Итирес спаг. Пека (оральные капли)

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021432
Информация о регистрации в РК: 25.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Итирес спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Ішуге арналған тамшылар, 50 және 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар

АТХ коды V03АХ

Қолданылуы

кешенді ем құрамында

- әлсіреген лимфа жүйесін қалпына келтіру үшін

- лимфалық дренаж стимуляциясы үшін қатерсіз лимфалық түйіндер гипертрофиясы, созылмалы тонзиллит, баспа және лимфа тамырларының ісінуі секілді жағдайларда

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- препарат құрамында аздаған мөлшерде лактоза болады. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lарр-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- Итирес спаг. Пека препаратының бір реттік дозасы (5 – 20 тамшы) құрамында 27 – 110 мг этанол бар, сондықтан препарат алкоголизмнен зардап шегетіндер үшін зиянды. Жоғары қауіптегі топтарда - бауыр, эпилепсия аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Қолданылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуге қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Итирес спаг. Пека 2 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Итирес спаг. Пека гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Этанол мөлшері 18 % к. құрайтынын ескеру қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 20 тамшыдан күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

2 – 12 жастағы балалар: 10 тамшыдан күніне 3 рет, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

1 - 2 жастағы нәрестелер: күніне 3 рет 5 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

Ауру басталуының жедел жағдайларында бір күн ішінде 10 тамшыдан 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтануға дейін, ішу арқылы қабылдау керек. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі қабылдауға көшу керек.

Егер ем басталғанна кейін 7 күн ішінде жағдайыңыз жақсармаса немесе тіпті нашарлап кетсе, онда емдеуші дәрігеріңізге көріну керек.

Сүт бездерін кесіп алып тастағаннан кейінгі лимфедема кезінде лимфалық дренажды стимуляциялау үшін 2 – 3 ай бойы препаратты күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қабылдау ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін асқынулардың алдын алу мақсатында препаратты тәулігіне 2 рет тағы 3-7 күн бойы қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Профилактикалық мақсатта күзгі-қысқы кезеңде күніне 1 рет бір реттік дозаны (таңертең немесе кешке) қабылдау ұсынылады.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз алдыңғы дозаны өткізіп алған болсаңыз, екі еселенген дозаны қолданбаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Осы уақытқа дейін Итирес спаг. Пеканы қолдану кезінде ешқандай жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде Итирес спаг. Пека препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1г (= 1.03 мл = 26 тамшы)

10 грамм препарат құрамында

белсенді заттар:

Barium carbonicum D8

1.35 г

Calcium jodatum D8

1.35 г

Helianthemum canadense D12

1.50 г

Conium maculatum D6

1.35 г

Scrophularia nodosa D4

1.30 г

Echinacea spag. Peka D12

1.05 г

Galium aparine D6

1.15 г

Juglans regia spag. Peka D6

0.95 г

қосымша заттар: тазартылған су, этанол 18 % к.

Сипаттамасы

Этанол дәмі мен әлсіз немесе орташа этанол иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері(телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 34, тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Лимферал_спаг._Пекана_каз_.docx 0.03 кб
Лимферал_спаг._Пекана_рус_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники