Лозапин-25

МНН: Клозапин
Производитель: Торрент Фармасьютикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clozapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012899
Информация о регистрации в РК: 02.09.2014 - 02.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Лозапин-25

Лозапин-100

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клозапин

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 25 мг және 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 25 мг немесе 100 мг клозапин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, поливинилпирролидон К-30, құрғақ крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақшыл-сары түсті, бір жағында сызығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Психотроптық препараттар. Нейролептиктер (антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Клозапин

АТХ коды N05AH02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда асқазан-ішек (АІЖ) жолынан жылдам және толығымен дерлік сіңіріледі. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына орташа алғанда 2,5 сағат ішінде жетеді. Тепе-теңдік концентрациясына 8-10 күн қабылдағаннан кейін жетеді. Бауыр арқылы «бірінші өтуі» кезінде белсенді емес немесе белсенділігі төмен метаболиттер түзе отырып, қарқынды метаболизмге ұшырайды. 1А2 цитохромы изоферментінің қатысуымен метаболизденеді. Таралуы қарқынды және жылдам, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Қан ақуыздарымен байланысуы - 95%.

Жартылай шығарылу кезеңі ауытқымалылығымен сипатталады және бір реттік 75 мг дозасын қабылдағаннан кейін 8 сағатты (4-12 сағ.), 100 мг-ден тәулігіне 2 рет қабылдағаннан кейін - 12 сағатты (4- 66 сағ.) құрайды.

Бүйрекпен - 50%-ы және ішек арқылы - 30%-ы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Лозапин антипсихотикалық және седативтік әсер береді.

Іс жүзінде экстрапирамидалық бұзылуларды туғызбайды; осыған байланысты Лозапинді «атипиялық» нейролептиктер деп аталатын топқа жатқызады.

Антипсихотикалық әсеріне мидың мезолимбиялық және мезокортикальді құрылымдарындағы допаминдік D2- рецепторлардың блокадасы негіз болады.

Седативтік әсеріне ми діңінің ретикулярлық формациясының α-адренорецепторларының блокадасы; құсуға қарсы әсеріне - құсу орталығының триггерлік аймағының допаминдік D2-рецепторларының блокадасы; гипотермиялық әсеріне - гипоталамустың допаминдік рецепторлардың блокадасы негіз болады. Шеткергі және орталықтық м-холинаблокаторлық, α-адреноблокаторлық әсер береді. Қандағы пролактин концентрациясына әсер етпейді.

Антипсихотикалық әсері алифатикалық фенотиазиндердегі осындайға ұқсас, бірақ «субмеланхолиялық реңсіз» және жағымсыз субъективтік сезімдерсіз, каталептогендік әсері жоқ, құрысуға дайындық шегін төмендетеді. Жоғары интеллектуалдық функцияларға әсер етпейді. Емдік әсерінің дамуы кезеңдерге бөлінетіндігімен сипатталады: ұйықтататын және седативтік әсерінің жылдам басталуы; мазасыздықты, психомоторлық қозуды және озбырлықты басу (3-6 күннен кейін); антипсихотикалық әсері (1-2 аптадан кейін); негативизм симптомдарын нивелирлеуі (20-40 күннен кейін).

Қолданылуы

шизофренияда

маниакальді жағдайларда

маниакальді-депрессивтік психозда

психопатиялар кезіндегі психомоторлық қозуда

эмоциональді және мінез-құлық бұзылыстарында

Қолдану тәсілі және дозалары

Жекелей белгіленеді. Ішке қабылдауға арналған бір реттік дозасы 12.5-25 мг құрайды. Емдеуді әдетте 25-50 мг дозасынан бастайды, сосын біртіндеп, көтерімділігі жақсы болған жағдайда 7-14 күн бойы тәулігіне 200-300 мг дейін күніне 25-50 мг-ге арттырады. Тәуліктік дозасын ұйықтар алдында бір рет немесе тәулігіне 2-3 рет тамақтан кейін қолдануға болады. Емдеуді тоқтатқан кезде дозасын 1-2 апта ішінде біртіндеп төмендету керек. Емдік әсеріне жеткеннен кейін демеуші курсқа көшеді.

Жағымсыз әсерлері

Клозапинмен байланысты анағұрлым күрделі жағымсыз реакциялар агранулоцитоз, құрысулар, жүрек-қантамырлық әсерлері және қызба болып табылады. Анағұрлым кең таралған жағымсыз әсерлері ұйқышылдық/седативтік әсері, бас айналуы, тахикардия, іштің қатуы және гиперсаливация болып табылады.

Клиникалық зерттеулерден алынған мәліметтер, клозапинді қабылдаған емделушілердің бір бөлігінде (7,1-ден 15,6%-ға дейін), реакциялары клозапинмен байланысты болуы мүмкін емделушілерді ғана қоса алғанда, емдеудің жағымсыз реакциялардың кесірінен тоқтатылғанын көрсеткен. Анағұрлым кең таралған, емдеуді тоқтатуға себеп болды деп саналған жағымсыз реакциялар лейкопения, ұйқышылды, бас айналуы (вертигодан басқа) және психотикалық бұзылулар болды. Түрлі жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін бағалауда мына градациялар пайдаланылған: "өте жиі" – (1/10), "жиі" – (1/100-дан 1/10 дейін), "кейде" – (1/1000-дан 1/100 дейін), "сирек" – (1/10000-дан 1/1000 дейін), "өте сирек " – ( 1/10000).

Өте жиі

– ұйқышылдық/седативтік әсері, бас айналуы

– тахикардия

– іштің қатуы, гиперсаливация

Жиі

– лейкопения, нейтропения, эозинофилия, лейкоцитоз

– дене салмағының жоғарылауы

– дизартрия

– бас ауыруы, тремор, сіресу, акатизия, экстрамирамидалық симптомдар, эпилепсия ұстамалары, құрысулар, миоклониялық тартылулар

– нашар көру

–ЭКГ-дағы өзгерістер, гипертензия, постуральді гипотензия, естен тану

– жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы

– бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

– несепті ұстай алмау, несептің іркілуі

– қажығыштық, қатерсіз гипертермия, тер шығарудың/термореттелістің бұзылуы

Кейде

– агранулоцитоз

– дисфемия

– нейролептикалық қатерлі синдром

Сирек

– анемия

– глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, диабетпен науқас емделушілерде жағдайдың нашарлауы, алғаш анықталған диабет

– мазасыздық, қозу

– сананың шатасуы, делирий

– жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, аритмия, миокардит, перикардит

– тромбоэмболия

– тағам аспирациясы (тыныс жолдарына түсіп кетуі), пневмония және төменгі тыныс жолдарының жұқпалары, олар өліммен аяқталуы мүмкін

– дисфагия

– холестатикалық сарғаю, панкреатит, гепатит

– креатинфосфокиназа жоғарылауы

Өте сирек

- тромбоцитопения, тромбоцитемия

- кетоацидоз, гиперосмолярлық кома, жедел гипергликемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия

- кешеуілдеген дискинезия, обсессивті-компульсивтік симптомдар

- кардиомиопатия

- тыныстың тарылуы/тоқтап қалуы

- ішектің парезі/бітелуі/қатуы, құлақ маңы бездерінің үлкеюі

- шұғыл бауыр некрозы

- тері реакциялары

- интерстиальді нефрит

- приапизм

- кенеттен болатын түсініксіз өлім

Спонтандық хабарламалар және оқулықтардағы мәліметтер бойынша (жиілігі белгісіз) препаратқа жағымсыз реакциялар

– холинергиялық синдром, ЭЭГ-дағы өзгерістер

– фатальді болуы мүмкін миокард инфарктісі, кеуденің ауыруы/стенокардия

– мұрын бітелуі

– диарея, іш қуысындағы жайсыздық/қыжыл/диспепсия

– бауыр стеатозы, бауыр некрозы, гепатоуыттылығы, бауыр фиброзы, бауыр циррозы, өліммен аяқталуы және бауыр трансплантациясын қажет етуі мүмкін бауыр зақымдалуы (бауырлық, холестаздық және аралас), бауыр жеткіліксіздігі сияқты өмірге қауіпті салдарларға алып келетін құбылыстарды қоса бауыр бұзылулары

– бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілулері, бұлшықеттердің ауыруы

– бауыр жеткіліксіздігі

Өте сирек қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы және QT аралығының ұзаруы байқалған, олар пируэттік тахикардиямен байланысты болуы мүмкін, әйтсе де препаратты қолданумен нақты себеп-салдарлық байланысы дәлелденбеген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • клозапинге және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • сыртартқыдағы гранулоцитопения немесе агранулоцитоз (гранулоцитопенияның немесе агранулоцитоздың бұрын қолданылған химиотерапияның салдарынан дамуын қоспағанда)

  • жүрек айнуымен, анорексиямен немесе сарғаюмен қатар жүретін бауырдың белсенді аурулары

  • бауырдың үдемелі аурулары

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • сүйек кеміктік қан түзілуінің бәсеңдеуі

  • миастения

  • коматоздық жағдайлар, дәрілік уыттанулар

  • уытты психоз (соның ішінде, алкогольдік)

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • талапқа сай емдеуге рефрактерлі эпилепсия

  • тамырлық коллапс және/немесе орталық жүйке жүйесінің (ЦНС) шығу тегі кез-келген бәсеңдеуі

  • бүйрек немесе жүректің (миокардит) ауыр аурулары

  • ішектің паралитикалық бітелуі

  • жүйелі қан талдауларын көтеруге қабілетсіздік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ-не бәсеңдеткіш әсер беретін дәрілік заттармен (соның ішінде, бензодиазепин туындыларымен, құрамында этанол бар препараттармен, этанолмен) бір мезгілде қолданғанда, ОЖЖ-не бәсеңдеткіш әсер ету көріністерінің ауырлығы мен жиілігі арта түседі, тыныс алу орталығының бәсеңдеуі күшейеді.

Артериялық гипотензия туғызатын дәрілермен бір мезгілде қолданғанда, аддитивті гипотензиялық әсері болуы мүмкін. Миелодепрессия туғызатын дәрілермен бір мезгілде қолданғанда, сүйек кемігі қанының түзілуіне бәсеңдеткіш әсері күшеюі мүмкін; антихолинергиялық дәрілермен – антихолинергиялық әсері күшеюі мүмкін.

Дигоксинмен немесе қан ақуыздарымен байланысуының жоғарылығымен сипатталатын дәрілік заттармен (соның ішінде, гепаринмен, варфаринмен, фенитоинмен) бір мезгілде қолданылғанда, олардың қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін, сондай-ақ бұл дәрілік заттар лозапинді қан ақуыздарымен байланысатын бөліктерден ығыстыруы да мүмкін.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданылғанда, Лозапиннің қан плазмасындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін, сонымен қатар, іс жүзінде өзара әрекеттесуінің клиникалық көріністері болмаған.

Карбамазепинмен бір мезгілде қолданылғанда, Лозапиннің қан плазмасындағы концентрациясы азаяды. Ауыр панцитопения және қатерлі нейролептикалық синдром жағдайлары сипатталған.

Кофеинмен бір мезгілде қолданылғанда, Лозапиннің қан плазмасындағы концентрациясы артады және жағымсыз әсерлерінің даму жиілігі артуы мүмкін.

Литий карбонатымен бір мезгілде қолданылғанда, миоклонус, құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, делирий, психоздар дамуы мүмкін. Рисперидонмен бір мезгілде қолданылғанда, Лозапиннің қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін, бұған 2D6 цитохромы изоферментіне бәсекелесе әсер етуі негіз болуы мүмкін, бұл Лозапин метаболизмнінің бәсеңдеуіне алып келеді. Лозапин рисперидонға жылдам алмастырылғанда дистония дамуы мүмкін.

1А2 белгілі индукторларына, мысалы омепразол және темекі түтіні жатады. Шылым шегу күрт тоқтатылған жағдайда, клозапиннің плазмадағы концентрациясы артуы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлерінің ушығуына алып келеді.

P450 цитохромы изоферменттері белсенділігінің тежегіштері ретінде белгілі заттарды бір мезгілде қолдану, клозапиннің плазмадағы деңгейлерін артттыруы мүмкін.

Азолдар антимикотиктері мен протеаза тежегіштері сияқты CYP3A күшті тежегіштері, плазмадағы клозапин концентрациясын арттыруы да мүмкін; алайда қазіргі таңдаа мұндай өзара әрекеттесулер тіркелмеген.

Клозапинді басқа нейролептиктермен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Лозапин агранулоцитоз туғызуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, бүйректің және/немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, жабық бұрышты глаукома, қуықасты безінің гиперплазиясы, ішек атониясы, эпилепсия, қызба синдромымен жүретін интеркурренттік аурулар кезінде сақтықпен қолданады.

Емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін жүйелі түрде бақылап отыру қажет.

Лозапинді қолданғанда алкоголь қолдануды тоқтату керек.

Лозапинді қабылдап жүрген емделушілерге, зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың қажеттілігімен байланысты қауіптілігі зор қызмет түрлерінен бас тартқан дұрыс.

Сыртартқысында сүйек кемігінің бастапқы ауруы бар емделушілерге, тек, емдеудің күтілетін пайдасы жағымсыз реакциялардың даму қаупінен асып түсетін жағдайда ғана тағайындауға болады. Мұндай емделушілер Лозапинмен емдеудің алдында гематологтың мұқият тексеруінен өтуі тиіс.

Қатерсіз этникалық нейтропенияның салдарынан лейкоциттер мөлшері өте төмен науқастарға ерекше көңіл бөлу керек. Мұндай жағдайларда Лозапинмен емдеуді гематологтың келісімін алғаннан кейін бастауға болады.

Лейкоциттер мөлшері мен нейтрофилдердің абсолюттік мөлшерін жүйелі түрде бақылау. Лозапинмен емдеу басталғанға дейін 10 күн бұрын препаратты тек көрсеткіштері қалыпты науқастардың ғана қабылдайтынына (лейкоциттер мөлшері  3500/мм3 (≥ 3,5х109/л) және нейтрофилдердің абсолюттік мөлшері  2000 мм3 (≥ 2,0x109/л)) көз жеткізу үшін лейкоциттер мөлшері мен лейкоцитарлық формуланы анықтап алу керек. Лозапинмен емдеу басталғаннан кейін лейкоциттер мөлшері және мүмкіндігінше, нейтрофилдердің абсолюттік мөлшерін 18 апта бойы апта сайын, кейіннен – препаратты қабылдаудың барлық кезеңі бойына айына бір реттен сиретпей және Лозапинді толық тоқтатқаннан кейін 1 айдан кейін бақылап отыру керек.

Препаратты тағайындайтын дәрігерлер қажетті сақтық шараларын толығымен сақтауы тиіс. Әр тексеру кезінде емдеуші дәрігер кез-келген жұқпа, дене температурасының жоғарылауы, нейтропенияны білдіруі мүмкін тамақ ауыруы немесе басқа тұмау тәрізді симптомдар туындаған жағдайда, дереу хабарласу қажеттігін науқастың есіне салып отыруы тиіс. Кез-келген жұқпа симптомдары туындаған жағдайда, дереу қанның лейкоцитарлық формуласын анықтау керек.

Лейкоциттер мөлшерінің және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік мөлшерінің төмендеуі

Егер Лозапинмен емдеудің алғашқы 18 атпатысында лейкоциттер мөлшері 3500-3000/мм3 дейін және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік мөлшері 2000-1500/мм3 дейін төмендесе, бұл көрсеткіштерді бақылауды кемінде аптасына 2 рет жүргізіп отыру керек.

Лозапинмен емдеудің 18 аптасынан кейін жиілігі кемінде аптасына 2 рет гематологиялық бақылау, лейкоциттер мөлшері 3000-2500/мм3 дейін және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік мөлшері - 1500-1000/мм3 дейін төмендеген жағдайда қажет.

Бұдан өзге, егер Лозапинмен емдеудің кез-келген кезеңінде лейкоциттер мөлшерінің бастапқы деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай төмендеуі білінсе, лейкоциттер мөлшері мен лейкоцитарлық формуланы қайта анықтауды жүргізу керек. Лейкоциттер мөлшерінің төмендеуі, ол бір ретте 3000/мм3 дейін және одан да көп төмендеген немесе үш апта ішінде 3000/мм3-ге немесе одан астам азайған жағдайда "елеулі" болып есептеледі.

Лейкоциттер мөлшері Лозапинмен емдеудің алғашқы 18 аптасында <3000/мм3 дейін және/немесе нейрофилдердің абсолюттік мөлшері <1500/мм3 дейін төмендесе, ал Лозапинмен емдеудің 18 аптасынан кейінгі кезеңде - сәйкесінше, <2500/мм3 дейін және/немесе <1000/ мм3 дейін төмендесе, препаратты дереу тоқтату керек. Бұл жағдайларда лейкоциттер мөлшері мен лейкоцитарлық формуланы күн сайын тексеру қажет және науқастарда тұмау тәрізді симптомдардың немесе жұқпаның болуын білдіретін басқа белгілердің туындауына қатысты мұқият қадағалау қажет. Гематологиялық бақылау гематологиялық көрсеткіштер толығымен қалыпқа түскенге дейін жүргізіледі.

Егер Лозапинді тоқтатқаннан кейін лейкоциттер мөлшерінің 2000/мм3 төмен және/немесе нейтрофилдердің абсолюттік мөлшерінің 1000/мм3 төмен ары қарай төмендеуі байқалса, бұл жағдайды емдеуді тәжірибелі гематологтың басшылық етуімен жүргізу керек. Мүмкін болса науқас арнайы гематологиялық бөлімге ауыстырылуы, ол жерде ол бөлек боксқа жатқызылуы тиіс және оған гранулоциттік-макрофагтық колония стимуляциялаушы фактор немесе гранулоцитарлық колония стимуляциялаушы факторды енгізу тағайындалуы мүмкін.

Колония стимуляциялаушы фактормен емдеуді нейтрофилдер мөлшері 1000/мм3 асатын деңгейге дейін артқаннан кейін тоқтату ұсынылады.

Лозапин лейкопенияға және/немесе нейтропенияға байланысты тоқтатылған науқастарға, оны қайта тағайындауға болмайды.

Гематологиялық көрсеткіштердің мәндерін растау үшін келесі күні қайтадан қан талдауын жүргізу ұсынылады, алайда Лозапинді бастапқы талдау алынған бойда тоқтату керек.

Лозапинмен емдеудің алғашқы 18 аптасы бойына жүргізілген қан бақылауы.

Қан жасушаларының мөлшері

Әрекеттер

Лейкоциттер/мм3 (/л)

Нейтрофилдердің абсолюттік мөлшері /мм3 (/л)

≥ 3500(> 3,5 х 109)

≥ 2000 (> 2,0 х 109)

Лозапинмен емдеуді жалғастыру.

3000-3500

(3,0 х 109 – 3,5 х 109)

1500-2000

(1,5 х 109 – 2,0 х 109)

Лозапинмен емдеуді жалғастыру, қанды тұрақтанғанға немесе жоғарылағанға дейін аптасына екі рет тексеру.

< 3000 (< 3,0 х 109)

< 1500 (< 1,5 х 109)

Лозапинмен емдеуді тоқтату, қанды гематологиялық ауытқу жойылғанға дейін күн сайын тексеру, жұқпаны бақылау.

Препаратпен емдеу қайта жаңғыртылмайды.

Лозапинмен 18 апта емдеуден кейінгі қан бақылауы.

Қан жасушаларының мөлшері

Әрекеттер

Лейкоциттер/мм3 (/л)

Нейтрофилдердің абсолюттік мөлшері /мм3 (/л)

≥ 3000(> 3,0 х 109)

≥ 1500 (> 1,5 х 109)

Лозапинмен емдеуді жалғастыру.

2500-3000

(2,5 х 109 – 3,0 х 109)

1000-1500

(1,0 х 109 – 1,5 х 109)

Лозапинмен емдеуді жалғастыру, қанды тұрақтанғанға немесе жоғарылағанға дейін аптасына екі рет тексеру.

< 2500 (< 2,5 х 109)

< 1000 (< 1,0 х 109)

Лозапинмен емдеуді тоқтату, қанды гематологиялық ауытқу жойылғанға дейін күн сайын тексеру, жұқпаны бақылау.

Препаратпен емдеу қайта жаңғыртылмайды.

Емдеудің гематологиялық емес себептерге байланысты үзілуі. 18 аптадан астамға созылған Лозапинмен емдеу 3 күннен артық (4 аптадан аз) мерзімге үзілген емделушілерге, лейкоциттер мөлшерін апта сайын, және мүмкіндігінше, қандағы нейтрофилдерді қосымша 6 апта бойы бақылап отыру көрсетілген. Егер бұл кезде гематологиялық өзгерістер байқалмаса, гематологиялық көрсеткіштерді ары қарай бақылауды 4 аптада бір реттен жиі жүргізбеуге болады. Егер Лозапинмен емдеу 4 апта немесе одан артық үзілген болса, емдеудің келесі 18 аптасы бойына апта сайын гематологиялық бақылау жүргізу қажет.

Эозинофилия дамыған жағдайда, Лозапинді егер, эозинофилдер мөлшері 3000/мм3асқан жағдайда тоқтату ұсынылады, ал емдеуді тек эозинофилдер мөлшері 1000/мм3 төмен болғаннан кейін ғана қайта жаңғыртуға болады.

Тромбоцитопения дамыған жағдайда, Лозапинді егер, тромбоциттер мөлшері 50000/мм3 азға төмендеген жағдайда ұсынылады.

Лозапинді қабылдау аясында естен танумен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін ортостатикалық гипотензия дамуы мүмкін.

Сирек жағдайларда (шамамен Лозапинді қабылдаған 3000 науқастың біреуінде) ауыр коллапс дамуы мүмкін, ол жүректің және/немесе тыныс алудың тоқтап қалуымен қатар жүруі мүмкін. Мұндай асқынулардың даму ықтималдығы препараттың дозасын бастапқы таңдау кезінде, оны тым жылдам арттырған кезде жоғары болады. Өте сирек жағдайларда бұл асқынулар тіпті препаратты алғаш қабылдағаннан кейін дамыған. Осыған байланысты, Лозапинмен емдеудің басында науқастарды медициналық тұрғыдан мұқият қадағалау қажет.

Тыныштық күйде туындайтын және аритмиямен, ентігумен және жүрек жеткіліксіздігінің симптомдарымен қатар жүретін тахикардия, Лозапинді қабылдаудың алғашқы айы ішінде де, емдеу аяқталған кезде де сирек туындауы мүмкін. Мұндай симптомдардың пайда болуы миокардиттің бар-жоқтығына шұғыл диагностикалық баға беруді қажет етеді. Бұл диагноз расталған жағдайда, Лозапинді тоқтату керек.

Тұрған және жатқан қалыптағы артериялық қысымды бақылау Паркинсон ауруы бар емделушілерде емдеудің алғашқы аптасы бойына қажет болады.

Сыртартқысында құрысулары бар науқастарда, жүрек-қантамыр аурулары немесе бүйрек аурулары бар болса, препараттың бірінші күні тағайындалатын дозасы күніне бір рет 12,5 мг құрауы тиіс. Дозасын ары қарай арттыруды баяу, азғантай “қадамдармен” жүргізу керек.

Бұдан өзге, фатальді болуы мүмкін миокард инфарктісі туралы постмаркетингтік хабарламалар болған. Алайда бұл жағдайлардың көпшілігінің себебі бұрын болған жүректің күрделі ауруының болуына және баламалы ықтимал себептерге байланысты қиындап отырған.

Бауырдың қатарлас аурулары бар науқастар Лозапинді қабылдай алады, бірақ емдеу барысында бауыр функциясы көрсеткіштерін жүйелі түрде тексеріп отыруды қажет етеді. Егер Лозапинмен емдеу кезінде бауыр функциясының бұзылуын көрсететін (жүрек айнуы, құсу және/немесе анорексия сияқты) симптомдар дамыса, дереу бауыр сынамаларына талдау жүргізу керек. Бұл көрсеткіштер клиникалық тұрғыдан елеулі артқан немесе сарғаю симптомдары пайда болған жағдайда, Лозапинмен емдеуді тоқтату керек. Емдеуді тек бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскен жағдайда ғана қайта жаңғыртуға болады. Емдеу қайта жаңғыртылғаннан кейін бауыр функциясының көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылап отыруды жалғастыра беру қажет.

Лозапинмен емдеу кезінде дене температурасының 38оС дейін және одан да жоғары өтпелі жоғарылауы мүмкін, және бұл құбылыстың жиілігі емдеудің алғашқы 3 аптасында анағұрлым жоғары. Температураның мұндай жоғарылауы қатерсіз сипатта болып келеді. Кейде ол қандағы лейкоциттер мөлшерінің артуымен немесе азаюымен қатар жүруі мүмкін. Қызбасы бар науқастарды жұқпалы аурудың немесе агранулоцитоз дамуының бар-жоқтығын анықтау үшін мұқият тексеру қажет. Қатты қызба болса, қатерлі нейролептикалық синдромның даму мүмкіндігін ескеру керек. Егер қатерлі нейролептикалық синдром (NMS) диагнозы расталса, Лозапин дереу тоқтатылуы және тиісінше емдеу шаралары қолданылуы тиіс.

Лозапинді қоса, атипиялық антипсихотикалық препараттар жүрек-қантамырлық/цереброваскулярлық қауіпті арттыруы мүмкін метаболикалық өзгерістермен астасады. Бұл метаболикалық өзгерістерге гипергликемия, дислипидемия және дене салмағының артуы кіруі мүмкін. Атипиялық антипсихотикалық препараттар кейібір метаболикалық өзгерістерді туғызуы мүмкін кезде, бұл кластағы әр препараттың өз қауіп профильдері болады.

Сирек жағдайда жоғары дәрежелі гипергликемияның пайда болуы білінеді, ол кейде сыртартқысында бастапқы гипергликемиясы бар науқастарда кетоацидозға алып келеді. Лозапиннің диабетпен науқастарда глюкоза деңгейіне әсер етуі зерттелмеген. Глюкозаға толеранттылықтың мүмкін болатын өзгерістері полидипсияның, полиурияның, полифагия мен әлсіздіктің пайда болуымен қатар жүреді. Гипергликемия симптомдары тұрақты түрде білінген кезде, Лозапинді тоқтату қажет. Қант диабеті диагнозы қойылған, атипиялық антипсихотикалық препараттармен емделуді бастаған емделушілерге глюкоза деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру керек. Қант диабеті дамуының қауіп факторлары бар (мысалы, семіздік, отбасылық сыртартқыдағы диабет), атипиялық антипсихотикалық препараттармен емделуді бастаған емделушілерге, емдеу барысында және емдеу кезінде жүйелі түрде ашқарында қандағы глюкозаға тест жүргізу керек.

Гипергликемия симптомдары дамыған емделушілер атипиялық антипсихотикалық препараттармен емделу кезінде ашқарында қандағы глюкозаға тест жүргізуі керек. Кей жағдайларда гипергликемия, атипиялық антипсихотикалық препараттармен емдеу тоқтатылған кезде басылған; алайда кейбір емделушілерге күдікті препараттың тоқтатылуына қарамастан, диабетке қарсы емді жалғастыру қажет болған.

Липидтердегі жағымсыз өзгерістер, атипиялық антипсихотикалық препараттарды, соның ішінде Лозапинді қабылдап жүрген емделушілерде байқалған. Бастапқы жағдайдағы липидтерге баға беруді қоса, клиникалық мониторинг жүргізу және Лозапинді қабылдап жүрген емделушілерде ары қарай жүйелі түрде баға беріп отыру ұсынылады.

Дене салмағының артуы Лозапинді қабылдаған кезде байқалады. Салмаққа клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Лозапин құрысуға дайындық шегін төмендетуі мүмкін.

Егер Лозапинді қабылдауды күрт тоқтату қажет болса (мысалы, лейкопенияға байланысты), емделушіде психотикалық симптомдардың және қатты терлеу, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты холинергиялық кері жауаппен байланысты симптомдардың қайта жаңғыру мүмкіндігін мұқият қадағалау керек.

Лозапин седативтік әсер және дене салмағының жоғарылауын туғызуы мүмкін, бұл тромбоэмболияның даму қаупін арттырады, науқастардың иммобилизациясын болдырмау керек.

Лозапин антихолинергиялық белсенділікке ие, соған байланысты, қуықасты безінің ұлғаюы және жабық бұрышты глаукомасы бар емделушілерді мұқият қадағалау қажет.

Лозапинді 60 жас шамасындағы және одан үлкен, деменциядан зардап шегетін емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Таблеткалардың құрамында лактоза бар болғандықтан, Лозапин фруктозаны көтере алмаушылықпен, LAPP-лактоза тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен қатар жүретін сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілерге ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Лозапиннің жүкті әйелдерде қолданылуының қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан препаратты жүкті әйелдерге тек, егер емдеудің күтілетін пайдасы болуы мүмкін қауіптен айтарлықтай асып түсетін болса ғана тағайындау керек.

Лозапин емшек сүтімен бөлініп шығады. Лозапинді қабылдап жүрген аналар бала емізбеуі тиіс.

Бала көтеретін жастағы әйелдерде қолданылуы

Кейбір жағдайларда, Лозапиннен өзге антипсихотикалық препараттармен емделіп жүрген әйелдерде, аменорея пайда болуы мүмкін. Қалыпты етеккірдің оралуы басқа антипсихотикалық препараттардан Лозапинге көшудің нәтижесі ретінде кездесуі мүмкін. Бала көтеретін жастағы әйелдерге тиімді контрацепция әдістерін қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы

Лозапиннің 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі әсерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лозапинді қабылдап жүрген емделушілерге, зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың қажеттілігімен байланысты қауіптілігі зор қызмет түрлерінен бас тартқан дұрыс.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, летаргия, кома, рефлекстердің болмауы, гиперрефлексия, еліру, конвульсиялар, сілекей бөлінісінің артуы, мидриаз, термолабильділік, тахикардия, гипотония, коллапс, жүрек аритмиясы және тыныстың тарылуы.

Емі: препаратты қабылдағаннан кейінгі бастапқы 6 сағатта – асқазанды шаю және/немесе белсендірілген көмірді енгізу (перитонеальді диализ бен гемодиализ тиімсіз). Жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына үздіксіз мониторинг жүргізіп, тыныс алуды демеп, электролиттер мен қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті бақылай отырып, белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

5 (25 мг доза үшін) немесе 10 пішінді қаптамадан (100 мг доза үшін) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Прикрепленные файлы

829436291477976657_ru.doc 111 кб
722600451477977801_kz.doc 154.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники