Ламивудин и зидовудин (150 мг/300 мг)

МНН: Зидовудин, Ламивудин
Производитель: Aurobindo Pharma Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zidovudine and lamivudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020710
Информация о регистрации в РК: 15.07.2014 - 15.07.2019
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

 

Ламивудин және зидовудин

 

Саудалық атауы

Ламивудин және зидовудин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 150.00 мг ламивудин, 300 мг зидовудин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), натрий крахмалы гликоляты (Приможель), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабық құрамы: Опадрай 13В58802 Ақ қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 400, полисорбат 80.

Сипаттамасы

Модификацияланған капсула пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жағында «С» және «60» өрнегі бар және екінші жағы тегіс ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИВ жұқпасын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Зидовудин және ламивудин.

АТХ коды J05АR01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ламивудин мен зидовудин асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жақсы сіңеді. Ересектерде ішке қабылдағаннан кейін биожетімділігі ламивудинде 80-84%, зидовудинде 60-70% құрайды.

Аш қарынға қабылдағанда ламивудин 150 мг+зидовудин 300 мг бөлек қолданылған 150 мг ламивудин мен 300 мг зидовудинге биобаламалы болды.

Ламивудин 150 мг+зидовудин 300 мг «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC∞) сіңірілу деңгейі мен жартылай шығарылу кезеңі препараттың ас ішумен немесе аш қарынға қолданылуына байланыссыз бірдей болды. Әйтсе де препаратты тамақпен бірге қолданғанда ең жоғары концентрациясының сіңірілу жылдамдығы (Cmax) мен ең жоғары концентрациясына жету уақыты (tmax) баяулады, яғни препараттың организмде сіңуіне көп уақыт қажет болды. Жоғарыда мазмұндалғанын ескеріп, препаратты ас ішумен де, сондай-ақ аш қарынға да қолдануға болады.

Ламивудин мен зидовудиннің 150мг/300мг бір реттік дозасын ішке қабылдағаннан кейін ламивудин мен зидовудиннің ең жоғары концентрациялары, тиісінше, 0,75 (0,50-2,00) сағаттан және 0,50 (0,25-2,00) сағаттан соң анықталған және, тиісінше, 1,6 мкг/мл (32 %) және 2,0 мкг/мл (40 %) құрады. AUC үшiн мәндері, тиісінше, 6,1 мкг·сағ./мл (20%) және 2,4 мкг·сағ./мл (29%) құраған.

Ламивудин емдік доза ауқымының дозаға байланысты фармакокинетикасын және қан плазмасының негізгі ақуызы - альбуминмен (қан сарысуындағы альбумин 36%-дан аз болған зертханалық жағдайларда) шектеулі байланысуын көрсетеді.

Зидовудиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 34-38% құрайды.

Ламивудин мен зидовудин гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын сұйықтығына (ЖС) өтеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ликвордағы және қан сарысуындағы ламивудин мен зидовудин концентрациясының арасындағы қатынастар, тиісінше, орташа 0,12 және 0,5 құрайды.

Болымсыз бауыр метаболизміне (5-10%) және плазма ақуыздарымен әлсіз байланысуына орай, ламивудинмен метаболикалық дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен. Ламивудин организмнен көбінесе бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Ламивудиннің жартылай шығарылу кезеңі 5-7 сағат құрайды. Ламивудиннің шығарылуы бүйрек функциясына байланысты.

Зидовудиннің 5'-глюкурониді препараттың қан плазмасындағы және несептегі негізгі метаболиті болып табылады және бүйрек экскрециясы арқылы шығарылатын қабылданған дозаның 50-80% жуығын құрайды. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қанда 3'-амин-3'-дезокситимидин метаболиті де анықталған.

Ламивудиннің орташа жалпы клиренсі органикалық катиондық тасымал жүйесі арқылы көбінесе > 70% бүйректік клиренсімен шамамен 0,32 л/сағ./кг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі зерттеулер бүйрек дисфункциясының ламивудин шығарылуына әсер ететінін көріністейді. Креатинин клиренсі ≤ 50 мл / мин емделушілер үшін дозаны төмендету қажет.

Көктамырішілік зидовудин пайдаланылған зерттеуде плазмадан орташа соңғы жартылай шығарылу кезеңі 1,1 сағат, ал орташа жалпы клиренсі 1,6 л/сағ./кг құраған. Зидовудиннің бүйректік клиренсі 0, 34 л/сағ./кг ретінде есептеліп, бүйрек арқылы шумақтық сүзілісті және белсенді өзекшелік секрецияны көрсетеді. Зидовудин концентрациясы үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жоғарылаған.

Фармакодинамикасы

Ламивудин мен зидовудин АИВ-1 мен АИВ-2 кері транскриптазасының таңдамалы тежегіштері болып табылады. Ламивудин жасушалар өсіріндісінде АИВ репликациясын бәсеңдетуге қатысты зидовудиннің синергисі болып табылады. Ламивудин мен зидовудин жасушаішілік киназалармен 5М-трифосфатқа (ТФ) дейін бірізді метаболизденеді.

Ламивудин-ТФ мен зидовудин-ТФ АИВ кері транскриптазасының субстраттары және осы ферменттің бәсекелес тежегіштері болып табылады. Препараттың вирусқа қарсы белсенділігі көбінесе монофосфатты түрдің вирустық ДНҚ тізбегіне қосылуымен жүзеге асады, соның нәтижесінде тізбектің үзілуі болады. Ламивудин мен зидовудин трифосфаттарының адам жасушаларының ДНҚ-полимеразаларымен тектестігі едәуір аз.

Ламивудин мен зидовудин қолдану бұрын антиретровирустық ем алмаған емделушілерде зидовудинге төзімділіктің дамуын баяулатады.

Қолданылуы

- ересектер мен 12 жастан үлкен балаларда АИВ жұқпасын біріктірілген антиретровирустық ем құрамында емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Таблетканы бүтіндей жұтып, сумен ішу керек.

Ламивудин мен зидовудинді ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Дозаны төмендету немесе азайту, сондай-ақ Ламивудин мен зидовудин компоненттерінің біреуін тоқтату қажет болған жағдайларда жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын қолдануға болады.

12 жастан асқан және дене салмағы 30 кг-ден көп балалар мен ересектерге тәулігіне екі рет бір таблеткадан тағайындалады.

Бүйрек жеткіліксіздігінде қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қандағы ламивудин мен зидовудин концентрациялары олардың элиминациясының баяулауына байланысты жоғары. Бірқатар жағдайларда бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге (креатинин клиренсі 50 мл/мин аз) ламивудин мен зидовудин дозасын әркімге жеке таңдау қажет екендіктен, оларға жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын тағайындау ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуында қолдану

Бауыр жеткіліксіздігінде оның глюкурон қышқылымен байланысуының баяулауы нәтижесінде зидовудиннің жинақталуы білінуі мүмкін. Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерде зидовудин дозасын әркімге жеке таңдау мүмкін болу үшін жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын қолдану ұсынылады.

Гематологиялық жағымсыз әсерлері бар емделушілерде қолдану

Айқын анемияда (гемоглобин деңгейі 9 г/дл немесе 5,59 ммоль/л-ден төмен) немесе нейтропенияда (нейтрофильдер саны 1,0×109/л аз) зидовудин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Ем басталғанша сүйек кеміктік қоры азайған емделушілерде, әсіресе АИВ жұқпасы асқынып кеткен емделушілерде осы жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығы жоғары.

Ламивудин мен зидовудин тағайындауда, ламивудин мен зидовудин дозаларын әркімге жеке таңдау мүмкін емес екендіктен, жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын қолдану ұсынылады.

Егде жастағы емделушілерде қолдану

Ламивудин мен зидовудинді егде жастағы тұлғаларда қолдануға қатысты арнайы деректер жоқ. Алайда егде жастағы емделушілерді емдеуде жас ерекшеліктік өзгерістерді, мысалы, гематологиялық көрсеткіштердің өзгеруі мен бүйрек функциясының бұзылуын ескеріп, ерекше сақтану шарасын қадағалау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыру

- жүрек айну

Жиі (>1/100, <1/10)

- нейтропения, анемия (қан құю қажет болуы мүмкін), лейкопения

Осы жағымсыз әсерлері АИВ жұқпасының кешеуілді сатыларындағы емделушілерде (әсіресе, ем басталғанша сүйек кемік қоры азайғанда) және, соның ішінде, CD4+ жасушалар саны 1 мм3 шамасында 100-ден аз емделушілерде зидовудиннің жоғары дозаларын (тәулігіне 1200-1500 мг) пайдаланғанда жиірек пайда болады. Кейбір емделушілерде зидовудин дозасын азайту немесе оны мүлде тоқтату қажет. Нейтропения зидовудинмен емдеу басталған сәтте қан сарысуындағы нейтрофильдер саны, гемоглобин деңгейлері мен В12 витамині деңгейлері төмендеген емделушілерде жиірек пайда болады.

- бас айналу, ұйқысыздық

- әлсіздік, жалпы дімкәстану, қызба

- құсу, эпигастрийдегі ауыру, диарея

- жөтел, ринорея

- бауыр ферменттерінің (АСТ, АЛТ) және билирубин деңгейінің транзиторлы жоғарылауы

- артралгия, миалгия, миопатия

- бөртпе, қышыну, алопеция

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- тромбоцитопения, панцитопения (сүйек кемігі гипоплазиясымен)

- гипоксия болмаған кездегі сүт қышқылды ацидоз

- анорексия, метеоризм

- жайылған ауырулар

Сирек (≥1/10, 000 және <1/1000)

- панкреатит, сарысулық амилаза деңгейлерінің жоғарылауы

- рабдомиолиз

- эритрацитарлық аплазия

- үрейлену, депрессия

- ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі, құрысулар

- парестезиялар

- кардиомиопатия

- ауыздың шырышты қабығының пигментациясы, дәм сезудің өзгеруі және диспепсия

- гепатит, гепатомегалия, стеатоз

- тері мен тырнақ пигментациясы

- есекжем

- тершеңдік

- несеп шығарудың жиілеуі

- гинекомастия

Өте сирек (<1/10, 000)

- шеткергі нейропатия

- май тінінің қайта таралуы/жиналуы

Көптеген жағымсыз әсерлеріне қатысты, олардың ламивудиннен, зидовудиннен, АИВ жұқпасын емдеу үшін пайдаланылатын кең ауқымды басқа препараттардан немесе аурудың өз салдарынан болатыны белгісіз. Препарат құрамына ламивудин мен зидовудин кіреді, сондықтан да ол осы ингредиенттердің әрқайсысына тән жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін. Қазіргі уақытта ламивудин мен зидовудин біріктірілімінің аддитивті уыттылығы бар екені жөнінде деректер жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламивудинге, зидовудинге немесе препараттың қандай да бір қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- ауыр дәрежедегі нейтропения (нейтрофильдер саны 0,75 x 109/л-ден аз) немесе анемия (гемоглобин деңгейі 7.5 г/дл немесе 4.65 ммоль/л аз)

- шеткергі нейропатия

- бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі < 50 мл/мин)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі және дене салмағы 30 кг-ден аз балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат құрамында ламивудин мен зидовудин бар болғандықтан, осы дәрілермен сәйкестендірілген кез келген өзара әрекеттесулер ламивудин 150 мг және зидовудин 300 мг таблеткаларын пайдаланғанда болуы мүмкін. Шектеулі метаболизмі мен плазма ақуыздарымен байланысуына және толық бүйректік клиренсіне орай, ламивудинмен метаболикалық өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен. Зидовудин көбінесе белсенді емес глюкуронданған метаболитке дейін бауырда конъюгацияланумен шығарылады. Көбінесе бауырдағы метаболизмімен, әсіресе, глюкурондану арқылы шығарылатын дәрілік препараттардың зидовудин метаболизмін тежейтін қуаты бар. Төменде аталған өзара әрекеттесулерді осымен шектеледі деп санауға болмайды, бірақ олар сақтық шарасы қадағалану қажет дәрілік препараттар класына тән.

Ламивудин қатысатын өзара әрекеттесулер

Ламивудиннің 150 мг және зидовудиннің 300 мг таблеткаларымен бір мезгілде, әсіресе, егер олардың шығарылу жолы – белсенді бүйрек секрециясы, әсіресе, органикалық катиондық тасымал жүйесі арқылы болғанда, мысалы, триметоприммен енгізілген басқа препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру қажет. Нуклеозид аналогтары (мысалы, зидовудин, диданозин және зальцитабин) және басқа дәрілік препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) осы механизммен ішінара ғана шығарылады және ламивудинмен өзара әрекеттесуінің болмайтынын көріністейді. Триметоприм/сульфаметоксазол 160 мг/800 мг енгізу триметоприм компонентінің салдарынан ламивудин әсерінің 40% жоғарылауына әкеледі; сульфаметоксазол компоненті өзара әрекеттеспейді. Алайда, егер емделушіде бүйрек жеткіліксіздігі жоқ болса, ламивудин дозасын түзету қажет емес. Ламивудин триметоприм немесе сульфаметоксазол фармакокинетикасына әсерін тигізбейді. Егер ко-тримоксазолмен қатарлас енгізу ақталса, емделушілерді клиникалық қадағалау қажет. Пневмоцисттік пневмония мен токсоплазмозды емдеу үшін ламивудин 150 мг және зидовудин 300 мг таблеткаларын ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен қатарлас енгізуден аулақ болу қажет. Ламивудинді көктамырішілік ганцикловирмен немесе фоскарнетпен қатарлас енгізу, қосымша ақпарат қолжетімді болмаса, ұсынылмайды. Ламивудин, егер екі медициналық препарат бір мезгілде пайдаланылса, зальцитабиннің жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Сондықтан ламивудин мен зидовудинді зальцитабинмен біріктіріп пайдалану ұсынылмайды. Ламивудин метаболизмінде CYP3A қамтылмайды, жүйеде (мысалы, PIs) метаболизденетін дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін аз ықтималды етеді.

Зидовудин қатысатын өзара әрекеттесулер

Шектеулі деректерде зидовудин мен рифампицинді қатарлас енгізу зидовудин AUC 48% ± 34% төмендететіні жорамалданады. Алайда осы құбылыстың клиникалық мәні белгісіз. Шектеулі деректерде пробеницидтің глюкурондануды төмендетумен плазмадағы зидовудиннің жартылай шығарылуының орташа кезеңін және концентрация қисығы астындағы ауданды ұлғайтуы болжанады. Пробеницидтің қатысумен глюкуронидтің (мүмкін зидовудиннің өзінің) бүйректік экскрециясы төмендеген. Ламивудин енгізілгенде, зидовудинге тән Cmax орташа жоғарылауы байқалды, алайда жалпы әсер етуі (AUC) едәуір өзгермеген. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Қандағы дифенин деңгейлері зидовудин қабылдайтын кейбір емделушілерде төмен күйде білінген, ал бір емделушіде жоғары деңгейде болған.

Бақылау деректерінде таблеткалар түрінде ламивудин 150 мг мен зидовудин 300 мг және дифенин қабылдайтын емделушілерде дифенин концентрацияларын мұқият қадағалау қажет екені жорамалданады. Фармакокинетикалық зерттеуде зидовудин мен атоваквонды қатарлас енгізу плазмалық зидовудин AUC 35% ± 23% артуына алып келетін зидовудиннің ішу арқылы клиренсінің төмендеуі көріністелді. Шектеулі деректер қолжетімді болған жағдайда клиникалық мәнділігі белгісіз. Вальпрой қышқылы немесе метадон зидовудинмен қатарлас енгізілгенде оның клиренсінің тиісінше төмендеуімен AUC ұлғаюы көріністелді. Шектеулі деректер ғана қолжетімді болғандықтан клиникалық мәні белгісіз. Ацетилсалицил қышқылын, кодеин, морфий, индометацин, кетопрофен, напроксен, оксазепам, лоразепам, циметидин, клофибрат, дапсон, изопринозинді қоса, бірақ онымен де шектелмейтін басқа дәрілік препараттар глюкурондануды бәсекелі тежеумен немесе бауырдағы микросомалық метаболизмді тікелей тежеумен зидовудин метаболизмін өзгертуі мүмкін.

Ламивудинмен және зидовудинмен біріктірілген, әсіресе, ұзақ емдеуге арналған осындай дәрілік препараттарды пайдаланар алдында өзара әрекеттесу мүмкіндігі жөнінде жақсылап ойлану қажет.

Рибавиринмен, не ставудинмен біріктірілген зидовудин in vitro антагонистік сипатта болады. Не рибавиринді, не ставудинді ламивудинмен және зидовудинмен қатарлас пайдаланудан аулақ болу қажет. Нефроуыттылығы зор немесе миелосупрессиялық дәрілік препараттарды (мысалы, жүйелі пентамидин, дапсон, пириметамин, ко-тримоксазол, амфотерицин, флуцитозин, ганцикловир, интерферон, винкристин, винбластин және доксорубицин) пайдаланумен қатарлас емдеу, әсіресе, шұғыл ем зидовудинге жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы да мүмкін. Егер ламивудинмен және зидовудинмен және аталған препараттардың кез келгенімен қатарлас емдеу қажет болса, бүйрек функциясы мен қан көрсеткіштерін бақылау кезінде қосымша сақтық шарасын қадағалау керек, қажет болса, бір немесе одан көп дәрінің дозалануын азайтқан жөн. Ламивудин мен зидовудин қабылдайтын кейбір емделушілерде оппортунистік жұқпалар жалғаса беретіндіктен, бактерияға қарсы алдын алу емін қатарлас пайдалануды ескеру қажет болуы мүмкін. Осындай алдын алу емінде ко-тримоксазол, аэрозольді пентамидин, пириметамин және ацикловир қолданылады. Клиникалық сынақтардан алынған шектеулі деректер осы дәрілік препараттар пайдаланылғанда зидовудинге болатын жағымсыз реакциялар қаупінің онша жоғары еместігін көрсетеді.

Айрықша нұсқаулар

Ламивудин мен зидовудин вирустық жүктемені төмендетеді және CD4+ жасушалар санын көбейтеді. Ламивудин зидовудинмен біріктіргенде, сондай-ақ басқа препараттармен қатар ламивудин мен зидовудин қамтылатын ем аурудың үдеу және өліммен аяқталу қаупін төмендетеді. Дозаны әркімге жеке таңдау қажет болса, жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын қолдану ұсынылады. Дәрігерлер осы препараттарды қолдану жөніндегі ақпаратты басшылыққа алу керек.

Оппортунистік жұқпалар: 150 мг/300мг ламивудин мен зидовудин қолданатын немесе басқа вирусқа қарсы емнен өтетін емделушілерде оппортунистік жұқпалардың үдеуі мен АИВ жұқпасының басқа асқынулары жалғасуы мүмкін. Сондықтан емделуші АИВ жұқпасын емдеуге маманданған білікті дәрігердің бақылауында тұрақты болуы тиіс.

АИВ жұқпасының таралуы: емделушілер вирусқа қарсы емнің және 150 мг/300 мг ламивудин мен зидовудин қолданудың АИВ жұқпасының басқа тұлғаларға берілу қаупін (жыныстық жолмен немесе қан арқылы) азайта алмайтынын есте сақтауы тиіс. Сондықтан тиісті алдын ала сақтану шараларын ұмытпау керек.

Гематологиялық жағымсыз реакциялар: Зидовудин қолданатын емделушілерде мынадай жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: анемия, нейтропения және лейкопения (әдетте, нейтропения қатарласады).

Осындай реакциялар зидовудиннің жоғары дозаларын қабылдайтын (1200-1500 мг/күн) емделушілерде, тура сол ем басталғанға дейінгі сәтте организмінде сүйек кемігінің қоры аз және асқынып кеткен АИВ сатыларындағы емделушілерде көбірек жиі байқалады. Сондықтан препарат қабылдайтын осындай емделушілерде гематологиялық параметрлерді өте мұқият қадағалау керек. Гематологиялық жағымсыз әсерлері, әдетте, препаратпен емдеудің бастапқы сатыларында байқалмайды, әйтсе де емдеудің төрт-алты аптасынан кейін білінеді. Асқынып кеткен және симптоматикалық АИВ бар емделушілерге емдеудің алғашқы үш айында кемінде әр екі апта сайын, ал одан кейін айына бір рет талдауға қан тапсыру ұсынылады. АИВ жұқпасының ерте сатысындағы емделушілерде гематологиялық жағымсыз реакциялар сирек байқалады. Емделушінің жалпы жағдайына байланысты қан талдауын сирек, мысалы, үш айда бір рет жасауға болады.

Зидовудиннің дозалануын қосымша түзету ламивудин мен зидовудин көмегімен жүргізілген емге байланысты пайда болған ауыр анемия жағдайларында және сүйек кемігі функциясының бұзылуларында (миелосупрессия); немесе сүйек кемігі функциясының бұзылуы бұрыннан бар, яғни гемоглобин деңгейі 9 г/дл-ден аз (5.59 ммоль/л) немесе нейтрофильдер саны 1.0 x 109/л-ден аз құрайтын емделушілерге тағайындалады. 150 мг/300 мг ламивудин мен зидовудин дозасын түзету мүмкін болмағанда жекелеген ламивудин мен зидовудин препараттарын тағайындау қажет. Емдеуші дәрігер осы дәрілік препараттарды жеке қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысуы керек.

Балалар: Препаратты, сәбидің дене салмағын ескерумен дозаны таңдау мүмкін еместігіне орай, 12 жасқа жетпеген балаларға қолдану қарсы көрсетілімді. Осындай жағдайда емдеуші дәрігер ламивудин мен зидовудинді жеке қолдану жөніндегі нұсқаулықпен ұқыпты танысуы керек.

Жүктілік кезінде қолдану: Препараттың белсенді заттары ДНҚ репликациясын бәсеңдететіндіктен, кез келген қолдану, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде ұрыққа зор қауіп үйіреді.

Панкреатит: препарат қолданылғанда емделушілерде панкреатиттің пайда болу жағдайлары өте сирек байқалған. Осындай туындаудың препаратпен вирусқа қарсы емдеуге немесе АИВ жұқпасынан болғаны әзірге анықталмаған. Дегенмен панкреатиттің қандай да бір белгілері, симптомдары немесе оң зертханалық талдаулары пайда болған жағдайда емдеу дереу тоқтатылады.

Сүт қышқылды ацидоз: зидовудин қабылдаған емделушілерде стеатоз симптомдарымен айқын гепатомегалия және сирек, бірақ өліммен аяқталуы мүмкін сүт қышқылды ацидоз жағдайлары сипатталған. Осындай аурулар нуклеозидті аналогтар қолдану салдарынан пайда болады. Қандағы сүт қышқылы симптоматикалық жоғарылауының ерте белгілеріне ас қорытудың болымсыз бұзылыс симптомдары (жүрек айну, құсу және абдоминальді ауырулар), спецификалық емес жайсыздану, тәбет жоғалту, салмақтың кемуі, респираторлық симптомдар (терең және\немесе жиілеген тыныс алу) немесе неврологиялық симптомдар (жүйке жүйесінің тежелісін қоса) жатады.

Лактоцидоз өлімге ұшыраудың жоғары деңгейімен сипатталады және панкреатитпен, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. Сүт қышқылды ацидоз, әдетте, емнің бірнеше айы өткенде пайда болады. Нуклеозидті аналогтармен емдеу қандағы сүт қышқылының симптоматикалық жоғарылауы және метаболикалық/сүт қышқылды ацидоз, үдемелі гепатомегалия пайда болғанда және аминотрансфераза белсенділігі күрт жоғарылағанда тоқтатылады.

Нуклеозидті аналогтарды гепатомегалия, гепатит немесе бауыр ауруы дамуының басқа қауіп факторлары немесе стеатоз бар емделушілерге (әсіресе, семіздіктен зардап шегетін әйелдерге) тағайындағанда сақ болу керек. Қатарлас ауруы – С гепатиті бар және альфа интерферон мен рибавирин қабылдайтын емделушілер аса жоғары қауіпке бейім. Қауіп тобына жататын емделушілер мұқият дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс.

Митохондриялық дисфункция: зертханалық жағдайларда нуклеозидтер мен олардың аналогтарының қандай да бір дәрежеде митохондрияларды зақымдайтыны анықталған. Ана құрсағында және\немесе туғаннан кейін АИВ талдауы теріс жаңа туған нәрестелердің нуклеозидті аналогтарды қолдану кезінде митохондриялық дисфункцияға ұшырағаны туралы деректер алынған. Препараттың негізгі жағымсыз әсерлеріне: гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения), метаболикалық бұзылулар (гиперлактатемия, гиперлипаземия) жатады. Әйтсе де мұндай әсерлер, әдетте, өткінші. Неврологиялық бұзылыстардың - гипертония, құрысулар және емделушілердің мінез-құлқы бұзылуының кеш көрініс білінетін симптомдары туралы да деректер алынған. Неврологиялық бұзылыстарға қатысты, олардың қысқа мерзімдік немесе тұрақты екендігі әзірге анықталмаған. Анасын нуклеозидтермен немесе олардың аналогтарымен емдегенде митохондриялық дисфункция симптомдары мен белгілері құрсақтағы сәбиде пайда болуы мүмкін (тіпті АИВ теріс балаларда), сондықтан жаңадан туған нәрестелер сәйкесті белгілері мен симптомдары болған жағдайда митохондриялық дисфункцияның даму мүмкіндігі тұрғысынан клиникалық тексеруден және зертханалық талдаулардан өтуі тиіс. Алайда, жағымсыз реакциясына қарамастан, жүкті әйелдерде анасынан сәбиіне тұқым қуалайтын АИВ берілісін болдырмау үшін антиретровирустық ем қолдану бәрібір ұсынылады.

Липодистрофия: біріктірілген антиретровирустық ем АИВ-қа шалдыққан емделушілерде тері асты шелмай қабатында майлы тін көлемінің азаюымен немесе ұлғаюымен (липодистрофия) қатар жүреді. Қазіргі сәтте келешектегі зардаптары туралы деректер белгісіз. Препараттың осы бағытта әсер ету механизмдері әзірге анықталмаған. Қазіргі сәтте висцеральді липоматоздың протеаза тежегіштерімен (PIs), липоатрофияның кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (NRTIs) өзара байланысы туралы негізделмеген болжам ғана бар.

Липодистрофияның жоғары даму қаупі организмнің егде жас тәрізді кейбір жекеше ерекшеліктеріне және антиретровирустық ем ұзақтығы мен қатарлас метаболикалық бұзылулар сияқты дәрілік өзара әрекеттесу факторларына байланысты. Тексерулер жүргізілгенде емделушідегі майдың қайта таралуының сыртқы белгілеріне зейін аудару ұсынылады. Қан сарысуындағы липидтер жеткіліксіздігіне және қандағы глюкоза деңгейіне көңіл бөлу қажет. Липидтік бұзылуларда тиісті медициналық ем жүргізген жөн.

Иммундық реактивация синдромы: Біріктірілген антиретровирустық ем қолданылғанда (CART) иммунитеті төмендеген АИВ жұқтырған емделушілерде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциялары болуы мүмкін, олар күрделі клиникалық жағдайлар немесе симптомдардың нашарлауын туындатуы мүмкін. Әдетте, осындай реакциялар CART көмегімен емдеудің алғашқы бірнеше аптасында немесе айында байқалады. Оларға: цитомегаловирустық ретиниттер, диффуздық және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар мен Pneumocystis carinii (пневмоцистоз) туғызған пневмония жатады. Кез келген қабыну реакциялары бағаланады және, қажет болса, емделеді.

Бауыр аурулары: егер ламивудин АИВ және В гепатитін бір мезгілде емдеуге қолданылған жағдайда, ламивудинді В гепатитін емдеу үшін қолдану жөнінде қосымша ақпарат ламивудиннің нұсқаулығында көрсетіледі.

Бауырдың күрделі ауруларына шалдыққан емделушілерде зидовудин қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Созылмалы В немесе С гепатиттері бар емделушілерді емдеу үшін біріктірілген антиретровирустық ем қолданылған жағдайда емделушілер бауыр тарапынан өліммен аяқталатын күрделі жағымсыз әсерлер пайда болатын қауіп тобына жатады. В немесе С гепатиттерін бір мезгілде антивирустық емдеу жағдайында осы дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу қажет.

Қатарлас жүретін В гепатитімен емделушілерде 150 мг/300 мг ламивудин мен зидовудин препаратымен емдеуді тоқтатқанда әріқарай бауыр функциясына және В гепатитінің вирус репликациясы маркерлеріне талдау жасау ұсынылады. Бұл препаратпен емдеуді күрт тоқтату гепатиттің өршуін туғызуы мүмкін екенімен байланысты.

Бұрын анықталған бауыр аурулары бар (созылмалы белсенді гепатитті қоса) емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем қолданғанда бауыр функциясының бұзылу жиілігі артады, сондықтан осындай емделушілер стандартты тәжірибеге сай тексерілуі тиіс. Осындай емделушілерде бауыр функциясы нашарлағанда препаратпен емдеуді тоқтата тұру немесе тоқтату керек.

Остеонекроз: остеонекроз пайда болу себептерінің көп факторлы (кортикостероидтар қолдануды қоса, алкоголь тұтыну, күрделі иммунодепрессия, дене салмағының жоғары индексі және т.б.) екеніне қарамастан, АИВ үдемелі ауруы және/немесе біріктірілген антиретровирустық ем (CART) ұзаққа созылатын емделушілерде ішінара остеонекроз туындаған жағдайлар болды. Емделушілер буындарға қатысты ауырулар мен кінәраттар болса, сондай-ақ қозғалу қиындаған жағдайда медициналық жәрдем алу үшін білікті маманға қаралу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ламивудин мен зидовудиннің автокөлікті басқару және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне арнайы зерттеу жүргізілмеген. Препараттың фармакологиялық қасиеттері осындай ықпал ықтималдығының төмен екенін айғақтайды. Емделушінің клиникалық жағдайына, сондай-ақ жағымсыз әсерлер сипатына көңіл бөлу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Ламивудин мен зидовудиннің бекітілген біріктірілімімен артық дозаланған жағдайлар жөнінде мәліметтер жоқ. Сонымен бірге, ламивудинмен және зидовудинмен жеке-жеке қатты артық дозалану зардаптары туралы шектеулі деректер бар. Осы жағдайлардың бірде-бірі өліммен аяқталмаған және барлық емделушілердің жағдайы қалыпқа түскен. Қандай да бір спецификалық белгілері немесе симптомдары сипатталмаған.

Емі: уыттану белгілерін дер мезгілінде анықтау және стандартты демеуші ем жүргізу үшін емделушінің жай-күйін бақылау ұсынылады. Ламивудин диализ арқылы шығарылатындықтан, артық дозалану кезінде үздіксіз гемодиализ қолдануға болады. Гемодиализ және перитонеальді диализдің организмнен зидовудинді шығаруда тиімділігі аз, бірақ оның метаболиті - глюкуронидтің элиминациясын жеделдетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/300 мг.

60 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салады.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Aurobindo Pharma Limited

Unit III, Survey No. 313, Bacupally Village, Quthubullapur Mandal, Ranga Reddy District, (A. P.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Aurobindo Pharma Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050046, Алматы қ., Солодовников к-сі, 21/289

Тел. (727) 392-74-05

 

Прикрепленные файлы

787182341477976666_ru.doc 112.5 кб
357892641477977805_kz.doc 152.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники