Надиклокс

МНН: Фузидовая кислота
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fusidic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022428
Информация о регистрации в РК: 14.10.2016 - 14.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Надиклокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фузидий қышқылы

Дәрілік түрі

Жақпамай, 2%, 15 г

Құрамы

100 грамм жақпамай құрамында

белсенді зат - натрий фузидаты 2 г,

қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, сұйық парафин, ланолин, цетилді спирт

Сипаттамасы

Сарғыш-ақ түсті біркелкі масса

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Басқа да жергілікті қолдануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Фузидий қышқылы.

АТХ коды D06АХ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда фузидий қышқылының фармакокинетикасын анықтайтын деректер жоқ, алайда зерттеулер фузидий қышқылының және оның тұзының in-vitro зақымданбаған тері арқылы жеткілікті концентрацияда өтуі мүмкіндігін көрсетеді.

Өту дәрежесі фузидий қышқылының (немесе оның тұзының) әсерінің ұзақтығына және терінің жай-күйіне байланысты. Фузидий қышқылы және оның тұздары негізінен өтпен және елеусіз мөлшерде несеппен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Надиклокс жақпамайы – сыртқа қолдануға арналған, құрамында фузидий қышқылының натрий тұзы бар, микробқа қарсы, қабынуға қарсы дәрі.

Фузидий қышқылы және оның тұзы майлы және сулы ортада жақсы ериді және зақымданбаған тері арқылы өту қабілетінің жоғарылығын көрсетті.

0.03 - 0.12 mcg/мл концентрациялары барлық дерлік стафилококктарды, оның ішінде Staphylococcus aureus, Streptococci, Corynebacteria, Neisseria және Clostridia тежейді.

Фузидий қышқылының натрий тұзы ақуыз синтезін бәсеңдету жолымен бактериялардың көбеюіне кедергі жасай отырып, микроб жасушасына бактериостатикалық әсер етеді. G факторы элонгациясын бөгей отырып, олар оның рибосомалармен және гуанозинтрифосфатпен байланысуын болдырмайды, бұл ақуыз синтезіне қажетті энергия босап шығуын үзеді және бактериялық жасушаның қырылуына әкеледі.

Қолданылуы

- импетигода (күлдіреуік)

- паронихияда

- фурункулдерде, карбункулде

- түкті фолликулитте

- жұқпа жұқтырылған жараларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Терінің зақымданған бөлігіне жұқа қабатпен күніне 2-3 рет жағады.

Емдеу курсы 8 күн немесе дәрігер ұсынысы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

Надиклокс жақпамайының әдетте жағымдылығы жақсы болады.

Жиі емес

- аллергиялық реакциялар

- бөртпе, қышыну, тері тітіркенуі, терінің ауыруын, күйдіру сезімін қоса, эритема, экзема, жанаспалы дерматит

Сирек

- конъюнктивит

- есекжем, ангионевротикалық ісіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фузидий қышқылына және препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- Pseudomonas aeruginosa микроорганизмдерінен туындаған инфекциялар

- 2 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Надиклокс жақпамайын қолданғанда көзге тигізіп алмаңыз, өйткені бұл тітіркену туындатуы мүмкін. Надиклокс құрамында жергілікті аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит)

ланолин және цетил спирті бар.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану егер ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға және балаға төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана мүмкін.

Жануарлардағы зерттеулер және көп жылдарғы клиникалық тәжірибе фузидий қышқылының тератогендік әсері жоқтығын көрсетті. Егер оны дәрігердің өзі тағайындамаса, препаратты жүкті әйелдерде қолданудан аулақ болу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Жақпамайды дәрігер тағайындауы бойынша балаларда 2 жастан бастап қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г препараттан ішкі жағынан құрамында алтын бар эпоксифенолды жабынмен және сыртынан ақ полиэстер эмальмен жабылған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

«Фармалабор-Продутос Фармацевтикос, С.А.», Кондейша-а-Нова, Португалия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лабораторио Мединфар-Продутос Фармацевтикос С.А.», Португалия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050000, Қазақстан, Алматы қ., Сейфуллин даңғ. 458-460/95, кеңсе 315. Тел./факс +7 727 279 47 32

E-mail: info@avitafarma.kz, infoavita@mail.ru

Прикрепленные файлы

295041751477975706_ru.doc 31.75 кб
321165891477977416_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники