Линкас без сахара

Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014126
Информация о регистрации в РК: 07.06.2019 - 07.06.2024
Номер регистрации в РБ: 7875/06/11/15/16
Информация о регистрации в РБ: 08.11.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ЛИНКАС ҚАНТСЫЗ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 90 мл

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

Тамырлы адхатод жапырақтарының қою сығындысы 163.3 мг

Жалаң мия тамырларының қою сығындысы 17.3 мг

Ұзын бұрыш жемістерінің қою сығындысы 23.3 мг

Жұпар шегіргүл гүлдерінің қою сығындысы 5.6 мг

Дәрілік сайсағыз жапырақтарының қою сығындысы 11.3 мг

Үлкен калган тамырларының қою сығындысы 17.7 мг

Жалпақ жапырақты кордия жемістернің қою сығындысы 23.3 мг

Дәрілік жалбызтікен тұқымдарының қою сығындысы 23.0 мг

Қарапайым зизифус жемістерінің қою сығындысы 23.0 мг

Гүлқасындағы оносма жапырақтарының қою сығындысы 23.0 мг

қосымша заттар: пропиленгликоль, натрий сахарині, сорбит ерітіндісі 70%, глицерин, лимон қышқылы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бұрышты жалбыз майы, қалампыр майы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жалбыз дәмі және өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Линкас препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биологиялық зерттеулер көмегімен анықтап отыру мүмкіндігі жоқ. Осы себептерден препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Линкас қантсыз шәрбаты – әсері оның компоненттерінің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.

Тамырлы адхатод құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса, эфир майлары, витаминдер және алкалоидтар бар. Бұл қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар функциясын жақсартатын сурфактанттың синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Бұдан басқа, тамырлы адхатод бронхты гистаминнің әсерінен болатын түйілуден қорғай отырып, ентікпеге қарсы әсер етеді.

Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.

Дәрілік жалбызтікеннің құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералды тұздар мен майлар бар. Протектор ретінде әсер ете отырып, тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді және қабынуға қарсы әсер етеді.

Жалаң мия - тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.

Үлкен калган қақырықты бөліп шығаратын зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.

Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.

Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.

Қарапайым зизифустың құрамында витаминдер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар.

Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш және жөтелге қарсы әсер етеді.

Гүлқасындағы оносма – ыстықты түсіретін және сергітетін әсер береді, ентігудің азаюына ықпал етеді.

Линкас қантсыз шәрбаты – қақырықтың шығуын жеңілдететін өсімдік тектес препарат, қақырық түсіретін және муколитикалық дәрі ретінде әсер етеді.

Қабынуға қарсы, бронхолитикалық қасиеттері бар. Аллергияға қарсы әсер береді. Дәмі жағымды, құрамында спирт жоқ.

Қолданылуы

  • төменгі және жоғарғы тыныс жолдарының қақырық қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларында

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ересектерге: 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 4 рет

Балаларға: 6 айлықтан 3 жасқа дейін ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет

3-тен 8 жасқа дейін 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 3 рет

8-ден 18 жасқа дейін 2 шай қасықтан (10 мл) күніне 3 рет

Емделу курсы – 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- 6 айға дейінгі балаларға

- туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза – галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен науқастарға және гипокалориялы емдәмдегі емделушілерге қолдануға болады!

Егер респираторлық аурулар тыныс алудың қиындауымен, қызба немесе іріңді не қанды қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек. Линкас қантсыз жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қолданылмағаны жөн.

Линкас қантсыз шәрбатының құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (сондай-ақ баяулағанын да) метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл препараттан алғашқы ашылуын бақылауға арналған қорғаныш сақинасы бар бұрандалы металл қақпақты янтарь түсті шыны құтыға салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және өлшегіш стақанымен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 8 апта.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пәкістан Пвт Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы өкілдігі:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин /Халлиулин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

E-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

555991651477976669_ru.doc 51.5 кб
240821541477977804_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ