Мята (Листья)

МНН: Мяты перечной листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты, применяемые при нарушениях функции кишечника
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019212
Информация о регистрации в РК: 14.10.2021 - 14.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Жалбыз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г жапырақтар

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат - 30 г жалбыз жапырақтары

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін және тесіктерінің диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін жұқа, сынғыш және жиі бүріскен жасыл немесе қоңырқай-жасыл түсті әр түрлі пішінді жалбыз жапырақтарының ұсақталған үзіктері. Кейбір басқа түрлерінің қоңырқай-күлгін талшықтары бар. Кесінділері жасыл немесе қоңырқай-күлгін түсті. Өзіне тән күшті хош иісі және сәл күйдіретін, салқындататын дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Ішектің функциональдік бұзылуларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, негізінен ментол, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, С, РР, Е витаминдері, каротин бар. Жалбыздың негізгі биологиялық белсенді заты ментол болып табылады. Препарат ас қорыту бездері сөлінісін күшейтеді, тәбетті жақсартады, өт бөлуді жоғарылатады, түйілуді басатын әсер береді (ішектің, өт – және несеп шығару жолдарының тонусын төмендетеді), құрамында ментол болуына байланысты микробтарға қарсы әсері бар.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- асқазан-ішек жолының түйілуінде

- жүрек айнығанда, құсуда

- метеоризмде

Қолдану тәсілі және дозалары

20 г (3 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды да, қақпақпен жабады, қайнап тұрған суда (су бұлауында) 15 мин қыздырады, бөлме температурасында 45 мин салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет, жоғары қозғыштықта – 1/3-1/2 стақаннан күніне 2-3 рет, ұйқысыздықта – 1/2 стақаннан түнге қарай қабылдайды.

Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жалбыз жапырақтарына жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 г препараттан полипропилен пакетке немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе картон қорапшаға салынған полиэтилен пакеттерге, олар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапша полипропилен үлбірмен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленмен жабылып, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Қазақстан Республикасы аумағындағы дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы)

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Прикрепленные файлы

518573211477976225_ru.doc 49 кб
415375191477977474_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники