Мезонекс (500 мг)

МНН: Меропенем
Производитель: Орхид Хелскэр, отделение Орхид Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Meropenem
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012232
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 3 644.94 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мезонекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Меропенем

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг және 1 г

Құрамы

Бір құтының ішінде

Меропенем тригидраттың және натрий карбонаттың стерильді қоспасы, соның ішінде:

белсенді зат – меропенем тригидраты (сусыз меропенемге баламалы) (500,0 мг) және (1000,0 мг)

қосымша зат – 45,1 мг және 90,1 мг натрий карбонаты

Сипаттамасы

Ақтан ашық-сары түске дейінгі кристалды ұнтақ.

Инъекцияға арналған суда ұнтақты еріткенде түссізден ашық-сары түске дейін мөлдір ерітінді түзіледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер. Меропенем.

АТХ коды J01DH02

 

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Мезонекстің бір дозасын 30 минут бойы көктамыр ішіне енгізу қан плазмасындағы 500 мг доза үшін 14-26 мкг/мл дозалар ауқымында 23 мкг/мл, 1 г доза үшін 39-58 мкг/мл дозалар ауқымында 49 мкг/мл және 2 г доза үшін 115 мкг/мл тең жоғары шекті концентрацияларға әкеледі. Мезонекстің бір дозасын 5 минут бойы көктамырішілік болюсті инъекциялау плазмада 500 мг доза үшін 18-65 мкг/мл дозалар ауқымында шамамен 45 мкг/мл және 1 г доза үшін 83-140 мкг/мл дозалар ауқымында 112 мкг/мл тең жоғары шекті концентрациясына әкеледі.

Көктамыр ішіне 500 мг енгізгеннен кейін 6 сағаттан соң қан плазмасындағы меропенем деңгейі 1 мкг/мл және одан төмен мәндерге дейін төмендейді. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерге меропенемді 500 мг және 1 г дозалануында 8 және 6 сағат аралықпен көп рет енгізгенде препараттың жинақталуы байқалмайды. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағат құрайды. Орташа таралу көлемі шамамен 0,25 л/кг (11-27 л) құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен 2% және концентрацияға байланысты емес.

Меропенем өкпе, бронх секреті, өт, жұлын сұйықтығы, гинекологиялық тіндер, тері, фасциялар, бұлшықеттер және перитонеальді экссудаттар қамтылатын организмнің көптеген тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді.

Меропенем β-лактамды сақина гидролизі арқылы метаболизденіп, микробиологиялық тұрғыда белсенді емес метаболит түзеді. In vitro меропенем, имипенеммен салыстырғанда, адамдағы дегидропептидаза- I (ДГП-I) гидролизіне сезімталдықтың төмендеуін көріністейді, сондықтан ДГП-I тежегіштерін бірге қолдану қажеттілігі жоқ.

Меропенем, негізінен, бүйрекпен экскрецияланады; шамамен 70% (50-75%) доза 12 сағат ішінде өзгеріссіз күйде шығарылады. Қалған 28% микробиологиялық белсенді емес метаболит түрінде шығарылады. Нәжіспен дозаның шамамен 2% ғана шығарылады. Дозаланған бүйрек клиренсі және пробеницид әсері Меропенемнің сүзілістен де, өзекшелік сөліністен де өтетінін көрсетеді.

Меропенем фармакокинетикасы 2 жастағы және одан үлкен педиатриялық емделушілерде, негізінен, ересек емделушілердегі фармакокинетикасына ұқсас. Меропенемнің жартылай шығарылу кезеңі 3 айлықтан бастап, 2 жасқа дейінгі педиатриялық емделушілерде шамамен 1,5 сағат құраған. Препарат фармакокинетикасы 10-нан 40 мг/кг дейінгі дозалар ауқымында дозаға байланысты болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі фармакокинетика зерттеулері бүйрек жеткіліксіздігінің несептегі препараттың орташа концентрациясының ұлғаюына және Меропенем жартылай шығарылу кезеңінің едәуір ұзаруына әкелетінін көрсеткен. Зерттеудің дені сау қатысушыларымен салыстырғанда (CrCL >80 мл/мин), несептегі орташа концентрациясының жеткіліксіздігі орташа емделушілерде 2,4 есе (CrCL 33-74 мл/мин) ұлғаюы, жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде 5 есе (CrCL 4-23 мл/мин) ұлғаюы және гемодиализде жүрген емделушілерде 10 есе (CrCL <2 мл/мин) ұлғаюы байқалды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақинасының ашылуымен микробиологиялық белсенді емес метаболиттің орташа концентрациясының елеулі жоғарылауы болды.

Бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр дәрежелі емделушілер үшін дозаны түзету ұсынылады.

Меропенем гемодиализ кезінде ануриялық емделушілердегіден шамамен 4 есе жоғары гемодиализ кезіндегі клиренспен шығарылады.

Егде жастағы (65-80 жас) дені сау тұлғалардағы фармакокинетикалық зерттеулер жас ерекшеліктік өзгерістерге және бүйректік емес клиренстің азаюына орай креатинин клиренсінің азаюымен өзара байланысты қан сарысуындағы клиренстің азаятынын көрсетті. Егде жастағы емделушілерге орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігінен басқа жағдайларда дозаны түзету қажет болмайды.

Бауыр аурулары бар емделушілердегі фармакокинетика зерттеулері осы патологиялық өзгерістердің меропенем фармакокинетикасына ықпалын тигізбейтінін көрсетті.

Фармакодинамикасы

Мезонекс – карбапенемдер класының антибиотигі, парентеральді қолдануға арналған, адамдағы дегидропептидаза-1-ге (ДГП-1) төзімді, ДГП-1 тежегішін қосымша енгізуді талап етпейді. Мезонекс бактерияның жасуша жақтауы синтезіне әсер етуі есебінен бактерицидті әсер көрсетеді. Меропенемнің аэробты және анаэробты бактериялардың кең ауқымына қарсы қуатты бактерицидті әсері меропенемнің бактерия жасушалық жақтауы арқылы өту қабілетінің жоғары екенімен, β-лактамазалардың көпшілігіне тұрақтылықтың жоғары деңгейімен және пенициллиндерді байланыстыратын ақуыздарға (ПБА) елеулі аффинділігімен түсіндіріледі.

Ең төмен бактерицидті концентрациялары (ТБК), әдетте, ең төмен тежегіш концентрацияларындай (ТТК) болады. Бактериялардың 76% тестіленген түрлеріне тән ТБК/ТТК арақатынасы 2 немесе одан да аз болды.

Меропенем қоздырғыш сезімталдығы анықталатын тестілерде тұрақты. Меропенем әртүрлі антибиотиктермен синергиялы әрекеттеседі. Меропенемнің антибиотиктерден кейінгі әсері де бар.

Бактерияға қарсы белсенділік өрісінде қамтылатындар:

Грам-оң аэробты бактериялар:

Bacillus spp., Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus (liquifaciens, avium),

Listeria monocytogenes, Lactobacillus spp., Nocardia asteroides, Staphylococcus aureus (негативті және позитивті пенициллиназалар), коагулаза-негативті стафилококктарды қоса, Staphylococcus (aprophyticus, capitis, cohnii, xylosus. warneri, hominis, simulans, intermedius, sciuri, lugdunensis), Streptococcus pneumoniae (пенициллинге сезімтал және төзімді). Streptococcus (agalactiae, pyogenes, equi, bovis, mitis, mitior, milleri, sanguis, viridans, salivarius, morbillorum), G тобы стрептококктары, F тобы стрептококктары, Rhodococcus equi.

Грам-теріс аэробты бактериялар:

Achromobacter xylosoxidans, Acinetobacter (anitratus, lwoffii, baumannii), Aeromonas (hydrophila, sorbria, caviae), Alcaligenes faecalis, Bordetella bronchiseptica, Brucella melitensis, Campylobacter (coli, jejuni), Citrobacter (freundii, diversus, koseri, amalonaticus), Enterobacter (aerogenes, agglomerans, cloacae, sakazakii), Escherichia (coli, hermannii), Gardnerella vaginalis, Haemophilus influenzae (позитивті β-лактамаза және ампициллинге төзімді штамдарды қоса), Haemophilus (parainfluenzae, ducreyi), Helicobacter pylori, Neisseria (meningitidis, gonorrhoeae) (позитивті β-лактамаза, пенициллинге және спектиномицинге төзімді штамдарды қоса), Hafnia alvei, Klebsiella (pneumoniae, aerogenes, ozaenae, oxytoca), Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Proteus (mirabilis, vulgaris, penneri), Providencia (rettgeri, stuartii, alcalifaciens), Pasteurella multocida, Plesiomonas shigelloides, Pseudomonas (putida, alcaligenes, Burkholderia (Pseudomonas) cepacia, fluorescens, stutzeri, pseudomallei, acidovorans), Salmonella spp.,Salmonella enteritidis/typhi, Serratia (marcescens, liquefaciens, rubidaea) қоса, Shigella (sonnei, flexneri, boydii, dysenteriae), Vibrio (cholerae, parahaemolyticus, vulnificus), Yersinia enterocolitica.

Анаэробтық бактериялар:

Actinomyces (odontolyticus, meyeri), Bacteroides-Prevolella-Porphyromonas spp., Bacteroides (сассае, fragilis, vulgatus, variabilis, pneumosintes, coagulans, uniformis, distasonis, ovatus, thetaiotaornicron, eggerthii, capsillosis, grасіlіs), Prevotella (buccalis, corporis, melaninogenic, intermedia, bivia, splanchnicus, oralis, disiens, rumenicola, иrеоlуtісus, oris, buccae, dentikola, lеvіі), Porphyromonasa saccharolyticus, Bifido bacterium spp., Bilophilia wadsworthia, Clostridium (perfringens, bifermentans, ramosum, sporogenes, cadaveris, sordellii, butyricum, clostridiiformis, innocuum, subterminale, tertium), Eubacterium (lentum, aerofaciens), Fusobacterium (mortiferum, necrophorum, nucleatum, varium), Mobiluncus (curtisii, mulieris), Peptoniphilus asaccharolyticus, Peptostreptococcus (anaerobius, micros, saccharolyticus, magnus, prevotii), Peptococcus (saccharolyticus, asaccharolyticus), Propionibacterium (acnes, avidium, granulosum).

Жүре пайда болған төзімділік мәселесін тудыратын бактериялар штамдары: Enterococcus faecium, Acinetobacter spp., Burkholderia spp. және Pseudomonas aeruginosa.

Табиғаты бойынша төзімді болып келетін микроорганизмдер: Stenotrophomonas maltophilia және Legionella spp.

Басқа да микроорганизмдер:

Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci және Micoplasma pneumoniae.

Қолданылуы

Меропенем аталған микроорганизмдердің бір немесе одан көп сезімтал штамдары тудыратын мынадай жұқпаларды емдеу үшін ересектер мен балаларда көрсетілімді:

- пневмонияны қоса, тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің жұқпаларында

- асқынған жұқпаларды қоса, несеп жолдарының жұқпаларында

- интраабдоминальді жұқпаларда

- босанудан кейінгі жұқпаларды қоса, гинекологиялық жұқпаларда

- терінің және жұмсақ тіндердің жұқпаларында

- менингитте

- септисте

- нейтропениясы бар емделушілердегі бактериялық жұқпаларға күдіктенгенде эмпирикалық емдеуде (бастапқы монотерапияны қоса)

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы мен емдеу ұзақтығы жұқпаның типі мен ауырлығына және емделушінің жағдайына қарай белгіленуі тиіс.

Ұсынылатын тәуліктік дозалары пневмония, несеп шығару жолдарының жұқпаларын, эндометрит сияқты гинекологиялық жұқпаларды, тері және тері құрылымдарының жұқпаларын емдегенде әр 8 сағат сайын көктамыр ішіне 500 мг және ауруханалық пневмонияларды, перитонитті емдеуде, нейтропения симптомдары бар науқастарда бактериялық жұқпаға күдік туындағанда, сондай-ақ септицемияда әр 8 сағат сайын көктамыр ішіне 1 г. Менингитті емдеуде ұсынылатын доза әр 8 сағат сайын 2 г құрайды.

Креатинин клиренсі 51 мл/минуттан кем бүйрек функциясының бұзылуында дозалау режимін мына үлгіде түзету талап етіледі:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Доза (500 мг, 1 г дозалар бірлігі негізінде)

Енгізу жиілігі

26-50

Дозаның бір бірлігі

әр 12 сағат сайын

10-25

Дозаның 0,5 бірлігі

әр 12 сағат сайын

< 10

Дозаның 0,5 бірлігі

әр 24 сағат сайын

Меропенем гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Ұсынылатын дозаны гемодиализ емшарасы аяқтала келе енгізген жөн.

Перитонеальді диализде жүрген емделушілер үшін дозалау бойынша ешқандай белгіленген нұсқаулар жоқ.

3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға көктамыр ішіне енгізу үшін ұсынылатын доза жұқпа типі мен ауырлығына, патогендік микроорганизм сезімталдығы мен емделушінің ахуалына қарай әр 8 сағат сайын 10-20 мг/кг құрайды.

Салмағы 50 кг-ден көп балаларда ересектерге арналған дозаларын пайдалану керек.

Менингитте ұсынылатын доза әр 8 сағат сайын 40 мг/кг құрайды.

Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы емделушілерге: дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге: дозаны түзету қажет емес.

Ерітінділерді әзірлеу және енгізу ережелері

Көктамырішілік болюсті инъекциялар үшін Мезонексті инъекцияға арналған стерильді сумен (250 мг меропенемге 5 мл) сұйылту керек, осы тұстағы ерітінді концентрациясы 50 мг/мл жуық құрайды. Көктамырішілік инфузиялар үшін Мезонексті үйлесімді инфузиялық сұйықтықпен (50-ден 200 мл дейін) сұйылтуға болады.

Көктамырішілік қолдануға арналған Мезонексті 3-5 минут бойы көктамырішілік болюсті инъекция түрінде немесе 15-30 минут бойы көктамырішілік инфузия түрінде енгізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- тромбоцитемия

- бас ауыру

- жүрек айну, құсу, диарея

- қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, лактат-дегидрогеназа және γ-глутамилтрансфераза концентрациясының жоғарылауы

- бөртпе, қышыну

- енгізген жердегі қабыну және ауыру

Жиі емес

- ауыз қуысының кандидозы және қынаптық кандидоз

- эозинофилия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения

- парестезиялар

- қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауы

- есекжем

- тромбофлебит

Сирек

- құрысулар

- агранулоцитоз

Өте сирек

- гемолитикалық анемия

- Квинке ісінуі, анафилаксия көріністері

- жалған жарғақшалы колит

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз

- анорексия

- қатты қозу, ажитация, мазасыздық, депрессия, елестеулер, үрейлену, ұйқысыздық

- шеткергі ісінулер, дизурия, гематурия, бүйрек функциясының бұзылуы

- қайтымды тромбоцитоз, эозинофилия, тромбоцитопения, лейкопения

- Квинке ісінуі

- құрысулар

- эпилепсия тәрізді ұстамалар

- холестатикалық гепатит, гипербилирубинемия, сарғаю

- жүректің тоқтауы, жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия, брадикардия, ентігу, АҚ төмендеуі немесе көтерілуі, миокард инфарктісі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- меропенемге, препарат компоненттеріне және басқа да бета-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 3 айға дейінгі балаларға (емделушілердің осы тобы үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген).

Сақтықпен:

Мезонексті нефроуыттылығы зор препараттармен бір мезгілде тағайындау. Асқазан-ішек аурулары бар, әсіресе, колиттерден зардап шегетін тұлғаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пробенецид бүйрек экскрециясын тежеп және плазмадағы меропенем концентрациясының және жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюын туындатып, белсенді өзекшелік сөлініс үшін меропенеммен бәсекелеседі. Пробенецидсіз енгізілген Мезонекс тиімділігі мен әсер ету ұзақтығы талапқа сай болғандықтан, пробенецидті Мезонекспен бірге енгізу ұсынылмайды.

Меропенемнің басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына немесе метаболизміне әсер ету мүмкіндігі зерттелмеген. Меропенемнің ақуыздармен байланысуы төмен (2% жуық), плазма ақуыздарынан ығыстыруға негізделген басқа препараттармен өзара әрекеттесуі болмауы тиіс деп жорамалданады.

Мезонекс қан сарысуында вальпрой қышқылының деңгейін азайтуы мүмкін. Вальпрой қышқылы/натрий вальпроатын Меропенеммен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Меропенемді варфаринмен бір мезгілде қабылдау оның антикоагулянттық әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттық әсерінің күшеюі жасырын жұқпаға, емделушінің жасы мен жалпы жай-күйіне қарай ауытқуы мүмкін, бұл антибиотиктің INR (Халықаралық қалыптасқан қатынас) артуына әсер етуін бағалауды қиындатады. Антибиотиктерді ішуге арналған антикоагулянттық препараттармен бір мезгілде қабылдау кезінде және одан кейін бірден INR мәнін жиі тексеру ұсынылады.

Басқа препараттарды қабылдау кезінде Меропенем қолдану жайсыз фармакологиялық өзара әрекеттесулердің дамуымен қатар жүрмеген. Алайда болжамды дәрілік өзара әрекеттесулер туралы спецификалық деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Мезонекс жекелеген емделушілерді емдеуге тағайындалғанда жұқпаның ауырлық дәрежесі, бактерияға қарсы басқа да сәйкесті препараттармен салыстырғанда төзімділігінің басым болуы және карбапенемге төзімді бактерияларға қарсы таңдау мүмкіндігі сияқты факторлар негізінде осы препараттың бактерияға қарсы препарат – карбапенеммен үйлесімділігін ескеру қажет.

Барлық бета-лактамды антибиотиктермен болған жағдайдағы сияқты, ауыр және кейде өлімге ұшырататын аллергиялық реакциялар хабарланады.

Сыртартқысында карбапенемдерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы болған емделушілер Меропенемге аса жоғары сезімталдық танытуы мүмкін. Мезонекс қолданылатын ем басталмас бұрын соның алдында бета-лактамды антибиотиктерге болған аллергиялық реакцияларға қатысты нақты мәліметтерді сұрастыру қажет.

Ауыр аллергиялық реакция жағдайында дәрілік препарат енгізуді тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау қажет.

Бактерияға қарсы барлық дерлік препараттарды (Меропенемді қоса) қолдану кезіндегі антибиотиктермен астасқан колит және жалған жарғақшалы колит туралы хабарланады және олар қарқындылығы бойынша жеңілден өмірге қатер төндіретін түрлерге дейін құбылуы мүмкін. Сондықтан, Мезонекс енгізу кезінде немесе одан кейін диареяға шағымданатын емделушілерде осы диагнозды ескеру маңызды.

Мезонекс қолданылатын емді тоқтатып, Clostridium difficile өндіретін токсинге қатысты арнайы ем жүргізілуін ескеру қажет. Перистальтиканы бәсеңдететін дәрілік препараттарды тағайындауға болмайды.

Мезонексті қоса, карбапенемдер қолданылатын ем кезінде пароксизм жағдайлары сирек хабарланады.

Бауырдың уыттануы дамуы мүмкін екеніне орай (холестазбен және цитолизбен бауыр дисфункциясы), Мезонекспен емделу кезінде бауыр функциясын мұқият тексеру қажет.

Препаратты бауыр ауруы бар емделушілерде қолдану: Мезонекспен емдеу кезінде бұрын бауыр аурулары болған емделушілерде бауыр функциясын бақылап отыру қажет. Дозаны түзету қажет емес.

Мезонекспен емделу кезінде Кумбстің тікелей немесе тікелей емес оң сынамасын анықтауға болады. Мезонекс пен вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Педиатрияда пайдалану

3 айға толмаған балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланбаған, осыған орай, препаратты осы жастан кіші балаларда қолдану ұсынылмайды. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған балаларда, нейтропениясы немесе алғашқы және салдарлы иммундық тапшылығы бар емделушілерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Меропенемнің автокөлікті және басқа техниканы басқару қабілетіне әсер етуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Емдеу кезінде, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған емделушілерді емдегенде кездейсоқ артық дозалану болуы мүмкін.

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде препарат несеппен тез шығарылады. Бүйрек бұзылулары бар емделушілерде гемодиализ тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

500 мг немесе 1 г препараттан (белсенді затқа шаққанда) қызыл (500 мг доза үшін) немесе көк (1 г доза үшін) түсті қорғағыш пластик қақпақшалары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сұр түсті резеңке тығындармен тұмшалана тығындалған мөлдір шыны құтыларға салады.

Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Орхид Хелскэр, Орхид Кемикалс Энд Фармасьютикалс Лтд бөлімшесі» Орхид Тауэрс

313, Валлувар Коттам Хай Роуд,

Нунгамбаккам,

Ченнай – 600 034

Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі, Алматы қ., Достық д-лы 114, 49 кеңсе

Телефон: +7(727) 2640985 факс (727) 2640934

Электронды пошта: georgiyperm@hotmail.com

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

142009191477976710_ru.doc 89 кб
400866771477977849_kz.doc 106.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники