Ламивудин,зидовудин и невирапин

МНН: Зидовудин, Ламивудин, Невирапин
Производитель: Aurobindo Pharma Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Зидовудин, ламивудин и невирапин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020717
Информация о регистрации в РК: 23.07.2014 - 23.07.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 800 KZT

Инструкция

 

Ламивудин, зидовудин және невирапин

 

Саудалық атауы

Ламивудин, зидовудин және невирапин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/300 мг/200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 150.00 мг ламивудин, 300 мг зидовудин, 200 мг невирапин

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (РН 101), натрий крахмалы гликоляты, повидон (ПВПК-30), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабық құрамы: Опадрай 13В58802 Ақ қабығы: (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910/Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е171), макрогол/PEG 400, полисорбат 80).

Сипаттамасы

Капсула пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «С» және екінші жағында «72» өрнегі бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИВ жұқпасын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Зидовудин, ламивудин және невирапин.

АТХ коды J05АR05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ламивудин

Ламивудиннің фармакокинетикалық қасиеттері АИВ жұқтырған ересек емделушілерде 0,25-тен 10 мг/кг дейінгі ауқымда ішуге арналған бір реттік және көп реттік дозаларын енгізгеннен кейін зерттелген.

Ламивудин АИВ жұқтырған емделушілерде ішу арқылы енгізілгеннен кейін тез сіңеді. Абсолютті биожетімділігі ересек 12 емделушіде 86% ± 16% құраған. АИВ бар 9 ересекке тәулігіне екі рет ішу арқылы 2 мг/кг енгізілгеннен кейін қан плазмасындағы ламивудиннің ең жоғары концентрациясы (Cmax) 1,5 ± 0,5 мкг/мл құрады. Концентрация-уақыт арақатынасының қисық астындағы ауданы (AUC) және Cmax 0,25-тен 10 мг/кг дейінгі ауқымда ішу арқылы дозаға пропорционал ұлғайған. Ламивудиннің сіңуі, ашқарынға қабылдаумен салыстырғанда (Tmax: 0,9 ± 0,3 сағат), ас ішумен қабылдағанда едәуір баяу (Tmax: 3,2 ± 1,3 сағат); тамақпен қабылдағанда Cmax 40% ± 23% құрап, ашқарынға қабылдаудан төмен болған. Ас ішумен немесе ашқарынға қабылдау кезінде елеулі AUC ауытқулары болмаған, сондықтан ламивудинді тамақпен немесе онсыз тағайындауға болады. Бүйрек функциясы қалыпты АИВ-оң ересектерде ламивудиннің жинақталу коэффициенті ішу арқылы көп реттік қабылдау кезінде 15 күн 2 мг/кг енгізгеннен кейін 1,50 құраған.

Таралуы

Ламивудин 20 емделушіге к/і енгізілгеннен кейін таралу көлемі 1,3 ± 0,4 л/кг құрап, ламивудиннің экстраваскулярлық кеңістікте таралуын көрсетеді. Таралу көлемі дозаға байланысты емес және дене салмағына қатысты болмаған. Ламивудиннің адам плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен (<36%). Іn vitro зерттеулері ламивудиннің 0,1-100 мкг/мл аралығынан жоғары концентрацияларында эритроциттермен байланысқан мөлшерінің 53%-дан 57% дейін құбылғанын және концентрацияға тәуелді еместігін көрсетті.

Метаболизмі

Адамдағы ламивудиннің бірден бір белгілі метаболиті – транс-сульфоксид метаболиті. АИВ жұқтырған 6 ересекте ламивудиннің ішуге арналған бір реттік дозасынан кейін 12 сағат ішінде дозаның 5,2% ± 1,4% бөлігі транс-сульфоксид метаболиті түрінде несеппен шығарылған. Осы метаболиттің сарысулық концентрациялары анықталмаған.

Шығарылуы

Ламивудиннің үлкен бөлігі өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Бүйректік клиренсі 0,22 ± 0,06 л/сағ.*кг құрап, ламивудиннің жалпы клиренсінің 71% ± 16% бөлігі түрінде болады.

Орташа жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) 5-тен 7 сағатқа дейін құбылады. Ішу арқылы клиренсі 0,37 ± 0,05 л/сағ.*кг құрайды. Ішу арқылы клиренсі мен жартылай шығарылу кезеңі 0,25-тен 10 мг/кг дейінгі дозалану ауқымының шегінде дозаға және дене салмағына байланысты болмаған.

Зидовудин

Сіңуі және биожетімділігі

Зидовудин асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жақсы сіңеді. Ересектерде зидовудиннің ішке қабылданғаннан кейінгі биожетімділігі 60-70% құрайды.

Зидовудиннің «концентрация-уақыт» (AUC∞) қисығы астындағы сіңірілу деңгейі және жартылай шығарылу кезеңі препараттың тамақпен немесе ашқарынға қолданылуына байланыссыз бірдей болды. Алайда препарат тамақпен бірге қолданылғанда сіңірілуінің Cmax және tmax жылдамдығы баяулаған, яғни препараттың организмде сіңуіне көп уақыт қажет болды. Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, препаратты тамақпен де, ашқарынға да қолдануға болады.

Ішке қабылданғаннан кейін зидовудиннің ең жоғары концентрациялары 0,7 және 0,50 (0,25-2,00) сағаттан соң білінді және 2,0 мкг/мл (40 %) құрады. AUC мәндері 2,4 мкг·сағ./мл (29%) құрады.

Ззидовудиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 34-38% құрайды.

Таралуы

Зидовудин гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын сұйықтығына (ЖС) өтеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ламивудин мен зидовудиннің ликвордағы және қан сарысуындағы концентрациясы арасындағы қатынас, тиісінше, орта есеппен 0,12 және 0,5 құрайды.

Метаболизмі/шығарылуы

Зидовудин 5'-глюкурониді препараттың қан плазмасындағы және несептегі негізгі метаболиті болып табылады және қабылданған дозаның 50-80% жуығын құрап, бүйректік экскреция арқылы шығарылады. Көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін қанда 3'-амин-3'-дезокситимидин метаболиті анықталды.

Зидовудин көктамыр ішіне пайдаланылған зерттеуде плазмадан орташа соңғы жартылай шығарылу кезеңі 1,1 сағат, ал орташа жалпы клиренсі 1,6 л/сағ./кг құрайды. Зидовудиннің бүйректік клиренсі 0,34 л/сағ./кг ретінде есептеліп, бүйректегі шумақтық сүзілісті және белсенді өзекшелік секрецияны көрсетеді. Зидовудин концентрациялары үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде жоғарылаған.

Невирапин

Сіңуі және биожетімділігі

Невирапин дені сау еріктілер мен АИВ-1 жұқпасы бар ересектерге ішу арқылы енгізілгеннен кейін толық сіңеді (>90%). Бір реттік дозасын ішу арқылы енгізгеннен кейін дені сау 12 еріктідегі абсолютті биожетімділігі 93 ± 9% құрады. Плазмадағы невирапин жоғары шекті 2 ± 0,4 мкг/мл (7,5 µM) концентрацияларына бір реттік 200 мг дозасынан кейін 4 сағат өте бере жетті. Көп реттік дозаларынан соң невирапиннің жоғары шекті концентрациялары тәулігіне 200-ден 400 мг дейін дозалану ауқымында дозаға байланысты ұлғаяды. Невирапиннің ең төмен тепе-тең 4,5 ± 1,9 мкг/мл (17 ± 7 µM), (n = 242) концентрациялары тәуліктік 400 мг тұсында алынды. Невирапиннің сіңу дәрежесі ас ішуге байланысты емес.

Таралуы

Невирапин жоғары липофильді және физиологиялық pH тұсында елеулі иондалмайды. Дені сау ересектерге енгізілгеннен кейін невирапиннің болжамды таралу көлемі (Vdss) 1,21 ± 0,09 л/кг құрап, невирапиннің адамда кеңінен таралуын көрсеткен. Невирапин плацента арқылы тез өтіп, емшек сүтінен табылады. Невирапин 1-10 мкг/мл плазмалық концентрациясының ауқымында плазма ақуыздарымен шамамен 60% байланысады. Адамның жұлын сұйықтығындағы (n=6) невирапин концентрациялары плазмадағы концентрацияларының 45% (± 5%) бөлігін құраған; осы қатынас шамамен плазма ақуыздарымен байланыспаған фракцияға тең.

Метаболизмі/шығарылуы

Адамдағы in vivo зерттеулері және адам бауыры микросомаларындағы in vitro зерттеулері невирапиннің P450 цитохромының метаболизмі (тотықтандырғыш) арқылы бірнеше гидроксилденген метаболитке дейін белсенді биоөзгеріске түсетінін көрсетті.

Адам бауыры микросомаларындағы in vitro зерттеулерінде невирапин тотықтырғыш метаболизмінің, басқа изоферменттердің де қосалқы рөл атқаруы мүмкін болса да, CYP3A тектестігінен көбінесе P450 цитохромының изоферменттері арқылы жүзеге асады деп жорамалданады. Несеп (81,3 ± 11,1%), нәжіспен (10,1 ± 1,5%) салыстырғанда, негізгі шығарылу жолы болып табылады. Несептегі радиобелсенділігінің 80%-дан астамын гидроксилденген метаболиттердің глюкуронидті конъюгаттары құраған. Несептегі радиобелсенділігінің (жалпы дозасының <3% бөлігін құрайтын) ұсақ фракциясы (<5%) ғана бастапқы қосылыстан құралады, сондықтан бүйректік экскрециясы бастапқы қосылысының шығарылуында болымсыз рөл атқарады.

Невирапин өзінің бауырдағы P450 цитохромының метаболикалық ферменттерінің стимуляторы екенін көріністеген. Автоиндуциялану фармакокинетикасы невирапиннің болжамды жалпы клиренсінің шамамен 1,5-2 есе артуымен сипатталады, өйткені емдеу бір реттік дозасынан 200-400 мг/тәулік дозаланатын екі-төрт аптаға дейін жалғасады. Автоиндуциялану да плазмадан невирапиннің терминалдық жартылай шығарылу кезеңінің шамамен 45 сағаттан (бір реттік доза) 200-400 мг/тәулік көп рет дозалануынан кейін шамамен 25-30 сағатқа дейін тиісінше төмендеуіне әкелді.

Фармакодинамикасы

Ламивудин, зидовудин және невирапин – құрамында ламивудин, зидовудин мен невирапин бар және вирусқа қарсы әсер көрсететін біріктірілген препарат.

Ламивудин мен зидовудиннің АИВ-1 және АИВ-2 – адамның иммунитет тапшылығы вирустарының репликациясына синергиялық тежеу әсері бар. Препараттың белсенді ингредиентінің екеуі де жасуша ішінде трифосфаттарға метаболизденеді. Ламивудин-трифосфат пен зидовудин-трифосфат адамның иммунитет тапшылық вирусы кері транскриптазасының селективті бәсекелес тежегіштері болып табылады. Вирусқа қарсы белсенділігінің басты механизмі вирустық ДНҚ тізбегіне көбінесе монофосфат түрінде араласумен атқарылады, соның нәтижесінде оның репликациясының тоқтауы болады. Мұндай біріктірілім бұрын антиретровирустық ем алмаған емделушілерде зидовудинге төзімділіктің дамуын болдырмайды.

Препарат құрамына кіретін невирапин – кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіші (КТНЕТ). Кері транскриптазамен тікелей байланысады және ферменттердің каталитикалық орталығын бұзумен ДНҚ-полимеразалардың РНҚ- және ДНҚ-тәуелді реакцияларын бөгейді. Невирапиннің әсері нуклеозидтерге және нуклеозидтер трифосфаттарына қатысты бәсекелес болып табылмайды.

Ламивудин шеткергі қан лимфоциттеріне, сондай-ақ лимфоцитарлық және моноцитарлы-макрофагтық жасушалық желілерге және сүйек кемігінің басқа да бірқатар діңді жасушаларына цитоуытты әлсіз әсер көрсетеді. Осылайша, ламивудин жоғары емдік индекске ие болады.

Ламивудинге АИВ-1 төзімділігінің даму себептерінің бірі – АИВ кері транскриптазасының белсенді сайтымен тығыз байланысты вирустық геном сайтында M184V өзгерістерінің пайда болуы. АИВ-1 штамдары M184V мутацияларымен ламивудин қамтылатын біріктірілген антиретровирустық ем алған науқастарда білінуі мүмкін. Мұндай вирус штамдары ламивудинге сезімталдықтың төмендеуімен және репликацияға әлсіз қабілеттілігімен сипатталады. Зидовудинге төзімді АИВ штамдары ламивудинге төзімділік бір мезгілде дамыған жағдайда оған сезімтал болып кетуі мүмкін. Осы құбылыстың клиникалық мәні анықталмаған.

M184V сайтындағы мутациялар кері транскриптазаның нуклеозидті тобындағы тежегіштерге жататын препараттарға ғана айқаспалы АИВ төзімділігінің пайда болуына алып келеді. Ламивудин ламивудинге төзімді М184V мутациясы бар АИВ-1 штамдарына қатысты антиретровирустық белсенділігін сақтайды. M184V мутациялары бар АИВ штамдарында диданозин мен залцитабинге сезімталдық төмендеуінің 4 еседен аспайтыны анықталады.

Ламивудин қамтылатын біріктірілген антиретровирустық емнің M184V локусындағы мутациялары бар АИВ штамдарына қатысты тиімді екені көрсетілген.

Зидовудин В гепатиті вирусына және Эпштейн-Барр вирусына қатысты in vitro белсенді; дегенмен В гепатитімен және АИВ жұқпасымен науқастарда монотерапия ретінде пайдаланылғанда ол В гепатиті вирусының репликациясын болымсыз бәсеңдетеді.

Невирапин A, B, C, D, F, G клейдтерінің M тобындағы АИВ-1 изоляттарына және айналымдағы (CRF), CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF рекомбинантты түрлеріне қатысты in vitro антивирустық әсер көрсетеді (EC50 мәнінің медианасы 63 нмоль құраған). Невирапиннің O тобының АИВ-1 және АИВ-2 изоляттарына қатысты in vitro вирусқа қарсы белсенділігі жоқ.

Невирапин эфавирензбен біріктірілгенде in vitro АИВ-1-ге айқын вирусқа қарсы антагонистік әсер көрсеткен және протеаза тежегіші – ритонавирге және қабысу тежегіші – энфувиртинге қосылғанда вирусқа қарсы аддитивті әсерге ие болған. Невирапин протеаза тежегіштері – ампренавирмен, атазанавирмен, индинавирмен, лопинавирмен, нелфинавирмен, сагвинавирмен және типранавирмен біріктірілімінде, сондай-ақ КТНТ –абакавирмен, диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және зидовудинмен біріктірілімінде АИВ-1 қатысты аддитивті немесе синергиялық белсенділігін көріністеген. Невирапиннің in vitro АИВ-1 қатысты вирусқа қарсы белсенділігі адефовир препаратының анти-HBV және рибавирин препаратының анти-HCV әсеріне антагонисті болды.

Іn vitro зерттеулерінде КТНЕТ-не айқаспалы төзімділігі бар АИВ-1 штамдарының тез пайда болуы анықталған.

Әрекетке қосылған «нысана»-ферменттер әр алуандығының салдарынан невирапин мен АИВ протеазасының тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділік ықтималдығы аз.

Невирапинге вирусологиялық тиімсіздік дамыған жағдайда делавирдинге және эфавирензге айқаспалы төзімділік күтіледі.

Невирапин АИВ-1 жұқпасын емдеу үшін монотерапия ретінде пайдаланылмауы немесе тиімсіз болып шыққан ем режиміне бірден бір препарат ретінде қосылмауы тиіс, өйткені вирус төзімділігі тез дамиды, ол басқа КТНЕТ бәріне тән. Невирапинмен біріктіріп пайдалану көзделетін жаңа антиретровирустық препараттар таңдалғанда айқаспалы төзімділіктің даму мүмкіндігі туралы деректерді назарға алу керек.

Невирапин қамтылатын антиретровирустық ем режимін тоқтатқан жағдайда осы препараттың ұзаққа созылатын жартылай шығарылу кезеңін ескеру қажет. Егер жартылай шығарылу кезеңдері невирапиндегіден едәуір қысқа антиретровирустық дәрілер қолдану бір мезгілде тоқтатылса, бір апта бойы немесе одан да ұзақ сақталатын невирапиннің төмен концентрациялары салдарынан АИВ-1-ге төзімділік дамуы мүмкін.

Қолданылуы

- ересектер мен 16 жастан асқан балаларда 1 типтегі АИВ (АИВ-1) жұқпасын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет бір таблетканы құрайды.

Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Ламивудин, зидовудин және невирапин 150 мг/300 мг/200 мг дозасы бекітілген препаратты невирапинді алғаш рет қолдана бастаған емделушілерге тағайындауға болмайды, өйткені науқастарға бастапқы ұсынылатын кіріспе дозалануы 2 апта бойы тәулігіне бір рет 200 мг невирапин құрайды, ал осы бекітілген біріктірілімінде Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратын екі рет қабылдау көзделеді, бұл 400 мг тәуліктік жиынтық дозасын береді. Осы кіріспе дозасынан (Невирапин препаратын бөлек, 200 мг таблетка) кейін ауыр асқазан-ішектік көтере алмаушылық немесе қандай да бір аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бөртпе, бауыр көрсеткіштерінің қалып шегінен ауытқуы) болмаса, дозаны тәулігіне екі рет 200 мг невирапинге дейін (демеуші доза) арттыруға болады.

Емделушілерді бақылау

Бауыр көрсеткіштерін бақылауды препаратпен емдеу басталғанша және емдеу кезінде тиісті аралықтармен жүзеге асыру қажет.

Гематологиялық жағымсыз реакциялары бар емделушілерде дозаны түзету

Гемоглобин деңгейі 7,5 г/дл-ден (4,65 мкмоль/л) 9 г/дл дейінгі (5,59 мкмоль/л) емделушілерде немесе нейтрофильдер саны 0,75 x 109/л-ден 1,0 x 109/л дейінгі емделушілерде дозаны азайту немесе зидовудинмен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Өйткені Ламивудин, зидовудин және невирапин бекітілген дозадағы біріктірілген препарат болып табылады, оны емделушілердің осы қауымына тағайындауға болмайды.

Бүйрек дисфункциясы

Ламивудин дозасын креатинин клиренсі <50 мл/минуттан 150 мг дейінгі емделушілер үшін тәулігіне 1 рет азайту қажет. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде ғана зидовудин мен невирапин дозаларын азайту талап етіледі. Невирапин диализге беріледі, бірақ, егер препарат диализден кейін қабылданса, қосымша дозасы талап етілмейді. Ламивудин, зидовудин және невирапин бекітілген дозадағы біріктірілген препарат екендіктен, оны бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерге және ауырлығы орташа дәрежедегі емделушілерге тағайындауға болмайды, өйткені Ламивудин, зидовудин және невирапин біріктірілген препаратында ұсынылатын ламивудиннің тәуліктік дозасының қосындысы 300 мг құрайды.

Бауыр дисфункциясы

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл дәрежедегі емделушілерге ламивудин дозасын түзету қажет емес. Ламивудин қауіпсіздігі мен тиімділігі бауыр ауруы декомпенсацияланған емделушілерде анықталмаған.

Циррозға шалдыққан емделушілердегі деректерде зидовудиннің жинақталуы глюкуронданудың төмендеуіне орай бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде пайда болуы мүмкін екені жорамалданады. Дозаны азайту қажет болуы мүмкін, бірақ шектеулі деректер ғана қолжетімді екендіктен, нақты ұсынымдар беруге болмайды.

Бауыр ауруы күрделі емделушілерде невирапин деңгейлерінің жоғарылауын және невирапиннің жинақталуын байқауға болады. Невирапинді бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерге енгізуге болмайды.

Ламивудин, зидовудин және невирапин бекітілген дозада біріктірілген препарат екендіктен, оны бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерге тағайындауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл немесе орташа емделушілерде сақ болу қажет.

Егде жастағыларда дозалануы

Ламивудин, зидовудин, невирапин компоненттерінің фармакокинетикасы 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген және арнайы деректер қолжетімсіз. Алайда, осы жас тобында бүйрек функциясының төмендеуі және қан көрсеткіштерінің өзгеруі сияқты жас ұлғаюымен байланысты өзгерістерге орай ерекше сақ болуға кеңес берілетіндіктен, ламивудин, зидовудин және невирапин пайдалануға дейін және пайдалану кезінде емделушілерді талапқа сай бақылау ұсынылады.

Егер емделушілерде қатты бөртпе немесе жүйелі көріністермен қатар жүретін бөртпе байқалса, Ламивудин, зидовудин және невирапин біріктірілген препаратын қабылдауды тоқтату қажет. Тәулігіне 200 мг 14 күндік кіріспе кезеңінде жеңіл және орташа бөртпе пайда болған емделушілерге невирапин дозасын арттыру немесе бөртпе әзірге басылғанша Ламивудин, зидовудин және невирапин біріктірілген препаратымен емдеуді бастау қажет емес.

Бауыр сынамасының (ГГТ басқа) қалып шегінен күрделі ауытқуын сезінген емделушілерде, бауыр көрсеткіштерінің жоғарылаған деңгейі бастапқы деңгейіне оралғанша, Ламивудин, зидовудин және невирапин дәрілік затын қабылдауды тоқтату қажет. Құрамында ламивудин мен зидовудин бар жекелеген дәрілік түрлерді қабылдаумен бірге невирапин қабылдауды тәулігіне 200 мг дозадан бастап жаңғыртуға болады. Тәуліктік дозаны тәулігіне екі рет 200 мг дейін арттыру (Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратын пайдаланып) ұзақ уақыт бақылаудан кейін абайлап атқарылуы тиіс. Егер бауыр көрсеткіштерінің күрделі нашарлауы байқалса, невирапин қабылдауды тоқтата тұру қажет.

Невирапин қабылдауды 7 күннен аса уақыт үзген емделушілер, қандай да бір аса жоғары сезімталдық белгілері болмаса, алғашқы 14 күн ішінде (кіріспе) басқа жекелеген антиретровирустық препараттармен біріктірілімде тәулігіне невирапиннің бір таблеткасын (200 мг) қабылдаумен ұсынылған дозалануын жаңғыртып, кейіннен құрамына невирапин (яғни тәулігіне екі рет 200 мг) кіретін Ламивудин, зидовудин және невирапин 150 мг/300 мг/200 мг бекітілген біріктіріліміне көшуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыру

- жүрек айну

Жиі (>1/100, <1/10)

- анемия, нейтропения, лейкопения

- бас айналу, ұйқысыздық

- құсу, диарея, іштің ауыруы

- бауыр энзимдері ферменттері белсенділігінің және қандағы билирубиннің жоғарылауы

- бөртпе, шаштың түсуі

- бұлшықеттердің ауыруы

- аллергиялық реакциялар, дімкәстану, қажу

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- сүйек кемігі гипоплазиясымен панцитопения, тромбоцитопения

- ентігу

- іштің кебуі

- Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем, терінің қышынуы

- миопатия, жақсүйек остеонекрозы

- астения, ысыну

Сирек (≥1/10, 000 және <1/1000)

- шынайы эритрацитарлық аплазия

- лактацидоз

- қозу жағдайы, депрессия

- құрысулар, ойлау ұшқырлығын жоғалту, ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық

- кардиомиопатия

- жөтел

- панкреатит, ауыз қуысы шырышты қабығының пигментациясы, дәм сезудің бұзылуы, ас қорыту бұзылыстары

- стеатозы бар бауырдың жедел үлкеюі сияқты бауыр функциясының бұзылуы

- уытты эпидермалық некролиз, Квинке ісінуі, тырнақтардың және терінің пигментациясы, терлеу

- буындардың ауыруы

- несеп шығарудың жиілеуі

- гинекомастия

- жоғары сезімталдық синдромы, анафилаксия, кеуденің ауыруы және суық тию симптомдары, қалтырау

Өте сирек (<1/10, 000)

- шеткергі нейропатия

- апластикалық анемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тәулігіне бір рет 200 мг невирапиннің кіріспе дозасын тағайындау талап етілетін, ал біріктірілген препараттың аталған дәрілік түрі құрамында тәулігіне екі рет қолдану қажет 200 мг невирапиннің бекітілген дозасы бар, невирапинмен емделуді енді ғана бастаған емделушілерге

- 7,5 г/дл-ден (4,65 мкмоль/л) 9 г/дл дейінгі (5,59 мкмоль/л) гемоглобин деңгейінде немесе 0,75 x 109/л-ден 1,0 x 109/л дейінгі нейтрофильдер санында

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі < 50 мл/мин және төмен)

- шеткергі нейропатия

- миопатия

- бауырдың майлы дистрофиясы

- препаратты рифампицинмен, кетоконазолмен немесе құрамында шілтерленген шайқурай бар өсімдік препараттарымен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратының құрамында ламивудин, зидовудин және невирапин бар болғандықтан осы біріктірілген препаратты пайдалану кезінде аталған дәрілермен әркімде жеке сәйкестендірілген кез келген өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде ламивудин, зидовудин және невирапин арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесу болмайтынын көріністелген.

Төменде аталған өзара әрекеттесулерді осымен шектеледі деп санауға болмайды, бірақ олар сақтық шарасы қадағалану қажет дәрілік препараттар класына тән.

Зидовудинге қатысы бар өзара әрекеттесулер

Зидовудин мен ставудин басым түрде зидовудинді фосфорландырып, осылайша ставудиннің оның белсенді трифосфатты түріне дейін фосфорлануын төмендететін жасушалық ферментпен (тимидинкиназамен) фосфорланған. Сондықтан зидовудинді ставудинмен біріктіріп пайдалану ұсынылмайды.

Рибавиринмен біріктірілген зидовудин in vitro антагонисті.

Пробеницид зидовудин AUC-ын 106% (100-ден 170 % дейінгі ауқым) ұлғайтады.

Екі препаратты қабылдайтын емделушілерде уыттылық симптомдарын: қызба, бас айналу, құсу, бөртпе, іш өту, іштің ауыруын және т.б. болжамды анықтау мақсатында клиникалық көрінісін бақылау қажет.

Зидовудинмен бір мезгілде дифенин қабылдайтын емделушілерді мұқият қадағалау қажет, өйткені зидовудин қандағы дифенин деңгейін төмендетеді.

Фармакокинетикалық зерттеуде зидовудин мен атоваквонды қатарлас енгізу плазмалық зидовудин AUC-ның 35% ± 23% артуына алып келіп, ішу арқылы дозасынан соң зидовудин клиренсінің төмендеуі көріністелді. Шектеулі деректер қолжетімді болған жағдайда осы құбылыстың клиникалық мәні белгісіз.

Вальпрой қышқылы, флуконазол немесе метадон зидовудинмен қатарлас енгізілгенде оның клиренсінің тиісінше төмендеуімен AUC ұлғаюы көріністелді. Шектеулі деректер ғана қолжетімді, осы анықталымдардың клиникалық мәні түсініксіз екендіктен, бірақ егер зидовудин вальпрой қышқылымен, флуконазолмен немесе метадонмен бір мезгілде пайдаланылса, зидовудиннің уыттылық симптомдарын болжамды анықтау мақсатында қадағалау қажет.

Нефроуыттылығы зор немесе миелосупрессиялық препараттарды (мысалы, жүйелі пентамидин, дапсон, пириметамин, ко-тримоксазол, амфотерицин, флуцитозин, ганцикловир, интерферон, винкристин, винбластин және доксорубицин) пайдаланумен қатарлас емдеу, әсіресе, шұғыл ем зидовудинге жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы да мүмкін. Егер аталған препараттардың кез келгенін пайдаланумен қатарлас емдеу міндетті болса, бүйрек функциясы мен гематологиялық параметрлерді бақылау кезінде ерекше сақтану керек, ал егер талап етілсе, бір немесе одан көп дәрінің дозалануын азайту қажет.

Зидовудин қабылдайтын кейбір емделушілерде оппортунистік жұқпалармен сыналу жалғасатындықтан, ондай жағдайда микробқа қарсы алдын алу емін қатарлас пайдалану қажет. Осындай алдын алу емінде ко-тримоксазол, аэрозольді пентамидин, пириметамин және ацикловир қамтылады. Клиникалық сынақтардан алынған шектеулі деректер осы препараттармен пайдаланылғанда алдын алу үшін пайдаланылатын дозалары тұсында зидовудинге болатын жағымсыз реакциялар қаупінің онша жоғары еместігін көрсетеді. Таблеткалар түріндегі кларитромицин зидовудиннің сіңуін төмендетеді.

Ламивудинмен байланысты өзара әрекеттесулер

Ламивудин көбінесе белсенді органикалық катионды секреция арқылы несеппен шығарылады. Егер, әсіресе, олардың шығарылу жолы – органикалық катионды тасымал жүйесі арқылы белсенді бүйрек секрециясы болса, бір мезгілде енгізілетін басқа препараттармен (мысалы, триметоприм) өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру қажет.

Триметоприм 160 мг/сульфаметоксазол 800 мг тәулігіне бір рет ламивудин әсерінің артуын көріністеді (AUC∞). Препараттардың кез келгенінің дозасын өзгерту ұсынылмайды. Пневмоцисттік пневмонияны емдеуге арналғандай ко-тримоксазолдың едәуір жоғары дозаларының ламивудин фармакокинетикасына әсер етуіне қатысты ақпарат жоқ. Ламивудин механизмдеріне ұқсас клиренс механизмдері бар басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер қолжетімсіз.

Ламивудин мен зальцитабин бір-бірінің жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін, сондықтан ламивудинді зальцитабинмен біріктіріп пайдалану ұсынылмайды.

Невирапинге қатысты өзара әрекеттесулер

Невирапин көбінесе P450 цитохромының 3A4 және 2B6 изоферменттері арқылы бауырда метаболизденеді. Невирапин осы ферменттердің қоздырғышы ретінде белгілі. Емдеуді бастаған науқастар үшін дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Дозасының болжамды өзгерістері жөніндегі клиникалық тұжырымдама төменде көрсетілген.

Невирапинмен анықталған дәрілік өзара әрекеттесулері

Кетоконазол: невирапин мен кетоконазолды бір мезгілде енгізуге болмайды, өйткені кетоконазолдың плазмалық концентрацияларының төмендеуі препарат тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Кларитромицин: кларитромицин әсері невирапинмен едәуір төмендетілген; алайда, 14-OH метаболитінің концентрациялары төмен болған. Өйткені, кларитромицин белсенді метаболиті кларитромициннің Mycobacterium avium кешеніне карсы белсенділігін төмендеткен, кларитромициннің толық белсенділігін өзгертуге болады. Кларитромициннің, мысалы, азитромицинге баламалы ауыстырылуын қарастыру қажет.

Эфавиренз: невирапинмен бірге қабылдағанда эфавиренз концентрациясы төмендейді, бұл эфавиренз дозасын арттыруды талап етуі мүмкін.

Этинилэстрадиол және норэтиндрон: невирапинмен бірге қабылдағанда екі препаратта да Cmax және AUC төмендейді, өзара әрекеттесуі анықталмаған. Невирапин қабылдайтын әйелдерде жүктіліктен сақтандыратын ішуге арналған және басқа да гормональді әдістерді контрацепцияның бірден-бір әдісі ретінде пайдалануға болмайды, өйткені невирапин осы препараттардың плазмалық деңгейлерін төмендетуі мүмкін. Контрацепцияның баламалы немесе қосымша әдісін пайдалану ұсынылады.

Рифабутин: невирапинмен бірге қабылдағанда рифабутин мен оның метаболитінің концентрациялары орташа жоғарылаған. Тұлғааралық ауытқуының жоғары екеніне орай, дегенмен, кейбір емделушілер рифабутин әсерінің көп жоғарылауын сезінуі және рифабутиннің жоғары уыттылық қатеріне ұшырауы мүмкін, сондықтан қатарлас енгізгенде сақ болу қажет.

Рифампин: невирапин мен рифампинді бір мезгілде енгізуге болмайды, өйткені невирапиннің плазмалық концентрацияларының төмендеуі препарат тиімділігін әлеуетті азайтуы, сондай-ақ гепатоуыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Туберкулезбен ко-жұқпаланған емделушілерді емдеу талап етілетін терапевттер баламалы препараттарды (мысалы, эфавиренз, абакавир) пайдалану қажет. Құрамында невирапин бар режим пайдаланылғанда, қатарлас қолдану кезінде сақ болу қажет.

Флуконазол: невирапин әсерінің жоғарылау қаупіне орай, қатарлас қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет. Невирапинмен байланысты жағымсыз құбылыстарды анықтау мақсатында емделушілерді мұқият қадағалау қажет.

Индинавир: невирапинмен бірге қолданғанда индинавир концентрациясы төмендейді. Осы біріктірілімге арналған оңтайлы дозалары мен өзара байланысы анықталмаған, бірақ индинавир дозалануын арттыру қажет болуы мүмкін.

Лопинавир/Ритонавир: невирапинмен біріктірілгенде тамақпен қабылданатын лопинавир/ ритонавир дозасын тәулігіне екі рет 400/100 мг-ден 533/133 мг дейін арттыру ұсынылады.

Нелфинавир: қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты, невирапинмен біріктірілген нелфинавир үшін оңтайлы дозасы анықталмаған.

Саквинавир: осы біріктірілім үшін оңтайлы доза белгіленбеген, бірақ саквинавир дозалануын арттыру қажет болуы мүмкін.

Метадон: невирапинмен бірге қолданғанда метадон деңгейлері төмендеуі мүмкін; апиынды тоқтату симптомдарын болдырмау үшін дозаларын арттыру қажет болуы мүмкін. Невирапинмен емделуді бастаған, метадонмен демеу көрсетілген емделушілер тоқтату белгілерінің болуын қадағалау және метадон дозасын тиісті үлгіде түзету қажет.

Шайқурай: шайқурайды (Hypericum perforatum) немесе құрамында шайқурай бар өнімдер мен невирапинді қатарлас пайдалану ұсынылмайды. Невирапинді қоса, кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерін (КТНЕТ) шайқураймен қатарлас енгізу КТНЕТ концентрацияларын едәуір төмендетеді және невирапиннің жеткіліксіз деңгейлеріне және вирусологиялық жауапты жоғалтуға және невирапинге немесе КТНЕТ класына болжамды төзімділікке әкелуі мүмкін.

Әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесулері төменде көрсетілген

Невирапинмен қатарлас енгізілгенде плазмалық концентрациялары төмендеп кететін препараттардың мысалдары:

- аритмияға қарсы: мысалы, амиодарон, дизопирамид, лидокаин және т.б.

- құрысуға қарсы: мысалы, карбамазепин, клоназепам, этосуксимид және т.б.

- фунгицидтер – итраконазол және т.б.

- кальций өзектерінің блокаторлары: дилтиазем, нифедипин, верапамил

- ісікке қарсы химиялық ем - циклофосфамид

- қастауыш алкалоидтары - эрготамин

- иммуносупрессорлар: циклоспорин, такролимус, сиролимус және т.б.

- АІЖ моторикасының стимуляторлары - цизаприд және т.б.

- апиын агонистері – фентанил және т.б.

Невирапинмен қатарлас енгізілгенде плазмалық концентрациялары жоғарылап кететін препараттардың мысалдары:

- антикоагулянттар варфарин және т.б. Осы біріктірілім тұсында қан ұю көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Тері реакциялары

Бөртпенің пайда болуын болдырмау үшін препаратпен емдеуді тәулігіне 200 мг невирапиннің 14 күндік кіріспе кезеңінен кейін бастау қажет. Егер бөртпе осы кіріспе кезең ішінде байқалса, әзірге бөртпе басылғанша, дозаны арттыруға және біріктірілген Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратын тағайындауға болмайды. Кез келген ауырлықтағы бөртпе пайда болғанда емделушілерді өте мұқият бақылау қажет.

Невирапинмен емделген емделушілерде, өлім жағдайларын қоса, көбінесе емдеудің алғашқы 6 аптасының ішінде білінген өмірге қатерлі ауыр тері реакциялары пайда болды. Олар Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді және бөртпемен, жалпы көріністермен және ағзалар дисфункциясымен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын қамтыды.

Емдеу

Ауыр тері реакцияларының немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгілері немесе симптомдары (ауыр бөртпені немесе қызбамен, күлдіреуіктермен, ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануларымен, конъюнктивитпен, беттің ісінуімен және/немесе гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен, лимфаденопатиямен және бүйрек дисфункциясымен қатар жүретін бөртпемен қоса, бірақ олармен шектелмейтін) көрініс беретін емделушілерге невирапин қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігер кеңесіне жүгіну қажет. Ауыр тері бөртпеcінен немесе аса жоғары сезімталдық реакциясынан кейін невирапин қабылдауды жаңғыртуға болмайды. Күрделі тері реакцияларын дамытатын кейбір қауіп факторларына 14 күндік кіріспе кезеңі ішінде тәулігіне 200 мг алғашқы дозалануын қадағаламау және бастапқы симптомдары білінгеннен кейін невирапинмен емдеуді тоқтатуды кейінге қалдыру жатады. Егер емделушілерде невирапин қабылдаумен байланысты болжамды бөртпе байқалса, бауыр сынамасын орындау қажет. Аспартатаминотрансфераза (АСТ) немесе аланинаминотрансфераза (АЛТ) көрсеткіштері жоғарылаған емделушілер невирапин қабылдауды тоқтатып, бөртпе басылғанша және АСТ/АЛТ көрсеткіштері қалып шегіне келгенше препарат қабылдауды кейінге қалдыру қажет. Әйелдер, әсіресе, CD4 жасушалар саны көбейгендер невирапин қабылдау кезінде, көрінісі бойынша, бөртпенің ерлердегіден өте жоғары даму қаупіне бейім келеді. Невирапин қабылдаумен байланысты бөртпені болдырмау үшін преднизолон пайдалану ұсынылмайды.

Гепатоуыттылық

Невирапин

Невирапинмен емделген емделушілерде фульминантты және холестаздық гепатитті, некроздық гепатит пен бауыр жеткіліксіздігін қоса, өмірге қатерлі ауыр және кейбір жағдайларда өлімге ұшырататын гепатоуыттану болды. Ең үлкен қауіп емнің алғашқы 6 аптасында болады және едәуір төмендеуіне қарамастан, емдеудің 18 аптасы бойына жалғасады. Алайда бауыр құбылыстары емделу барысында кез келген уақытта болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда емделушілерде сарысулық трансаминазаның басынан қалыпсыз деңгейлері бар немесе оларсыз қажу, дисфория, анорексия, құсу, сарғаю, бауырдың аурушаңдығы немесе гепатомегалияның спецификалық емес продромальді белгілері немесе симптомдары байқалады. Осы құбылыстардың кейбіреуі трансаминазалардың жоғарылауымен, гипербилирубинемиямен немесе онсыз, тромбопластин уақытының ішінара ұзаруымен немесе эозинофилиямен болатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін үдеген. Аталған бауыр құбылыстарының кейбірімен бөртпе мен қызба қатар жүрген. Гепатит белгілері немесе симптомдары бар емделушілерге Ламивудин, зидовудин және невирапин қабылдауды тоқтатуды және дереу бауыр сынамасы қамтылуы тиіс медициналық кеңес алуды ұсыну қажет.

CD4 саны 250 жасушадан/мм3 жоғары әйелдер және CD4 саны 400/мм3 көп ерлер, иммуносупрессиясы бар емделушілердің көпшілігіне қарағанда, бауыр асқынуларының ең жоғары қатеріне ұшырауға бейім. Емдеудің басында бауыр ферменттерінің (ALT немесе AST) елеулі өзгерістері және/немесе клиникалық B немесе C гепатиті бар емделушілер бауыр тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болуының үлкен қатеріне бейім және оларды тиянақты қадағалау қажет. Бастапқы деңгейде және емдеудің алғашқы 6 аптасының ішінде, бауыр сынамасын қоса, қарқынды клиникалық және зертханалық бақылау қажет. Кейіннен бақылау жүйелі жалғасуы тиіс. Егер емделуші гепатит және/немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларына тән белгілер немесе симптомдарды сезінсе, бауырға дереу сынама жасау қажет. Емдеудің алғашқы 6 аптасында бөртпе көрініс беретін барлық емделушілер үшін де бауыр сынамаларына бақылау жасау қажет. Терапевттер мен емделушілер қажу, жайсыздану, анорексия, жүрек айну, сарғаю, билирубинурия, ахолиялық нәжіс, бауырдың аурушаңдығы немесе гепатомегалия сияқты гепатит белгілері мен симптомдарының пайда болуына қатысты қырағы болуы қажет. Гепатоуыттану диагнозын тіпті бауыр сынамаларының қалыпты деңгейлерінде де жоққа шығаруға болмайды.

Емдеу

Клиникалық гепатит білінгенде Ламивудин, зидовудин және невирапин препаратын қабылдауды тоқтатып, оны сауығудан соң жаңғырту қажет. Кейбір жағдайларда, емді тоқтатуға қарамастан, бауырдың зақымдануы, әсіресе, фиброз үдеп кетуі мүмкін.

Ламивудин және зидовудин

Ламивудин мен зидовудин қамтылатын жекелеген немесе біріктірілген нуклеозид аналогтарын пайдаланғанда өлімге ұшырау жағдайларын қоса, лактацидоз және стеатозы бар ауыр гепатомегалия болған. Әйел жынысы, семіздік және нуклеозидтердің ұзақ әсер етуі - негізгі қауіп факторлары.

Бауыр ауруларының белгілі қауіп факторлары бар кез келген емделушіге ламивудин мен зидовудин тағайындалғанда ерекше сақ болу қажет; дегенмен қауіп факторлары белгісіз емделушілердегі жағдайлар да тіркелген. Жалпы шаршау, дигестивті симптомдар (жүрек айну, құсу және іштің ауыруы және кенеттен түсініксіз салмақ жоғалту); респираторлық симптомдар (тыныс алудың жиілеуі және ентігу) немесе неврологиялық симптомдар (моторлық әлсіздікті қоса) лактацидоз дамуын көрсетуі мүмкін.

Ламивудинмен және зидовудинмен емдеуді тіпті трансаминазаларының байқалымды жоғарылауы болмаса да, гепатомегалия мен стеатозды қамтуы мүмкін лактацидоз немесе айқын гепатоуыттылықты көрсететін клиникалық немесе зертханалық өзгерістер дамитын кез келген емделушіде тоқтата тұру қажет.

АИВ және B гепатиті вирусымен (HBV) ко-жұқпаланған емделушілер

АИВ және HBV ко-жұқпаланған емделушілерде созылмалы B гепатитін емдеу үшін ламивудиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Созылмалы B гепатитінен ламивудинмен емделген емделушілерде ламивудинге төзімді HBV пайда болуы анықталған, әрі ол емдеу әсерінің азаюымен байланысты болған. Ламивудинге төзімділікпен байланысты B гепатитінің вирус штамдары мутацияларының дамуы B гепатиті вирусының микст-жұқпасы болғанда құрамында ламивудин бар антиретровирустық режимдер қабылдаған АИВ жұқтырған емделушілерде білінді. Сондай-ақ емнен кейін гепатиттің өршуі байқалды.

Емдеуден кейінгі гепатит өршуі

Созылмалы B гепатитінен ламивудинмен емделген емделушілердегі клиникалық сынақтарда ламивудинді тоқтатқаннан кейін гепатит өршулерінің клиникалық және зертханалық көріністері пайда болды. Аталған өршулердің көбінесе сарысулық AЛT жоғарылауы мен қанда HBV ДНҚ пайда болуы есебінен болатыны анықталды. Құбылыстардың көпшілігі, сірә, өтпелі болғанымен, кейбір жағдайларда өліммен аяқталулар тіркелген. Осындай құбылыстар туралы АИВ және HBV жұқтырған емделушілерді құрамында ламивудин бар АИВ емдеу режимдерін құрамында ламивудин жоқ режимдерге ауыстырғаннан кейін постмаркетингтік қолдану барысында хабарланды. Ламивудинмен емді тоқтатумен байланысты себептік байланысы белгісіз. Емделушілерді клиникалық та, зертханалық та катамнез көмегімен, кем дегенде, емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы мұқият қадағалау қажет. Ламивудин қабылдауды жаңғыртудың емдеуден кейінгі гепатиттің өршу ағымына әсер етуін анықтау үшін дәлелдер жеткіліксіз.

Майдың қайта таралуы (липодистрофия синдромы)

Біріктірілген антиретровирустық ем АИВ бар емделушілерде тері асты шелмай қабатында майлы тін көлемінің азаюымен немесе ұлғаюымен (липодистрофия) қатар жүреді. Қазіргі таңда осы құбылыстардың механизмі мен ұзақ мерзімді зардаптары белгісіз. Себептік байланысы анықталмаған.

Гематологиялық жағымсыз реакциялар

Зидовудин қолданатын емделушілерде мынадай жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: анемия, нейтропения және лейкопения (әдетте, нейтропения қатарласады). Осындай реакциялар зидовудиннің арттырылған дозаларын қабылдайтын (1200-1500 мг/күн) емделушілерде, тура ем басталғанға дейінгі сәтте организмінде сүйек кемігінің қоры аз және асқынып кеткен АИВ сатыларындағы емделушілерде көбірек жиі байқалады. Сондықтан препарат қабылдайтын осындай емделушілерде гематологиялық параметрлерді өте мұқият қадағалау керек. Гематологиялық жағымсыз әсерлері, әдетте, препаратпен емдеудің бастапқы сатыларында байқалмайды, әйтсе де емдеудің төрт-алты аптасы өткенде білінеді. Асқынып кеткен және симптоматикалық АИВ бар емделушілерге емдеудің алғашқы үш айында кемінде әр екі апта сайын, ал одан кейін айына бір рет талдауға қан тапсыру ұсынылады. АИВ жұқпасының ерте сатысындағы емделушілерде гематологиялық жағымсыз реакциялар сирек байқалады. Емделушінің жалпы жағдайына байланысты қан талдауларын сирек, мысалы, үш айда бір рет жасауға болады. Зидовудиннің дозалануын қосымша түзету ламивудин мен зидовудин көмегімен жүргізілген емге байланысты пайда болған ауыр анемия жағдайларында және сүйек кемігі функциясының бұзылуларында (миелосупрессия); немесе сүйек кемігі функциясының бұзылуы бұрыннан бар, яғни гемоглобин деңгейі 9 г/дл-ден аз (5.59 ммоль/л) немесе нейтрофильдер саны 1.0 x 109/л-ден аз құрайтын емделушілерге тағайындалады. 150 мг/300 мг ламивудин мен зидовудин дозасын түзету мүмкін болмағанда ламивудин мен зидовудиннің жекелеген дәрілік түрлерін тағайындау қажет. Емдеуші дәрігер осы дәрілік препараттарды әркімде жеке қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен танысуы керек.

Басқалары

Антиретровирустық емнен болатын оң әсер ұзақтығы невирапин немесе қандай да бір басқа антиретровирустық ем қабылдаған емделушілерде шектеулі болуы мүмкін, оппортунистік жұқпалар мен АИВ жұқпасының өзге де асқынуларын байқауға болады, сондықтан олар емделушілерді АИВ жұқпасынан емдеу тәжірибесі бар терапевттердің жіті клиникалық бақылауында қалуы тиіс.

Невирапин антиретровирустық емнің бөлігі ретінде тағайындалғанда емдеу басталғанша әрбір белсенді компоненті бойынша препараттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығып, емдеуші дәрігерден толық ақпарат алу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін (ұйқышылдық т.б.) ескеріп, көлікті немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қатты қажу, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүрек айну, өкпеде инфильтраттар түзілуі, тері бөртпесі, бас айналу, құсу және дене салмағын жоғалту.

Емі: ламивудин мен невирапин үшін белгілі у қайтарғысы жоқ. Ламивудинді перитонеальді диализ немесе гемодиализбен шығаруға болатыны белгісіз.

Гемодиализ және перитонеальді диализ, көрінісі бойынша, зидовудиннің шығарылуына шектеулі әсерін тигізеді, бірақ метаболиті глюкуронидтің шығарылуын күшейтеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/300/200 мг.

60 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салады.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

AUROBINDO PHARMA LIMITED

Unit III, Survey No. 313, Bacupally Village, Quthubullapur Mandal, Ranga Reddy District, (A. P.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

AUROBINDO PHARMA LIMITED, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050046, Алматы қ., Солодовников к-сі, 21/289

Тел. (727) 392-74-05

 

Прикрепленные файлы

534893671477976719_ru.doc 157.5 кб
152441071477977878_kz.doc 206 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники