Момат-С

МНН: Мометазон, Салициловая кислота
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Мометазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014780
Информация о регистрации в РК: 23.02.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Момат-С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 10 г

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Кортикостероидтар, басқа біріктірілімдері. Әсері күшті кортикостероидтар, басқа біріктірілімдері. Басқа препараттармен біріктірілген мометазон.

АТХ коды D07XC03

Қолданылуы

Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі түйіндақты псориаздың бастапқы емі үшін

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бактериялық инфекция (мысалы, пиодермия, мерез, туберкулез)

- вирустық инфекция (мысалы, жай герпес, желшешек, белдемелік теміреткі, кәдімгі сүйел, үшкір кондиломалар, контагиоздық моллюск)

- зең инфекциясы (дерматофиттер, зеңдер)

- бір мезгілде этиотропты ем жүргізілмейтін жағдайдағы паразиттік инфекция

- вакцинадан кейінгі реакциялар

- периоральді дерматит

- розацеа

- кәдімгі безеу

- тері атрофиясы

- жүктіліктің III триместрі

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Теріге арналған барлық глюкокортикоидтық препараттармен жағдайдағы сияқты, дененің ауқымды беткейлеріне жаққан кезде сақтық шараларын қадағалау керек.

Момат-С жақпамайы окклюзиялық таңғыш үшін ұсынылмайды, бетке, шап аймағына, жыныс мүшелерінде пайдалануға арналмаған. Момат-С жақпамайы офтальмологияда пайдалануға арналмаған. Момат-С жақпамайын пайдаланған кезде көзге, шырышты қабықтарға және ашық жараларға тиіп кетпеуі үшін сақтық таныту қажет. Момат-С жақпамайы ойық жараларға, жараларға немесе терінің созылған жерлеріне жағылмауы тиіс.

Момат-С жақпамайы пустулалық немесе тамшы тәзірді псориаз кезінде пайдалану үшін ұсынылмайды.

Момат-С жақпамайымен емдеу кезінде туындаған шамадан тыс құрғауды қоса, тітіркену жағдайында, қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.

Салицил қышқылы күннен қорғайтын агент ретінде әсер беруі мүмкін. Момат-С жақпамайымен емдеуді УК-қорғағыш құралдарды қолданумен біріктірген пациенттер, фотоқорғағыштық әсерін азайту және айналасындағы өңделмеген аймақтың күйік шалу қаупін төмендету үшін, қалған жақпамайды кетіріп тастап, УК-емін бастар алдында өңделген аумақты жақпамайдан тазартуы керек.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль, жаққан жерде тітіркену туғызуы мүмкін, ондай жағдайларда Момат-С жақпамайын қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Момат-С жақпамайының басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесулерін зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы ескертулер

Глюкокортикоидтар тері инфекциясын бүркемелеуі, белсендіруі немесе күшейтуі мүмкін. Егер терінің қатарлас инфекциясы дамыса, сәйкесінше зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы агентті пайдалану керек. Оң динамикасы болмаған жағдайда, Момат-С жақпамайын пайдалануды, инфекция талапқа сай бақылауға алынғанға дейін тоқтату керек.

Кортикостероидтарды жүйелі пайдаланудан кейін хабарланған, адренальді супрессияны қоса алғандағы жағымсыз әсерлердің кез келгені, топикалық кортикостероидтарды қолданғанда, әсіресе, балаларда байқалуы мүмкін.

Терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт бойы жаққан кезде, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар қолданылғанда, мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі мен Кушинг синдромының дамуы белгілеріне қатысты қадағалануы тиіс.

Момат-С жақпамайымен ұзақ уақыт емдеген кезде емдеудің күрт тоқтатылуы терінің қатты қызаруымен және ашыту сезімімен жүретін дерматит түрінде көрініс беретін рикошет синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп, мысалы, оны толықтай тоқтатардың алдында интермиттирлейтін емдеу кестесіне көше отырып жүзеге асыру керек.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру бұзылғаны туралы хабарланған. Егер пациентте анық көрмеу сияқты симптомдар немесе көрудің бас бұзылулары байқалса, катарактаны, глаукоманы немесе орталықтық сероздық хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін ықтимал себептерін бағалауы үшін, оны офтальмологқа жолдау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Тек дәрігердің тағайындауымен қолданылады.

Ересектердегіге қарағанда, балаларда тері беткейінің ауданы мен дене салмағы арақатынасының шамасы көбірек екендігіне байланысты, балалар жергілікті әсері бар глюкокортикостероидтардың кез келгенін қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі мен Кушинг синдромының дамуы қаупіне көбірек ұшырайды. Балаларда жақпамай жағылатын бөліктің ауданы тері беткейінің жалпы ауданының 10 %-ынан аспауы тиіс.

12 жасқа дейінгі балаларда Момат-С жақпамайын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Мометазон фуроатының жүктілік кезінде пайдаланылуы туралы клиникалық деректер жоқ. Момат-С жақпамайының жануарларға пайдаланылуын зерттеулер тератогендік әсерін көрсетті. Препарат жергілікті қолданылатындықтан, адам шаранасына тератогендік әсер беруі қаупі төмен деп есептеуге болады. Басқа глюкокортикостероидтар сияқты, мометазон фуроатын жүкті әйелдерге тек, егер ықтимал пайдасы анасы мен шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдану керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде салицил қышқылын қоса, простагландин-синтетаза тежегіштерінің барлығы, шаранада жүрек-өкпеге және бүйрекке уыттылығын туғызуы мүмкін. Жүктіліктің соңында анасында да, балада да ұзаққа созылған қан кету орын алуы мүмкін. Сондықтан Момат-С жақпамайын жүктіліктің соңғы триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Лактация

Кортикостероидтарды жергілікті қолдану олардың емшек сүтіндегі мөлшерін анықтау үшін жеткілікті жүйелі сіңірілуіне алып келу-келмеуі мүмкіндігі белгісіз. Момат-С жақпамайын бала емізетін аналарға тек, пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият зерттегеннен кейін ғана тағайындау керек.

Фертильділік

Мометазон фуроатының фертильділікке ықпалы туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер фертильділікке ықпалын емес, репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Салицил қышқылының фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Терінің зақымданған бөліктеріне күніне бір немесе екі рет жұқа қабаттап жағу керек. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 15 г құрайды, дене беткейінің 30 %-ынан асырмай жағылады.

Балалар

Момат-С жақпамайының 12 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балаларда жақпамай жағылатын бөліктің ауданы тері беткейінің жалпы ауданының 10 %-ынан аспауы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған

Емдеу ұзақтығы

3 аптадан аспайды. Емдеу барысында жақпамайды жағу мөлшерін біртіндеп азайту ұсынылады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ уақыт пайдалану гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрекүсті бездерінің салдарлы жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, ол әдетте қайтымды.

Егер ГГБ осінің бәсеңдегені білінсе, препаратты тоқтату, немесе қолдану жиілігін азайту немесе күші аздау стероидқа алмастыру керек.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіруі үшін дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну қажет.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі

- қышыну, терінің оқшау атрофиясы

- қолданған аймақтағы ашыту сезімі

Жиі емес

- инфекция

- тері стриялары, розацеа тәрізді дерматит, экхимоз, фолликулит

Сирек

- аса жоғары сезімталдық

- бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі

- гипертрихоз, терінің гипопигментациясы

Белгісіз

- анық көрмеу

- терінің тітіркенуі, тері мацерациясы, терінің құрғауы, акне тәрізді дерматит, дерматит, жанаспалы дерматит, терінің түлеуі, телеангиэктазия, тербөртпе

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді заттар: микрондалған мометазон фуроаты, 1.0 мг,

салицил қышқылы, 50.0 мг,

қосымша заттар: ақ вазелин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль моностеараты (пропиленгликоль монопальмитостеараты), гексиленгликоль.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті біртекті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Өндірістік алаңның мекенжайы: ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тел.: + 91-1795-393200,

Факс: + 91-1795-393210,

Эл. пошта: webmaster@glenmark.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Мекенжайы: Гленмарк Хаус, ХДО-Корпорэйт Билдинг, Винг – А, Б.Д. Савант Марг, Чакала, Офф Вестерн Экспресс Хайвэй, Андхери (И), Мумбай – 400 099, Үндістан

Тел.: + 0091-22-4018 9999,

Факс: + 0091-22-4018 9986.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"GLENMARK PHARMACEUTICALS LIMITED (ГЛЕНМАРК ФАРМАЦЕВТИКАЛС ЛИМИТЕД)" Компаниясының Өкілдігі

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 12 кеңсе.

Тел: + 7(727) 311 04 41,

Эл. пошта: Safety.KZ&UZ@glenmarkpharma.com

Прикрепленные файлы

Момат-С_каз.docx 0.05 кб
Момат-С_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники