Мононайн® (1000 МЕ)

МНН: Фактор свертывания крови IX
Производитель: CSL Behring LLC
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Coagulation factor IX
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№121758
Информация о регистрации в РК: 30.10.2015 - 30.10.2020

Инструкция

 

Дәрілік затты медициналық

қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

Мононайн®

Саудалық атауы

Мононайн®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 500 ХБ және 1000 ХБ лиофилизат еріткішпен (инъекцияға арналған сумен) жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат: 500 ХБ немесе 1000 ХБ қан ұюының IХ факторы,

қосымша заттар: натрий хлориді, маннитол, L-гистидин, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді.

Еріткіш – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Лиофилизат

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ.

Қалыпқа келтірілген ерітінді: түссіз мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық.

Еріткіш

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. К витамині және басқа да гемостатиктер. Қан ұю факторлары. Қан ұюының IX факторы.

АТХ коды B02BD04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мононайн® препаратының қысқа мерзімді инфузиясы кезінде В гемофилиясына шалдыққан 38 емделушіде (препарат белсенділігін қалыпқа келтіруді зерттеу) препарат белсенділігінің орташа қалыпқа келуі ХБ/кг дене салмағына 1,71 ХБ/дл теңескені анықталды (диапазоны 0,85–4,66). 28 емделушіден тұратын қосалқы топта соңғы жартылай шығарылу кезеңінің орташа ұзақтығы 14,9 сағат құрады (диапазоны 7,2–22,7).

Мононайн® препараты фармакокинетикасының көрсеткіштері ол ұзақ уақыттық инфузия түрінде тағайындалғанда Мононайн® препаратымен емдеу басталғанша 12 емделушіде де (жоспарлы операция) анықталды.

Параметрі

Препарат белсенділігін қалыпқа келтіруді зерттеу (n=38)

Орташа мәні (диапазон)

Жоспарлы операция (n=12)

Орташа мәні (диапазоны)

Белсенділігінің арта түсетін қалыпқа келуі (ХБ/кг-ге ХБ/дл)

1,71 (0,85 – 4,66)

1,21 (0,83 – 1,60)

Соңғы жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

14,9 (7,2 – 22,7)++

16,4 (8,7 – 36,6)

Бастапқы жартылай шығарылу кезеңі +++ (сағат)

деректер жоқ

2,46 (0,34 – 6,2)

Қисық астындағы ауданы +

(сағат × кг/мл)

деректер жоқ

0,254 (0,147 – 0,408)

Тепе-тең жағдайдағы таралу көлемі (мл/кг)

деректер жоқ

111 (77 – 146)

Клиренс (мл/ сағат /кг)

деректер жоқ

4,27 (2,45 – 6,78)

Әсер ету жағдайларында болу уақытының орташа ұзақтығы (сағат)

деректер жоқ

27,4 (17,7 – 42,6)

+ 1 ХБ/кг доза бойынша стандартталған.

++ 28 емделушіден тұратын топтан алынған деректерге негізделген.+++ Деректер 12 емделушінің 4-нен ғана алынған. Қалған 8 емделушінің тобында Мононайн® препаратының таралуын қадағалау мезгіл-мезгіл жүргізілді.

12 жасқа толмаған емделушілердегі фармакокинетика деректері жоқ.

Фармакодинамикасы

Мононайн® препараты адам қаны плазмасынан дайындалады. Қан ұюының IX факторы 68 000 дальтонға жуық молекулалық салмағы бар бір тізбекті гликопротеин түрінде болады. IX фактор бауырда синтезделетін К витаминіне тәуелді қан ұю факторы түрінде болады. IX фактор қан ұю жүйесінің ішкі жолы бойынша XIa факторымен және сыртқы жолы бойынша VII фактор/тіндік фактор кешенімен белсенділенеді.

Белсенділенген IX фактор белсенділенген VIII фактормен бірге X факторды белсенділендіреді. Белсенділенген X фактор протромбиннің тромбинге айналуына ықпал етеді. Сосын тромбин фибриногенді фибринге айналдырып, тромб қалыптасады.

В гемофилиясы себебі IX факторының төмендеуінен болатын жынысына байланысты тұқым қуалай берілетін қан ұюының бұзылуы түрінде болады. В гемофилиясында өздігінен немесе кездейсоқ әлде хирургиялық жарақат нәтижесінде пайда болатын буындарға, бұлшықеттерге немесе ішкі ағзаларға жаппай қан құйылу байқалады. Орын басу емінің көмегімен қан плазмасындағы IX фактор деңгейі ұлғаяды, бұл фактор тапшылығын уақытша толықтыруға және қан кетуге бейімділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Лиофилизат қалыпқа келтірілген соң алынған ерітіндінің құрамында белсенділігі қан плазмасының бірдей көлемінен шамамен 100 есе жоғары болатын IX фактор бар.

Қан ұюының IX факторының спецификалық белсенділігінің орташа мәні 190 ХБ/мг ақуыздан кем емес.

Қолданылуы

- В гемофилиясы (туа біткен қан ұюының IX факторы тапшылығы) бар емделушілердегі қан кетулерді емдеу және алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді гемофилияны емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Дозасы мен орын басу емінің ұзақтығы IX фактор тапшылығының дәрежесіне; қан кетудің орналасуы мен ауырлығына; сондай-ақ емделушінің клиникалық жай-күйіне байланысты.

IX фактордың енгізілген мөлшері құрамында қан ұюының IX факторы бар препараттарға арналған қолданыстағы ДДҰ стандартына сәйкес келетін халықаралық бірліктермен (ХБ) беріледі. Қан плазмасындағы IX фактор белсенділігі не пайыздармен (адам қанының қалыпты плазмасына сәйкес келеді), не халықаралық бірліктермен (қан плазмасындағы IX факторға арналған халықаралық стандартқа сәйкес келеді) беріледі.

IX фактор белсенділігінің бір халықаралық бірлігі (ХБ) адамның қалыпты плазмасының бір миллилитріндегі IX фактордың осындай мөлшеріне баламалы. IX фактордың қажетті дозасын есептеу дене салмағының кг 1 ХБ IX факторын енгізудің қан плазмасындағы осы фактор белсенділігін оның қалыпты белсенділігінен 1,0%-ға арттыратынын көрсеткен эмпирикалық зерттеулер нәтижелеріне негізделген.

Препараттың қажетті дозасы мына формула бойынша есептеледі:

Препарат бірліктерінің қажетті мөлшері

=

дене салмағы

(кг)

×

IX фактор белсенділігін арттырудың қалаулы деңгейі [% немесе ХБ/дл]

×

1,0*

* - байқалған қалыпқа келуінің кері шамасы.

Тағайындау керек IX фактор мөлшерін анықтағанда, дәрілік заттың тағайындалу тәсілін, сондай-ақ енгізу жиілігін таңдағанда әрбір жекеше жағдайда үнемі препараттың емдік әсерін бағдарға алу керек.

Төменде тізбеленген қан кету жағдайлары дамыған жағдайда IX фактор белсенділігі тиісті кезеңде анықталған қан плазмасындағы белсенділік деңгейінен төмен азаймауы тиіс (қалыпты белсенділігінің % немесе ХБ/дл).

Қан кету көріністерінде және хирургиялық араласуларда дозалану режимі

Бір реттік көктамырішілік инъекция

Қан кетудің ауырлық дәрежесі/ Хирургиялық емшара түрі

IX фактордың қажетті деңгейі (% немесе ХБ/дл)

Препаратты енгізу жиілігі (сағаттар) /

Емдеу ұзақтығы (күндер)

Қан кету

   

Ерте гемартроз, бұлшықеттен немесе ауыздан қан кету

20-40

Әр 24 сағат сайын қайталап енгізу. Қан кету тоқтағанша (ауыру синдромының негізінде) немесе жазылғанша, кем дегенде, 1 тәулік бойы.

Аса ауқымды гемартроз, бұлшықеттен қан кету немесе гематома

30-60

Ауыру сезімдері басылғанша және еңбекке жарамдылығы қалыпқа келгенше 3-4 немесе одан да көп тәулік бойы әр 24 сағат сайын қайталанатын инфузиялар.

Өмірге қатерлі қан кету

60-100

Өмірге қатері жойылғанша әр 8-24 сағат сайын қайталанатын инфузиялар.

Хирургиялық араласулар

   

Шағын операциялық араласулар,

тіс экстракциясын қоса

30-60

Жазылғанша, кем дегенде, 1 тәулік бойы әр 24 сағат сайын.

Ауқымды операциялық араласулар

80-100

(операцияның алдындағы және одан кейінгі кезең)

Жарақаттың жеткілікті жазылу дәрежесіне жеткенше әр 24 сағат сайын қайталанатын инфузиялар, артынан 30%-дан 60% дейінгі диапазонда IX фактор белсенділігін сақтау үшін емді, кем дегенде, 7 тәулік бойы жалғастырады (ХБ/дл).

Хирургиялық араласуларды орындау кезінде ұзаққа созылатын инфузиялар

Гемостазды қамтамасыз етуге арналған IX фактордың қалаулы деңгейлері

40-100 % (немесе ХБ/дл)

IX фактордың қалаулы деңгейіне жету үшін бастапқыда жүктеме доза енгізіледі

Препараттың фармакокинетикалық параметрлерінің негізінде килограмм дене салмағына 90 ХБ (диапазон 75-100 ХБ/кг) бір реттік болюсті енгізу немесе дозалау.

Препаратты енгізу жиілігі

IX фактор деңгейінің анықталған мәндеріне және клиренске қарай үздіксіз көктамырішілік инфузия.

Емдеу ұзақтығы

5 тәулікке дейін.

Хирургиялық араласу типіне қарай ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін.

Емдеу курсы кезінде препараттың қажетті дозасын және қайталанатын инфузиялар жиілігін анықтау мақсатында тиісті үлгіде қандағы IX фактор деңгейлерін анықтау ұсынылады. Атап айтқанда, ауқымды хирургиялық араласулар кезінде міндетті түрде қан ұюын талдау арқылы (қан плазмасындағы IX фактор белсенділігі) орын басу емін мұқият қадағалап отыру қажет. Жекелеген емделушілерде IX факторымен емдеуге жауап ерекшеленуі мүмкін, бұл орайда олар in vivo препарат белсенділігін қалпына келтірудің әртүрлі көрсеткіштеріне жетеді және жартылай шығарылу кезеңінің әртүрлі ұзақтығы байқалады.

Ауыр В гемофилиясына шалдыққан емделушілерде ұзақа созылатын қан кетудің алдын алу емінде әдеттегі дозасы ұзақтығы 3-4 тәулік аралықтар арқылы кг дене салмағына 20-40 ХБ IX факторын құрайды. Кейбір жағдайларда, әсіресе, жас емделушілерде препаратты енгізу арасындағы үзілістердің ұзақтығын азайту немесе аса жоғарын дозаларын қолдану қажет болуы мүмкін.

Емделушілерді IX фактор тежегіштерінің түзілуі тұрғысынан қадағалап отыру керек. Егер қан плазмасында IX фактор белсенділігінің күтілетін деңгейіне жетудің сәті түспесе немесе ұсынылатын дозаларын қолдану аясында қан кетуге бақылау жасалмаса, IX фактор тежегіштерін анықтау үшін талдау жасау керек. IX фактор тежегішінің концентрациясы жоғары емделушілерде ем тиімсіз болуы мүмкін, ал бұл жағдайда басқа емдеу әдістерін қолдануды қарастыру керек. Осындай емделушілерді жүргізумен гемофилиясы бар емделушілерді емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер айналысуы тиіс.

Балаларға арналған препарат дозалары дене салмағына қарай есептеледі, сондықтан балалардағы дозаларын анықтағанда ересектердегідей есептеу формулалары қолданылады. Балаларға арналған препарат дозаларының жиілігін анықтағанда әр жекелеген жағдайдағы клиникалық тиімділігі ескерілуі тиіс.

Емделушілердің ерекше топтары

Балалар

Балалардағы Мононайн® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі ұзаққа созылатын инфузия кезінде зерттелмеген. Осыған орай, балалар мен жасөспірімдерде Мононайн® препаратының ұзақ уақыттық инфузиясын қолдану мүмкіндігі операциялық араласуға дейін алынған дозаларды есептеуге арналған фармакокинетикалық деректері болғанда (яғни, қалыпқа келу дәрежесі мен клиренсі) және операциядан кейінгі кезеңде IX фактор концентрациясы мұқият қадағаланғанда ғана қарастырылуы тиіс.

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған нұсқаулық

Жалпы нұсқаулықтар

  • Препаратты қалыпқа келтіру және құтыдан дайын ерітіндіні сорып алу асептикалық жағдайларда орындалуы тиіс.

  • Ерітінді мөлдір немесе сәл бозаңданған болуы тиіс. Ерітіндіні сүзуден немесе сорып алудан соң, сондай-ақ оны енгізер алдында қалыпқа келтірілген препаратты көрінетін бөлшектерінің және түс өзгерісінің бар-жоғы тұрғысынан қарап тексеру керек. Бұлыңғыр ерітінділер немесе шөгіндісі бар (преципитат/бөлшектер) ерітінділер пайдаланылмайды.

Қалыпқа келтіру

Еріткішті бөлме температурасына дейін жеткізген жөн. Лиофилизаты бар құтыдан және еріткіші бар құтыдан қалпақшаларының алынғанына, тығындарының асептикалық ерітіндімен өңделгеніне және Mix2Vialтм 20/20* құрылмалы сүзгісімен еріткішті қосуға арналған құрылғысы бар қаптама ашылғанша кептірілгеніне көз жеткізген жөн

 

Прикрепленные файлы

471886251477976411_ru.doc 889.5 кб
625264151477977623_kz.doc 951.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники