Ламиктал® (2 мг)

МНН: Ламотриджин
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Фармасьютикалз С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamotrigine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121830
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 114 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ламиктал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 2 мг

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді зат - 2 мг ламотриджин

қосымша заттар: кальций карбонаты, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, алюминий магний силикаты, натрий крахмалының гликоляты, А типі; повидон К30, натрий сахарині, магний стеараты, қара қарақат 502.009/АР 0551 хош иістендіргіші

Сипаттамасы

2 мг таблеткалар

Ақ немесе ақ дерлік түсті, қара қарақаттың иісі бар, дөңгелек пішінді таблеткалар. Бір жағының шеті қиғашталған және «2» санының үстінде «LТG» өрнегі бар және келесі бетінде тік бұрыш жасап айқасатын екі супер эллипс ойып салынған. Аздаған теңбілдер байқалуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа препараттар. Ламотриджин.

АТХ коды N03АX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы СіңірілуіЛамотриджин ішектен тез және толық сіңеді. Плазмада ең жоғары концентрациясына препаратты ішке қабылдағаннан кейін шамамен 2,5 сағаттан соң жетеді. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты ас ішкеннен кейін кішігірім артады, бірақ сіңірілу дәрежесі өзгермеген күйінде қалады.ТаралуыЛамотриджиннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі – 55 %-ға жуық, бұл плазма протеиндерінің орын алмастыруына байланысты препараттың уыттылығына әсер ету ықтималдығының аздығын дәлелдейді. Таралу көлемі – 0,92-1,22 л/кг. МетаболизміЛамотриджиннің метаболизміне глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин дозаға байланысты өзінің метаболизмін біршама дәрежеде күшейте алады. Соған қарамастан, ламотриджиннің эпилепсияға қарсы басқа препараттардың фармакокинетикасына ықпалы байқалған жоқ, және ламотриджин мен цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа да препараттар арасында өзара әрекеттесудің болу ықтималдығы аз. ЭлиминациясыЕресектерде ламотриджиннің клиренсі орташа алғанда 30 мл/мин құрайды. Ламотриджин глюкуронидтерге дейін метаболизденеді, олар несеппен бірге шығарылады. Препараттың 10 %-дан азы өзгермеген күйінде несеппен, 2 %-ға жуығы нәжіспен бөлініп шығады. Клиренсі мен жартылай шығарылу кезеңі дозасына тәуелді емес. Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі ( ) орташа алғанда 33 сағатты (24 сағаттан 35 сағатқа дейінді) құрайды және қатарлас қолданылатын препараттарға байланысты. Сонымен, жартылай шығарылу кезеңі карбомазепинмен және фенитоинмен бірге тағайындағанда 14 сағатқа дейін азаяды және вальпроатпен бірге тағайындағанда 70 сағатқа дейін артады.

Балалар

Балаларда дене салмағы бойынша есептелген ламотриджин клиренсі ересектердегіге қарағанда жоғары; ол 5 жасқа дейінгі балаларда айтарлықтай жоғары. Балаларда ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі әдетте, ересектерге қарағанда қысқа болады. Орташа көрсеткіштері энзим-индукциялаушы карбомазепин және фенитоин сияқты препараттармен бірге тағайындағанда 7 сағатқа жуықты және вальпроатпен бірге тағайындағанда 45-50 сағатты құрайды.

2 айдан 26 айға дейінгі нәрестелер

2 айдан 26 айға дейінгі, салмағы 3-тен 16 кг дейінгі 143 педиатриялық пациенттің мысалында, клиренсі дене салмағы дәл осындай, осыған ұқсас пероральді дозаларын 2 жастан асқан балаларға кг дене салмағына есептеп қабылдаған жасы үлкенірек балалармен салыстырғанда төмен болды. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі 26 айдан кіші нәрестелер үшін энзим-индукциялаушы препараттарды қолданып емдеу кезінде 23 сағат, вальпроатпен бірге енгізген кезде 136 сағат деп және фермент индукторларынсыз / тежегіштерінсіз ем қабылдаған пациенттерде 38 сағат деп белгіленген. 2 айдан 26 айға дейінгі балалардағы қан сарысуындағы концентрациясының деңгейлері тұтас алғанда жасы үлкен балалардағыдай ауқымда болды, әйтсе де жоғарырақ деңгейлері кейбір дене салмағы 10 кг аз балаларда байқалуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерҚолда бар деректер жас пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы науқастарда ламотриджиннің клиренсінде маңызды айырмашылықтардың жоқтығын көрсетеді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Ламотриджин клиренсінің орташа мәндері бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде – 0,42 мл/мин/кг, гемодиализдегі пациенттерде – 0,33 мл/мин/кг (гемодиализ сеанстары арасында) және 1,57 мл/мин/кг (гемодиализ кезінде) құрайды. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі 26,2 сағатпен салыстырғанда, тиісінше 42,9 сағатты, 57,4 сағатты және 13,0 сағатты құрайды. 4 сағаттық гемодиализ кезінде организмнен ламотриджиннің 20 %-ға жуығы (5,6-35,1 %) шығарылады. Осылайша, бүйрек функциясының бұзылуы кезінде ламотриджиннің бастапқы дозасы эпилепсияға қарсы препаратты тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес есептеледі. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерБауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, B және C сатылары) бар пациенттерде ламотриджин клиренсінің орташа көрсеткіштері, бауыр функциясы қалыпты пациенттердегі 0,34 мл/мин/кг-мен салыстырғанда, тиісінше 0,31; 0,24 және 0,10 мл/мин/кг құрайды. Жалпы алғанда, ламотриджин дозасы орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 50 %-ға және ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 75 %-ға төмендетілуі тиіс. Бастапқы және арттырылатын дозалары жүргізілген емге клиникалық жауапқа байланысты түзетілуі тиіс. Фармакодинамикасы

Ламиктал® нейрондардың пресинапстық жарғақшаларының потенциал-тәуелді натрий өзекшелерін бөгейді және эпилепсиялық ұстамалардың пайда болуында маңызды рөл атқаратын нейромедиаторының глутамин қышқылының шамадан тыс шығарылуын бөгейді.

Ламиктал® препаратының биполярлық бұзылыс кезіндегі емдік әсерінің механизмдері нақты анықталған жоқ, алайда натрий өзекшелерінің ширығуымен өзара әрекеттесуінің де айтарлықтай маңызы бар.

Қолданылуы

Эпилепсия- 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі эпилепсияда тонустық-клонустық құрысулар мен Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысуларды қоса, парциальді және жайылған ұстамалардың біріктірілген емі құрамында. - типтік абсанстардың монотерапиясында

Ламиктал® жедел ағымды манияны, немесе депрессия көріністерін емдеуге арналмаған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ламиктал® препаратының шайнайтын таблеткаларын шайнауға, судың аздаған мөлшерінде (таблетка түгелдей батып тұратындай болу үшін жеткілікті) ерітуге немесе сумен ішіп, бүтіндей жұтуға болады.

2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

Ламиктал® препаратының дозасы нәрестенің әр кг дене салмағына байланысты есептеледі.

2 кесте. Ламиктал® препаратын 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда эпилепсияны емдеуде дозалау режимі

Емдеу сызбасы 1 және 2 апта 3 және 4 апта Стандартты демеуші доза
Типтік абсанстар монотерапиясы Тәулігіне 0,3 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Тәулігіне 0,6 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Тәулігіне 1-15 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Препараттың дозасы, тиімді демеуші дозасына жеткенше, әрбір 1-2 апта сайын ең көбі 0,6 мг/кг арттырылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік дозасы – тәулігіне 200 мг
Вальпроатпен біріктірілген ем (ламотриджин глюкуронизациясының тежегіші)
Дозалаудың бұл режимі, басқа дәрілік заттарды қабылдауға байланыссыз, вальпроатпен біріктіріп пайдаланылады Тәулігіне 0,15 мг/кг* (күніне бір рет) Тәулігіне 0,3 мг/кг (күніне бір рет) Тәулігіне 1-5 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Препарат дозасы, тиімді демеуші дозаға жеткенше, әрбір 1-2 апта сайын ең көбі 0,3 мг/кг арттырылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік дозасы – тәулігіне 200 мг
Вальпроатсыз және ламотриджин глюкуронизациясын индукциялайтын препараттарды қолданумен жүретін біріктірілген ем:

Препаратты қабылдаудың бұл сызбасы вальпроатсыз, бірақ мыналарды қолданып пайдаланылуы тиіс:

- фенитоин

- карбамазепин

- фенобарбитон

- примидон

- рифампицин

- лопинавир / ритонавир

Тәулігіне 0,6 мг/кг

(күніне екі рет)

Тәулігіне 1,2 мг/кг

(күніне екі рет)

Тәулігіне 5-15 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препараттың дозасын оңтайлы демеуші дозасына жеткенше, әрбір 1-2 апта сайын күніне ең көбі 1,2 мг/кг арттыруға болады.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – тәулігіне 400 мг

Вальпроатсыз және ламотриджин глюкуронизациясын индукциялайтын препараттарды қолданусыз жүретін біріктірілген ем:

Дозалаудың бұл режимі ламотриджин глюкуронизациясына елеулі тежегіштік әсер етпейтін басқа медициналық препараттарды қабылдағанда пайдаланылады.

Тәулігіне 0,3 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 0,6 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 1-10 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет).

Препараттың дозасын оңтайлы демеуші дозасына жеткенше, әрбір 1-2 апта сайын күніне ең көбі 0,6 мг/кг арттыруға болады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – тәулігіне 200 мг

Ламотриджинмен өзара әрекеттесуі белгісіз медициналық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге, ламотриджинді вальпроатпен бір мезгілде қолдануға қатысты ұсынылғандай емдеу сызбасын қолдану ұсынылады.

* Егер вальпроатты қабылдап жүрген пациенттердің есептелген тәуліктік дозасы 1 мг немесе одан көп, бірақ 2 мг аз құраса, онда Ламиктал® 2 мг шайнайтын таблеткаларын алғашқы екі апта бойы күнара қабылдауға болады.

Егер вальпроатты қабылдап жүрген пациенттердің есептелген тәуліктік дозасы 1 мг аз құраса, онда Ламиктал® препаратын қабылдауға болмайды.

Бөртпенің пайда болуына жол бермеу үшін бастапқы доза және бұдан кейінгі дозалар ұсынылатын дозасынан аспауы тиіс.

Демеуші емдік дозасын қамтамасыз ету үшін, баланың дене салмағына мониторинг жүргізу және салмақ өзгерістері болса, дозасының түзетілуін қамтамасыз ету қажет. Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларға ұсынылған дозалау ауқымына қарағанда жоғарырақ демеуші дозасы қажет болуы мүмкін.

Біріктірілген ем арқылы эпилепсияны бақылауға қол жеткеннен кейін эпилепсияға қарсы басқа препараттар тоқтатылуы және емі Ламиктал® препаратымен монотерапия режимінде жалғастырылуы мүмкін. Ересектер мен 13 жастан асқан балалар

13 жастан асқан пациенттер үшін Ламиктал® препаратының шайнайтын таблеткаларының басқа: 5 мг, 25 мг, 50 мг және 100 мг дозаларын қолдану ұсынылады. Дозалау жөніндегі ұсынымдарды сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

2 жасқа толмаған жасөспірімдер

Препараттың аталған жас тобындағы дозасы жөніндегі ұсынымдар жоқ болғандықтан, Ламиктал® 2 жасқа толмаған балаларда қолдану үшін ұсынылмайды.

Ламотриджиннің 1 айдан 2 жасқа дейінгі балалардағы парциальді ұстамалар кезінде қосымша ем ретінде тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтер көлемі шектеулі. 1 айға дейінгі балаларға қатысты ешқандай мәлімет берілмеген.

Атазанавирмен/ритонавирмен бірге қолданылуы

Атазанавир/ритонавир ламотриджиннің плазмалық концентрацияларын төмендететіндігіне қарамастан, Ламиктал® препаратының ұсынылатын дозасын түзетудің және монотерапияда немесе біріктірілген емде көрсетілген емдеу сызбасын өзгертудің қажеті жоқ.

Ламиктал® препаратының глюкуронизация индукторларынсыз демеуші дозасын қабылдап жүрген пациенттерде, атазанавир/ритонавирді тағайындағанда, ламотриджиннің дозасын арттыру немесе атазанавир/ритонавирді тоқтатқан жағдайда, оны азайту қажет болуы мүмкін.

Ламиктал® препаратын қабылдауды қайта бастау

Ламиктал® препаратымен емдеуді қайта бастаған кезде емдеуші дәрігер препараттың бастапқы жоғары дозаларын тағайындағанда ауыр дәрежелі тері бөртпелерінің пайда болу қаупіне байланысты қандай-да бір себептермен препаратты қабылдауды тоқтатқан пациенттерде демеуші дозаны арттыру қажеттілігіне мұқият баға беруі тиіс. Препараттың соңғы және болжамды қабылдау арасындағы аралығы неғұрлым үлкен болса, тағайындалатын демеуші дозаға баға беру соғұрлым мұқият болуы тиіс екендігін есте ұстаған жөн. Егер қабылдау үзілісі ламотриджиннің бес жартылай шығарылуының кезеңіне тең көрсеткіштен асып кетсе, қабылдауды оны тоқтатуға дейінгі белгіленген демеуші дозада бастау ұсынылады.

Егер емдеу бөртпенің пайда болуы себебінен тоқтатылса, егер қабылдаудың күтілетін пайдасы ықтимал қауіптен басым болмаса, Ламиктал® препаратын қабылдау қайта басталмауы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бастапқы, арттырылатын және демеуші дозаларын бауыр жеткіліксіздігі орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В дәрежелі) дәрежелі пациенттерде шамамен 50 %-ға және ауыр (Чайлд-Пью классификациясы бойынша С дәрежелі) дәрежелі пациенттерде 75 %-ға азайтқан жөн. Арттырылатын және демеуші дозалар пациенттің жекелей клиникалық жауабына қарай түзетілуі тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігінде Ламиктал® препаратының бастапқы дозасын эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сай белгілейді. Бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігінің терминальді сатысында демеуші дозасын азайту керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде атап келтірілген жағымсыз құбылыстар кездесу жиілігіне сәйкес атап келтірілген, олар төмендегіше анықталды: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және < 1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса). Жиілік санаттары препараттың клиникалық зерттеулерінің негізінде құрастырылды. Бақыланған клиникалық сынақтардың мәліметтері болмаған жағдайда, санаттың жиілігі басқа клиникалық тәжірибеден алынды.

Өте жиі

- тері бөртпесі1

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, құсу,

- ұйқышылдық, бас айналуы, атаксия

- диплопия, анық көрмеу

Жиі

- озбырлық, ашушаңдық

- ұйқышылдық, бас айналуы, ұйқысыздық, тремор, қозу

- нистагм

- диарея, ауыздың құрғауы

- шаршау, қажығыштық

- артралгия, арқаның ауыруы

Жиі емес

- алопеция  Сирек

- Стивенс-Джонсон синдромы2

- асептикалық менингит

- конъюнктивит

Өте сирек

- уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

- нейтропения, лейкопения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз

- лимфоаденопатия

- қозу, ұшқалақтық, қимыл-қозғалыс бұзылыстары, Паркинсон ауруы бар кезде жай-күйдің нашарлауы, экстрапирамидалық бұзылулар, хореоатетоз, құрысу ұстамаларының жиілеуі

- тартылу, елестеулер, дүрлігу, түнгі қорқыныштар

- жегілік синдром

- бауыр сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының бұзылуы аса жоғары сезімталдық реакцияларымен жиі астасады, бірақ бөлек жағдайлары да кездесті

- аса жоғары сезімталдық синдромы2* (қызба, лимфаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар, бауырдың зақымдануы, ДТҰ-синдром, көпағзалық жеткіліксіздік)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламотриджинге немесе препарат компонентерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - эпилепсияға шалдыққан 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуін зерттеулер тек ересектерге ғана жүргізілді.

Ламотриджиннің метаболизміне глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин өзінің жеке метаболизмін дозаға байланысты біршама дәрежеде күшейте алады, бірақ әсері айтарлықтай елеусіз, және клиникалық салдарлары болатын-болмайтындығының ықтималдығы аз. Дегенмен, плазмалық концентрацияларындағы елеусіз өзгерістерге қарамастан, Ламиктал® препаратының эпилепсияға қарсы басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері анықталған жоқ. Ламотриджин мен цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа препараттар арасында өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Ламотриджиннің глюкуронизациясын айтарлықтай баяулататын дәрілік препараттар

Ламотриджиннің глюкуронизациясын айтарлықтай индукциялайтын дәрілік препараттар

Ламотриджиннің глюкуронизациясын айтарлықтай бәсеңдетпейтін және стимуляцияламайтын дәрілік препараттар

Вальпроат

Фенитоин

Окскарбазепин

 

Карбамазепин

Фелбамат

 

Фенобарбитон

Габапентин

 

Примидон

Леветирацетам

 

Рифампицин

Прегабалин

 

Лопинавир / ритонавир

Топирамат

 

Этинилэстрадиол / левоноргестрел*

Зонисамид

 

Атазанавир / ритонавир

Литий

   

Бупропион

   

Оланзапин

   

Арипипразол

*Басқа пероральді контрацептивтер мен емдеудің HRT әдістері зерттелген жоқ, әйтсе де олар фармакокинетикалық параметрлеріне де әсер етуі мүмкін.

Эпилепсияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесуі

Ламотриджин глюкуронизациясын тежейтін вальпроат, ламотриджиннің метаболизмін төмендетеді және ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңін шамамен екі есе арттырады. Вальпроатпен қатарлас ем алып жүрген пациенттер үшін емдеудің тиісінше сызбасын пайдалану керек.

Эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, пиримидон), сондай-ақ парацетамол глюкуронизацияны индукциялайды, сол арқылы Ламиктал® метаболизмін жеделдетеді және оның жартылай шығарылу кезеңін 2 есе қысқартады. Фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбитонмен немесе примидонмен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттер үшін, сәйкесінше емдеу сызбасын пайдалану керек.

Карбамазепинмен емдеуге Ламиктал® препаратын қосқан кезде бас айналуы, атаксия, диплопия, көру жітілігінің нашарлауы және жүрек айнуы пайда болуы мүмкін, олар карбамазепиннің дозасын төмендеткен кезде жоғалады.

Бұл симптомдар окскарбазепинді тағайындаған кезде де туындайды, дозасын төмендеткен кезде ол симптомдар басылады. 1200 мг окскарбазепинмен емдеуге 200 мг дозадағы Ламиктал® препаратын қосу бұл препараттардың метаболизміне әсер етпейді.

Фелбаматпен емдеуге (күніне екі рет 1200 мг) Ламиктал® препаратын 10 күн бойы күніне екі рет 100 мг дозада қосқан кезде Ламиктал® фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Габапентинді бірге тағайындау ламотриджин клиренсіне әсер етпейді.

Ламиктал® мен леветирацетамды бірге қолдану екі препараттың фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.

Ламиктал® препаратымен емдеуге прегабалинді тәулігіне 3 рет 200 мг дозада қосу Ламиктал® фармакокинетикасына әсер етпейді.

Топирамат Ламиктал® препаратының плазмалық концентрацияларына әсер етпейді. Бірге қолданған кезде топираматтың концентрациясы 15 %-ға артады.

Тәулігіне 200-400 мг зонизамидті тәулігіне 150-500 мг Ламиктал® препаратымен бірге 35 күн бойы қабылдау Ламиктал® фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.

Басқа психобелсенді заттармен өзара әрекеттесуі

Сусыз литий глюконатымен тәулігіне екі рет 2 г дозада 6 күн бойы емдеуге Ламиктал® препаратын тәулігіне 100 мг дозада қосқан кезде, литийдің фармакокинетикасы өзгермейді.

Бупропионды қайталап қабылдау Ламиктал® фармакокинетикасына ламотриджин глюкурониді үшін “концентрация-уақыт арақатынасы қисыңы астындағы ауданы” көрсеткішін аздап арттырудан басқа елеулі әсер етпейді.

Ламиктал® 200 мг дозада оланзапин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Тәулігіне ≥100 мг дозадағы Ламиктал® препаратын тәулігіне 30 мг дозада арипипразолмен бірге қабылдағанда ламотриджиннің AUC пен шамамен 10 %-ға төмендегені байқалды, мұның айтарлықтай клиникалық маңызы жоқ.

In vitro нәтижелер, ламотриджиннің бастапқы метаболиті 2-N-глюкуронидтің амитриптилинмен, бупропионмен, клонозепаммен, флуоксетинмен, галоперидолмен, лоразепаммен бірге тағайындалған кезде әсерге аз ұшырайтындығын көрсетті. Буфуралол метаболизмінің мәліметтерінен ламотриджиннің CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттардың клиренсін төмендетпейтініне болжам жасалады. In vitro мәліметтер, ламотриджин клиренсіне клозапинді, фенелзинді, рисперидонды, сертралинді немесе тразодонды қатарлас тағайындау әсер етпейтінін көрсетті.

Ламиктал® препаратымен рисперидонмен бірге емдеу ұйқышылдық туғызуы мүмкін.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бірге қолданған кезде рифампицин ламотриджиннің клиренсін арттырады және оның жартылай шығарылу кезеңін төмендетеді, соған байланысты, бұл жағдайда Ламиктал® препаратының бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттардың біріктіріліміне арналған дозалау режимі ұсынылады.

Бірге қолданылған кезде лопинавир/ритонавир ламотриджиннің плазмадағы концентрацияларын екі есе дерлік төмендетеді, соған байланысты бұл жағдайда Ламиктал® препаратының бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттардың біріктіріліміне арналған дозалау режимі ұсынылады.

Атазанавирді/ритонавирді (300 мг/100 мг) бірге қолданған кезде AUC пен сәйкесінше 32 % және 6 %-ға төмендетеді.

Бұл зертханалық зерттеулердің бағалары, глюкуронидтің N (2)- метаболиті емес, ламотриджиннің, клиникалық маңыздылығы бар концентрациялардағы тасымалдағыш 2 органикалық катиондық (OCT 2) тежегіші болып табылатындығын көрсетті. Ол мәліметтер, ламотриджиннің бүйректің өзекшелік сөлінісін ОСТ 2 ақуызы арқылы бәсеңдететінін көрсетеді, бұл, организмнен аталған механизм бойынша шығарылатын препараттардың плазмалық концентрацияларының артуын туғызуы мүмкін. Ламиктал® мен емдік индексі тар ОСТ 2 субстраттарын (дофетилид) тағайындау ұсынылмайды.

Ламотриджинді OCT 2 механизмі бойынша бүйрекпен шығарылатын дәрілік заттармен (мысалы метформин, габапентин және варениклин) бірге қолдану бұл дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін. Мұның клиникалық маңыздылығы нақты анықталған жоқ, алайда осы дәрілік заттар енгізіліп жүрген пациенттерге қатысты сақ болу керек.

Ламотриджинді қабылдау дәрілік препараттарды несептегі қалдықтарының сандық анықталуына әсер етіп, әсіресе фенциклидинге жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Осыған байланысты оң нәтижелерді растау үшін анағұрлым спецификалық баламалы әдістерді қолдану ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Ламиктал® 2 мг шайнайтын таблеткалары 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған. Үлкендеу жастағы пациенттер үшін Ламиктал® препаратының шайнайтын таблеткаларының басқа: 5 мг, 25 мг, 50 мг, 100 мг дозаларын қолдану ұсынылады.

Тері бөртпелері

Тері бөртпелерінің пайда болуы әдетте Ламиктал® препаратымен емдеуді бастағаннан кейін алғашқы 8 апта ішінде білінеді. Көптеген жағдайларда тері бөртпелерінің айқындығы аз білінеді және өздігінен кетеді, бірақ сонымен қатар кейде пациентті госпитальға жатқызуды және Ламиктал® препаратын тоқтатуды қажет ететін аса жоғары сезімталдық синдромы (АЖСС) ретінде белгілі күрделі жағдайлар, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (ЭЖСДР) байқалады.

Эпилепсиясы бар, препаратты ұсынылған дозаларда қабылдап жүрген пациенттерде ауыр бөртпелердің кездесу жиілігі 1:500 құрайды (олардың жартысын Стивенс-Джонсон синдромы бар пациенттер құрайды).

Балалар популяциясында ересектерге қарағанда бөртпелер қаупі жоғары (госпитальға жатқызуды қажет ететін жағдайлар 1: 100/300 құрайды).

Тері бөртпелерінің алғашқы белгілері балаларда инфекция ретінде қате қабылдануы мүмкін болғандықтан, дәрігер емдеудің алғашқы 8 аптасы ішінде бөртпелер және қызба пайда болатын балаларда препаратқа жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігін ескеруі қажет.

Тері патологиясының пайда болу қаупі келесі жағдайларда артуы мүмкін:

- Ламиктал® препаратының бастапқы дозасы жоғары немесе монотерапияда Ламиктал® дозасын шамадан тыс арттыру

- вальпроатпен қатар емдеу

Ламикталды® басқа ЭҚП қабылдауға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн, өйткені Ламиктал® препаратын қабылдағаннан кейін бөртпелердің пайда болу қаупі мұндай пациенттерде үш есе жоғары болады.

Тері бөртпесі бар барлық пациенттердің жай-күйіне мұқият баға беру және бөртпелер этиологиясы айғақталғанға дейін Ламиктал® қабылдауды тоқтата тұру қажет. Егер емдеу бөртпенің пайда болуына байланысты тоқтатылса, егер қабылдаудың пайдасы ықтимал қаупінен басым болмаса, Ламиктал® препаратын қабылдау қайта басталмауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдықтың пайда болу белгісі қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар, бауырдың зақымдануы және асептикалық менингит сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы ауқымды шекте құбылып отыруы және, сирек жағдайларда, ДТҰ-синдромының пайда болуына және көпағзалық зақымдануға әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) синдромының ерте біліністері тері бөртпесінсіз болуы, және мұндай жағдайда емделуші жай-күйіне баға беруі үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс екендігін есте ұстауы маңызды және осы көріністердің басқа да этиологиясы болмаса, Ламиктал® препаратын қолдану тоқтатылуы тиіс.

Асептикалық менингит көптеген жағдайларда препаратты тоқтатқан кезде қайтымды болды, бірақ Ламиктал® препаратын қайтадан тағайындағанда кейбір жағдайларда осы патология қайта жаңғырды және тез басталатындығымен және барысының өте ауырлығымен сипатталды, осыған байланысты Ламиктал® препаратын, егер оны қабылдау асептикалық менингиттің пайда болуы себебінен тоқтатылса, тағайындамау керек.

Клиникалық нашарлау және суицид әрекеттерінің қаупі

Депрессия және/немесе биполярлық бұзылыстар симптомдары эпилепсиясы бар пациенттерде орын алуы мүмкін және мұндай пациенттер суицидке бейім қауіпті топқа жатады. Биполярлы бұзылыстары бар пациенттердің 25-тен 50 %-ға дейіні, ем қабылдап жүргеніне, соның ішінде Ламиктал® препаратымен ем қабылдап жүр ме немесе жоқ па, оған байланыссыз, бір рет болса да өзін өлтіруге әрекет жасайды. Эпилепсиямен ауыратын науқастардың арасында суицид әрекетінің жоғарылауы мүмкін екендігі жөнінде дәлелдер бар.

Сыртартқысында суицид әрекеттері немесе өзін өлтіру ойы болған пациенттер, сондай-ақ жас пациенттер, емдеудің бүкіл курсы ішінде мұқият дәрігерлік бақылауда болуы тиіс.Науқастар өзін-өзі өлтіру және/немесе өзіне зиян келтіруге ынталы болуы жөнінде жаңа белгілердің, ойдың пайда болуын қоса, жай-күйі нашарлаған кез келген жағдайда мұны дәрігерге дереу айтуы керек екендігінен хабардар болуы тиіс. Мұндай жағдайларда дәрігер емдеу сызбасын өзгерту немесе препаратты тоқтату жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

Дигидрофолатредуктаза

Ламиктал® дигидрофолатредуктазаның әлсіз тежегіші болып табылады, сондықтан ол ұзақ емдеген кезде фолаттардың метаболизміне ықпалын тигізуі мүмкін. Алайда, тіпті ұзақ қолданғанның өзінде, Ламиктал® гемоглобин мөлшерінің, қанның формалық элементтерінің орташа көлемінің, сарысуда фолаттар концентрациясының (1 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) немесе эритроциттердің (5 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) күрделі өзгерістерін тудырмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Глюкуронид метаболиттерінің жиналып қалуы мүмкін екендігіне байланысты абайлап қолдану керек.

Құрамына ламотриджин кіретін басқа препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттер, Ламиктал® препаратын дәрігердің кеңесінсіз қабылдамағаны жөн.

Кейбір жағдайларда эпилепсия ұстамасын қоса, ауыр құрысу ұстамалары, рабдомиолиздің, көпағзалық дисфункцияның, кейде өліммен аяқталуына әкеледі. Осыған ұқсас жағдайлар Ламиктал® препаратымен емделу аясында да білінді.

Эпилепсия кезіндегі жалпы сақтық шаралары

Ламиктал® препаратымен бірге тағайындалған эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтатқан кездегідей, сондай-ақ керісінше, құрамына Ламиктал® кіретін біріктірілген емге эпилепсияға қарсы басқа препараттар қосылғаны сияқты, емнің кез келген өзгерісінде ламотриджиннің фармакокинетикасында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне назар аудару қажет. Ламиктал® препаратын күрт тоқтату осыған қатысты синдромның пайда болуына байланысты ұстамалардың жиілеуін өршітуі мүмкін. Пациенттің жай-күйі препаратты дереу тоқтатуды (мысалы, тері бөртпелері пайда болғанда) қажет ететін жағдайды қоспағанда, Ламиктал® дозасын 2 апта ішінде біртіндеп төмендеткен жөн.

Жақсару орнына ұстамалар жиілігінің клиникалық маңызды нашарлауы байқалуы мүмкін. Ұстамалардың біреуден артық типі бар пациенттерде ұстамалардың бір типіне қатысты бақылаудың анықталған жақсаруын ұстамалардың басқа типінің байқалатын нашарлауымен салыстыру керек.

Ауыр құрысу ұстамаларының, «эпилептикус статусын» қоса, рабдомиолиздің, мультиағзалық зақымданулардың және ДТҰ-синдромының пайда болуына, кейде өліммен аяқталуына әкелген деректер бар. Осыған ұқсас жағдайлар Ламиктал® препаратын қабылдау аясында білінді.

Миоклоникалық ұстамалар ламотриджинді қолданған кезде ұшығуы мүмкін.

Ламотриджинді типтік абсанстарды емдеу үшін қабылдап жүрген балаларда, тиімділігі барлық пациенттерде бірдей болмауы мүмкін.

Балаларда дамуы

Ламотриджиннің балалардың өсуіне, жыныстық жетілуі мен когнитивті, эмоциональді және мінез-құлқындағы өзгерістерге әсері туралы мәлімет жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде зейін коюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылған дозадан 10-20 есе асатын препаратты қабылдағанда өліммен аяқталған жағдайлар анықталды. Препарат артық дозаланғанда нистагм, атаксия, тонустық-клонустық құрысулар және кома пайда болуы, сондай-ақ QRS (қарыншаішілік өткізгіштіктің кідіруі) аралығының ұзаруы дамуы мүмкін.

Емі: ауруханаға жатқызу және уытсыздандыратын ем жүргізу. Алғашқы жәрдемге асқазанды шаю кіреді. 4 сағаттық гемодиализ кезінде ламотриджин 20 %-ға дейін шығарылуы мүмкін

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шайнайтын 2 мг таблеткалар.

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен (ТЖПЭ) жасалған, балалардан қорғайтын тығыздағыш жүйесі бар, ақ түсті құтыға 30 таблеткадан салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

ГлаксоСмитКляйн Фармасьютикалз С.А., Польша

189 Grunwaldzka Street, 60-322 Poznan, Poland

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд., Біріккен Корольдік

980 Great West Road, Brentford, Middlesex, TW8 9GS, United Kingdom

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд компаниясының өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

Медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықты www.dari.kz сайтынан да қараңыз

 

1Ересектердегі клиникалық сынақтарда тері бөртпесі ламотриджинді қабылдап жүрген пациенттердің 8-12 %-ында, және плацебо қабылдап жүрген пациенттердің 5-6 %-ында байқалған. Тері бөртпесі ламотриджинмен емделген пациенттердің 2 %-ының топтан шығып кетуіне алып келді. Бөртпенің сыртқы түрі әдетте, макулопапулярлық болды және емдеуді бастағаннан кейін сегіз апта ішінде білінді, емдеуді тоқтатуға алып келді.

Бөртпенің туындауының жалпы қаупі елеулі дәрежеде мыналармен байланысты болуы мүмкін:

  • ламотриджиннің бастапқы жоғары дозалары және ламотриджинмен емдеу кезінде ұсынылған өсіру дозасын арттыру және вальпроатты бір мезгілде қолдану

2 Өмірге қауіптілігі зор күрделі тері бөртпелері, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) туралы хабарламалар болған жоқ. Пациенттердің көпшілігі ламотриджинмен емдеуді тоқтатқан кезде қалпына келеді, кейбір пациенттер қайтымсыз тыртықтануды бастан өткереді, сондай-ақ, осыған байланысты сирек өлім жағдайлары тіркелді.

2*Аса жоғары сезімталдық синдромының пайда болу белгілері қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар және бауырдың зақымдануы сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы кең ауқымда өзгеруі мүмкін және сирек жағдайларда, ДТҰ-синдромының пайда болуына және көпағзалық зақымдануға әкеп соғуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ерте білінетін көріністері (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) тері бөртпелерінсіз болуы мүмкін, және мұндай жағдайда пациент жай-күйіне баға беруі үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс екендігін есте ұстауы маңызды және осы біліністердің өзге этиологиясы жоқ болса, Ламиктал® препаратын қолдану тоқтатылуы тиіс.

Прикрепленные файлы

357662061477976292_ru.doc 164.5 кб
811695191477977539_kz.doc 62.82 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники