Микролакс Плюс (10 г, апельсиновый)

МНН: Макрогол 4000
Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Macrogol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013416
Информация о регистрации в РК: 16.10.2014 - 16.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Микролакс Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Макрогол

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

(өрік, апельсин, банан, жүзім, алма дәмді)

Құрамы

Бір сашенің құрамында

белсенді зат макрогол 4000 – 10 г,

қосымша заттар:

  • өрік дәмдісі үшін: натрий сахаринаты, 4R (Понсо 4R) (Е 124) қанқызыл бояғышы, өрік хош иістендіргіші;

  • апельсин дәмдісі үшін: натрий сахаринаты, (FCF) (E110) күн батар түстес сары бояғышы, апельсин хош иістендіргіші;

  • банан дәмдісі үшін: натрий сахаринаты, (Е104) хинолинді сары бояғышы, банан хош иістендіргіші;

  • жүзім дәмдісі үшін: натрий сахаринаты, (Е122) азорубин бояғышы, жүзім хош иістендіргіші;

  • алма дәмдісі үшін: натрий сахаринаты, BQ Supra бояғышы ((Е104) хинолинді сары бояғышы мен FCF (Е133) жарқыраған көк бояғышының үйлесімі), алма хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Өрік дәмді. Ашық-қызғылт түсті ұнтақ.

Апельсин дәмді. Ашық түсті қызыл-сарыдан қызыл-сары түске дейінгі ұнтақ, күңгірт қызыл-сары теңбілдері болуы мүмкін.

Банан дәмді. Ашық-сары түсті ұнтақ.

Жүзім дәмді. Қызылдау-қызғылт түсті ұнтақ, күңгірт қызғылт теңбілдері болуы мүмкін.

Алма дәмді. Жасыл түсті ұнтақ, күңгірт жасыл түсті теңбілдері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетін дәрілер. Осмостық іш жүргізетін дәрілер. Макрогол

АТХ коды А06AD15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Макрогол 4000 асқазан-ішек жолдарынан сіңірілмейді және метаболизмге ұшырамайды.

Фармакодинамикасы

Препарат осмостық іш жүргізетін дәрілер тобына жатады. Макрогол 4000 жоғары молекулалы қосылысы ұзын тізбекті полимерлер болып табылады, олар сутегі байланыстары арқылы су молекуласын ұстап тұрады. Осы қасиетіне орай Микролакс Плюс ішу арқылы қабылдағаннан кейін ішек ішіндегілердің көлемін ұлғайтады және ішек ішіндегісінің жиі дефекация жолымен жылдам шығарылуына ықпал етеді.

Ішек саңылауында болатын сіңбеген сұйықтық ерітіндінің іш жүргізгіш әсерін демейді.

Микролакс Плюстің іш жүргізгіш әсері препаратты қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан соң басталады.

Қолданылуы

  • ересектердегі іштің қатуын симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: күніне 1-2 сашеден (дұрысы таңертең бір рет қабылдау). Әрбір сашенің ішіндегісін бір стақан суға араластыру қажет. Препаратты тамаққа дейін немесе тамақтану кезінде қабылдау керек. Емдеудің ұзақтығын жеке анықтайды. Іш уақытша қатқан кезде (оның ішінде операциялық араласумен немесе саяхат жасаумен байланысты) препаратты аз ғана уақыт қабылдау ұсынылады – 7 күннен 10 күнге дейін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • үлкен дозаларда қабылдағанда диарея дамуы мүмкін, ол препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 24-48 сағаттан соң басылады

  • іш ауыруы, әсіресе ішегінің функционалды бұзылулары бар емделушілерде пайда болуы мүмкін

Өте сирек

  • бөртпе, есекжем, ісіну түріндегі аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • макроголға және препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • ішектің ойық-жаралы зақымдануы (оның ішінде ойық-жаралы колит, Крон ауруы)

  • шығу тегі белгісіз іш ауыруы

  • ішектің ішінара немесе толық бітелуі

  • дегидратация

  • жүрек жеткіліксіздігі

  • тоқ ішек обыры немесе шырышты қабықтың шамадан тыс әлсізденуіне әкелетін тоқ ішектің басқа да аурулары

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттарды бір мезгілде ішке қабылдағанда олардың сіңуі төмендеуі мүмкін. Микролакс Плюс басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындалған жағдайда препаратты оларды қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кейінге тағайындау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Микролакс Плюсті дәрігердің тағайындауынсыз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды. Егер іш қатуы іштің ауыруымен, дене қызуының көтерілуімен немесе асқазаннан қан кетумен қатар жүретін болса, тез арада терапевттен кеңес алу керек.

Егер асқазан-ішек бітелуіне немесе қан кетуге күмән болса, осы диагнозды немесе симптомды жою үшін тиісті тексеру жүргізілуі керек.

Препараттың құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабеті бар науқастарға және гипокалориялы емдәмде тағайындауға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ болғандықтан препаратты осы топтағыларға тек аса қажет жағдайда ғана тағайындау керек.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, сусыздану белгілері, жүрек айну

Емі: препаратты тоқтату (диарея препаратты тоқтатқаннан кейін 1-2 тәуліктен соң өздігінен тоқтайды), электролиттік теңгерімді түзету.

Микролакс Плюс үлкен дозасын кездейсоқ қабылдағанда бір сағаттың ішінде асқазанды шаю керек (зондты қолдану арқылы немесе өзін-өзі құсқызуы керек).

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан алюминий фольгадан, ламинацияланған қағаздан және полиэтиленнен жасалған сашеге салады.

6, 10 немесе 20 сашеден медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау мерзімі

Құрғақ жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей

121614, Ресей, Мәскеу қ-сы, Крылатская к-сі, 17, 2 құрылыс

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тимирязев к-сі, 42, 23-А павильон

тел./факс: +7 (727) 2458810, 2458815

электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

140177591477976642_ru.doc 51 кб
322764211477977789_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники