Левипил (750 мг) (Levetiracetam)

МНН: Леветирацетам
Производитель: Sun Pharmaceutical Industries Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levetiracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021278
Информация о регистрации в РК: 30.03.2015 - 30.03.2020
Номер регистрации в РБ: 10423/15/19/21
Информация о регистрации в РБ: 27.04.2021 - бессрочно
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Левипил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Леветирацетам

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг, 750 мг, 1000 мг таблеткалар

Құрамы

250 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат 250 мг леветирацетам,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон (Пласдон К 29/32), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты,

500 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат 500 мг леветирацетам,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон (Пласдон К 29/32), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты,

750 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат 750 мг леветирацетам,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон (Пласдон К 29/32), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты,

1000 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат 1000 мг леветирацетам,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон (Пласдон К 29/32), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты,

қабықтың құрамы:

250 мг таблеткалар:

Опадри көгілдір 03B50622 IH: соның ішінде гипромеллоза 2910 (Е 464),

титанның қостотығы (Е 171) макрогол /ПЭГ (Е 1521), FD&C көгілдір #1/

бриллиант көгі алюминий лагы (Е 133);

500 мг таблеткалар:

Опадри сары 03F52321 IH: соның ішінде гипромеллоза 2910 (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), макрогол /ПЭГ (Е 1521), тальк (Е553 b), темірдің сары тотығы (Е 172)

750 мг таблеткалар: Опадри қызыл-сары 03B53743 IH: соның ішінде гипромеллоза 2910 (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), макрогол /ПЭГ (Е 1521) , FD&C сары #6/сансет сары алюминий лагы (Е 110), темірдің қызыл тотығы (Е 172), FD&C көгілдір #2/индиго кармин, алюминий лагы (Е 132) 1000 мг таблеткалар: Опадри ақ YS-1-7003 IH: соның ішінде гипромеллоза 2910 3 ср (Е 464), гипромеллоза 2910 6 ср (Е 464), титанның қостотығы (Е 171) , макрогол /ПЭГ 400, полисорбат 80 (Е 433)

Сипаттамасы

250 мг таблеткалар: капсула тәрізді пішінді, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

500 мг таблеткалар: сопақша пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

750 мг таблеткалар: капсула тәрізді пішінді, қызыл-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

1000 мг таблеткалар: сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Леветирацетам

ATХ коды N03АX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Леветирацетам асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі, сіңірілуі толық және дозаға байланысты сипатқа ие, бұл дене салмағының әр кг шаққанда мг көрінетін леветирацетамның қабылданған дозасы негізінде сарысудағы препарат концентрациясын болжауға мүмкіндік береді. Сіңірілу дәрежесі дозаға және тамақтануға байланысты емес. Биожетімділігі шамамен 100% құрайды. Сарысуда ең жоғары концентрацияға (Cmax) пероральді түрде қолданудан кейін 1-1,3 сағаттан соң жетеді. Тепе-тең жағдайға 2 күннен кейін жетеді, концентрация 270 нг/мл құрайды; 1000 мг дозаны қайталап қолданғаннан кейін – 308 нг/мл. Тұрақты концентрацияларға тәулігіне екі рет қолданған кезде 2 күннен кейін жетеді. Леветирацетамның фармакокинетикасы балаларда күніне 20–60 мг/кг доза аралығында дозаға байланысты сипатта болады; Cmax 0,5–1 сағаттан соң жетеді.

Леветирацетамның және оның негізгі метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі 10%-дан төмен, ақуыздармен байланысатын жерлерінде бәсекелесу арқылы басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз. Таралу көлемі (Vd) шамамен 0,5-0,7 л/кг құрайды.

Карбон қышқылының негізгі, фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес метаболитінің (ucb L057) түзілуі Р450 бауыр цитохромының қатысуынсыз болады. 2-оксо- пирролидин сақинасының гидроксилдену өнімі (дозадан 2%), және 2-оксо-пирролидин сақинасының 5 күйінде ашылуы (дозадан 1%) ретінде маңызды емес екі метаболит анықталды. Метаболиттердің белгілі фармакологиялық белсенділікке мүмкіндігі болмайды және бүйрек арқылы толық шығарылады. Леветирацетам гепатоциттердің ферменттік белсенділігіне әсер етпейді.

Жартылай шығарылу кезеңі (T½) ересектерде 7 ± 1 сағатты құрайды және енгізу тәсіліне және қолдану режиміне байланысты емес. Орташа жүйелік клиренсі 0,96 мл/мин/кг құрайды. Препараттың 95%-ы бүйрек арқылы шығарылады. Леветирацетамның және оның метаболитінің бүйректік клиренсі сәйкесінше 0,6 және 4,2 мл/мин/кг тең. Бөлініп шығу механизмі ішінара өзекшелік кері сіңірілуге ұласатын шумақтық сүзілу болып табылады. Ucb L057 метаболиті шумақтық сүзілу және бүйректік клиренсі 4 мл/мин/кг түрінде болатын белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады.

Егде жастағы емделушілерде T½ 10–11 сағатқа дейін 40% -ға өседі, бұл осы топтағы емделушілерде бүйрек функциясының нашарлауымен байланысты.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланыста болады. Сондықтан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны креатинин клиренсіне сәйкес таңдау ұсынылады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар ересектерде терминальді сатыда T½ диализ сеанстары арасындағы кезеңде 25 сағатты және диализ кезінде 3,1 сағатты құрайды. Диализдің 4 сағаттық сеансы кезінде леветирацитамның 51%-ға дейіні шығарылады.

Бауыр функциясының әлсіз немесе орташа бұзылулары бар емделушілерде леветирацетам клиренсінің айтарлықтай өзгерістері байқалмайды. Көптеген жағдайларда бауыр функциясының ауыр бұзылуларында және қатар жүретін бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде леветирацетам клиренсі негізінен бүйрек клиренсінің нашарлауы салдарынан 50%-ға төмендейді. Сондықтан креатинин клиренсі < 60 мл/мин/1,73м2 емделушілерге тәуліктік демеуші дозаны 50%-ға төмендету ұсынылады.

Балаларда бір реттік 20 мг/кг дозаны пероральді түрде қолданғаннан кейін T½ 5-6 сағатқа жуықты құрайды. Балаларда жүйелік клиренсі ересектерге қарағанда шамамен 40%-ға жоғары және дене салмағына тікелей байланысты болады. Эпилепсиясы бар балалар (4-тен 12 жасқа дейін) ішке (тәулігіне 20-дан 60 мг/кг дейін) қайталап қабылдағаннан кейін леветирацетам тез сіңеді. Плазмада концентрациялар шыңы препаратты қабылдағаннан кейін 0,5-тен 1,0 сағатқа дейін байқалады. Плазмада концентрациялар шыңының және қисық астындағы ауданның дозаға байланысты және дозаға пропорционалды түрде жоғарылауы байқалды. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5 сағатты құрайды. Айқын клиренсі 1.1 мл/мин/кг құрайды.

Бауыр функциясының жеңіл (бауыр функциясының жеңіл бұзылуы) және орташа (бауыр функциясының орташа бұзылуы) жеткіліксіздігі бар емделушілерде Леветирацетамның фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (бауыр функциясының ауыр бұзылуы) бар емделушілерде жалпы клиренсі қалыпты субъектілерге қарағанда 50% құрайды, бірақ төмен бүйрек клиренсі төмендеудің үлкен бөлігін құрады.

Фармакодинамикасы

Левипил препаратының әсер етуші заты Леветирацетам құрылымы бойынша эпилепсияға қарсы белгілі препараттардан ерекшеленетін пирролидон туындысы (α-этил-2-оксо-1-пирролидинацетамидтің S-энантиомері) болып табылады. Леветирацетамның дәл әсер ету механизмі толық зерттелген жоқ, бірақ эпилепсияға қарсы қолданыстағы дәрілердің әсер ету механизмінен айырмашылығы айқын. Іn vitro және in vivo зерттеулер деректері негізгі жасушалық сипаттамаларға және қалыпты нейротрансмиссияға леветирацетамның ықпалы жоқтығын болжауға мүмкіндік береді.

Іn vitro зерттеулерде леветирацетамның N-тип арнасы арқылы Ca2+ ағымына ішінара кедергі келтіре отырып және ішкі нейрональді деподан кальцийдің босап шығуын баса отырып, нейрондардағы Ca2+ иондарының концентрациясына әсер ететіні көрсетілген. Бұдан басқа, леветирацетам мырыш пен β-карболиндер әсерімен басылатын ГАМК- және глицин-тәуелді арналар арқылы ағымды ішінара қалпына келтіреді.

Болжамды әсер ету механизмдерінің бірі ми мен жұлынның сұр затында болатын SV2A синапстық везикулалар гликопротеинімен қосылуының дәлелді байланысына негізделеді. Болжаммен, бұл нейрондық белсенділіктің гиперсинхронизациясының алдын алуда көрінетін құрысуға қарсы әсерімен түсіндіріледі. Бұдан басқа, леветирацетам ГАМК- және глицин рецепторларына, оларды түрлі эндогенді қосылыстар арқылы модульдей отырып, әсер етеді. Левипил қалыпты нейротрансмиссияға әсер етпейді, бірақ ГАМК бикукуллин агонисімен индукцияланатын эпилепсия түріндегі нейрональді қозуды, сондай-ақ глутаматтық рецепторлардың қозуын басады. Препараттың белсенділігі фокальді де, жайылған эпилепсиялық ұстамаларға да қатысты дәлелденген (эпилепсия түріндегі көріністер/фотопароксизмальді реакция).

Қолданылуы

Эпилепсиядан зардап шегіп жүрген ересектерде құрысудың парциальді ұстамаларын емдеуде қосымша ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Левипил препаратын тамақтануға қарамай-ақ, пероральді түрде қабылдайды. Тәуліктік дозаны екі қабылдауға бөледі. Таблетканы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішеді.

Ересектерде және 16 жастан асқан және дене салмағы 50 кг және одан жоғары болатын жасөспірімдерде емдеуді екі қабылдауға (тәулігіне екі рет 500 мг-ден) бөлінген тәуліктік 1000 мг дозадан бастаған жөн. Клиникалық реакцияларға және препараттың жағымдылығына байланысты, доза ең жоғары 3000 мг дозаға дейін арттырылуы мүмкін (тәулігіне екі рет 1500 мг-ден). Дозаны әрбір 2-4 апта сайын күніне екі рет 500 мг-ге түзетуге болады. Егер Левипил қабылдауды тоқтату керек болса, дозаны біртіндеп тоқтату ұсынылады (мысалы, әрбір екі-төрт апта сайын 500 мг доза күніне екі рет төмендетіледі).

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Леветирацетам бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге және егде жастағы адамдарға дозаны креатинин клиренсіне қарай таңдау қажет.

Креатинин клиренсін (КК) еркектерде сарысудағы креатинин концентрациясының негізінде, келесі формула бойынша есептеуге болады:

[140 – жасы (жыл)] × дене салмағы (кг)

КК (мл/мин) = ----------------------------------------------------

72 × сарысулық КК (мг/дл)

Креатинин клиренсі әйелдерде алынған мәнді 0,85-ке көбейту арқылы есептеледі.

Дене беткейі ауданына (ДБА) түзетуді келесі формула бойынша жүргізеді:

КК (мл/мин)

КК (мл/мин/1,73 м²) = --------------------------x 1.73

емделушініңДБА (м²)

Бүйрек функциясы бұзылған, ересектер және салмағы 50 кг және одан жоғары болатын жасөспірімдер үшін дозалау

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

КК (мл/мин)

Дозалау сызбасы

Бүйрек функциясы қалыпты

> 80

Күніне екі рет 500-1500 мг

Жеңіл

50-79

Күніне екі рет 500–1000 мг

Орташа

30-49

Күніне екі рет 250–750 мг

Ауыр

< 30

Күніне екі рет 250–500 мг

Терминальді саты – диализдегі емделушілер*

< 10

Күніне бір рет 500–1000 мг **

* Емнің алғашқы күні қаныққан 750 мг дозаны қабылдау ұсынылады

** Диализден кейін қосымша 250-500 мг дозаны қабылдау ұсынылады.

Балалар: 16 жасқа дейінгі емделушілер үшін қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағы адамдар: бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы емделушілерге дозаны реттеу ұсынылады.

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуларында дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар емделушілерде снижение клиренса креатинин клиренсінің төмендеуі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін толық шамада көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан креатинин клиренсі <70 мл/мин болатын емделушілерде тәуліктік дозаны 50%-ға төмендету керек.

Жағымсыз әсерлері

Ықтимал жағымсыз реакциялар төменде организм жүйелері және пайда болу жиілігі бойынша берілген: өте жиі (≥1/10) және жиі (≥1/100, <1/10).

Өте жиі

шаршау/ұйқышылдық, астения

Жиі

- тромбоцитопения

- іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүректің айнуы, құсу

- амнезия, үрейлену, қимыл үйлесімінің бұзылуы/атаксия, құрысулар, бас айналу, бас ауыру, гиперкинезия, тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы, зейін қоюдың бұзылыстары, жадының бұзылулары

- озбырлық, қозу, депрессия, эмоциялық ауытқушылық/көңіл-күйдің өзгеруі, жауығу, ұйқысыздық, тітіркенгіштік, ашушаңдық, тұлғалық бұзылыстар, патологиялық ойлар

- анорексия, дене салмағының артуы. Анорексия қаупі леветирацетамды және топираматты қатар қолданғанда ұлғаяды.

- диплопия, көрудің бұлыңғырлануы

- миалгия

- кездейсоқ жарақаттар

- жұқпалар, назофарингит, ринит, синусит

- жөтелдің күшеюі

- экзема, қышыну, бөртпе

Постмаркетингтік тәжірибе:

- лейкопения, нейтропения, панцитопения (кейбір жағдайларда сүйек кемігінің бәсеңдеуімен).

- аномалиялық мінез-құлық, ашу-ыза, паникалық шабуылдар, үрейлену, сананың шатасуы, елестеулер, психоздық бұзылыстар, суицид, суицид әрекеттері және суицидальді ойлар

- парестезия, хореоатетоз, дискинезия, летаргия

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, алопеция; бірқатар жағдайларда алопеция қайтты

Леветирацетамды қабылдауды тоқтатқаннан кейін

- бұлшықет әлсіздігі

- панкреатит

- гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері, салмақтың кемуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • леветирацетамға, пирролидонның басқа туындыларына немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық;

  • 16 жасқа дейінгі және дене салмағы 50 кг-ден кем балаларға (бұл популяцияда препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі айғақталмаған)

сақтықпен:

  • егде жастағы емделушілер (65 жастан асқан)

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі декомпенсацияланған емделушілер

  • бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Левипил эпилепсияға қарсы препараттармен (фенитоинмен, карбамазепинмен, вальпрой қышқылымен, фенобарбиталмен, ламотриджинмен, топираматпен, габапентинмен және примидонмен) өзара әрекеттесуге түспейді.

Леветирацетам клиренсі эпилепсияға қарсы фермент-индукциялайтын дәрілерді қабылдаған балаларда мұндай препараттарды қабылдамаған балалардағыдан 22%-ға жоғары болды.

Левипил 1000 мг тәуліктік дозада пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің) фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Левипил 2000 мг тәуліктік дозада дигоксин мен варфариннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Дигоксин, пероральді контрацептивтер және варфарин леветирацетамның фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Леветирацетамды және топираматты қатар қолдану анорексия ықтималдығын арттырады.

Тәулігіне төрт рет 500 мг-ден қолданған кезде пробенецид (ренальді өзекшелік секреция блокаторы) леветирацетамның өзін емес, бастапқы метаболиттің бүйрек клиренсін тежейді. Белсенді тубулярлық секреция арқылы шығарылатын басқа да дәрілік заттар метаболиттің ренальді клиренсін төмендетуі мүмкін деп күтіледі. Леветирацетамның пробенецидтің және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, сульфонамидтер, метотрексат сияқты басқа да белсенді секрецияланатын препаратардың фармакокинетикасына ықпалы зерттелген жоқ.

Тамақтану леветирацетамның сіңу дәрежесіне ықпалын тигізбейді, алайда сіңу жылдамдығы біршама баяулайды. Антацидтердің леветирацетамның сіңуіне әсері жөнінде деректер жоқ.

Алкогольмен өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Левипилді қабылдау орталық жүйке жүйесінде жағымсыз әсерлердің, мысалы, ұйқышылдықтың, шаршаудың, қимыл үйлесімінің қиындауымен және мінез-құлықтың ауытқуларының пайда болуымен байланысты. Левипилді ұстамалардың көбею жиілігінің потенциалын барынша азайту үшін біртіндеп тоқтатқан жөн. Препаратты тоқтату қажет болған жағдайда оны біртіндеп (бір реттік дозаны әр 2-4 апта сайын 500 мг-ге төмендете отырып) жүзеге асыру керек. Эпилепсияға қарсы қатар қолданылатын препараттарды (емделушілерді леветирацетамға көшіргенде) біртіндеп тоқтатқан жөн.

Бүйрек функциясы бұзылғанда дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар емделушілерде Левипил препаратын тағайындар алдында бүйрек функциясына баға беру ұсынылады.

Леветирацетам қолдану аясында суицид жағдайлары, суицидальді ниеттену және суицид әрекеттері туралы алынған мәлімдемелерге байланысты емделушілердің қандай да бір депрессия немесе суицидальді ниеттену симптомдары пайда болғаны жөнінде емдеуші дәрігерді хабардар ету қажеттігін ескертіп қойған жөн.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезеңінде препарат қауіпсіздігіне қатысты тиісті мұқият бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан жүктілік кезеңінде леветирацетамды тек өте қажет болғанда ғана қолдану керек. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылықты анықтады. Адам үшін потенциальді қаупі белгісіз.

Жүктілік кезеңінде әйелдің организміндегі физиологиялық өзгерістер леветирацетамның және басқа да эпилепсияға қарсы препараттардың сарысулық концентрацияларына әсер етуі мүмкін, сарысудағы леветирацетам концентрациясының төмендеуі үшінші триместрде көбірек байқалды (бастапқы концентрациядан 60%-ға дейін). Жүкті әйелдерде леветирацетамды қатаң бақылаумен қолдану керек. Эпилепсияға қарсы дәрілермен емдеуді тоқтату аурудың өршуіне әкеп соқтырады, ол ана мен ұрық денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Левипил емшек сүтіне шығарылады. Емдеу кезеңінде бала емізуге болмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Левипил препаратына жекелей сезімталдық әртүрлі болатындықтан, емделу кезінде емделушілер автомобильді жүргізуден немесе механизмдермен жұмыс жасаудан немесе аса зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерінен бас тартқаны жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, қозу, озбырлық, сананың бәсеңдеуі, тыныстың тарылуы, кома.

Жедел кезеңдегі емі – құстыру және асқазанды шайып, әрі қарай белсендірілген көмір қолдану. Леветирацетамның спецификалық у қайтарғысы жоқ. Гемодиализді қолданып, симптоматикалық ем жүргізу (леветирацетам үшін диализдің тиімділігі – 60%, оның негізгі метаболиті үшін – 74%).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг, 750 мг, 1000 мг таблеткалар

Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Industries Ltd.

Заңды мекенжайы:

Acme Plaza, Andheri-Kurla Road,

Andheri (E), Mumbai 400 059, Үндістан

Өндірістің тұрғылықты мекенжайы:

Survey №214,Plot №20, Govt. Ind. Area , Phase II, Silvassa-396 230, U.T of Dadra&Nagar Haveli, Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050004, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38, 5-қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

sunreports@intelsoft.kz, sunalmaty@intelsoft.kz

 

Прикрепленные файлы

163524561477976514_ru.doc 102 кб
920455541477977674_kz.doc 127 кб
10423_15_19_i.pdf 0.55 кб
10423_15_19_21_i.pdf 1.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ