Нарайя

МНН: Дроспиренон, Этинилэстрадиол
Производитель: Laboratorios Leon Farma S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дроспиренон и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122092
Информация о регистрации в РК: 29.06.2021 - 29.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Нарайя

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір белсенді таблетканың құрамында

белсенді зат: 3,0 мг дросперинон

0,02 мг этинилэстрадиол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, повидон К-30, натрий кроскармеллозасы, полисорбат 80 (твин 80), магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: ішінара гидролизденген поливинилді спирт, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172).

Бір плацебо таблеткасының құрамында

қосымша заттар: сусыз лактоза, повидон К 30, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: ішінара гидролизденген поливинилді спирт, макрогол 3350, тальк, титанның қостотығы (E171).

Сипаттамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған белсенді таблеткалар:

дөңгелек пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған плацебо таблеткалары:

дөңгелек пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі қолдануға арналған гормоналдық контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер (бекітілген үйлесімі). Дроспиренон және эстрогендер.

АТХ коды G03AA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дросперинон

Ішу арқылы қабылдағанда дроспиренон жылдам және толық дерлік сіңеді.

Ішке бір рет қабылдағаннан кейін дроспиренон сарысудағы 35 нг/мл жуық ең жоғары концентрациясына шамамен 1-2сағаттан кейін жетеді. Биожетімділігі 76-дан 85%-ға дейінді құрайды.

Тамақ ішу дроспиренон биожетімділігіне әсер етпейді.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін сарысудағы дроспиренон деңгейінің екі фазалы төмендеуі байқалады, жартылай шығарылу кезеңі тиісінше, 1,6±0,7 сағат және 27,0±7,5 сағат. Дроспиренон сарысулық альбуминмен байланысады және жыныс стероидтарын байланыстыратын глобулинмен (ЖСБГ) немесе кортикостероид- байланыстыратын глобулинмен (КБГ)байланыспайды. Тек сарысудағы заттың жалпы концентрациясының 3-5% ғана бос стероид ретінде қатысады. Этинилэстрадиолдан туындаған ЖСБГ жоғарылауы дроспиренонның сарысу ақуыздарымен байланысуына әсер етпейді.

Орташа таралу көлемі 3,7±1,2 л/кг құрайды.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дроспиренон қарқынды метаболизденеді.

Плазмадағы негізгі метаболиттер дроспиренонның қышқылдық түрі болып табылады, ол лактон сақинасы және 4,5-дигидро-дроспиренон -3 – сульфат ашылғанда түзіледі. Метаболиттің екеуі де цитохром Р450 жүйесі қатысуынсыз түзіледі. Дроспиренон ең аз дәрежеде цитохром Р450 жүйесінің 3А4 ферменті көмегімен метаболизденеді және аталған ферментті, сондай-ақ және 1А1, 2С9 және 2С19 ферменттерін тежеуге қабілеттілігін көрсетті.

Сарысудағы дроспиренонның метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы 1,5±0,2 мл/мин/кг құрайды. Өзгермеген түрде дроспиренон тек іздік мөлшерде ғана шығарылады. Дроспиренон метаболиттері нәжіспен және несеппен шамамен 1,2:1,4 арақатынасында ғана экскрецияланады.

Метаболиттердің нәжіспен және несеппен экскрециялануындағы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 40 сағатты құрайды.

Емдеу циклы уақытында дроспиренон сарысудағы ең жоғары тепе-теңдік концентрациясына шамамен емнің 8 күнінен кейін жетеді және 70 нг/мл жуықты құрайды.

Пациент әйелдердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігіне әсері

Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі = 50-80 мл/мин) әйелдердегі дроспиренонның сарысудағы тепе-теңдік концентрациясы бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі > 80 мл/мин) әйелдердегі сәйкес көрсеткіштерімен салыстырарлық болды. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі = 30-50 мл/мин) әйелдердегі дроспиренонның сарысулық деңгейі орташа алғанда бүйрек функциясы қалыпты әйелдердегіге қарағанда жоғары болды. Дроспиренонмен ем барлық топтарда жақсы көтерімді болды. Дроспиренон қабылдау сарысудағы калий концентрациясына клиникалық елеулі әсер етпеді.

Бауыр функциясының орташа бұзылуы (Чайлд-Пью бойынша В класы) бар әйелдерде дроспиренонның қан сарысуындағы орташа концентрациясының уақытқа тәуелділігі сіңіру/таралу фазасы барысындағы ең жоғары концентрациясының ұқсас мәндері бар бауыр функциясы қалыпты әйелдердегі осы көрсеткішпен салыстырарлық болды. Бауыр жеткіліксіздігі орташа дәрежелі әйелдерде бауыр функциясы қалыпты әйелдерге қарағанда таралудың терминальді фазасы кезіндегі қан сарысуындағы дроспиренон концентрациясының төмендеуі іс жүзінде 1,8  есе үлкен болды, бұл арада ішу арқылы қолданғанда бауыр функциясы қалыпты әйелдердегі осындаймен салыстырғанда болжамды клиренстің шамамен 50 %- ға төмендегені белгіленді. Клиренстің көрсетілген төмендеуі екі топтағы әйелдердің қандағы калий концентрациясының арасында қандай да бір айырмашылық туындатпаған. Тіпті қант диабеті болғанда және спиронолактонмен (гиперкалиемияға әкелуі мүмкін екі фактор) бір мезгілде ем жүргізілгенде қан сарысуындағы калий концентрациясының қалыптың жоғарғы шегінен асатын жоғарылауы белгіленбеген. Дроспиренон жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша В класы) пациент әйелдерде жақсы көтерімді деп қорытынды жасауға болады.

Этникалық тобы

Дроспиренонның және этинилэстрадиолдың фармакокинетикасына этникалық фактордың клиникалық елеулі әсері анықталмаған.

Этинилэстрадиол

Ішке қабылдағаннан кейін этинилэстрадиол жылдам және толық сіңіріледі.

Сарысудағы ең жоғары концентрациясы (33 мкг/мл жуық) 1-2 сағаттан соң жетеді. Бірінші пассаждың жүйеалдылық конъюгациялану және метаболизм нәтижесінде абсолюттік биожетімділігі шамамен 60% құрайды.

Зерттелгендердің шамамен 25%-да тамақпен қатар қабылдағанда этинилэстрадиолдың биожетімділігін төмендетеді, бұл арада басқа субъектілерде бұндай өзгерістер анықталмады.

Сарысудағы этинилэстрадиол концентрациясы екі фазалы төмендейді, терминальді фазасы шамамен 24 сағатты құрайтын жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады.

Этинилэстрадиол сарысулық альбуминмен (шамамен 98,5%) елеулі дәрежеде, бірақ спецификалық емес байланысады және сарысудағы ЖСБГ концентрациясының артуын туындатады. Болжамды таралу көлемі

5 л/кг жуықты құрайды.

Этинилэстрадиол жіңішке ішек шырышында және бауырда жүйеалдылық конъюгациялануға ұшырайды. Этинилэстрадиол хош иісті гидроксилдеу жолымен бастапқы метаболизденеді, бұл арада бос метаболиттер түрінде, сондай-ақ глюкуронды конъюгаттар және күкірт қышқылдары түрінде берілген әртүрлі гидроксилденген және метилденген метаболиттер түзіледі. Этинилэстрадиол толық метаболизденеді. Этинилэстрадиолдың метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы 5 мл/мин/кг жуықты құрайды.

Этинилэстрадиол іс жүзінде өзгермеген түрде шығарылмайды. Этинилэстрадиол метаболиттері несеппен және өтпен 4:6 арақатынасында шығарылады. Метаболиттер экскрециясы үшін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 тәулікті құрайды.

Тепе-теңдік концентрациясы жай-күйіне емдеу циклының екінші жартысында қол жеткізіледі, бұл арада этинилэстрадиолдың сарысулық деңгейі шамамен 2,0-2,3 есе ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Нарайя контрацептивтік әсері әртүрлі механизмдердің өзара әрекеттесулеріне негізделген, олардың ең маңыздысы овуляцияны бәсеңдетуі, сондай-ақ эндометриядағы және цервикальді шырыштағы өзгерістері болып табылады.

Нарайя – біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептив, құрамында этинилэстрадиол және прогестаген дросперинон бар. Дросперинон емдік дозаларында антиандрогендік және жеңіл антиминералокортикоидты қасиетке ие. Оның эстрогендік, глюкокортикоидты және антиглюкокортикоидты белсенділігі жоқ. Бұл дроспиреноннің табиғи гормон прогестеронге ұқсас фармакологиялық бейінін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- гормональді контрацепцияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды пішінді ұяшықты қаптамада көрсетілген тәртіппен, әрбір күні шамамен бір ғана мезгілде қабылдау керек.

Күн сайын бір таблеткадан 28 күн бойы қатарынан қабылдау керек. Әрбір келесі қаптаманы қабылдау алдыңғы қаптаманың соңғы таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні басталады. Етеккірге ұқсас қан кетулер әдетте белсенді емес таблеткаларды қабылдаудың 2-3 күні басталады және жаңа қаптаманы қабылдауды бастағанға дейін аяқталмауы мүмкін.

Егер препарат бірінші рет қабылданса

Таблеткаларды қабылдауды етеккірдің бірінші күні бастау керек. Таблеткаларды қабылдауды етеккірдің 2–5 күнінен бастауға болады, бірақ бұл жағдайда препаратты бірінші қабылдау циклы кезінде алғашқы 7 күн ішінде контрацепцияның гормональді емес (бөгейтін) әдісін қосымша бір уақытта пайдалану ұсынылады.

Егер бұрын басқа біріктірілген гормональді контрацептивтік дәрі пайдаланылса (біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептив, қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр)

Нарайя қабылдауды соңғы белсенді драже қабылдағаннан кейін келесі күні немесе ішінде 21 драже бар препараттар үшін қабылдаудағы 7 күндік үзілістен кешіктірмей бастайды.

Қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр қолданған жағдайда, қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр алынып тасталғаннан кейін, бірақ қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр алынып тасталғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей.

Құрамында тек гестогендер бар контрацептивтерден ауысу (мини-пили, инъекциялық формасы, имплантант)

Нарайя препаратына мини-пилиден кез келген күні, инъекциялық формасынан –келесі инъекция мерзімі басталған күні, имплантаттан – ол алынған күні ауысуға болады.

Бірінші триместрде аборттан кейін қолдану

Нарайя дереу қолданылуы мүмкін. Ұрықтануға қарсы қосымша шаралар талап етілмейді.

Босанудан кейін қолдану және екінші триместрде аборттан кейін пайдалану:

Нарайя қабылдау босанудан кейін немесе екінші триместрде аборттан кейін 21-28 күннен кейін басталуы мүмкін. Егер қабылдау кештеу басталса, драже қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін пайдалану керек.

Таблеткаларды жіберіп алғанда

Жіберіп алынған белсенді емес таблеткаларды ескермеуге де болады. Дегенмен, белсенді емес таблеткалардың қабылдау кезеңін кездейсоқ ұзартып алмау үшін оларды жою керек. Келесі ұсыныстар тек белсенді таблеткаларды жіберіп алуға ғана қатысты.

Егер таблеткаларды қабылдаудағы кешігу 24 сағаттан азды құраса, контрацепция сенімділігі төмендемейді; Нарайя препаратын мүмкін болғанша тез қабылдау керек, және келесі таблеткалар әдеттегі уақытында қолданылуы тиіс.

Егер таблеткаларды қабылдаудағы кешігу 24 сағаттан көпті құраса, ұрықтануға қарсы қорғаныш төмендейді. Бұл жағдайда келесі қағидалар қолданылуы тиіс:

- препаратты қабылдау ешқашан 7 күннен астамға үзілмеуі тиіс (белсенді емес таблеткаларды қабылдау аралығы 4 күнді құрайтынын білу керек)

- гипоталамус – гипофиз – аналық без жүйесін тиісінше бәсеңдету үшін таблеткалар 7 күн бойы үзіліссіз қабылдануы тиіс.

Осының негізінде келесі нұсқауларды басшылыққа алу керек.

Препарат қабылдаудың бірінші аптасы

Соңғы жіберіп алған таблетканы есіне түскен мезетте мүмкін болғанша жылдам қабылдау керек (тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдау керегін білдірсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытында қабылдайды. Келесі 7 күн бойына контрацепцияның қосымша бөгеттік (мысалы, мүшеқап) әдісін пайдалану керек. Егер таблетканы жіберіп алудың алдында апта бойында жыныстық жанасу болса жүктілік басталу ықтималдығын ескеру керек. Таблеткаларды көп жіберіп алған сайын және олар ақ плацебо таблеткаларын қабылдауға жақын болған сайын жүктіліктің ықтималдығы жоғары.

Препарат қабылдаудың екінші аптасы

Соңғы жіберіп алған таблетканы есіне түскен мезетте мүмкін болғанша жылдам қабылдау керек (тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдау керегін білдірсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытында қабылдайды. Егер алғашқы жіберіп алатын таблетканың алдындағы 7 күн бойына таблеткалар дұрыс қабылданса, қосымша контрацептивтік шара пайдалану қажеттігі жоқ. Бұлай болмаған жағдайда, сондай-ақ екі және одан да көп таблеткаларды жіберіп алған жағдайда 7 күн бойына контрацепцияның қосымша бөгеттік (мысалы, мүшеқап) әдісін пайдалану керек.

Препарат қабылдаудың үшінші аптасы

Сенімділіктің төмендеу қаупі таблетканы қабылдаудағы алда болатын үзілісіне байланысты толассыз. Келесі екі нұсқаның бірін қатаң ұстану керек. Бұл арада егер алғашқы жіберіп алатын таблетканың алдындағы 7 күнде барлық таблеткалар дұрыс қабылданса, қосымша контрацептивтік әдіс пайдалану қажеттігі жоқ.

1. Соңғы жіберіп алған таблетканы мүмкін болғанша жылдам қабылдау керек (тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдау керегін білдірсе де). Келесі таблетканы ағымдағы қаптамадағы белсенді таблеткалар аяқталғанша әдеттегі уақытымен қабылдайды. 4 плацебо таблетканы ішпей қоя тұру керек. Келесі қаптаманы дереу бастау керек. Екінші қаптама аяқталғанша тоқтату қан кетулерінің ықтималдығы аз, бірақ таблетка қабылдау кезінде жағынды бөлінділер анықталуы мүмкін.

2. Осылайша ағымдағы қаптамадан таблетка қабылдауды үзе тұруға болады. Содан кейін 4 күн бойына, таблетканы жіберіп алған күнді қоса, плацебо таблеткаларын қабылдау керек және содан кейін жаңа қаптама қабылдауды бастау керек.

Егер жіберіп алғаннан кейін және қабылдауды жаңғыртқаннан кейін тоқтату қан кетулері бақыланбаса, онда жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Асқазан-ішек бұзылыстарында

Асқазан-ішектің ауыр бұзылыстарында препарат толық сіңбеуі мүмкін. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша шараларын қолдану керек.

Егер белсенді таблетка қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсу байқалса, таблетканы ішуді жіберіп алуға қатысты кеңеске бағыт алу керек. Егер әйел препарат қабылдаудың қалыпты режимін өзгерткісі келмесе, ол қажет болғанда басқа қаптамадан (бірнеше таблетка) қосымша таблетка қабылдауы тиіс.

Етеккір қан кетуінің басталу күнінің өзгерістері

Алдыңғы қаптама аяқталғаннан кейін етеккір басталуын кейінге қалдыру үшін басталған қаптамадағы плацебо таблеткаларын қабылдамай, жаңа қаптамадан белсенді таблеткалар қабылдауды дереу бастау керек. Препаратты екінші қаптамадан қабылдау аясында жағынды қанды бөліністер болуы мүмкін. Екінші қаптама аяқталғаннан кейін (плацебо таблеткаларын қабылдағаннан кейін) келесі қаптамадан Нарайя қабылдауды жаңғырту керек.

Етеккір оралымы аптаның басқа күні басталуы үшін таблетка қабылдаудағы үзіліс ұзақтығы қажетіне қарай қысқартылуы мүмкін. Алайда аралығы қысқа болған сайын екінші қаптаманы қабылдау кезіндегі жағынды қанды бөліністер пайда болу ықтималдығы жоғары.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1/100, <1/10)

- көңіл-күй тұрақсыздығы

- бас ауыруы

- жүрек айнуы

- бас сақинасы

- сүт бездерінің ауыруы

- аменорея

- метроррагия*

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- депрессия, күйгелектік, ұйқышылдық

- парестезия

- бас айналуы

- бас сақинасы

- көктамырлардың варикоздық кеңеюі, артериялық гипертензия

- іштің ауыруы, құсу, диспепсия, метеоризм, гастрит, диарея

- акне, қышыну, тері бөртпесі

- арқаның ауыруы, аяқ-қол ауыруы, бұлшықет түйілулері

-қынаптық кандидоз, жамбас ауыруы

- сүт безі ұлғаюы, сүт безінің фиброзды-кистозды ауруы

- жатыр/қынаптық қан кету, генитальді бөлінділер, қан кернеулері, вагинит

- етеккір циклының бұзылуы, дисменорея, гипоменорея, меноррагия

- қынаптың құрғауы, Папаниколау бойынша жағындыдағы өзгерістер

- либидо төмендеуі

- астения, қатты тершеңдік

- ісінулер (жайылған ісінулер, шеткергі ісінулер, беттің ісінуі)

- денеге салмақ қосу

Сирек (≥1/10 000, <1/1000)

- кандидоз

- анемия, тромбоцитопения

- аллергиялық реакциялар

- эндокриндік бұзылулар

- тәбеттің жоғары болуы, анорексия

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- аноргазмия

- ұйқысыздық

- бас айналуы, тремор

- конъюнктивит, көздің құрғауы, көз тарапынан бұзылулар

- тахикардия

- флебит, тамыр бұзылулары, көктамырлық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия

- мұрыннан қан кету, естен тану

- іштің қатуы, ауыздың құрғауы, іштің ұлғаюы, гастроинтестинальді бұзылу, асқазан-ішек жолдарының толып кету сезімі, өңеш саңылауының жарығы

- ауыз қуысының кандидозы

- өт қалтасының ауыруы, холецистит

- хлоазма, экзема, алопеция, акнеформалы дерматит, терінің құрғауы, түйінді эритема, гипертрихоз, тері бұзылуы, терінің тартылуы, жанаспалы дерматит, фотосезімтал дерматит, тері папулалары

- диспареуния, вульвовагинит, жыныстық қатынастан кейінгі қан кетулері, тоқтату қан кетулері

- сүт безінің кисталары, сүт безінің гиперплазия, сүт безінің жаңа түзілімі

- жатыр мойнының полиптері, эндометрия атрофиясы, аналық без кисталары, жатыр ұлғаюы

- дімкәстік

- дене салмағының төмендеуі

Белгісіз жиілікпен

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- мультиформалы эритема

* ұдайы емес қан кетулер әдетте ем жалғастырылғанда тыйылады

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Төменде аталған жай-күйлердің қандай да біреуі болғанда ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтер қолданылмауы тиіс. Егер бұл жай-күйлердің қандай да біреуі қабылдау аясында дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс.

- қауіп факторларымен үйлесімдегі немесе онсыз көктамырлық тромбоэмболия немесе оның сыртартқысында болуы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

- көктамырлық тромбоэмболияға тұқым қуалаумен шартталған немесе жүре пайда болған бейімділігі болуы (белсендірілген С протеинге резистенттілік (Лейден V факторын қоса), антитромбин III, С протеин немесе S протеин тапшылығы)

- ұзақ иммобилизациясымен ауқымды хирургиялық араласымдар

­- артериялық тромбоэмболия немесе оның сыртартқысында болуы, атап айтқанда миокард инфарктісі және ми қан айналымы бұзылуы

- көктамырлық немесе артериялық тромбоздың күрделі немесе көптеген қауіп факторы болуы

  • сыртартқысында тромбоз хабаршылары болуы (мысалы, ми қан айналымының өтпелі бұзылуы немесе стенокардия)

  • ­инсульт немесе оның сыртартқысында болуы

  • ­ауыр артериялық гипертензия

  • микро – немесе макроангиопатия білінулері бар ­қант диабеті

  • этиологиясы қан тамырлық көрудің бұзылуы

  • диагностикаланған немесе күдік болған сүт безінің және жыныс ағзаларының гормонға тәуелді қатерлі ісіктері

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

  • ­бауырдың күрделі аурулары немесе олардың сыртартқысында болуы

­ (функционалдық «бауырлық» тесттер көрсеткіштері қалыпқа келгенге

дейін)

  • бауыр ісігі немесе олардың сыртартқысында болуы (қатерсіз немесе қатерлі), панкреатит (немесе оның сыртартқысында болуы)

- панкреатит немесе оның сыртартқысында болуы, егер ол ауыр гипертриглицеридемиямен байланысты болса

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактоза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

­ - этиологиясы белгісіз қынаптық қан кетулер

- ошақтық неврологиялық сипмтоматикалы бас сақинасы

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- этиологиясы белгісіз аменорея

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

БІК тиімділігіне әсер етуі мүмкін дәрілік заттар

Потенциалды дәрілік өзара әрекеттесулерін анықтау мақсатында кез келген бірге қолданылатын дәрілік зат бойынша ақпаратты әркез зерттеу керек!

Жыныс гормондарының клиренсі жоғарылауына әкелетін дәрілік өзара әрекеттесулер лақылдап қан кетудің және контрацептивтік қорғаныштың тиімсіздігінің себебі болуы мүмкін. Бұл әсер гидантоиндарда (мысалы, фенитоин), барбитураттар, примидон, карбамазепин және рифампицинде анықталған; сондай-ақ окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин, ритонавир, невирапин және құрамында шайқурай бар препараттарға қатысты да болжамдар бар.

Олардың әсерінің механизмі, бұл заттардың «бауыр» ферменттері белсенділігін жоғарылатуы қабілетіне негізделуі ықтимал.

Ферменттердің ең жоғары индукциясы әдетте бұл препараттарды қабылдауды бастағаннан кейін ең кемі 2-3 апта өткен соң ғана байқалады, бірақ оларды тоқтатқаннан кейін 4 аптадан кем емес уақыт бойына сақталуы мүмкін. Сондай-ақ контрацептивті дәрілердің тиімсіздігі жағдайы антибиотиктерді бір мезгілде қолданғанда анықталды.

Бұл «бауыр» ферменттерінің белсенділігі жоғарылауын туындататын препараттарының кез келгенін қысқа мерзімдік қабылдау жағдайында бұл препараттарды қабылдауды бастаған сәттен бастап, емнің барлық кезеңі бойына және оларды тоқтатқаннан кейін 4 апта бойына қосымша контрацепцияның бөгеттік әдісін қолдану ұсынылады. Көрсетілген антибиотиктерді қысқа курспен қабылдайтын әйелдерге уақытша, яғни қатарлас дәрілік зат қолдану кезеңінде және оны тоқтатқаннан кейін 7 күн бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін контрацептивтік таблеткалармен бір мезгілде пайдалану керек.

Егер Нарайя препаратының кезекті таблетка қаптамасы қосымша контрацептивтік дәрілерді қолдануды талап ететін уақыт мерзімінен бұрын бітіп қалса, плацебо таблеткаларын қолданбастан келесі қаптамадан белсенді таблеткаларды қабылдауды бастау керек.

Бұл препараттарды ұзақ қолданған жағдайда пациент әйелдерге басқа контрацептивтік дәрілерді пайдалану ұсынылады.

БІК үйлесімде қолданғанда көптеген АИТВ/HCV-протеаза тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері қан плазмасындағы эстогендердің немесе прогестиндердің концентрациясын жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін. Көрсетілген өзгерістер кейбір жағдайларда клиникалық елеулі болуы мүмкін.

Күшті және орташа CYP3A4 тежегіштері, зеңге қарсы (мысалы, итраконазол, вориконазол, флуконазол), верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин), дилтиазем сияқты препараттар және грейпфрут шырыны эстоген немесе прогестиннің немесе қан плазмасындағы екі заттың да концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Эторикоксиб күніне 60-тан 120 мг дейінгі дозада плазмадағы этинилэстрадиол концентрациясын 1,4-тен 1,6 есеге дейін, құрамында 0,035 мг этинилэстрадиол бар БІК бір мезгілде қабылдағанда тиісінше жоғарылатады.

Маркерлік субстраттар ретінде омепразол, симвастатин немеес мидазолам пайдаланған ерікті қатысушылар арасында in vivo өзара әрекеттесулерінің нәтижесіне қарағанда 3 мг дозадағы дроспиренонның цитохром Р450 жүйесі арқылы жүретін басқа дәрілік заттардың метаболизміне клиникалық маңызды әсері болуының ықтималдығы аз.

Стероидты жыныс гормондары қан плазмасындағы циклоспорин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, бұл уытты әсерлері дамуына әкелуі мүмкін. Ламотриджинді және БІК бір мезгілде қабылдау плазмадағы ламотриджин концентрациясы төмендеуіне және БІК қолдануды бастаған әйелдерде құрысу ұстамаларын бақылаудың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде құрамында этинилэстрадиол бар гормональді контрацептивтерді тағайындау қан плазмасындағы CYP3A4 субстраттары изоферменттерінің (мысалы, мидазолам) концентрациясының қандай да бір жоғарылауына немесе ең болмаса әлсіз жоғарылауына әкелмеді, бұл арада қан плазмасындағы CYP1A2 субстраттары изоферментінің концентрациясы әлсіз (мысалы, теофиллин) немесе орташа дәрежелі (мысалы, мелатонин және тизанидин) жоғарылады.

Нарайя таблеткаларын калийдің сарысулық деңгейін жоғарылатуы мүмкін басқа препараттармен бір мезгілде қабылдаған әйелдерде калийдің сарысулық деңгейінің жоғарылауының теориялық мүмкіндігі бар. Бұл препараттарға ангиотензин-II рецепторларының антогонистері, калий жинақтаушы диуретиктер және альдостерон антогонистері жатады. Алайда дросперинон (эстрадиолмен біріктірілімде) және АӨФ тежегіштерінің немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттегенде қан сарысуындағы калий деңгейінің қандай да бір елеулі өзгерістері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Нарайя препаратын қабылдауды бастар алдында толық клиникалық зерттеу жүргізу керек, жүктіліктің, ісіктің бар-жоғын анықтау керек.

Көктамырлық тромбоэмболияға (КТЭ) немесе артериялық тромбоэмболияға (АТЭ) күдік болғанда немесе расталғанда біріктірілген ішілетін контрацептивтерді (БІК) қабылдауды тоқтату керек. Егер әйелге антикоагулянтты ем тағайындалса, антикоагулянтты емнің (кумариндермен) тератогендік әсерін ескере отырып, баламалы тәсілмен талапқа сай контрацепцияны қамтамасыз ету керек.

Біріктірілген ішілетін контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде қауіптің төмендегі факторлары:

- 35 жастан асқан жас

- шылым шегу (шылым мөлшері артқан сайын немесе жасы ұлғаюымен қаупі одан әрі қарай артады, әсіресе 35 жастан асқан әйелдерде, шылым шегуді жалғастырған 35 жастан асқан әйелдерде контрацепцияның басқа әдістері ұсынылады)

  • семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 астам болуы)

  • дислипопротеинемия

  • артериялық гипертензия

  • бас сақинасы

  • жүрек клапандары ауруы

  • жүрекше фибрилляциясы

- отбасылық сыртартқысында салыстырмалы түрде жас кезінде көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболия болуы

- ұзаққа созылған төсек режимі, ауқымды операция, аяққа жасалған кез келген операция немесе елеулі жарақаты болғанда көктамырлық және/немесе артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың қаупі жоғарырақ болады. Бұл жағдайларда біріктірілген ішілетін контрацептивтерді қолдануды тоқтату (жоспарлы операция жағдайында – алдын ала, ең кемі төрт апта бұрын) ұсынылады, және төсек режимі аяқталғаннан кейін екі апта бойына жаңғыртуға болмайды. Уақытша иммобилизация, ұзақтығы 4 сағаттан астам болатын ұшақпен ұшуды қоса, атап айтқанда қауіптің басқа факторлары бар әйелдерде КТЭ даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Сондай-ақ циркуляторлық бұзылулар ісікте, қант диабетінде, жүйелі қызыл жегіде, гемолиздік уремиялық синдромда, ішектің созылмалы қабыну ауруларында (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақ-жасушалы анемияда анықталуы мүмкін.

БІК қолдану уақытында бас сақинасының жиілігі мен ауырлығы ұлғаюы (бұл цереброваскулярлық бұзылудың алдында болуы мүмкін) бұл препараттарды қабылдауды дереу тоқтату үшін негіз болу мүмкін.

Қауіп/артықшылығының арақатынасын бағалағанда дәрігер тиісінше жай-күйді талапқа сай емдеудің оған байланысты тромбоз даму қаупін азайтуы мүмкіндігін ескеруі керек. Сондай-ақ төмен дозаланған біріктірілген пероральді контрацептивтерді (этинилэстрадиол 0,05 мг аз) қабыладуға қарағанда жүктілікте тромбоз және тромбоэмболия қаупі жоғары болатынын ескеруі керек.

Кез келген біріктірілген ішілетін контрацептивтерді пайдалану пациенттерде оларды пайдаланбайтын әйелдермен салыстырғанда КТЭ даму қаупін жоғарылатады.

Құрамында левоноргестрел, норгестимат және норэтистерон бар препараттар КТЭ дамуының аздау қаупіне ие.

Нарайяға ұқсас препараттар қауіп дәрежесін екі есе жоғарылатуы мүмкін. КТЭ қаупі төмен кез келген басқаларына қарағанда бұндай препараттарды пайдалану туралы шешім әйелмен бірге талқылаудан кейін ғана қабылдануы тиіс. Әйел Нарайя қабылдау аясында КТЭ даму қаупі және өзінде бар қауіп факторының аталған қауіпке қандай түрде әсер ететіні туралы хабардар болуы тиіс. КТЭ даму қаупі БІК қабылдаудың бірінші жылы барынша ең жоғары. Бұдан басқа, қабылдаудағы 4 апта бойы және одан астам үзілістен кейін БІК қабылдауды жаңғыртуда жоғарылау қаупі анықталу мүмкіндігінің кейбір айғақтары бар.

Көктамырлық тромбоэмболия 1-2% жағдайларда өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

Көктамырлық тромбоз симптомдары: аяқтың бір жақты немесе аяқтың көктамырын бойлай ісінуі, аяқтың тек тік тұрған қалпында немесе жүргенде ауыруы немесе жайсыздануы, зақымданған аяқ-қолдың температурасы жоғарылауы, аяқтың тері жабынының түсі қызаруы немесе өзгеруі.

Өкпе артериясы тромбоэмболиясы симптомдары: кенеттен болатын түсініксіз ентігу немесе тыныс алу жиілеуі басталуы, қан түкірумен бірге жүруі мүмкін кенеттен жөтелдің шабуылы, терең дем алғанда күшеюі мүмкін кеуденің жедел ауыруы, қатты бас айналуы, жиілеген немесе тұрақсыз жүрек қағуы. Бұл симптомдардың кейбіреулері (мысалы, жөтел және ентігу) спецификалық емес болып табылады және осыған байланысты жиірек кездесетін және ауырлығы аз бұзылулардың белгілері (мысалы, тыныс алу жолдарының инфекциялары) ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.

Тамырлар бітелуінің басқа да белгілеріне мыналар жатуы мүмкін: аяқ-қолдың кенеттен болатын ауыруы, ісінуі және көгеруі.

Көз тамырлары окклюзиясында көрмей қалуға дейін үдеуі мүмкін бұлыңғыр көру анықталуы мүмкін. Кейде кенеттен көрмей қалу болуы мүмкін.

Артериялық тромбоз симптомдары

Цереброваскулярлық бұзылулар: кенеттен болатын әлсіздік немесе беттің, аяқ және қолдың, әсіресе дененің бір жағы ұюы, жүрістің кенеттен бұзылуы, бас айналуы, тепе-теңдіктің немесе қимыл-қозғалыс үйлесімінің жоғалуы, кенеттен сананың шатасуы, сөйлеудің бұзылуы немесе қабылдаудың қиындықтары болуы, бір немесе екі көздің көруінің кенеттен нашарлауы, себепсізден себепсіз кенеттен күшті немесе ұзақ бас ауыруы, санадан айрылу немесе ұстамасы бар немесе онсыз естен тану. Тамырлар окклюзиясының басқа белгілері: аяқ-қолдың кенеттен ауыруы, ісінуі немесе әлсіз көгерулері, «жедел» іштеспе симптомдары.

Миокард инфарктісінің симптомдары: ауыру, жағымсыздық, қысым, ауырлық, кеудені, қолды немесе төс артының қысу немесе керу сезімі, арқаға, жаққа, көмейге, қолға, ішке берілетін жайсыздық сезімі, асқазанның толып кету және керу сезімі, тұншығу сезіну, тершеңдік, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, қатты әлсіздік, мазасыздық, ентігу, жиілеген немесе тұрақсыз жүрек қағуы.

Біріктірілген ішілетін контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерге егер олар тромбоздың болжамды белгілерін сезінсе дереу дәрігерге қаралу керегі туралы ескерту керек.

Ісіктер

БІК ұзақ уақыт қолданғанда жатыр мойнының обыры даму қаупінің кейбір жоғарылауы туралы мәлімдеулер болды, алайда бұның контрацепцияның бөгеттік әдістерін пайдалануды және адам папиллома вирусын (HPV) қоса, басқа факторлармен, оның ішінде жыныстық мінез-құлық ерекшеліктерімен қандай дәрежеде байланысты болуы мүмкіндігі туралы деректер қайшылықты болып қала береді.

54 эпидемиологиялық зерттеулердің мета-талдауы зерттеу кезінде БІК пайдаланған әйелдерде диагностикаланған сүт безі обырының даму қаупі (RR=1.24) салыстырмалы түрде біршама жоғары болатынын көрсетті. Бұл препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 10 жыл ішінде жоғары қаупі біртіндеп жойылады. Осыған байланысты, сүт безінің обыры 40 жастан кіші әйелдерде сирек анықталады, қазіргі уақытта БІК қабылдап жүрген немесе жуырда қабылдаған әйелдерде сүт безінің обыры диагнозының саны артуы бұл аурудың жалпы даму қаупіне қатысты елеусіз болып табылады.

Оның БІК қабылдауға байланысы дәлелденбеген. БІК пайдаланған әйелдерде оларды ешқашан қабылдамаған әйелдерге қарағанда клиникалық айқындығы төмен сүт безінің обыры анықталады.

БІК қабылдау аясындағы сирек жағдайларда бауырдың қатерсіз ісігінің дамуы және одан да сирек жағдайларда қатерлі ісігі дамуы бақыланды.

Басқа да жай-күйлер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде калий шығарылуы баяулауы мүмкін. Калий концентрациясы басынан қалыптың жоғарғы шегінде болған бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда және ағзада калийдің іркілуіне әкелетін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдағандарда қан сарысуындағы калий концентрациясын тексеру ұсынылады.

Гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде (немесе бұл жай-күйдің отбасылық сыртартқыда болуы) БІК қабылдаудың кезінде панкреатит даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Сондай-ақ жүктілікте бақыланатын келесі: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тас түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу жай-күйлері БІК қабылдағанда пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін. Алайда көрсетілген жай-күйлер дамуы мен БІК қабылдаудың арасында өзара байланыс көрсетілмеген.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бара әйелдерде экзогендік эстрогендер бұл аурудың симптомдарына түрткі болуы немесе оны өршітуі мүмкін.

БІК инсулиннің резистенттілігіне және глюкозаға толеранттылығына әсері болуы мүмкін болса да, төмен дозаланған біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді (<0,05 мг этинилэстадиол) пайдаланатын, қант диабетімен науқастарда емдеу режимін өзгертудің қажеттілігі жоқ.

Дегенмен қант диабеті бар әйелдер БІК қабылдау кезінде мұқият бақылануы тиіс.

Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы болғанда бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа келгенге дейін БІК пайдалануды тоқтату туралы мәселені шешу керек. Жүктілікте алғаш дамыған немесе алдында жыныс гормондарын қабылдағанда дамыған қайталанатын холестаздық сарғаюда БІК қабылдауды тоқтату керек.

БІК қабылдау аясында Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит, эндогендік депрессия өршуі және эпилепсия білінулері бақыланды.

Хлоазмаға бейімі бар әйелдер, әсіресе жүктіліктегі сыртартқысында, күн көзінде ұзақ болудан және ультракүлгін сәулелену әсерінен аулақ болуы тиіс

Медициналық тексерулер

Нарайя қолдануды бастар алдында, сондай-ақ әйелдерге препаратты қолдану кезінде мезгіл-мезгіл жалпы медициналық және гинекологиялық мұқият зерттеулерден өту, жүктіліктің бар-жоғын анықтау ұсынылады.

Мезгіл-мезгіл медициналық зерттеулер жүргізу маңызды, өйткені препаратты қабылдау барысында қарсы көрсетілім (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар және басқалары) немесе қауіп факторлары (мысалы, көктамырлық немесе артериялық тромбоздарға тұқым қуалайтын бейімділік) анықталуы мүмкін.

Нарайя АИВТ-инфекциядан (ЖИТС) және жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан қорғамайды!

Зертханалық зерттеулер

Контрацептивті стероидты гормондар қабылдау бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін, қалқанша бездерін, бүйрек үсті бездерін және бүйрек, плазманың тасымалдаушы ақуыздарының концентрациясына (мысалы, кортикостероид-байланыстыратын глобулин, липидті/липопротеинді фракция), көмірсу алмасу көрсеткіштерін, коагуляцияны және фибринолизді қоса, кейбір зертханалық тесттердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бақыланатын өзгерістер әдетте референсті мәндер шегінде қалады.

Дросперинон плазма ренині және альдостерон белсенділігін ұлғайтады, бұл оның антиминералокортикоидты әсеріне байланысты.

Тиімділігі төмендеуі

Белсенді таблеткаларды ішуді жіберіп алғанда, белсенді таблеткаларды қабылдағанда құсу және диарея дамығанда немесе дәрілік өзара әрекеттесулер нәтижесінде БІК тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Лактоза

Нарайя препаратының белсенді бір таблеткасы (қызғылт түсті таблетка) құрамында 44 мг лактоза моногидраты бар, ал бір белсенді емес таблеткада (ақ түсті таблетка) 89,5 мг сусыз лактоза бар.

Галактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары бар, лактозасыз диетадағы пациенттер препараттағы лактоза мөлшерін ескеруі керек.

Етеккір оралымына әсері

Пайдаланудың бірінші айлары ішінде жүйесіз қан кетулер анықталуы мүмкін (жағынды қанды бөліністер немесе лақылдап қан кетулер). Сондықтан кез келген жүйесіз қан кетулерге баға беру шамамен үш циклды құрайтын тек адаптация кезеңінен кейін ғана жүргізілуі тиіс.

Егер алдыңғы ұдайы циклдардан кейін жүйесіз қан кетулер қайталанса немесе дамыса қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін мұқият бақылау жүргізу керек.

Кейбір әйелдерде белсенді таблеткаларды (қызғылт түсті) қабылдағандағы үзіліс кезінде тоқтату қан кетуі дамымауы мүмкін. Егер препарат көрсетілімге сәйкес қабылданса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз болады. Дегенмен егер осыған дейін БІК тұрақты түрде қабылданбаса немесе егер қатарынан екі тоқтату қан кетуі болмаса, препарат қабылдауды жалғастырғанға дейін жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нарайя препараты автокөлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жүргізу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, жас қыздарда – етеккірлік қан кетулер.

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/диполивинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 28 таблеткадан (қызғылт түсті 24 белсенді таблетка және ақ түсті 4 плацебо таблетка) қапталады.

1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Laboratorios Leоn Farma S.A., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Exeltis Healthcare S.L.., Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Экселтис Хелскеар С.Л. өкілдігі, Алматы қ., 22 линия к-сі, 45 үй

Электрондық поштасы: gulmira.rahmanberdieva@exeltis.com

Прикрепленные файлы

314541861477976300_ru.doc 116 кб
048267641477977498_kz.doc 147 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники