vitro өзгерген жоқ. Невирапинді күн сайын бір рет немесе күніне екі рет ламивудинмен және ставудинмен біріктіріп 48 апта бойы қабылдаған пациенттердің изоляттарын генотиптік талдау, пациенттердің 8/25 және 23/46 изоляттарында, КТНЕТ-ке төзімділікпен астасқан сәйкесінше бір немесе одан көп келесі мутациялардың болатындығын көрсетті: Y181C, K101E, G190A/S, K103N, V106A/M, V108I, Y188C/L, A98G, F227L және M230L.Айқаспалы төзімділік. Іn vitro зерттеулерден КТНЕТ-ке айқаспалы төзімділікке ие АИТВ штаммдарының жылдам пайда болатыны көрінді. Делавирдин мен эфавиренздің айқаспалы төзімділігі невирапинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін күтіледі. Төзімділік нәтижелеріне байланысты, кейіннен құрамында этравирин бар режим пайдаланылуы мүмкін. Қатыстырылатын «Нысана-ферменттерінің» өзгешелігі салдарынан, невирапин мен АИТВ протеазасы тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділіктің ықтималдығы аз.КТНЕТ өкілі невирапин мен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділік туралы деректер тым шектеулі.

Қолданылуы

- АИТВ-1 жұқтырған ересектер мен балаларды емдеу үшін (кемінде басқа екі антиретровирустық препаратпен біріктіріп)Невирапинді кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштерімен (КТНЕТ) біріктіріп қолдану тәжірибесі мол. Невипаннан кейінгі келесі емді таңдау клиникалық жауапқа және төзімділігін зерттеуге негізделген болуы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы ішке, сындырмай және шайнамай, ас ішуге байланыссыз, сумен ішіп қабылдау керек. 16 жас және одан үлкен пациенттерНевипан препаратының ұсынылған дозасы алғашқы 14 күн бойына күн сайын 200 мг дозадағы бір таблеткасын қабылдау (осы кіріспе кезең сақталуы тиіс, өйткені мұның бөртпенің туындау жіиілігін төмендететіні анықталған), ары қарай — күніне екі рет 200 мг дозадағы бір таблеткасын кемінде екі қосыша антиретровирустық препаратпен біріктіріп қабылдау болып табылады. Егер дозасы қабылдаудың жоспарлы уақытынан кейін 8 сағаттан артық өткізіліп алмаса, пациент өткізіліп алған дозасын мүмкіндігінше тезірек қабылдауы керек. Егер дозасы қабылдаудың жоспарлы уақытынан кейін 8 сағаттан артық өткізіліп алса, пациент тек кезекті дозасын әдеттегі уақытта қабылдауы керек.Дозалау режимі жөніндегі ұсынымдар Пациенттерге күніне 200 мг дозасын қабылдау кезіндегі 14 күндік кіріспе кезең барысында бөртпе пайда болса, Невипан препаратының дозасын бөртпе жоғалғанша арттырмау керек. Бөртпе бар бөліктерді мұқият қадағалап отыру қажет. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен артық жалғастырмау керек, және осы уақыт нүктесінде әсері мен төзімділіктің жеткіліксіз болуы мүмкіндігінің қаупіне байланысты, баламалы ем тағайындауды қарастыру қажет. Невирапинді қабылдауды 7 күннен артық мерзімге тоқтатқан пациенттер, ұсынылған дозалау режимін екі апталық кіріспе кезеңді сақтай отырып қайта бастауы тиіс.Егде жастағы пациенттер65 жастан асқан пациенттердің невирапинді қолдануы қосымша зерттелген жоқ.Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Диализді қажет ететін бүйрек дисфункциясы бар пациенттерге әр диализ сеансынан кейін невирапиннің 200 мг қосымша дозасын қабылдау ұсынылады. Креатинин клиренсінің (CLcr) көрсеткіштері ≥ 20 мл/минут пациенттерге дозасын түзету қажет емес.Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер. Невирапинді бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью бойынша С санаты) бар пациенттер қабылдамауы керек. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бала жастағы пациенттер. Невипан препаратының 200 мг таблеткаларын жоғарыда сипатталған дозалау режиміне сәйкес, үлкен балаларға, атап айтқанда дене салмағы 50 кг асатын немесе Мостеллер формуласы бойынша дене беткейінің ауданы 1,25 м2 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болады. Дене салмағы 50 кг аз немесе дене беткейінің ауданы 1,25 м2 аз 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін препаратты ішуге арналған суспензия түріндегі дәрілік түрін қолдану керек, оны дене салмағына немесе дене беткейінің ауданына сәйкес дозалауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, қатты қажу, ұйқышылдық

- парестезия, шеткергі невропатия

- қызба

- тоқтату синдромы

- май тіндерінің қайта таралуы /жинақталуы

- қан қысымының жоғарылауы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- панкреатит

- сарғаю, фулминантты, холестаздық және фатальді гепатит, бауыр некрозы және бауыр жеткіліксіздігі

- беттегі, арқадағы, аяқ-қолдардағы тері бөртпесі, соның ішінде макуло-папулездік және эритематоздық бөртпе, қышыну

- анафилаксиялық реакцияны, ангионевроздық ісінуді, буллездік бөртпені, ойық жаралы стоматиті, есекжемді, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса аллергиялық реакциялар

- қызба, ауызда сулыбөртпелердің немесе ойық жаралардың түзілуі, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшықеттердің немесе буындардың ауыруы, жалпы дімкәстану және қажу сияқты симптомдармен қатар жүретін, келесі бұзылулардың бір немесе бірнешеуімен: гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения, лимфаденопатия және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бірге, бөртпемен жүретін аса жоғары сезімталдық реакциялары

- артралгия, миалгия, терілік және/немесе гепатоуытты реакциялармен астасқан рабдомиолиз

- бауырдың функционалдық тестілерінің өзгеруі (АЛТ, АСТ, ГГТ, СФ, жалпы билирубин), қан сарысуындағы фосфор мөлшерінің төмендеуі, гипертриглицеридемия, гиперхолистеринемия, инсулинге резистенттілік, гипергликемия, гиперлактатемия

- анемия, эозинофилия, нейтропения және тромбоцитопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- невирапинге немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- айқын бөртпенің немесе жалпы симптомдармен қатар жүретін бөртпенің, аса жоғары сезімталдық реакциясының немесе препараттан туындаған клиникалық тұрғыдан айқын гепатиттің дамуы салдарынан Невипанды тоқтату қажет болғана пациенттерде қайталап қолданбау керек

- бауырдың күрделі дисфункциясы бар пациенттерге немесе АСТ немесе АЛТ деңгейінің бастапқы, қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 5 еседен артық жоғарылауы жағдайында тағайындалмауы тиіс

- бұрын, невирапинмен емдеу барысында АСТ немесе АЛТ деңгейінің, қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен артық жоғарылауы байқалған пациенттерге, немесе невирапинді қайталап қолданғаннан кейін бауыр функциясының бұзылулары қайта басталған пациенттерге қайталап тағайындамау керек

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Невипан CYP3A цитохромы жүйесінің микросомалық ферменттерінің және потециальді CYP2B6 бірнеше реттік дозасымен емдеуді бастағаннан кейін 2-4 апта ішінде орын алатын ең жоғарғы индукциялы индукторлары болып табылады. Бір мезгілде қолданылатын, CYP3A немесе CYP2B6 арқылы қарқынды метаболизденетін басқа дәрілік препараттардың плазмадағы концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан, егер бұрын пациентте Р450 арқылы метаболизденетін қандай-да бір препаратты дозалау режимі таңдалса, невирапинмен бірге қолданған кезде ол препараттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Аталған фармакокинетикалық өзгерістерге негізделген дозасын өзгерту мүмкіндігіне қатысты клиникалық комментарийлер төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте: Анықталған өзара дәрілік әрекеттесулері: сақтықпен пайдалану керек, дәрілермен өзара әрекеттесуінің нәтижелеріне байланысты, дозасын немесе режимін өзгерту қажет болуы мүмкін

Дәрілік препараттың атауы

Невирапиннің немесе қатарлас препараттың концентрациясына әсері

Клиникалық комментарий

 

Антиретровирустық препараттар: Протеаза тежегіштеріТ)

 

Атазанавир/ Ритонавир*

↓ Атазанавир

↑ Невирапин

Невирапинді атазанавирмен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені невирапин атазанавирдің концентрациясын айтарлықтай төмендетеді, және невирапин концентрациясының артуы есебінен, невирапинмен байланысты уыттылық дамуының әлеуетті қаупі бар.

 

Фосампренавир*

↓Ампренавир

↑ Невирапин

Невирапин мен фосампренавирді ритонавирсіз бірге қолдану ұсынылмайды.

 

Фосампренавир / Ритонавир*

↑ Невирапин ↓Ампренавир

Невирапинді күніне екі рет 700/100 мг фосампренавирмен / ритонавирмен бірге қолданған кезде дозасын реттеу қажет емес. Невирапинді күніне бір рет фосампренавирмен / ритонавирмен бірге қолдану зерттелген жоқ.

 

Индинавир*

↓ Индинавир

Индинавир мен невирапин біріктіріліміне арналған қолайлы дозалары тиімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып анықталған жоқ.

 

Лопинавир/ Ритонавир*

↓ Лопинавир

Ересек пациенттерге арналған дозасы:

Лопинавир/ ритонавирдің дозаларын күніне екі рет 500/125 мг (таблетка) немесе күніне екі рет 533/133 мг (6,5 мл) (ішуге арналған ерітінді) дейін невирапинмен біріктіріп арттыру ұсынылады. Лопинавир / ритонавир таблеткалары да, ішуге арналған ерітіндісі де күніне бір рет невирапинмен біріктіріліп қолданылмауы тиіс.

Балаларға арналған дозасы:

Лопинавир/ритонавир препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қарау және, дене беткейінің ауданы мен дене салмағына қарай дозалануына қатысты ұсынымдармен танысып шығу қажет. Лопинавир / ритонавир таблеткалары да, ішуге арналған ерітіндісі де күніне бір рет невирапинмен біріктіріліп қолданылмауы тиіс.

 

Нелфинавир*

↓ Нелфинавирдің M8 метаболиті

↓ Нелфинавир Cmin

Нелфинавирдің невирапинмен біріктіріліміне арналған қолайлы дозалары тиімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып анықталған жоқ

 

Саквинавир/ Ритонавир

Невирапин мен саквинавир/ ритонавир арасындағы өзара әрекеттесуге баға берілген жоқ

Невирапин мен саквинавир/ ритонавир біріктіріліміне арналған қолайлы дозалары тиімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып анықталған жоқ

устанавливались.устанавливались.

 

Дарунавир/

ритонавир күніне екі рет 400/100 мг

↑ Дарунавир

↑ Невирапин

Дарунавир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Ритонавир 600 мг күніне екі рет

↔ Ритонавир ↔ Невирапин

Ритонавир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Типранавир/ ритонавир 500/200 мг күніне екі рет

Ешқандай белгілі бір дәріаралық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

АИТВ жұқтырған пациенттерді зерттеудің IIa фазасында алынған шектеулі мәліметтер типранавир үшін клиникалық тұрғыдан маңызды емес, Cmin 20% азаюын көрсетті.

Типранавир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Антиретровирустық препараттар: Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (КТНЕТ)

 

Эфавиренз*

↓ Эфавиренз

Бұл біріктірілімдеріне арналған қолайлы дозалары тиімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып анықталған жоқ.

 

Делавирдин/Этравирин/

Рилпивирин

 

Қан плазмасындағы концентрациялары өзгеруі мүмкін. Невирапинді басқа КТНЕТ бірге қолданбау керек, өйткені бұл біріктірілімінің тиімділігі анықталған жоқ.

 

Антиретровирустық препараттар: Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ)

 

Диданозин

100-150 мг күніне

екі рет

↔ Диданозин

Диданозин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Эмтрицитабин

Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттерінің тежегіші болып табылмайды.

Невирапин мен эмтрицитабинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Абакавир

Абакавир адам бауырының микросомаларындағы P450 цитохромының изомерлерін тежемейді.

Невирапин мен абакавирді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Ламивудин, 150 мг күніне екі рет

Ламивудиннің клиренсінде және таралу көлемінде байқалған қандай-да бір өзгерістер білінген жоқ, бұл невирапиннің ламивудин клиренсіне индукциялағыш әсерінің жоқтығын көрсетеді.

Ламивудин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Ставудин: 30/40 мг күніне екі рет

↔ Ставудин Невирапин: тарихи бақылау топтарынан алынған нәтижелермен салыстырғанда, невирапин деңгейлерінің өзгергені анықталған жоқ.

Ставудин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Тенофовир, 300 мг күніне бір рет

↔ Тенофовир ↔ Невирапин

Тенофовир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Зидовудин

100-200 мг күніне үш рет

↓ Зидовудин

↔ Невирапин

Зидовудин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

Гранулоцитопения әдетте зидовудинді қабылдаумен байланысты. Осылайша, невирапинді зидовудинмен біріктіріп қабылдап жүрген пациенттер, әсіресе балалар мен зидовудиннің жоғарырақ дозаларын қабылдап жүрген пациенттер немесе сүйек кемігінің қоры төмен пациенттер, атап айтқанда АИТВ ауруының үдемелі сатысы бар пациенттер гранулоцитопения дамуының қаупі жоғары топқа жатады. Мұндай пациенттерде гематологиялық көрсеткіштерді мұқият бақылау қажет.

 

Кіру тежегіштері

 

Энфувиртид

Метаболизмдік тізбегіне байланысты, энфувиртид пен невирапиннің арасында ешқандай клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Энфувиртид мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Маравирок 300 мг күніне бір рет

↔ Маравирок Невирапиннің концентрациялары өлшенген жоқ, ешқандай әсері күтілмейді.

Маравирок пен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Интеграза тежегіштері

 

Элвитегравир/

Кобицистат

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Р450 3А цитохромының тежегіші - кобицистат бауыр ферменттерін, сондай-ақ басқа метаболизм жолдарын айтарлықтай тежемейді.

Сондықтан, бірге қолдану, ең алдымен, кобицистат пен невирапиннің қан плазмасындағы концентрацияларының өзгеруіне алып келеді.

Невирапинді элвитегравирмен бірге кобицистатпен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

 

Ралтегравир,

400 мг күніне екі рет

Клиникалық деректер жоқ. Ралтегравирдің метаболизмдік тізбегіне байланысты, препараттар арасында ешқандай өзара әрекеттесу байқалмайды.

Ралтегравир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар

 

Боцепревир

Боцепревирдің қан плазмасындағы концентрациялары невирапиннің CYP3A4/5 индукциялауына байланысты төмендеуі мүмкін.

Невирапин мен боцепревирді бірге қолданбау керек, өйткені боцепревирдің қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуі тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

 

Телапревир

Телапревирдің қан плазмасындағы концентрациялары невирапиннің CYP3A4 индукциялауына байланысты төмендеуі, ал невирапиннің қан плазмасындағы концентрациялары телапревирдің CYP3A4 тежеуіне байланысты артуы мүмкін.

Невирапин мен телапревирді бірге қолданбау керек, өйткені невирапин, телапревир немесе екеуінің де қан плазмасындағы концентрацияларының өзгерістері телапревирдің тиімділігінің төмендеуіне немесе невирапинмен байланысты жағымсыз құбылыстар санының артуына алып келуі мүмкін.

 

Энтекавир

Энтекавир P450 цитохромы (CYP450) ферменттерінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды.

Энтекавирдің метаболизмдік жолына байланысты, клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Энтекавир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Интерферондар (пегилирленген альфа 2a және альфа 2b интерферондары)

Интерферондардың

CYP 3A4 немесе 2B 6-ға әсер ететіндігі белгісіз. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Интерферондар мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Телбивудин

Телбивудин P450 цитохромы (CYP450) ферменттік жүйесінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды.

Телбивудиннің метаболизмдік жолына байланысты, клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Телбивудин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Адефовир

Келтірілген in vitro зерттеулердің нәтижелері невирапиннің адефовирмен антагонизмінің елеусіздігін көрсетті, бірақ бұл жарияланған зерттеулерде расталған жоқ және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді.

Адефовир Р450 цитохромының қандай-да бір изоформаларына әсер етпейді, белгілі болғандай, ол адам организмінде дәрілік заттардың метаболизміне қатысады және бүйрекпен шығарылады. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Адефовир мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Рибавирин

Келтірілген in vitro зерттеулердің мәліметтері невирапиннің рибавиринмен антагонизмінің елеусіздігін көрсетті, бірақ бұл жарияланған зерттеулерде расталған жоқ және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді.

Рибавирин P450 цитохромының ферменттерін тежемейді, және уыттылығын зерттеулер барысында, рибавириннің бауыр ферменттерін индукциялайтындығы туралы деректер алынған жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі болжанбайды.

Рибавирин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге тағайындауға болады.

 

Басқа дәрілік препараттар

 

Анальгетиктер:

 

Метадон*

↓ Метадон

Метадон деңгейлері төмендеуі мүмкін; апиындарды тоқтату симптомдарын болдырмау үшін, дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Егер метадонның демеуші дозаларын қабылдап жүрген пациенттер Невирапин препаратымен емделуді бастаса, онда тоқтату синдромының дамуы мүмкіндігіне байланысты олардың мониторингін жүзеге асыру және метадонның дозасын түзету қажет.

 

Аритмияға қарсы препараттар:

 

Амиодарон,

дизопирамид,

лидокаин

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Антибиотиктер

 

Кларитромицин*

↓ Кларитромицин

↑ Кларитромициннің 14-OH метаболиті

Невирапин кларитромициннің деңгейін айтарлықтай төмендетті; ал 14-ОH метаболитінің концентрациялары жоғарылады. Кларитромициннің белсенді метаболиті Mycobacterium avium-intracellulare кешеніне қарсы белсенділікті төмендетеді, ауру тудыратын микроорганизмге қарсы жалпы белсенділік өзгеруі мүмкін. Кларитромицин азитромицин сияқты баламалы препаратқа алмастырылуы тиіс.

 

Рифабутин*

↑ Рифабутин

Рифабутин мен оның метаболитінің концентрациялары болар-болмас жоғарылады. Алайда тұлғааралық ауытқымалылығының жоғарылығына байланысты, кейбір пациенттер рифабутиннің көп мөлшерін қабылдауы және бұл рифабутин уыттылығы қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Сондықтан, бірге пайдаланған кезде сақтық таныту қажет.

 

Рифампин*

↓Невирапин

Невирапин мен рифампинді бірге қолданбау керек, өйткені невирапиннің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі дәрілік препарат тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Туберкулез жұқтырған пациенттерді емдеп жүрген және құрамында невирапин бар емдеу режимін пайдаланып жүрген дәрігерлер рифампинді рифабутинге алмастыра алады.

 

Құрысуға қарсы препараттар

 

Карбамазепин,

клоназепам,

этосуксимид

Невирапин мен құрысуға қарсы препараттың қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін

Сақтықпен пайдалану және вирусологиялық жауабына және құрысуға қарсы препараттардың деңгейлеріне мониторинг жүргізу керек.

 

Зеңге қарсы препараттар

 

Флуконазол*

↑Невирапин

Невирапин әсері деңгейінің жоғарылау қаупіне байланысты, бұл дәрілік препараттарды бірге қолданған кезде сақтық таныту және невирапинмен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында, пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу керек.

 

Кетоконазол*

↓ Кетоконазол

Невирапин мен кетоконазолды бірге қолданбау керек, өйткені қан плазмасындағы кетоконазол концентрациясының төмендеуі дәрілік препарат тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

 

Итраконазол

↓ Итраконазол

Итраконазолдың қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі мүмкіндігіне, мұның дәрілік препарат тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкіндігіне байланысты, Невирапин мен итраконазолды бірге қолданбаған дұрыс.

 

Антикоагулянттар

 

Варфарин

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Антикоагуляцияға әсер етуі мүмкін. Қанның ұю көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет.

 

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

 

Дилтиазем, нифедипин, верапамил

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Обыр кезіндегі химиотерапия

 

Циклофосфамид

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін ены.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Қастауыш алкалоидтары

 

Эрготамин

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Иммунодепрессанттар

 

Циклоспорин,

такролимус,

сиролимус

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

АІЖ моторикасының стимуляторлары

 

Цизаприд

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Апиындық рецепторлардың агонистері

 

Фентанил

Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Бұл біріктірілім үшін қолайлы дозалары анықталған жоқ.

 

Контрацептивтер

   

Этинилэстрадиол

және

Норэтиндрон*

↓ Этинилэстрадиол

↓ Норэтиндрон

ішуге арналған контрацептивтер мен контрацепцияның басқа гормональді әдістерін невирапинді қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның бірден-бір тәсілі ретінде пайдаланбау керек, өйткені невирапин аталған дәрілік препараттардың қан плазмасындағы концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Контрацепцияның баламалы немесе қосымша әдісін қолдану ұсынылады.

 

Депомедрокси-прогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әр 3 ай сайын

↔ ДМПА

↑Невирапин

Бірге қолданған кезде Невирапин ДМПА препаратының овуляцияны бәсеңдету әсерін төмендетпейді. ДМПА мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге қолдануға болады.

 

Антацидтер

   

Циметидин

↔ Циметидин

↑ Невирапин

Циметидин мен невирапинді дозасын реттемей-ақ бірге қолдануға болады.

 

Өсімдіктен алынған препараттар

 

Шілтерлі шайқурай

↓ Невирапин

Құрамында шілтерлі шайқурай бар фитопрепараттар мен невирапинді бірге қолдануға болмайды (4.3 бөлімін қараңыз). Егер пациент шайқурай препараттарын бұрыннан қабылдап жүрсе, онда невирапиннің деңгейін және, егер мүмкін болса, вирусологиялық көрсеткіштердің деңгейлерін тексеру, шайқурай препараттарын қабылдауды тоқтату қажет.

Шайқурай препараттарын қабылдауды тоқтатқан кезде невирапиннің концентрациясы артуы мүмкін. Невирапиннің дозасы түзетілуі тиіс.

Индукциялаушы әсері құрамында шлітерлі шайқурай бар препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.

 

- Басқа ақпарат:Невирапиннің метаболиттері. Адамның бауыр микросомаларын пайдалана отырып жүргізілген зерттеулер, невирапин гидроксилаты метаболитінің түзілуіне мына препараттардың әсер етпейтінін көрсетті: дапсон, рифабутин, рифампицин, және триметоприм/сульфаметоксазол. Кетоконазол мен эритромицин невирапин гидроксилаты метаболитінің түзілуін айтарлықтай тежеген.

Айрықша нұсқаулар

Невипан препаратымен монотерапия кезінде вирустың төзімді штаммдары жылдам және іс жүзінде үнемі туындап отырады. Сондықтан Невипан үнемі, кемінде басқа екі антиретровирустық препаратпен біріктіріліп қолданылуы тиіс.Егер анорексия, жүрек айнуы, құсу, сарғаю сияқты клиникалық белгілермен және зертханалық бұзылулармен (ГГТ қоспағанда, бауыр функциясы көрсеткіштерінің орташа немесе елеулі өзгерістері) қатар жүретін гепатит туындаса, Невипанмен емдеуді тоқтату қажет. Невипан туғызған клиникалық айқын гепатиттің дамуы салдарынан, оны тоқтату қажет болған пациенттерге Невипан қайта тағайындалмауы тиіс. Ұсынылған емдеу режимін әсіресе алғашқы 14 күндік кезең кезінде қатаң ұстану қажет. Тері тарапынан реакциялар Фатальді жағдайларды қоса, күрделі және өмірге қауіп төндіретін дерматологиялық реакциялар, пациенттерде Невипанды қабылдаған кезде негізінен емдеудің алғашқы 6 аптасы бойына байқалды. Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және аса жоғары сезімталдық реакциялары жағдайлары байқалды. Бөртпемен және жалпы симптомдармен, сондай-ақ ішкі азғалардың өзгерістерімен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда, соның ішінде гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек дисфункциясы кезінде, немесе ішкі ағзалардың басқа зақымдану белгілері бар кез келген пациентте Невипан тоқтатылуы тиіс. Пациенттерге Невипанның уыттылығының негізгі көрінісі бөртпе болып табылатынын хабарлау қажет. Емдеудің бастапқы кезеңіндегі дозалау режимі қатаң сақталуы тиіс, бұл бөртпенің даму жиілігін азайтады. Пациенттер, емдеудің бастапқы кезеңі бойына қандай-да бір бөртпе дамыған жағдайда, препарат дозасын бөртпе жойылғанша арттырмау керектігінен хабардар болуы тиіс. Тәулігіне бір рет 200 мг дозасы 28 күннен артық тағайындалмауы тиіс, препаратқа төзімділіктің даму қаупіне байланысты, дер кезінде баламалы емді тағайындау қажет.Преднизонды бір мезгілде қолдану (күніне 40 мг, Невипанды қабылдаудың алғашқы 14 күні бойына) бөртпенің туындау жиілігін азайтпайтыны, ал керісінше, емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде дерматологиялық реакцияларды жиілетуі мүмкін екендігі көрсетілді. Терінің күрделі реакцияларының даму қаупі емдеудің бастапқы кезеңі бойына препаратты күніне 200 мг дозада қолдану жөніндегі ұсынымдардың бұзылуы жатады. Дерматологиялық реакциялар күрделі нәтижелермен аяқталуының даму қаупі симптомдары басталғаннан кейін медициналық кеңеске жүгіну кейінге қалдырылған жағдайда арта түседі. Әйелдерде бөртпенің даму қаупі, Невипанды қолданған жағдайда да, құрамында Невипан жоқ емдеу кезінде де ерлерге қарағанда жоғары болуы мүмкін. Айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, күлбіреуіктердің түзілуі, ауыз қуысындағы өзгерістер, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, жалпы дімкәстану) қатар жүретін бөртпе туындаған пациент, препаратты қабылдауды тоқтатуы және дәрігермен кеңесуі тиіс. Ол пациенттерде Невипанды қайталап қолдануға жол берілмейді. Егер пациентте бөртпе байқалса және Невипанды қабылдаумен байланыстылығына күдік болса, бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс. Орташа немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде (АСТ немесе АЛТ ҚЖШ 5 есе артық) Невипан тоқтатылуы тиіс.Бөртпемен қатар жүретін, ішкі ағзалардың зақымдану белгілерімен, мысалы гепатитпен; эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек дисфункциясымен жүретін жалпы симптомдармен (қызба, артралгиялар, миалгиялар және лимфаденопатия) қатар жүретін аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда, Невипан тоқтатылуы тиіс; препаратты қайталап қолдануға жол берілмейді.Бауыр тарапынан реакцияларНевипанмен емделіп жүрген пациенттерде, фатальді фульминантты гепатитті қоса, ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық байқалды. Шектік мәндері емдеудің мұқият бақылау қажет болатын алғашқы 18 аптасы бойына сақталады. Бауыр тарапынан болатын реакциялардың аса жоғары қаупі емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде байқалады. Алайда қауіп бұл кезеңнен кейін де сақталады, және тұрақты бақылау емдеу кезінде қысқа уақыт аралықтары сайын жалғасып отыруы тиіс.Жағымсыз гепатоуытты реакциялар қаупінің жоғарылауы әйелдер мен CD4 жасушалар саны жорғарылау пациенттерде байқалады. Бұл қауіп ары қарай да сақталады, сондықтан бақылау барлық емдеу кезеңі бойына жүргізілуі тиіс. Пациенттерді бауыр тарапынан болатын реакциялардың Невипан уыттылығының негізгі түрі болып табылатындығынан және гепатиттің дамуын көрсететін белгілердің пайда болуы кідіртпей дәрігермен кеңесуге себеп болуы тиіс екендігінен хабардар ету қажет. Кез келген антиретровирустық емді жүргізу кезіндегі, соның ішінде Невипан кірістірілген режимдерді пайдалану кезіндегі бауыр тарапынан болатын жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылау болуы АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 2,5 еседен артық бастапқы артуы кезінде және/немесе B және/немесе C гепатиті бар кезде байқалады. Әйелдерде бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі, ерлерге қарағанда үш есе жоғары болуы ықтимал (2,2 %-бен салыстырғанда 5,8 %). CD4 жасушалар саны жоғары пациенттерде Невипанмен емдеу кезінде бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі де жоғары болуы мүмкін. Ретроспективтік талдау мәліметтері бойынша, CD4 жасушалар саны 250 жасуша/мм3 артық әйелдерде бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялардың қаупі, CD4 жасушалар саны 250 жасуша/мм3 аз әйелдерге қарағанда 12 есе жоғары болды (0,9%-бен салыстырғанда 11,0 %). Қауіп жоғарылығы CD4 жасушалар саны <400 жасуша/мм3ерлермен салыстырғанда, CD4 жасушалар саны >400 жасуша/мм3ерлерде де байқалған (1,2 %-бен салыстырғанда 6,3 %). Рабдомиолиз, Невипанді қолданумен байланысты тері тарапынан реакциялары және/немесе бауыр тарапынан реакциялары бар пациенттерде байқалды.Бауыр функциясының мониторингі Невипанды пайдаланған кезде, кейде емдеудің алғашқа аптасында-ақ туындайтын бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері туралы хабарланған. Бауыр ферменттері деңгейінің симптомсыз жоғарылауы жиі сипатталады және Невипанды қолдану үшін сөзсіз қарсы көрсетілім болып табылмайды. Бауыр функциясы көрсеткіштерін қысқа уақыт аралықтары сайын, пациенттердің клиникалық жағдайына сәйкес, әсіресе емдеудің алғашқы 18 аптасы бойына қатаң түрде бақылап отыру ұсынылады. Клиникалық және зертханалық бақылау Невипанмен барлық емдеу кезеңі бойына жалғасуы тиіс. Дәрігерлер мен пациенттер анорексия, жүрек айнуы, сарғаю, билирубинемия, ахолиялық нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдың ауыруы сияқты гепатиттің мұндай продромальді белгілеріне немесе симптомдарына сақтықпен қарауы тиіс. Пациенттер мұндай жағдайларда медициналық кеңеске жүгіну қажеттілігінен хабардар болуы тиіс. АСТ немесе АЛТ емдеуді бастар алдында немесе емдеу үдерісінде ҚЖШ 2,5 еседен артық жоғарылаған жағдайда, бауыр функциясының көрсеткіштері жүйелі клиникалық тексерулер кезінде жиірек тексеріліп отыруы тиіс. Невипан АСТ немесе АЛТ бастапқы деңгейі ҚЖШ 5 еседен артық пациенттерге тағайындалмауы тиіс (ол тұрақты түрде, ҚЖШ 5 еседен аз деңгейге дейін төмендемесе). Егер АСТ немесе АЛТ емдеу барысында ҚЖШ 5 еседен артық жоғарыласа, Невипан дереу тоқтатылуы тиіс. Егер АСТ және АЛТ деңгейі бастапқы мәндеріне қайтып келсе және егер пациентте гепатиттің қандай-да бір клиникалық белгілері, ішкі ағзалар функциясының бұзылуларын көрсететін жалпы симптомдар немесе басқа құбылыстар туындамаса, Невипанды қолдануды қайта бастауға болады (егер клиникалық қажеттілік бар болса). Невипанді қайта тағайындау тәулігіне 200 мг бастапқы дозасында (14 күн бойы), ары қарай оны тәулігіне 400 мг дейін арттыра отырып, қатаң клиникалық және зертханалық сақтық жағдайларында жүзеге асырылуы тиіс. Егер бауыр функциясының бұзылулары қайта жаңғырса, Невипанмен емдеуді тоқтату керек. Басқа сақтандыруларБауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігінің дамуын қоса, ауыр гепатоуыттылығы туралы невирапиннің бірнеше реттік дозаларын АИТВ жұқтырған адамдарда жанасқаннан кейінгі профилактика мақсатында пайдаланған кезде хабарланды, бұл аталған препаратты қолдану үшін мақұлданған көрсетілімдер қатарына жатпайды. Невипанды немесе кез келген басқа антиретровирустық емді қабылдаған пациенттерде оппортунистік инфекциялар мен АИТВ инфекциясының басқа асқынуларының даму жалғаса беруі мүмкін. Невипанның АИТВ-1 басқа адамдарға жыныстық қатынас және жұқпа жұқтырылған қан арқылы берілу қаупін азайтуға қабілеттілігі туралы деректер жоқ. Невипанды қабылдаған әйелдерде, контрацепцияның негізгі әдісі ретінде ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілерді пайдаланбау керек, өйткені Невипан бұл препараттардың плазмадағы концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Сондықтан, АИТВ берілісінің қаупін азайту үшін, контрацепцияның басқа да әдістерін пайдалану ұсынылады. Бұдан өзге, ішілетін контрацептивтік дәрілерді гормональді реттеліс мақсатында Невипанмен емдеу кезінде қолданған жағдайда, гормональді емнің емдік әсерін бақылау қажет. Невирапинді басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп пайдаланған кезде панкреатит, шеткергі невропатия және тромбоцитопения туындаған жағдайлар туралы хабарланды. Бұл реакциялар әдетте басқа антиретровирустық препараттармен байланысады және Невипанды басқа препараттармен біріктіріп пайдалану кезінде күтілуі мүмкін. Бұл құбылыстардың Невипанға байланысты болу ықтималдығы аз.Антиретровирустық емнің біріктірілімі АИТВ жұқтырған пациенттерде организмдегі майдың қайта таралуына (липодистрофия) алып келді. Бұл құбылыстардың ұзаққа созылатын саалдарлары әзірше белгісіз. Липодистрофия туындауының жоғарырақ болу қаупі жекелеген факторлармен (жас үлкендігі, ұзаққа созылған антиретровирустық ем және сонымен байланысты зат алмасу бұзылыстары) байланыстырылады. Сарысу липидтерінің деңгейлерін анықтау қажет. Клиникалық зерттеулерден, невирапинді қабылдау холестериннің, триглицеридтердің жоғарылауымен байланысты болды деп хабарланды. Алайда, Невипанды қабылдаған, АИТВ жұқтырған пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының туындау қаупі жоқ кезде бұл мәліметтердің клиникалық мәні белгісіз. Антиретровирустық препараттарды таңдау ең алдымен антиретровирустық тиімділігіне байланысты анықталуы тиіс.Невирапиннің қан плазмасындағы деңгейінің төмендеуі қаупіне және соның салдарынан невирапиннің клиникалық әсерінің азаятындығына байланысты, құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар фитопрепараттар Невипан таблеткаларын қабылдау кезінде пайдаланылмауы тиіс.Oстеонекроз: шығу тегі көп факторлы болып табылады деп болжанса да (кортикостероидтарды пайдалануды, алкоголь тұтынуды, ауыр иммунодепрессияны, дене салмағы индексінің жоғарырақ болуын қоса), АИТВ ауруы бар және/немесе антиретровирустық емнің біріктірілімін ұзақ уақыт қолданған (CART) пациенттердегі oстеонекроз жағдайлары туралы хабарламалар бар. Егер пациенттерде ауырсыну болса немесе қимыл-қозғалыс кезінде ауырсыну мен қиындықтарды сезінсе, олар медициналық кеңеске жүгінуі керек.Иммуннореактивтік синдром: АИТВ жұқтырған иммунитеті төмен пациенттерде антиретровирустық емнің біріктірілімі, ауру тудыратын симптомсыз немесе қалдықтық оппортунистік микроорганизмдерге әсер етеді, соның салдарынан ауыр клиникалық жағдайлар немесе симптомдардың нашарлауы туындауы мүмкін. Әдетте, ондай реакциялар CART инициациялануының алғашқы бірнеше аптасы немесе айлары ішінде байқалған. Мысалы, цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар, Pneumocystis jiroveci пневмониясы. Инфекция дамуының кез келген белгілері ескерілуі тиіс, олар туындаған жағдайда сәйкесінше ем тағайындау қажет.Фармакокинетикалық зерттеулер, рифампицин мен Невипанды бірге пайдалану ұсынылмайтындығын көрсетеді. Невипан таблеткаларының құрамында лактоза бар, бұл галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын аурулары: мысалы, лактоза тапшылығымен жүретін галактоземия немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерде ескерілуі тиіс. Мұндай аурулар кезінде препарат қабылданбауы тиіс.Педиатрияда пайдаланылуы8 жасқа дейінгі балаларға невирапинді шәрбат түрінде немесе ішуге арналған суспензия түрінде қолдану ұсынылады.Жүктілік және лактация кезеңіАИТВ жұқтырған жүкті әйелдерде толыққанды бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.Жүктілік кезінде препаратты тек, емдеудің күтілетін пайдасы ұрық үшін әлеуетті қауіптен асып түсетін жағдайда ғана тағайындау керек. Невирапин емшек сүтімен бөлініп шығатындықтан, сондай-ақ вирустың постнатальді берілуін болдырмас үшін, АИТВ жұқтырған аналар бала емізуді тоқтатуы тиіс.Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, қажу, қызба, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, ісінулер, түйінді эритема, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және дене салмағының төмендеуі.Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.Шығарылу түрі және қаптамасы60 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларға салынады. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші RANBAXY LABORATORIES LIMITED, Paonta Sahib District Simour Himachal Pradesh -173025, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ранбакси Лабораториз Лимитед» компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас к-сі 32А, СӘТ БО, 602 кеңсе

тел./факс: +7(727) 237-84-49, 237-84-50

тел.: 8-800-080-5202

эл.поштасы:Almaty.kz@ranbaxy.com

Прикрепленные файлы

912226191477976215_ru.doc 194.5 кб
326665621477977478_kz.doc 263 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники