Мукалтин® №10 (50 мг, Химфарм АО)

МНН: Алтея лекарственного травы экстракт
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015522
Информация о регистрации в РК: 03.09.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Мукалтин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар 50 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 50.0 мг мукалтин,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, шарап қышқылы, повидон (поливинилпирролидон), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақ теңбілдерімен ашық-сұрдан қоңырлау-сұр түске дейінгі жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Мукалтин® дәрілік алтей шөбінен жасалған полисахаридтер қоспасы болып табылады, қақырық түсіретін қасиеттері бар. Рефлекторлы көтермелеудің

арқасында жыпылықтайтын эпителий белсенділігін және бронх бездері секрециясының күшеюімен қосылған тыныс алу бронхиолаларының перистальтикасын күшейтеді. Натрий гидрокарбонаты қақырықты сұйылтады және бронх секрециясын біршама арттырады.

Қолданылуы

Бөлінуі қиын тұтқырлығы жоғары қақырық түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында:

- обструкциялық бронхит

- трахеобронхит

- пневмокониоз

- бронхоэктаздық ауру

- пневмония

- өкпе эмфиземасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және балаларға 6 жастан бастап тамақтанар алдында 1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет қабылдау керек.

Емдеу курсы әдетте 7-14 күнді құрайды.

Балаларға препараттың таблеткасын 1/3 стақан жылы суда ерітіп беруге болады.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі, қышыну түріндегі аллергиялық реакция

- диспепсия, жүрек айну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мукалтин® препаратын бронх-өкпе ауруларын емдеу кезінде қолданылатын басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады.

Мукалтин® препаратын құрамында кодеин және жөтелге қарсы басқа дәрілік заттар бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл сұйылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындатады.

 

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін ықтималды қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан полимермен қапталған қағаздан немесе полиэтиленмен қапталған қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

Пішінді қаптамаларды картон қораптарға салады.

Әр қорапқа қаптамалар санына қарай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф.: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 561342

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды пошта: standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

930540801477976515_ru.doc 60 кб
774886441477977670_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники