Лоринден С

МНН: Клиохинол, Флуметазон
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Флуметазон в комбинации с антисептиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015857
Информация о регистрации в РК: 24.12.2014 - 24.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Лоринден C

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай 15 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 0,20 мг флуметазон пивалаты, 30,00 мг клиохинол,

қосымша заттар: ақ балауыз, ақ вазелин

Сипаттамасы

Сары немесе сұр реңді ақ түсті майлы жұмсақ масса. Кристалдардың жекелеген жұмсақ шоғыры болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктермен біріктірілген белсенділігі орташа кортикостероидтар. Флуметазон басқа препараттармен біріктірілімде.

ATХ коды D 07 ВB 01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флуметазон пивалаты эпидермистің мүйізді қабатына оңай өтеді, онда жинақталады. Теріде метаболизмге ұшырамайды. Жергілікті қолданғаннан кейін аздаған мөлшерде организмге өтеді және жалпы әсер етеді. Сіңгеннен кейін негізінен бауырда метаболизденеді. Несеппен және аз мөлшерде өтпен глюкурон қышқылының қосылыстары түрінде және аз мөлшерде өзгермеген түрде шығарылады.

Флуметазон пивалатының тері арқылы сіңуі қатпар аймағындағы теріге немесе бет терісіне, эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісінің нәтижесінде зақымданған теріге қолданғанда артады. Дене қызуын және терінің ылғалдығын туындататын окклюзиялық таңғышты қолдану флуметазон пивалатының сіңуін арттырады. Одан басқа, препаратты жиі қолданғанда немесе терінің үлкен аумағына қолданғанда сіңуі артады. Ересектерге қарағанда жастарда тері арқылы жақсы сіңеді.

Фармакодинамикасы

Лоринден С – біріктірілген препарат; қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, аллергияға қарсы, вазоконстрикторлық, зеңдерге қарсы және микробтарға қарсы әсері бар. Флуметазон – глюкокортикостероид, қабыну медиаторларының босап шығуын кідіртеді; теріге әсер еткенде нейтрофильдердің шеткергі жинақталуының алдын алады, ол қабыну экссудатының және цитокиндер өндірілуінің азаюына, макрофагтар миграциясының іркілуіне, инфильтрация мен грануляция үдерістерінің азаюына әкеледі.

Клиохинол микробтарға қарсы, бактериостатикалық әсері бар, Флуметазонның экссудацияға қарсы әсерін арттырады, кең ауқымды микроорганизмдерге, зеңдер мен грамоң бактерияларға (стафилококктарға) қатысты белсенді. Грамтеріс бактерияларға оның әсері аз.

Жақпамайдың су сіңдірмейтін әсері бар және сыртқы ылғалдың әсер етуінен теріні қорғайтын қорғаушы үлбір түзеді; терең майды сіңіретін әсері болғандықтан, жақпамай терісі құрғаған және жұқарған науқастарды емдеуде анағұрлым пайдалы.

Қолданылуы

Жақпамай түріндегі Лоринден С терінің құрғақ қабыну жағдайларында, гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін асқынған салдарлы бактериялық жұқпаларда, әсіресе аллергия аясында жергілікті қолданылады:

- себореялық және атопиялық дерматит

- экзема

- мультиформалы эритема

- қызыл жегі

- псориаз

- қызыл жалпақ теміреткі

- есекжем

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайдың жұқа қабатын зақымданған тері бөліктеріне жиі дегенде тәулігіне 1-2 рет жағады. Емдеу үзіліссіз 2 аптадан артық созылмауы тиіс. Айқын лихенизацияда немесе гиперкератозда окклюзиялық таңғышты қолдануға рұқсат етіледі, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек.

10 жастан асқан балаларға тек айрықша жағдайларда ғана, препаратты бет терісіне тигізіп алмай, терінің шектеулі бөліктеріне қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

- безеулер, постстероидты пурпура

- эпидермис өсуінің бәсеңдеуі, тері асты шел қабатының атрофиясы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі

- терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, терінің атрофиясы және созылуы – телеангиэктазиялар, периоральді дерматит

- фолликулит, екіншілік жұқпа

- есекжем немесе теңбілді-папулезді бөртпе немесе бар өзгерістердің өршуі.

Препаратты жабық таңғыш астына қолданғаннан кейін сіңудің артуына байланысты ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуімен байқалатын жалпы жүйелік қатты әсері туындауы ықтимал. Қабақ терісіне жергілікті қолданғаннан кейін кейде глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкін. Терінің өте ауқымды беттеріне қолданғанда глюкокортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глюкокортикостероидтарға, клиохинолға және препараттың негізі компоненттеріне жоғары сезімталдық

- терінің вирустық жұқпалары

- тері туберкулезі

- тері обыры

- өрескел және қызғылт безеулер

- желшешек

- көктамырлардың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойық жаралары

- тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындыларының ауқымды зақымданулары

- жүктіліктің I триместрі

- 10 жасқа дейінгі балалар

- поствакциналық реакциялар

- терінің бактериялық, вирустық және зеңдік жұқпалары

- мерездің тері көріністері

- суланатын және экссудативтік тері аурулары

- периоральді дерматит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Препаратпен емдеу кезінде иммунологиялық тапшылық пайда болу қаупіне байланысты шешекке қарсы екпе және иммунизацияның басқа түрлерін жүргізбеу керек.

Лоринден С жақпамайы иммуносупрессорлық дәрілердің әсерін күшейтуі және иммунитет көтермелейтін дәрілердің әсерін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ қолданудан аулақ болған жөн. Дененің ауқымды бетіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі артады.

Лоринден С жергілікті қолданудың нәтижесінде гипофиз-бүйрек үсті безі осінің бәсеңдеуі есебінен адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен бөлінуі төмендеуі мүмкін, қандағы кортизол деңгейі төмендейді және емді тоқтатқаннан кейін жойылатын Кушингтің ятрогенді синдромы туындауы мүмкін. АКТГ бүйрек үсті безін стимуляциясынан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау жолымен бүйрек үсті безі қыртысының жұмысын мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады.

Жақпамай жағылған орында жұқпа пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңдерге қарсы сәйкесінше емді қолданған жөн. Егер симптомдары жойылмаса, жақпамайды қолдануды жұқпа жазылған уақытқа дейін тоқтата тұру керек.

Көз камерасының жабық немесе ашық бұрышты глаукомасы, сондай-ақ катарактасы бар адамдарға препаратты қабаққа немесе қабақ аумағы терісіне жағудан аулақ болу керек, өйткені ауру симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Препаратты бет терісіне, сондай-ақ қолтық асты және шап маңының терісіне, тіптен қысқа мерзім қолданғаннан кейін де, артық сіңу және жағымсыз әсерлер (телеангиэктазия, dermatitis perioralis) туындау мүмкіндігінің зор болуына байланысты аса қажетті жағдайларда ғана қолданады,

Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды, өйткені ол эпидермис атрофиясына, стрияға және асқынжұқпаға әкеп соқтыруы мүмкін. Тері асты тіні атрофиялық жағдайлары бар, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Лоринден С жақпамайын жүкті әйелдерге, егер күтілетін пайда препаратты қолданудан болатын ықтимал қауіптен жоғары болса ғана, терінің шағын беткейіне қысқа мерзімге қолдануға болады. Препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде мүлде пайдалануға болмайды.

Лоринден С жақпамайын бала емізетін әйелдерде қолданғанда аса сақ болу ұсынылады.

Қажет болған жағдайларда терінің шағын беткейіне қысқа мерзімге ғана қолдану керек, омырау терісіне қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лоринден С жақпамайы көлік құралдарын басқаруға және қозғалатын механикалық құрылғылар қызметін көрсету қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары - ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуі сияқты жағымсыз әсерлердің күшеюі, ал ауыр жағдайларда Кушинг ауруы пайда болуы мүмкін.

Емі - препаратты тоқтату және құрамында глюкокортикостероидтар мөлшері аз емді қолдану.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден ішкі беткейі лакталған алюминий сықпаға салынады.

Бір сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25oC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармзауыт Jelfa А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы тау» бизнес орталығы, 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

Сарапшы: Есікбаева Ж.Б.

Прикрепленные файлы

097433961477976524_ru.doc 61.5 кб
681941481477977675_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники