Кызылмай® с прополисом

Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовоспалительные препараты для интравагинального применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003293
Информация о регистрации в РК: 05.05.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Қызылмай® прополиспен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 0.55 г «Кызыл май » полифит майы 0.05 г прополис

қосымша заттар какао майы, сары балауыз, бентонит

Сипаттамасы

Крем тәріздес-қоңырқайдан қоңырқай түске дейінгі түсті, ұшы сүйір, аздап прополистің иісі бар, кесілген жерінде біртекті немесе прополистің дақтары бар суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған жағдайда бөлме температурасында жоғалып кететін балауыздың кристалдары пайда болады.

Фармакотерапиялық тобы

Қынап ішіне қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар АТХ коды G02СС

Фармакологиялық қасиеттері

Қызыл май® полифитті майы - өсімдік тектес зат. Қызыл май® препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады. Биологиялық белсенді заттардың кешенінің құрамына кіретін 7 дәрілік өсімдік (негізінен сапонинді гликозидтер – глицирризин, сондай-ақ, эфир майлары, пептидтер, витаминдер мен минералдар) қабынуға қарсы, ауруды басатын, антисептикалық, түйілуді басатын, жараны жазатын, регенерациялайтын әсер етеді.

Препараттың құрамына кіретін прополис қышымаға қарсы, анальгетикалық, микробқа қарсы, жараны жазатын, вирусқа қарсы, антисептикалық әсерлерге иеленеді. Прополис жара беттерінің регенерация мен эпитализация үрдістерін жылдамдатады. Суппозиторий құрамына кіретін «Қызыл май®» полифит майы мен прополистың кешені қабынуға қарсы, регенерациялық, ауыруды басатын, антисептикалық, түйілуды басатын, жараны жазатын әсер көрсетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

– гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, вагиниттерде, эндоцервиттерде; – урологиялық ауруларда – циститтерде, протатиттерде; – проктологиялық ауруларда – геморройда, анус жарығында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады.

Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия, аллергиялық реакциялар. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы

Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады.

Препаратты автокөліктерді басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне ықпал етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

С түріндегі ақшыл-сары түсті поливинилхлорид/полиэтиленнен (ПВХ/ПЭ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден салынған. Екі пішінді ұяшықты қаптамалар мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 180С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы облысы, Есік қаласы, Маметова көшесі, 25

тел./факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы:

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

Сейфуллин көшесі, 63 «а»

тел./факс 8(727) 297 27 00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru www. fitoleum.kz

Прикрепленные файлы

492155501477976424_ru.doc 46 кб
717535361477977624_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники