Метилурацил (мазь 10%, Шаншаров-Фарм)

МНН: Метилурацил (Диоксометилтетрагидропиримидин)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018374
Информация о регистрации в РК: 03.04.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Метилурацил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Жақпамай, 10%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Жарақаттар мен жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар

ATХ коды  D03AХ

Қолданылуы

кешенді емдеу жағдарларында:

– баяу жазылатын жаралар

– күю

– фотодерматиттер

– тілме (кең көлемде буллездік элементтер болғанда)

– терінің сәулемен зақымдануы (профилактика), радиоэпителиит

– кешеуілдеген қынаптың сәулемен зақымдануы

Қолданудың басталуына дейін қажет болатын мәліметтер тізбесі:

Қарсы көрсетілімдер

– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

– жараның артық мөлшерде грануляциялануы

– лимфогранулематоз

– сүйек кемігінің қатерлі аурулары

Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары

Метилурацил жақпамайын қолданар алдында дәрігермен кеңесуіңіз қажет.

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері

Метилурацил жақпамайы сульфаниламидтердің, антибиотиктердің және  антисептикалық дәрілердің сыртқа қолданатын аппликацияларымен  үйлесімді.

Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Анықталмаған. 

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Анықталмаған.

Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдері басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар:

Дозалау режимі

  •  

Енгізу әдісі және жолы

Жергілікті қолданады.

Жақпамайды жараның бетіне 5-10 г мөлшерде жұқа қабатпен жағады және стерильді дәке сүрткімен немесе жараны алдын ала жақпамаймен қанықтырылған стерильді дәке сүрткімен жабады. Таңғышты алғашқы 7  күнде күн сайын ауыстырады, ары қарай 2-3 күннен кейін (жараның  жағдайына  байланысты)  толық эпителизацияға дейін.

Қынаптың зақымдануында жұмсақ тампондар қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу  ұзақтығы – 7-10 күн.

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

Анықталмаған Препаратты жергілікті қолданғанда оның артық дозалануы туралы деректер анықталған жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде туындауы мүмкін жағымсыз реакцияларды және осындай жағдайда қабылдау қажет шараларды сипаттау

– аллергиялық реакциялар (қышу, қолданған  жердің  қызаруы, бөртпе)

– қысқа мерзімді жеңіл күйдіру

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер:

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат –  10 г метилурацил

қосымша  зат Медициналық вазелин, эмульгатор Т-2, тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе сарылау түсті жақпамай

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 40 г-нан тығыздайтын элементі бар бұралатын қақпақпен тығындалған шыны массадан жасалған банкіге немесе бұралатын қақпақпен тығындалған бұрандалы мойыны бар шыны массадан жасалған полимер банкілерге немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған қақпақтармен жиынтықтағы полимер банкілерге салынады. Банкілерге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырады.

40 банкіден жеткілікті мөлшердегі қазақ және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде  сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс,  электронды  пошта)

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

Метилурацил_каз._яз_.docx 0.04 кб
Метилурацил_на_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники