Ксизал® (5 мг/мл)

МНН: Левоцетиризин
Производитель: Эйсика Фармасьютикалз С.р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levocetirizine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014453
Информация о регистрации в РК: 31.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ксизал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левоцетиризин

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 5 мг/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді,

қосымша заттар: натрий ацетаты, сірке қышқылы, пропиленглиголь, глицерин 85%, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 217), натрий сахаринаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз дерлік сәл бозаңданатын ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік әсер ететін антигистаминдік препараттар. Пиперазин туындылары. Левоцитеризин.

АТХ коды R06АE09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левоцитризиннің фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты өзгереді және іс жүзінде цетиризиннің фармакокинетикасынан айырмашылығы болмайды.

Сіңуі. Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді. Ас қабылдау толық сіңуіне әсер етпейді, дегенмен сіңу жылдамдығы төмендейді. Ересектерде қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmах) препаратты емдік дозада (5 мг) бір рет қабылдағаннан кейін 0,9 сағаттан соң жетеді және 207 нг/мл, тәулігіне 5 мг дозада қайталап қабылдағаннан кейін 308 нг/мл құрайды. Концентрация тұрақты деңгейге 2 тәуліктен кейін жетеді.

Таралуы. Левоцетиризин қан плазмасы ақуыздарымен 90%-ға байланысады. Таралу көлемі (Vd) дене салмағының әр кг шаққанда 0,4 л құрайды. Биожетімділігі 100%-ға жетеді.

Метаболизмі. Аздаған мөлшерде (<14) бауырда (цитохромдар жүйесінің көмегімен бауырда метаболизденетін Н1-гистаминдік рецепторлар антагонистерінен айырмашылығы) N- және О-деалкилдену жолымен фармакологиялық тұрғыда белсенді емес метаболиттерді түзе отырып, метаболизденеді. Метаболизм деңгейінің төмен және метаболикалық потенциалының жоқ болуына байланысты левоцетиризиннің басқа да дәрілік препараттармен өзара байланысу ықтималдығы аз.

Деалкилдену ең алдымен CYP 3A4 арқылы жүреді, ароматтық тотығу кезінде көптеген және/немесе белгісіз CYP изоформалары қатысады. Левоцетиризин CYP 1A2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоферменттердің қызметіне 5 мг дозаны қабылдаған кезде жеткен концентрацияның ең жоғары шегінен едәуір жоғары концентрацияларда ықпал етпейді.

Метаболизмінің төмен және метаболизмдік басылу потенциалының жоқ болуының арқасында, левоцетиризиннің басқа заттармен, немесе керісінше, өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Шығарылуы. Ересектерде жартылай шығарылу кезеңі 7.9 ± 1.9 сағатты құрайды. Кішкентай балаларда жартылай шығарылу кезеңі қысқарған. Ересектерде жалпы клиренсінің орташа шамасы дене салмағының әр кг-на шаққанда минутына 0,63 мл құрайды. Левоцетиризиннің және метаболиттерінің негізгі шығарылу жолы несеппен бірге, ол дозаның орта есеппен 85.4%-ын құрайды. Нәжіс арқылы шығарылуы дозаның тек 12.9%-ын ғана құрайды. Левоцетиризин шумақтық сүзілу арқылы да, сондай-ақ белсенді өзекшелік секреция арқылы да бөлініп шығады.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі (КК) < 40 мл/мин) емделушілерде препараттың клиренсі азаяды, ал Т1/2 ұзарады (өйткені гемодиализде жүрген емделушілерде жалпы клиренс 80-ға төмендейді), бұл дозалау режимін тиісінше өзгертуді қажет етеді. Левоцитиризиннің 10-дан азы стандартты 4 сағаттық гемодиализ емшарасын жүргізгенде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Левоцитиризин – Ксизал® препаратының белсенді заты – бұл цетиризин R-энантиомері, гистаминнің бәсекелес антагонистері тобына жатады және Н1-гистаминдік рецепторларды бөгейді. Левоцетиризиннің Н1-гистаминдік рецепторлармен ұқсастығы цетиризинге қарағанда 2 есе жоғары болады.

Левоцетиризин аллергиялық реакциялардың гистаминге тәуелді сатысына әсер етеді, сондай-ақ эозинофилдер миграциясын азайтады, қантамыр өткізгіштігін төмендетіп, қабыну медиаторларының босап шығуын шектейді.

Аллергиялық реакциялардың дамуына жол бермейді және барысын жеңілдетеді, экссудатқа қарсы, қышынуға қарсы әсері бар, іс жүзінде антихолинергиялық және антисеротониндік әсер бермейді. Емдік дозаларда тыныштандырғыш әсер бермейді.

Қолданылуы

- аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеуде (персистирленетін аллергиялық ринитті қоса)

- есекжемде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішу арқылы, аспен бірге немесе ашқарынға қабылданады.

Тамшыларды шай қасыққа құяды немесе судың аздаған мөлшерінде ерітеді. Егер, әсіресе балаларға сұйылту керек болса, емделуші жұта алатындай су мөлшерін пайдаланған жөн. Сұйылтылған ерітінді дереу қолданылуы тиіс.

Тамшысын есептеген кезде бөтелке тігінен (жоғарыдан төмен қарай) орналастырылуы тиіс. Тамшы ағыны жоқ болған жағдайда, егер тамшының керек мөлшері жеткізілмесе, бөтелкені тігінен түбін жоғары қарата төңкеріп ұстаңыз да, тамшыны санауды жалғастырыңыз.

Тіпті 6 айлықтан бастап 12 жасқа дейінгі балаларда клиникалық зерттеулер бойынша біршама деректер бар болса да, олар левоцетиризинді нәрестелерге және 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.

Осыған байланысты левоцетиризинді жаңа туған нәрестелерге және 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамау керек.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар:

Күн сайын ұсынылатын доза 1.25 мг-ден 2 рет қабылданатын 2.5 мг (күніне екі рет 5 тамшы) құрайды.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар:

Ұсынылатын күндізгі дозасы 5 мг (20 тамшы) құрайды.

12 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдер және ересектер:

Ұсынылатын күндізгі дозасы 5 мг (20 тамшы) құрайды.

Егде жастағы адамдар

Бүйрек қызметінің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы емделушілерде дозаны түзету керек (төменде «Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар ересек емделушілерді» қараңыз).

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар ересек емделушілер

Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты жекелей белгіленуі тиіс. Келесі кестеге жүгініңіз және дозаны сонда көрсетілгендей түзетіңіз. Дозалаудың осы кестесін пайдалану үшін, емделушінің мл/мин. креатинин клиренсіне (КК) баға беру қажет. КК (мл/мин) келесі формула бойынша анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін:

[140 – жасы (жылмен)] × дене массасы(кг)

КК = –––––––––––––––––––––––––––––––– (× 0,85 әйелдер үшін)

72 × сарысу креатинині (мг/дл)

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету:

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі

(мл / мин)

Дозасы және жиілігі

Қалыпты

≥80

Күніне бір рет 5 мг

Жеңіл

50 – 79

Күніне бір рет 5 мг

Орташа

30 – 49

2 күнде бір рет 5 мг

Ауыр

< 30

3 күнде бір рет 5 мг

терминальді сатысы –диализдегі емделушілер

< 10

Қарсы көрсетілімі бар

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан балалар

Доза емделушінің бүйректік клиренсін және оның дене салмағын ескере отырып, жекелей негізде түзетілуі тиіс.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ғана бар емделушілер дозаны түзетуді қажет етпейді. Бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны реттеуге ұсыныс жасалады (жоғарыда «Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар ересек емделушілер» қараңыз).

Пайдалану ұзақтығы:

Мерзім сайын болатын аллергиялық ринит (симптомдары <4 күн/апта немесе 4 аптадан аз) ауруға және оның тарихына байланысты қарастырылуы тиіс, емдеуді симптомдар жоғалғаннан кейін ғана тоқтатуға болады, және симптомдар пайда болған кезде қайтадан жаңғыртылуы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит жағдайында (симптомдары > 4 күн/апта және 4 аптадан астам уақыт ішінде) үздіксіз емдеуге емделушінің аллергенмен жанасуы кезінде ұсыныс жасалуы мүмкін. Созылмалы есекжем және созылмалы аллергиялық ринит үшін рацематты бір жылға дейін қолданудың клиникалық тәжірибесі бар.

Жағымсыз әсерлері

Балалар

6-11 айлық және 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларда жүргізілген плацебо-бақыланатын зерттеулерде

- диарея, құсу, іш қату, сілекей гиперсекрециясы

- шөлдеу, ашығу сезімі, шаршау, анорексия, ұйқышылдық, психомоторлы аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, орташа дәрежелі ұйқысыздық

- мұрыннан қан кету

- қышыну

6-12 жастағы балаларда

- бас ауыру, ұйқышылдық

12 жастан асқан жасөспірімдерде және ересектерде

- бас ауыру, ұйқышылдық, ауыздың кеберсуі, шаршау

Әлсіздік және іштің ауыруы сияқты жағымсыз реакциялар (жиі емес ≥ 1/1000, <1/100) байқалды.

Ұйқышылдық, шаршау және астения сияқты седативтік жағымсыз реакциялардың пайда болу жағдайлары, плацебо қабылдаған кездегіге қарағанда (3.1 %), 5 мг левоцетиризинді қабылдағаннан кейін жиірек (8.1%) болды.

Постмаркетингтік кезең

- аса жоғары сезімталдық, соның ішінде анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, бөртпе, қышыну, есекжем

- тәбеттің жоғарылауы, жүректің айнуы, құсу

- озбырлық, қозу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидальді ойлар, құрысулар, парестезиялар, бас айналу, есінен тану, тремор, дисгезия, көрудің нашарлауы, көрудің бұлдырауы

- жүректің қағуы, тахикардия

- ентігу

- гепатит, бауыр функциясының бұзылуы

- дизурия, несептің іркілуі

- бұлшықеттің ауыруы

- ісіну

- салмақтың артуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левоцетиризинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне немесе пиперазиннің кез келген туындысына жоғары сезімталдық

- креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден аз болатын бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Левоцетиризиннің өзара әрекеттесуін білуге зерттеу (соның ішінде CYP3A4 индукторларымен зерттеулер) жүргізілген жоқ.

Цетиризиннің рацематпен қосылысуына жүргізілген зерттеулерде антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулер көрінген жоқ.

Цетиризин клиренсінің аздап (16%) төмендеуі теофиллиннің бірнеше дозаларымен (күніне бір рет 400 мг) жүргізілген зерттеулерде байқалды, сол уақытта цетиризинді бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің фармакокинетикасы сияқты өзгермейді.

Ритонавирдің (күніне екі рет 600 мг) және цетиризиннің (тәулігіне 10 мг) бірнеше дозаларына жүргізілген зерттеулерде цетиризиннің әсер ету дәрежесі шамамен 40%-ға артты, ал ритонавирдің фармакокинетикасы сәл өзгерді (-11%), бұл әрі қарай цетиризиннің сіңуімен қатар жүрді.

Аспен бірге қабылдағанда левоцетиризиннің сіңу жылдамдығы төмендесе де, сіңірілу дәрежесі азаймайды.

Сезімтал емделушілерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ басқа да депрессанттарын бір мезгілде қолдану, цетиризин рацематы алкогольдің әсерін күшейтпесе де, орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ксизал® қабылдап жүрген емделушілер алкоголь қабылдауды тоқтата тұрғаны жөн.

Несептің іркілуіне бейім факторлары (жұлын хордасының зақымдануы, қуықасты безінің гиперплазиясы) бар емделушілер аса сақтықпен қабылдауы керек, өйткені левоцетиризин несептің іркілуінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Ішуге арналған Ксизал® препараты тамшысының құрамындағы метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (кейін болуы да мүмкін).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жануарларға жүргізілген экспериментальді зерттеулерде дамып келе жатқан ұрыққа, оның ішінде постнатальді кезеңде левоцетиризиннің қандай да бір тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлері байқалған жоқ; сондай-ақ жүктілік және босану барысы да өзгерген жоқ.

Жүктілік кезінде левоцетиризинді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан препаратты жүктілік кезінде қолданбаған жөн.

Левоцетиризин емшек сүтімен бірге бөлініп шығады, сондықтан лактация кезеңінде оны қолдану қажет болған кезде препаратты қабылдау кезеңінде емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Салыстырмалы клиникалық зерттеулерде левоцетиризиннің ұсынылған дозада ақыл-ой белсенділігін, көлікті басқару реакциясын немесе қабілетін төмендету дәлелдері анықталған жоқ. Дегенмен, левоцетиризинмен емделген кезде кейбір емделушілер ұйқышылдықты, шаршауды және әлсіздікті бастан өткеруі мүмкін. Осылайша, автокөлік жүргізгісі, қауіпті қызмет түрлерімен айналысқысы немесе механизмдерді басқарғысы келетін емделушілер жоғарыда айтылған реакцияларға көңіл бөлуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық (ересектерде), қозу және ұйқышылдыққа ауысатын мазасыздық (балаларда).

Емі: препаратты ішке қабылдағаннан кейін бірден асқазанды шаю немесе құстыру қажет. Белсенділендірілген көмір, симптоматикалық және демеуші ем тағайындау керек. Өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ тиімді емес

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен жабдықталған, балалардың ашып тастауынан қорғайтын бұралатын ақ пропиленнен жасалған қақпағы бар, сыйымдылығы 15 мл күңгірт шыны (III тип) құтыда ерітінді 10 мл-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін - 3 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Эйсика Фармасьютикалз С.р.Л., Италия

ВиаПралья 15,

1-10044 Пьянецца (Турин), Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

ЮСБ Фаршим С.А., Швейцария

Планши өндірістік аумағы,

Шмен де Круа Бланш 10,

СН-1630 Булле, Швейцария

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд компаниясының өкілдігі, 050059, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 701 9908566, +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

568987251477976699_ru.doc 74 кб
219331891477977862_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники