Меронем® (0,5г)

МНН: Меропенем
Производитель: ЭйСиЭс Добфар С.П.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Meropenem
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017668
Информация о регистрации в РК: 26.07.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 5 207.05 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Меронем

Халықаралық патенттелмеген атауы

Меропенем

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 0.5 г және 1 г лиофилизат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 570 мг және 1140 мг меропенем тригидраты (500 мг және 1000 мг сусыз меропенемге баламалы)

қосымша зат – сәйкесінше, 104 мг және 208 мг сусыз натрий карбонаты.

Сипаттамасы

Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі, көзге көрінетін механикалық қоспалары жоқ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар.

Бактерияға қарсы басқа да беталактамдық препараттар. Карбапенемдер. Меропенем

АТХ коды J01DH02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сау адамдарда жартылай шығарылуының орташа кезеңі шамамен 1 сағат құрайды; орташа таралу көлемі 0,25 л/кг жуық (11-27 л) құрайды, ал орташа клиренсі 500 мг дозада минутына 239 мл құрайды және 2 г дозада минуына 205 мл-ге дейін төмендейді. 30 минут бойы енгізілетін 500, 1000 және 2000 мг дозалары, сәйкесінше, 23, 49 және 115 мкг/мл жуық орташа Cmax мәндеріне әкеледі, бұл 39,3; 62,3 және 153 мкг*сағ./мл AUC мәндеріне сәйкес келеді. 500 және 1000 мг дозаларының 5 минут ішіндегі инфузиясынан кейін Cmax мәндері, сәйкесінше, 52 және 112 мкг/мл құрайды. Көп реттік дозаларын 8 сағаттық аралықпен бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге енгізгенде меропенем жинақталып қалмайды.

Интраабдоминальді инфекцияларды емдеу үшін хирургиялық операциядан кейін 1000 мг меропенем әрбір 8 ​​сағат сайын енгізілген 12 пациентті зерттеу, бұл пациенттерде Cmax және жартылай шығарылу кезеңі мәндерінің дені сау адамдардағы мәндермен ұқсас екенін, бірақ таралу көлемінің 27 л құрағанын көрсетті.

Таралуы

Меропенемнің плазма ақуыздарымен орташа байланысуы шамамен 2% құрайды және оның концентрациясына тәуелді емес. Меропенем өкпені, бронх секретін, өтті, жұлын сұйықтығын, жыныс ағзаларының тіндерін, теріні, фасцияларды, бұлшықеттер мен перитонеальді экссудатты қоса, организмнің кейбір сұйықтықтары мен тіндеріне жақсы өтеді.

Метаболизмі

Меропенем микробиологиялық тұрғыдан белсенді емес метаболит түзе отырып, β-лактамдық сақина гидролизі арқылы метаболизденеді. In vitro жағдайларында меропенем, имипенемнен айырмашылығы, адамда дегидропептидаза-1 (ДГП-1) әсерімен жүретін гидролизге төмен сезімтал екендігін көрсетеді және ДГП-1 тежегішін қосымша енгізуді талап етпейді.

Шығарылуы

Меропенем, негізінен, бүйрек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады, дозаның 70% жуығы (50-75%) өзгермеген күйінде 12 сағат ішінде шығарылады. Тағы 28%-ы белсенді емес метаболит түрінде шығарылады. Нәжіспен шығарылуы дозаның тек 2%-ға жуығын құрайды. Бүйрек клиренсі мен пробенецид әсерін өлшеу меропенемнің сүзілуге де, өзекшелік секрецияға да ұшырайтынын көрсетеді.

Балалар мен ересектердегі меропенем фармакокинетикасы ұқсас. Меропенемнің 2 жасқа дейінгі балалардағы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1,5-2,3 сағат, 10-40 мг/кг дозалар ауқымында дозаға тәуелділік байқалады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттердегі фармакокинетикасын зерттеу меропенем клиренсінің креатинин клиренсімен өзара байланысты екенін көрсетті. Мұндай науқастарда дозаны түзету қажет.

Егде жастағы адамдарда фармакокинетиканы зерттегенде меропенем клиренсінің төмендегені байқалды, бұл креатинин клиренсінің жас шамасына қарай төмендеуімен өзара байланысты болды.

Алкогольдік циррозы бар пациенттерді зерттеу көп рет қабылдаған кезде меропенемнің фармакокинетикасына бауырдың осы ауруы ықпалын тигізбейтінін көрсетті.

Фармакодинамикасы

Меронем – карбапенемдер класының антибиотигі, парeнтеральді қолдануға арналған, адамның 1-дегидропептидазасына (ДГП-1) біршама төзімді, ДГП-1 тежегішінің қосымша енгізілуін қажет етпейді.

Меронем бактериялардың жасушалық қабырғасының синтезіне әсер етуі есебінен бактерицидтік әсер береді. Меронемнің аэробтық және анаэробтық бактериялардың кең ауқымына қарсы бактерицидтік әсері Меронемнің бактериялардың жасуша қабырғасы арқылы өту қабілетінің жоғарылығымен, -лактамазалардың көпшілігіне төзімділігінің жоғары деңгейімен және пенициллин-байланыстырушы ақуыздарға (ПБА) елеулі аффинділігімен түсіндіріледі. Ең төмен бактерицидтік концентрациялары (ЕТБК), әдетте, ең төмен тежегіш концентрациялары (ЕТТК) сияқты болады. Бактериялардың тестіленген 76% түрлері үшін ЕТБК/ЕТТК арақатынасы 2 немесе одан аз болды.

Меронем қоздырғыштың сезімталдығын анықтайтын тестілерде тұрақты. Меронем түрлі антибиотиктермен синергиялық әсер береді. Сондай-ақ Меронем пост-антибиотиктік әсері бар.

Клиникалық тәжірибе мен емдік нұсқаулар негізінде Меронемнің бактерияға қарсы белсенділігінің ауқымы өзіне төмендегі түрлерді қамтиды:

Грам-оң аэробтар:

Enterococcus faecalis (E. faecalis өз табиғаты бойынша аралық сезімталдық танытуы мүмкін), Staphylococcus aureus (тек метициллинге сезімтал штаммдар: MRSA қоса, метициллинге резистентті стафилококктар меропенемге төзімділік танытады), Staphylococcus epidermidis-ті қоса, Staphylococcus тегінің түрлері (тек метициллинге сезімтал штаммдар: метициллинге резистентті стафилококктар меропенемге төзімділік танытады), Streptococcus agalactiae (В тобы стрептококктары), Streptococcus milleri тобы (С. anginosus, S. constellatus, С. intermedius), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes (А тобының стрептококктары)

Грам-теріс аэробтар:

Citrobacter freundii, Citrobacter koseri, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Morganella morganii, Neisseria meningitidis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Serratia marcescens.

Анаэробтық грамоң бактериялар:

Clostridium perfringens, Peptoniphilus asaccharolyticus, Peptostreptococcus species (соның ішінде P. micros, P anaerobius, P. magnus).

Анаэробтық грамтеріс бактериялар

Bacteroides caccae, Bacteroides fragilis, Prevotella bivia, Prevotella disiens

Жүре пайда болған резистенттілік мәселесі болуы мүмкін түрлер:

Грамоң аэробтар

Enterococcus faecium

Грамтеріс аэробтар

Acinetobacter sрр., Burkholderia cepacia, Pseudomonas aeruginosa

Бұрыннан резистентті микроорганизмдер

Грамтеріс аэробтар

Stenotrophomonas maltophilia, Legionella spр.

Басқа да бұрыннан резистентті микроорганизмдер

Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetii, Mycoplasma Pneumoniae

Жүре пайда болған төзімділіктің таралуы жекелеген түрлер үшін географиялық тұрғыдан және уақыт жағынан ауытқуы мүмкін, сондықтан, әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеу кезіндегі резистенттілігі жөнінде жергілікті ақпараттың болғаны дұрыс.

Қолданылуы

Көктамыр ішіне енгізуге арналған Меронем балалар мен ересектердегі меропенемге сезімтал бір немесе бірнеше қоздырғыштар әсерінен туындаған мына инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- пневмониялар, соның ішінде ауруханалық

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- құрсақ қуысының инфекциялары

- эндометрит және кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары сияқты гинекологиялық инфекциялар

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары

- менингит

- септицемия

- ересек пациенттерде фебрильді нейтропения симптомдары бар инфекциялар күдік тудырғанда монотерапия түрінде немесе вирусқа қарсы немесе зеңге қарсы дәрілермен біріктіріп эмпирикалық емдеуде.

Меронем полимикробтық инфекцияларды емдегенде монотерапия ретінде немесе микробқа қарсы басқа дәрілермен бірігіп тиімділік танытты.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған Меронем кистоздық фиброзы (муковисцидоз) және төменгі тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары бар пациенттерде монотерапия ретінде немесе бактерияға қарсы басқа дәрілермен біріктірілімде тиімді түрде пайдаланылады.

Нейтропениясы немесе алғашқы немесе салдарлық иммундық тапшылығы бар пациенттерде препаратты педиатриялық тәжірибеде қолдану тәжірибесі жоқ.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емнің дозалануы мен ұзақтығы инфекцияның типі мен ауырлығына және пациенттің хал-жағдайына қарай белгіленуі тиіс.

Мына тәуліктік дозалары ұсынылады:

Пневмонияны, несеп шығару жолдарының инфекцияларын, эндометрит сияқты гинекологиялық инфекцияларды, терінің және жұмсақ тіндердің инфекцияларын емдегенде көктамыр ішіне әрбір 8 сағат сайын 500 мг.

Ауруханалық пневмонияларды, перитонитті емдегенде, нейтропения симптомдары бар науқастарда бактериялық инфекция күдік тудырғанда, сондай-ақ септицемияда көктамыр ішіне әрбір 8 сағат сайын 1 г.

Pseudomonas aeruginosa әсерінен туындаған инфекцияда ұсынылған доза ересектер үшін әрбір 8 сағат сайын кемінде 1 г (рұқсат етілген ең жоғары дозасы тәулігіне 3 дозаға бөлінген 6 г құрайды), ал балалар үшін әрбір 8 сағат сайын кемінде 20 мг/кг (рұқсат етілген ең жоғары дозасы тәулігіне 3 дозаға бөлінген 120 мг/кг құрайды) құрайды.

Кистоздық фиброзда (муковисцидозда) ұсынылатын доза әрбір 8 сағат сайын 2 г дейінді құрайды.

Менингитті емдеуде ұсынылатын дозасы әрбір 8 сағат сайын 2 г құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерде дозалануы

Креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден аз пациенттерде доза былайша азайтылуы тиіс:

Креатинин клиренсі Дозасы Енгізу жиілігі

(мл/мин) (500 мг, 1 г, 2 г дозалар бірлігі негізінде)

26 - 50 дозаның бір бірлігі әрбір 12 сағат сайын

10 - 25 дозаның 0,5 бірлігі әрбр 12 сағат сайын

 10 дозаның 0,5 бірлігі әрбір 24 сағат сайын

Меронем гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Егер Mеронеммен ұзақ уақыт емдеу қажет болса, қан плазмасында тиімді концентрациясын қалпына келтіру үшін доза бірлігін (инфекцияның типі мен ауырлығына қарай) гемодиализ емшарасы аяқталғанда енгізу ұсынылады.

Бауыр функциясы бұзылған ересек пациенттерде дозалануы

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек функциясы қалыпты немесе креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден көп егде жастағы науқастарда дозаны түзету қажет емес.

Балалар

3 айлықтан 12 жасқа дейінгі балалар үшін көктамыр ішіне енгізуге ұсынылатын дозасы инфекцияның типі мен ауырлығына, патогендік микроорганизм сезімталдығына және пациенттің хал-жағдайына байланысты әрбір 8 сағат сайын 10-20 мг/кг құрайды.

Салмағы 50 кг-ден асатын балаларда ересектерге ұсынылатын дозаларды пайдалану керек.

Кистоздық фиброздан (муковисцидоздан) зардап шегіп жүрген 4-тен 18 жасқа дейінгі балаларда, төменгі тыныс жолдарының созылмалы инфекцияларының өршу кезеңінде әрбір 8 сағат сайын 25-тен 40 мг/кг дейінгі дозалар қолданылады.

Менингитте ұсынылатын дозасы әрбір 8 сағат сайын 40 мг/кг құрайды.

Препаратты бүйрек функциясы бұзылған балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.

Енгізу әдісі

Көктамыр ішіне қолдануға арналған Меронем, сұйылту үшін тиісті инфузиялық сұйықтықтарды пайдалана отырып, кемінде 5 минут бойы көктамырішілік болюстік инъекция түрінде, немесе 15-30 минут бойы көктамырішілік инфузия түрінде енгізілуі мүмкін.

Көктамырішілік болюстік инъекцияларға арналған Меронемді инъекцияға арналған стерильді сумен (500 мг меропенемге 10 мл) сұйылту керек, мұндайда препараттың концентрациясы 50 мг/мл жуықты құрайды. Алынған ерітінді мөлдір түссіз немесе ашық-сары сұйықтық түрінде болады.

Препаратты 2 г дозада ересектерге және 40 мг/кг дозада балаларға болюстік енгізу қауіпсіздігін сақтауға шектеулі деректер бар.

Көктамырішілік инфузияларға арналған Меронем 50 мг/мл-ге тең үйлесімді инфузиялық сұйықтықпен сұйылтылуы мүмкін.

Меронем басқа препараттармен араластырылмауы немесе қосылмауы тиіс.

Меронем келесі инфузиялық ерітінділермен үйлесімді:

0,9% натрий хлориді ерітіндісі

5% немесе 10% глюкоза (декстроза) ерітіндісі.

Меронемді сұйылтқанда стандартты антисептика режимін сақтаған жөн. Сұйылтылған ерітіндіні қолданар алдында сілкілеңіз.

Құтылардың барлығы да тек бір рет қолдануға арналған.

Көктамырішілік инъекциялар мен инфузиялар үшін Меронемнің жаңа дайындалған ерітіндісін қолдану ұсынылады.

Меронем ерітіндісі мұздатып қатырылмауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- тромбоцитемия

- бас ауыру

- жүректің айнуы, құсу, диарея

- қан сарысуында аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, лактат-дегидрогеназа және γ-глутамилтрансфераза концентрацияларының жоғарылауы

- бөртпе, қышыну

- енгізген жердің қабынуы және ауыруы

Жиі емес

- ауыз қуысы кандидозы және вагинальді кандидоз

- эозинофилия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения

- парестезиялар

- қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауы

- есекжем

- тромбофлебит

Сирек

- құрысулар

- агранулоцитоз

Өте сирек

- гемолиздік анемия

- Квинке ісінуі, анафилаксия көріністері

- жалған жарғақшалы колит

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- анорексия

- қатты қозу, ажитация, мазасыздық, депрессия, елестеулер, үрейлену, ұйқысыздық

- шеткері ісінулер, дизурия, гематурия, бүйрек функциясының бұзылуы

- қайтымды тромбоцитоз, эозинофилия, тромбоцитопения, лейкопения

- Квинке ісінуі

- құрысулар

- эпилепсия түріндегі ұстамалар

- холестаздық гепатит, гипербилирубинемия, сарғаю

- жүректің тоқтап қалуы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, тахикардия, брадикардия, ентігу, АҚ төмендеуі немесе жоғарылауы, миокард инфарктісі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- анамнезінде меропенемге және препараттың басқа компоненттеріне, соның ішінде бактерияларға қарсы басқа да бета-лактамдық дәрілерге аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 3 айлық жасқа дейінгі балалар (осы пациенттер тобы үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген).

Сақтықпен:

Меронемді потенциальді нефроуыттылығы бар препараттармен бір мезгілде тағайындау. Асқазан-ішек аурулары бар, әсіресе колиттерден зардап шегіп жүрген адамдарға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пробенецид Меронемнің бүйрек арқылы шығарылуын тежей және жартылай шығарылу кезеңін мен плазмадағы концентрациясын арттыра отырып, белсенді өзекшелік секреция үшін Меронеммен бәсекелеседі. Пробенецидсіз енгізілетін Меронемнің тиімділігі мен әсер ету ұзақтығы талапқа сай болатындықтан, пробенецидті Меронеммен бірге енгізу ұсынылмайды.

Басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына Меронемнің ықтимал әсері немесе метаболизмі зерттелген жоқ. Меронемнің ақуыздармен байланысуы төмен (2%-ға жуық), плазмадан ақуыздарды ығыстыруына негізделген басқа препараттармен өзара әрекеттесуі болмауы тиіс деп жорамалданады.

Меронем қан сарысуындағы вальпрой қышқылының деңгейін азайтуы мүмкін. Вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын Меронеммен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа препараттарды қабылдау кезінде Меронемді қолдану жайсыз фармакологиялық өзара әрекеттесулердің дамуымен қатар жүрген жоқ. Алайда болуы мүмкін дәрілік өзара әрекеттесулер жөнінде (пробенецидті қоспағанда) спецификалық деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Меронемді монотерапия ретінде пайдаланғанда, басқа антибиотиктер қолдану кезіндегідей, төменгі тыныс жолдарының Pseudomonas aeruginosa әсерінен туындаған инфекциясы анықталған қиын жағдайдағы немесе оған күдіктену бар пациенттердің осы антибиотикке сезімталдығына ұдайы тест жүргізу және қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.

Сирек жағдайларда Меронем қолданылғанда, іс жүзінде барлық антибиотиктерді қолданған кездегідей, жалған жарғақшалы колиттің дамуы байқалады, ол ауырлығы бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретін формаларға дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан асқазан-ішек аурулары, әсіресе колиттері бар пациенттерге, антибиотиктер ерекше сақтықпен тағайындалуы тиіс. Меронемді қабылдау аясында диарея дамыған жағдайда «жалған жарғақшалы колит» диагнозын ескеру маңызды. Зерттеулер Clostridium difficile өндіріп шығаратын уыттың антибиотикті қолданумен байланысты колиттердің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын көрсетсе де, басқа да себептерін ескеру қажет.

Басқа карбапенемдер мен бета-лактамдық антибиотиктер, пенициллиндер мен цефалоспориндер арасындағы ішінара айқаспалы аллергогенділік жөнінде деректер бар. Меронеммен емдеуді бастар алдында анамнезіндегі бета-лактамдық антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакциясына ерекше назар аударып, пациенттен мұқият анықтап алу қажет. Меронем анамнезінде осындай құбылыстарға көрсетілімдері бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Егер Меронемге аллергиялық реакция туындаса, препарат енгізуді тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау қажет.

Бауыр аурулары бар пациенттерде Меронемді қолдану трансаминазалар мен билирубин деңгейін мұқият бақылай отырып жүргізілуі тиіс.

Басқа антибиотиктер қолдану жағдайындағы сияқты, сезімтал емес микроорганизмдердің өсуі басым болуы мүмкін, осыған орай, пациентті тұрақты қадағалап отыру қажет.

Препаратты метициллинге резистентті стафилококк әсерінен туындаған инфекцияларда қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде әйелдерде Меронемді қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Меронем, оны қолданудың потенциальді артықшылығы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Әрбір жағдайда препарат дәрігердің тікелей қадағалауымен қолданылуы тиіс.

Меронем, оны қолданудың ықтимал артықшылығы сәби үшін ықтимал қауіптен басым түсетін жағдайларды қоспағанда, бала емізетін әйелдерде қолданылмауы тиіс. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда, бала емізуді тоқтату мәселесін қарастырған жөн.

Педиатрияда пайдаланылуы

Препараттың 3 айлық жасқа дейінгі балалардағы тиімділігі мен жағымдылығына баға берілмеген, осыған орай, препаратты аталған жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмайды. Препаратты бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған балаларға, нейтропениясы немесе алғашқы және салдарлық иммундық тапшылығы бар пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Меронемнің автокөлік немесе басқа техниканы басқару қабілетіне ықпал етуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда Меронем қолданылғанда бас ауырудың, құрысулардың және парестезиялардың дамуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Артық дозаланғанда

Емдеу кезінде, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді емдегенде кездейсоқ артық дозалануы мүмкін.

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде препараттың несеппен шығарылуы жылдам жүреді. Бүйрек бұзылулары бар пациенттерде гемодиализ тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығындармен тығындалған және көк (0.5 г доза үшін) немесе анар (1 г доза үшін) түсті пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, AstraZeneca компанияcының логотипі бар, сыйымдылығы 20 мл, түссіз шыны құтыларға 0.5 г дозадағы препарат немесе AstraZeneca компанияcының логотипі бар, сыйымдылығы 30 мл, түссіз шыны құтыларға 1 г дозадағы препарат салынған.

Картон қорапшаға қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 10 құтыдан салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ЭйСиЭс Добфар С.П.А., Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

АстраЗенека ЮК Лимитед, Ұлыбритания

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АстраЗенека ЮК Лимитед» ЖАҚ өкілдігі

Телефон: +7 727 226 25 30

Факс: +7 727 226 25 29

e-mail: adverse.events.kz @astrazeneca.com

Меронем – АстраЗенека компаниясы тобының меншігі болып табылатын саудалық белгі.

 

Прикрепленные файлы

331153021477976199_ru.doc 93 кб
657704571477977449_kz.doc 123 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники