КМ-Хипоил масло облепиховое

МНН: Облепиховое масло
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010315
Информация о регистрации в РК: 08.04.2021 - 08.04.2031

Инструкция

Саудалық атауы

КМ-Хипоил шырғанақ майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Май, 50 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы.

АТХ коды V03A

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- асқазан-ішек жолдарының ауруларында (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өңеш, ішек зақымдануы), - жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары (жедел және созылмалы риниттер, тонзиллиттер, ларингиттер, трахеиттер, бронхиттер).

- терінің, шырыштың зақымдануы кезінде, ойықжараларда, эрозияларда

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

- өт қабының, бауырдың, ұйқы безінің қабыну үдерісінде, өт тас ауруы кезінде

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Қатысты емес

Педиатрияда қолдану

Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша балалар тәжірибесінде қолданылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарда емдік дозаларда қолдануға болады

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Асқазан-ішек жолдары ауруларында және жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде күніне 2-3 рет 1 шай қасықтан ішке қабылдайды. Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Терінің және шырыштың зақымдануы кезінде түйіршіктер пайда болғанға дейін майлы таңғыш түрінде, майға жеткілікті түрде суланған тампон, жіңішке білте түрінде сыртқа – 8-12 емшара жасалады, қажет кезінде емдеу курсы 4-6 аптадан соң қайталанады.

Пайдалану алдында шайқау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

сирек

- аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат: шырғанақ жемістері 50,0 г

қосымша зат: күнбағыс майы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар қызғылт сары - қызыл түсті майлы сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бақылау сақинасы бар тамшылатқыш-тығынмен және полимерлі қақпақпен тығындалған медициналық құтыларда. Құтыға заттаңба немесе жазба қағазынан жасалған заттаңбалар желімделеді. Әр құты қазақ және орыс тілдеріндегі қосымша парақпен бірге картон қораптан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 10 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6

т. 382-19-21, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6

т. 382-19-21, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6

т. 382-19-21, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

КМ-Хипоил_ЛВ_рус.docx 0.03 кб
Хипоил,_ЛВ_каз.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники