Кристи

МНН: Дроспиренон, Этинилэстрадиол
Производитель: Лабораториос Леон Фарма С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дроспиренон и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021436
Информация о регистрации в РК: 23.10.2020 - 23.10.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 119.43 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кристи

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 3 мг микрондалмаған дроспиренон,

0,03 мг микрондалған этинилэстрадиол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, кросповидон (Пласдон XL-10 В типі), кросповидон (Пласдон XL-10 А типі), повидон К-30, полисорбат 80, магний стеараты,

қабық құрамы: Опадрай II сары (поливинил, ішінара гидролизденген алкоголь, титанның қостотығы Е171, макрогол 3350, тальк, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172).

Сипаттамасы

Сары түсті қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі пайдалануға арналған гормональді контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер (бекітілген қосылыстар). Дроспиренон және эстрогендер

АТХ коды G03AA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дроспиренон

Сіңірілуі

Ішу арқылы қабылдағанда дроспиренон тез және толық дерлік сіңіріледі. Бір рет ішке қабылдағаннан кейін сарысудағы дроспиренон 37 нг/мл тең ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі 76-дан 85% дейін ауытқиды. Ас ішу дроспиренон биожетімділігіне ықпал етпейді.

Таралуы

Дроспиренон сарысулық альбуминмен байланысады және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (ЖГБГ) немесе кортикостероидпен байланыстыратын глобулинмен (КБГ) байланыспайды. Жалпы сарысулық гормон деңгейінің 3-5% ғана бос күйде болады, 95-97% ЖГБГ-мен спецификалық байланысады. Этинилэстрадиолмен индукцияланған ЖГБГ деңгейінің артуы дроспиренонның қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына ықпал етпейді. Орташа болжамды таралу көлемі шамамен 3,7-4,2 л/кг құрайды.

Метаболизмі

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дроспиренон толық метаболизденеді.

Қан плазмасында метаболиттердің көпшілігі Р450 жүйесінің тартылуынсыз түзілетін дроспиренонның қышқылды түрлерінде, ашық лактонды сақинасы бар туындылар және 4,5-дигидро-дросперинон-3-сульфаты түрлерінде болады. Іn vitro зерттеулерінің деректері бойынша дроспиренон аз мөлшерде Р450 3А4 цитохромының қатысуымен метаболизденеді. Сарысудан шығатын клиренс жылдамдығы шамамен 1,2-1,5 мл/мин/кг құрайды.

Элиминациясы

Қан сарысуындағы дроспиренон мөлшері екі фазалы төмендеуге ұшырайды. Терминалдық фазадағы жартылай шығарылу кезеңі 31 сағатқа жуық. Дроспиренон өзгеріссіз күйде шығарылмайды, метаболиттерінің өтпен және несеппен шамамен 1,2:1,4 арақатынасында жартылай шығарылу кезеңі 1,7 күнге жуық метаболиттер түрінде шығарылады.

Тепе-тең концентрациясы

Дроспиренон фармакокинетикасына қан сарысуындағы ЖГБГ деңгейі ықпал етпейді. Препаратты күнделікті қабылдау нәтижесінде сарысудағы заттар мөлшерінің деңгейі шамамен екі-төрт есе артады, aл тепе-тең концентрациясына курстың екінші жартысында жетеді.

Этинилэстрадиол

Сіңірілуі. Ішке қабылдағаннан кейін этинилэстрадиол тез және толық сіңеді. Қан плазмасындағы шамамен 54-100 пг/мл тең ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Сіңу кезінде және бауыр арқылы алғашқы пассажда этинилэстрадиол қарқынды метаболизденеді, соның нәтижесінде ішке қабылдағанда оның биожетімділігі орта есеппен 45% жуық құрайды, осы орайда 20-65% шегінде елеулі жекеше айырмашылықтары білінеді.

ТаралуыЭтинилэстрадиол альбуминмен толық дерлік байланысады (98%). Этинилэстрадиол ЖГБГ синтезін индукциялайды. Этинилэстрадиолдың болжамды таралу көлемі 2,8 - 8,6 л/кг тең.МетаболизміЭтинилэстрадиол аш ішектің шырышты қабығында және бауырда жүйе алдындағы конъюгацияға ұшырайды, хош иісті гидроксилдену жолымен бастапқы метаболизденеді, осы орайда бос метаболиттер түрінде де, глюкурон және күкірт қышқылдарымен конъюгаттар түрінде де болатын әртүрлі гидроксилденген және метилденген метаболиттер түзіледі. Этинилэстрадиолдың метаболизмдік клиренс жылдамдығы шамамен 2,3 - 7,0 мл/мин/кг құрайды. ЭлиминациясыҚан сарысуындағы этинилэстрадиол мөлшері екі фазалы төмендеуге ұшырайды; алғашқы фазасы 1 сағатқа жуық, екіншісі 10-20 сағат жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады. Организмнен өзгеріссіз күйде шығарылмайды. Этинилэстрадиол метаболиттері бүйрекпен және бауырмен 4:6 арақатынасында шығарылады; жартылай шығарылу кезеңі 24 сағатқа жуық.Тепе-тең концентрациясы

Тепе-тең концентрациясына емдеу циклының шамамен екінші жартысында жетеді.

Фармакодинамикасы

Кристи – ішу арқылы қабылданатын минералокортикоидқа қарсы және андрогенге қарсы әсері бар төмен дозаланған көп фазалы контрацептив.

Кристидің контрацептивтік әсері әртүрлі факторлардың өзара әрекеттесуіне негізделеді, олардың ең маңыздысы овуляция тежелісі және жатыр мойны шырышы тұтқырлығының өзгеруі болып табылады. Контрацептивтік әсерінен тыс, ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер оң әсер көрсетеді, оны тууды бақылау әдісін таңдағанда ескеру керек. Оралым жүйелірек бола түседі, ауырсынулы етеккірлер сирек байқалады, қан кету қарқындылығы азаяды, соның нәтижесінде темір тапшылықты анемия қаупі төмендейді.

Кристиде болатын дроспиренонның минералокортикоидқа қарсы белсенділігі бар, бұл денеге салмақ қосудан және сұйықтық іркілісімен байланысты басқа симптомдардан сақтандыра алады, эстрогендер туындататын натрий іркілісін болдырмайды, өте жақсы төзімділікті қамтамасыз етеді және етеккір алдындағы синдромда оң әсерін тигізеді. Этинилэстрадиолмен біріктіргенде, дроспиренон липидтік бейінді жақсартады және тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) деңгейін арттырады. Дроспиренонның андрогенге қарсы белсенділігі бар, бұл акне көріністерінің азаюына және май бездерінің төмен өндірілуіне апарады.

Дроспиренон этинилэстрадиолмен индукцияланған жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин (ЖГБГ) деңгейінің жоғарылауына қарсы әрекет етпейді, бұл эндогенді андрогендерді байланыстыру мен белсенділігін жою үшін пайдалы болады.

Дроспиренонның қандай да бір андрогендік, эстрогендік, глюкокортикоидтық және глюкокортикоидқа қарсы белсенділігі жоқ. Бұл, минералокортикоидқа қарсы және андрогенге қарсы әсерімен бірігіп, дроспиренонды табиғи прогестерон гормоны сияқты биохимиялық және фармакологиялық әсермен қамтиды. Эндометрий мен аналық бездер обырының даму қаупінің төмендеуі жөнінде де деректер бар. Жоғары дозаланып ішілетін контрацептивтер (0,05 мг этинилэстрадиол) аналық бездер кистасының, кіші жамбас астауы қабыну ауруларының, сүт безінің қатерсіз ауруларының және жатырдан тыс жүктіліктің даму жиілігін төмендетеді. Осы деректердің төмен дозаланған контрацептивтерге қаншалықты қатысты екені әріқарай зерттеуді талап етеді.

Қолданылуы

- ішуге арналған контрацепцияда, соның ішінде гормонға тәуелді сұйықтық іркілісі, безеу бөртпесі және себореясы бар әйелдерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішілетін біріктірілген контрацептивтер, соның ішінде Кристи жоғары контрацептивтік сенімділігімен ерекшеленеді. «Сәтсіз әдіс» көрсеткіші жылына 1%-дан аспайды. Контрацептивтік сенімділігі таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған кезінде немесе оларды дұрыс қабылдамағанда төмендеуі мүмкін.

Таблеткаларды қаптамасында көрсетілген тәртіпте, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта аздаған су мөлшерімен ішке қабылдайды. Үзіліссіз 21 күн бойы тәулігіне бір таблеткадан қабылданады. Әр келесі қаптаманы қабылдау етеккірге ұқсас қан кету байқалатын 7 күндік үзілістен соң басталады. Ол, әдетте, соңғы таблетканы қабылдаудан бастап 2-3 күні басталады және жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша бітпеуі мүмкін.

Кристи қабылдауды қалай бастау керек

- Алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептивтер болмағанда

Кристи қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні (яғни, етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады.

- Біріктірілген гормональді контрацептивтерден (ішілетін біріктірілген контрацептив, қынаптық сақина, трансдермальді бұласыр) ауысқанда

Қабылдаудағы әдеттегі 7-күндік үзілістен соң (құрамында 21 таблетка бар препараттар үшін) немесе құрамында гормон жоқ соңғы таблетканы қабылдаудан кейін (құрамында 28 таблетка бар препараттар үшін) Кристи қабылдауды бастау керек. Қынаптық сақинадан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқанда Кристи қабылдауды сақинаны немесе бұласырды алып тастаған күні, бірақ ешбір жағдайда сақина немесе бұласыр қолданылуы тиіс келесі күннен кешіктірмей қабылдаған дұрыс.

- Құрамында тек гестагендері бар контрацептивтерден («мини-пили», инъекциялық түрлер, имплантант) ауысқанда

Мини-пилиден Кристиге кез келген күні (үзіліссіз), имплантанттан оны алып тастаған күні, инъекциялық түрінен келесі инъекция жасалуы тиіс күннен бастап көшуге болады. Барлық жағдайларда таблеткалар қабылдаған алғашқы 7 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет.

- Жүктіліктің бірінші триместріндегі жасанды түсіктен кейін

Қабылдауды дереу бастауға болады, осы шарт сақталса, қосымша контрацептивтік қорғану қажет емес.

- Жүктіліктің екінші триместріндегі жасанды түсіктен немесе босанудан соң

Препарат қабылдауды жүктіліктің екінші триместріндегі босанудан немесе жасанды түсіктен кейін 21-28 күні бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблеткалар қабылдаған алғашқы 7 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет. Алайда, егер әйел жыныстық қатынаста болып үлгерсе, Кристи қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс немесе алғашқы етеккірді күте тұру қажет.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблетка қабылдауда кешігу 12 сағаттан аз болса, контрацептивтік қорғаныс төмендемейді, таблетканы мүмкіндігінше тезірек қабылдау қажет, келесісі әдеттегі уақытта қабылданады.

Егер таблеткар қабылдауда кешігу 12 сағаттан көп болса, контрацептивтік қорғаныс төмендеуі мүмкін. Осы орайда келесі екі негізгі ережені жетекшілікке алуға болады:

  • Препарат қабылдау ешқашан 7 күннен артық үзілмеуі тиіс.

  • Таблеткаларды 7 күн үзіліссіз қабылдау гипоталамды-гипофизарлы-аналық бездер жүйесінің талапқа сай бәсеңдеуіне жету үшін қажет болады.

Егер таблеткалар қабылдауда кешігу 12 сағаттан көп болса (соңғы таблетканы қабылдаған сәттен бастап аралық 36 сағаттан көп), тиісінше мынадай кеңестер беруге болады.

  • Препарат қабылдаудың бірінші аптасы

Әйел соңғы өткізіп алған таблеткасын еске түсірген бойда мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс (тіпті, егер бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетка әдеттегі уақытта қабылданады. Кейінгі 7 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдісі (мысалы, мүшеқап) қосымша пайдаланылуы тиіс. Егер таблеткаларды өткізіп алудың алдындағы апта ішінде жыныстық қатынас орын алса, жүкті болып қалу ықтималдығын ескеру қажет.

Өткізіп алған таблеткалар санының көбеюіне және қабылдаудағы жүйелі үзіліс кезеңінің жақындауына қарай, жүкті болып қалу ықтималдығы арта түседі.

  • Препарат қабылдаудың екінші аптасы

Әйел соңғы өткізіп алған таблеткасын еске түсірген бойда мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс (тіпті, егер бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетка әдеттегі уақытта қабылданады. Егер әйел таблеткаларды алғашқы өткізіп алу алдындағы 7 күн бойы таблеткаларды дұрыс қабылдаса, қосымша контрацепциялық шаралар пайдалану қажеттілігі жоқ. Керісінше жағдайда, сондай-ақ екі немесе одан да көп таблетканы өткізіп алғанда7 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдістерін (мысалы, мүшеқап) қосымша пайдалану қажет.

  • Препарат қабылдаудың үшінші аптасы

Таблеткалар қабылдауда үзіліс болатындықтан, сенімділіктің төмендеу қаупі кепілді.

Әйел мына екі нұсқаның біреуін қатаң ұстануы тиіс.

1. Әйел соңғы өткізіп алған таблеткасын мүмкіндігінше тезірек қабылдауы тиіс (тіпті, егер бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетка ағымдағы қаптамадан таблеткалар біткенше әдеттегі уақытта қабылданады. Келесі қаптаманы бірден бастау керек. Екінші қаптама біткенше тоқтатудан болатын қан кету ықтималдығы аз, бірақ таблеткалар қабылдау кезінде жағынды бөліністер және құйылған қан кетулер білінуі мүмкін.

2. Ағымдағы қаптамадан таблеткалар қабылдауды үзуге де болады. Артынан ол таблеткалар өткізіп алған күнді қоса 7 күнге үзіліс жасап, сосын жаңа қаптама қабылдауды бастауы тиіс.

Егер таблеткаларды өткізіп алуға дейін алдыңғы 7 күнде препарат дұрыс қабылданса, қосымша контрацептивтік шаралар пайдалану қажеттілігі жоқ. Егер әйел таблеткалар қабылдауды өткізіп алса, ал артынан таблеткалар қабылдаудағы 7 күндік үзіліс кезінде етеккірге ұқсас қан кету байқалмаса, жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайындағы кеңестер

Ауыр асқазан-ішек бұзылыстарында препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша контрацепция шараларын қабылдау керек. Егер әйелде Кристи таблеткаларын қабылдаудан кейін 3-4 күн ішінде таблеткаларды өткізіп алумен барабар болуы мүмкін құсу байқалса, таблеткалар өткізіп алуға қатысты кеңестерді бағдарға алу керек. Егер әйел препарат қабылдаудың қалыпты режимін өзгерткісі келмесе, ол қажет болғанда қосымша таблетка (немесе басқа қаптамадан бірнеше таблетка) қабылдауы тиіс.

Етеккір оралымының басталу күнін өзгерту

Етеккір басталатын күнді кейінге шегеру үшін, Кристидің жаңа қаптамасынан таблеткалар қабылдауды алдыңғысынан барлық таблеткалар қабылданған соң қабылдаудағы үзіліссіз бірден жалғастыру қажет. Осы жаңа қаптамадан таблеткаларды, әйелдің қалауынша, ұзақ уақыт қабылдауға болады (қаптама біткенше бола береді). Екінші қаптамадан препарат қабылдау аясында әйелде жағынды бөліністер немесе жатырдан құйылған қан кетулер білінуі мүмкін. Жаңа қаптамадан Кристи қабылдауды әдеттегі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн.

Етеккір басталатын күнді аптаның басқа күніне ауыстыру үшін таблеткалар қабылдаудағы таяу үзілісті етеккірдің басталуын қанша күнге шегеру қажет болса, сонша күнге қысқарту керек. Аралық қанша қысқа болса, тоқтату қан кетуінің болмау қаупі, әріқарай, екінші қаптаманы қабылдау кезінде жағынды қанды бөліністер мен құйылған қан кетулердің (әйел етеккірдің басталуын шегергісі келетін жағдайдағы сияқты) даму қаупі жоғары.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1/100, 1/10):

- эмоциялық құбылу, депрессия, көңіл-күйдің түсуі

- жүрек айну

- бас сақинасы

- либидоның төмендеуі немесе болмауы

- сүт бездерінің ауыруы, жатырдан жүйесіз қан кетулер, сипаты анықталмаған жаныс жолдарынан қан кетулер

Сирек (1/10 000, 1/1000):

- көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболия үдерістері (басқа да ішілетін контрацептивтердегі сияқты жиілікте, шеткергі терең көктамырлар окклюзиясын, тромбоз және өкпе тамырларының эмболия/окклюзиясын, миокард инфарктісін, геморрагиялық емес сипаттағы церебральді инсультті қоса)

Белгісіз жиілікте

- мультиформалы эритема

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Төменде жиілігі өте төмен немесе ішілетін біріктірілген контрацептивтер тобының препараттарымен өзара байланысты болуы мүмкін деп қарастырылатын симптомдардың пайда болуы кейіннен біліне бастайтын жағымсыз реакциялар атап көрсетілген.

Ісіктер

- сүт безі обыры диагнозының жиілігі ішілетін контрацептивтер қабылдайтын әйелдер арасында сәл жоғарылаған. Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдерде жиі білінетіндіктен, диагноздар санының көбеюі осы аурудың жалпы даму қаупіне қатысты елеусіз болып табылады, оның ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдаумен байланысы дәлелденбеген.

- бауыр ісіктері (қатерсіз және қатерлі)

Басқа жағдайлар

- түйінді эритема

- гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде ішілетін біріктірілген контрацептивтер пайдалану кезінде панкреатит даму қаупінің жоғарылауы болады

- артериялық гипертензия

- ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдаумен өзара байланысы дәлелденбеген жай-күйлердің пайда болуы немесе нашарлауы: сарғаю және/немесе холестазбен байланысты қышыну; өт қабында тастардың түзілуі, порфирия, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық уремиялық синдром, Сиденгем хореясы, жүктілер герпесі, естімей қалу (отосклерозбен байланысты)

- тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер осы ауруға түрткі болуы немесе симптомдарын өршітуі мүмкін

- бауыр функциясының бұзылулары

- глюкозаға төзімділіктің өзгеруі немесе шеткергі инсулинге төзімділік әсерлері

- Крон ауруы және спецификалық ойық жаралы колит

- хлоазма

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе және есекжем сияқты симптомдарды қоса)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Төменде атап көрсетілген жай-күйлердің қандай да бірі болғанда ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қолданылмауы тиіс. Егер осы жай-күйлердің қандай да бірі қабылдау аясында алғаш дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс:

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі) тромбоздар/тромбоэмболиялар (көктамырлық және артериялық) немесе цереброваскулярлы бұзылулар

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы тромбоз алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар, стенокардия)

- көктамырлық немесе артериялық тромбоздың жоғары даму қаупі

- сыртартқыдағы ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы

- тамырлық асқынулары бар қант диабеті

- бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестілері қалпына түскенше)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

- анықталған қатерлі гормонға тәуелді аурулар (мысалы, жыныс ағзаларының немесе сүт бездерінің) немесе олардан күдіктену

- шығу тегі түсініксіз қынаптан қан кету

- жүктілік немесе одан күдіктену, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың Кристиге әсерлері

Бауыр ферменттері индукциялайтын дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жыныс гормондары клиренсінің артуына ықпал етіп, құйылған қан кетулерге және/немесе препараттың контрацептивтік тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Осындай препараттар қабылдау кезінде әйел Кристиді толықтыратын контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану немесе контрацепцияның басқа әдісін таңдау керек. Осы орайда контрацепциялық бөгеу әдісін препараттарды қатарлас қабылдау кезеңінде және оларды тоқтатқаннан кейін 28 күн бойы пайдалану керек.

Егер сақтанудың бөгеттік әдісін пайдалану кезеңі қаптамадағы таблеткадан кешірек аяқталса, Кристидің келесі қаптамасына таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі үзіліссіз көшу керек.

Жыныс гормондарының клиренсін арттыратын (бауыр ферменттерінің индукциясы салдарынан біріктірілген гормональді контрацептивтер тиімділігін төмендететін) заттар, мысалы:

фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин және рифампицин; сонымен қатар окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шайқурай бар препараттарға қатысты жорамалдар бар.

Ішілетін біріктірілген контрацептивтер клиренсіне әртүрлі әсерлері бар заттар.

Ішілетін біріктірілген контрацептивтермен қосып қолданғанда көптеген АИВ/HCV-протеаза тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері қан плазмасындағы эстрогендер немесе прогестиндер концентрациясын арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Аталған өзгерістер кейбір жағдайларда релевантты мәнге ие болады.

Біріктірілген гормональді контрацептивтер (ферменттер тежегіштері) метаболизміне ықпал ететін заттар.

Дроспиренонның негізгі метаболиттері Р 450 цитохромы жүйесінің қатысуынсыз түзіледі. Осылайша, осы ферментативтік жүйе тежегіштерінің дроспиренон метаболизміне ықпал ету ықтималдығы аз.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтердің басқа препараттарға ықпалы.

Ішуге арналған контрацептивтер кейбір басқа препараттардың метаболизміне ықпал етуі мүмкін, бұл олардың қан плазмасындағы және тіндердегі концентрациясының артуына (циклоспорин) немесе азаюына (ламотриджин) алып келеді.

Іn vitro тежелу және in vivo өзара әрекеттесу зерттеулері нәтижелеріне сүйенгенде, маркерлік субстраттар ретінде омепразол, симвастатин және мидазолам пайдаланған ерікті қатысушы әйелдер арасында 3 мг дозадағы дроспиренонның басқа дәрілер метаболизміне ықпал ету ықтималдығы аз.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері.

Альдостерон антагонистері, калий жинақтаушы диуретиктер сияқты калийдің сарысулық деңгейін арттыра алатын басқа препараттармен бір мезгілде Кристи алатын әйелдерде калийдің сарысулық деңгейінің теориялық арту мүмкіндігі бар. Бір мезгілде дроспиренон мен АӨФ тежегіштерін, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдағанда қан сарысуындағы калийдің елеулі артуы анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Алдын ала сақтану шаралары және сақтандырулар.

Егер төменде көрсетілген жай-күйлердің/қауіп факторларының қандай да бірі қазіргі уақытта бар болса, онда әрбір жекеше жағдайда Кристи емінің әлеуетті қатері мен күтілген пайдасын мұқият таразылап, оны әйелмен ол препарат қабылдай бастауды шешкенше талқылап алу керек. Осы жай-күйлердің немесе қауіп факторларының кез келгені күшейген немесе алғаш көрініс берген жағдайда препаратты тоқтату шешімін қабылдау керек.

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.

Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелері ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер мен көктамырлық және артериялық тромбоздардың және миокард инфарктісі, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен цереброваскулярлы бұзылулар сияқты тромбоэмболиялық үдерістердің даму қаупінің жоғарылауы арасында өзара байланыс барын көрсетеді. Аталған аурулар сирек білінеді.

Көктамырлық тромбоэмболияның даму қаупі (КТЭ) ішілетін контрацептивтерді қабылдаған алғашқы жылда аса ықтимал. Жоғары қауіп ішуге арналған біріктірілген контрацептивтерді бастапқы пайдаланудан немесе ішуге арналған біріктірілген бір ғана сол немесе әртүрлі контрацептивтер пайдалануды жаңғыртудан (препарат қабылдаулар арасындағы 4 апта және одан көп үзілістен соң) кейін болады. Емделушілердің 3 тобы қатысқан ауқымды проспективті зерттеу деректері осы жоғары қауіптің көбінесе алғашқы 3 ай ішінде болатынын көрсетеді.

Эстрогендердің төмен дозасымен (50 мкг этинилэстрадиолдан аз) ішуге арналған контрацептивтер қабылдайтын емделуші әйелдерде көктамырлық тромбоэмболияның жалпы қаупі оларды жүкті болмаса пайдаланбайтын әйелдердегіден 2-3 есе жоғары, дегенмен де, бұл қауіп жүктілік және босану кезіндегі көктамырлық тромбоэмболия қаупімен салыстырғанда төмендеу күйде қалады.

Көктамырлық тромбоэмболия өмірге қатерлі болуы немесе 1-2% жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін.

Кез келген ішуге арналған біріктірілген контрацептивтерді пайдалану кезінде терең көктамырлар тромбозы және/немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы ретінде көрініс беретін көктамырлық тромбоэмболия орын алуы мүмкін.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдайтын әйелдерде басқа қан тамырларының, мысалы, бауыр, мезентериальді, бүйрек, церебральді артериялар және көктамырлар, сондай-ақ торқабық тамырлары тромбозының аса сирек жағдайлары сипатталған. Осы оқиғалардың орын алуы мен ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау арасындағы байланысқа қатысты бірыңғай пікір жоқ.

Терең көктамырлар тромбозының симптомдарында мыналар қамтылады: аяқтың біржақты немесе аяқтағы көктамырларды бойлай ісінуі, тек тік тұрғанда немесе жүрген кезде аяқтың ауыруы немесе жайсыздануы, зақымданған аяқтағы температураның жергілікті көтерілуі, аяқтағы тері жабындарының қызаруы немесе түсін өзгертуі.

Өкпе артериясы тромбоэмболиясының симптомдарына мыналар жатады: кенеттен түсініксіз ентігудің немесе жиілеген тыныс алудың басталуы, қан түкірумен қатар жүруі мүмкін жөтелдің күрт шабуылы, терең дем алғанда күшейе түсетін кеуде қуысының жедел ауыруы, үрей сезімі, қатты бас айналу; жүректің жиілете немесе жүйесіз соғуы. Осы симптомдардың кейбірі (мысалы, «ентігу» және «жөтел») спецификалық емес болып табылады және осыған орай едәуір жиі және ауырлығы аз бұзылу (мысалы, тыныс жолдарының жұқпалары) белгілері ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.

Артериялық тромбоэмболия өзінде цереброваскулярлы бұзылуларды, тамырлар окклюзиясын немесе миокард инфарктісін қамтуы мүмкін.

Цереброваскулярлы бұзылулардың симптомдары кенеттен әлсіреу немесе беттің, аяқ-қолдардың, әсіресе, дененің бір жағының ұйып қалуы, күрт сана шатасуы, сөйлеудің бұзылуы немесе қабылдау қиындықтары; бір немесе екі көз көруінің күрт нашарлауы, жүріс-тұрыстың кенет бұзылуы, бас айналу, қозғалыс тепе-теңдігінен немесе үйлесімінен айрылу, белгілі себептерсіз кенеттен ауыр немесе ұзаққа созылатын бас ауыру, ұстамамен немесе онсыз санадан айрылу немесе естен тану болуы мүмкін. Тамырлар окклюзиясының басқа белгілері аяқ-қолдың кенеттен ауыруы, ісінуі немесе шамалы көгеруі, «іштеспе» симптомдары болуы да мүмкін.

Миокард инфарктісінің симптомдарына: ауыру, жайсыздану, қысым, ауырлық, кеудедегі, қолдағы немесе төс артындағы қысылу немесе кернеу сезімі, арқаға, жақсүйекке, көмейге, қолға, асқазанға иррадиацияланатын жайсыздық сезімі, асқазанның толып кету немесе кернелу сезімі, тұншығу сезімі, суық тер, жүрек айну, құсу немесе бас айналу, қатты әлсіреу, үрейлену сезімі, ентігу, жиі немесе жүйесіз жүрек қағу жатады.

Артериялық тромбоэмболия үдерістері өмірге қатер төндіруі немесе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.

Бірнеше қауіп факторларының біріктірілімі немесе аса айқын жекелеген қауіп факторлары бар әйелдерде тромбозды дамытатын синергетикалық қатердің туындау ықтималдығын ескерген жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Тромбоздың (көктамырлық және/немесе артериялық), тромбоэмболиялық немесе цереброваскулярлық бұзылулардың даму қаупі артады:

- жасқа қарай

- шылым шегушілерде (темекілер санының көбеюімен немесе жас ұлғаюымен әріқарай қауіп арта түседі, әсіресе, 35 жастан үлкен әйелдерде)

- отбасылық сыртартқы болғанда (яғни, жақын туыстарының немесе ата-анасының салыстырмалы жасырақ уақытында бір кездері болған көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболия). Егер тұқым қуалайтын бейімділік белгілі болса немесе жорамалданса, әйел ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау мүмкіндігінің мәселесін шешіп алу үшін дәрігермен кеңесу қажет.

  • семіздікте (дене салмағы индексі 30 кг/м2 көп)

  • дислипопротеинемияда

  • артериялық гипертензияда

  • бас сақинасында

  • жүрек клапандарының ауруларында

  • жүрекшелер фибрилляциясында

- ұзаққа созылатын иммобилизацияда, күрделі хирургиялық араласуда, аяққа жасалған кез келген операцияда немесе ауқымды жарақаттануда. Осы жағдайларда ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер пайдалануды тоқтатып (жоспарланған операция жағдайында, кем дегенде, оған дейін төрт апта бұрын), иммобилизация аяқталған соң екі апта бойы қабылдауды жаңғыртпаған дұрыс.

Көктамыр тромбоэмболиясының дамуында көктамырлардың варикозды кеңеюінің және беткейлік тромбофлебит атқаратын болжамды рөл мәселесі таласты күйде қалады. Босанудан кейінгі кезеңде тромбоэмболияның жоғары даму қаупін ескеру керек.

Айналымдық бұзылулар қант диабеті, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары ( Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақша тәріздес-жасушалық анемия кезінде де білінуі мүмкін.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қолдану кезінде бас сақинасының жиілігі мен ауырлығының артуы (бұл цереброваскулярлы бұзылуларға ізашар болуы мүмкін) осы препараттардың қабылдануын шұғыл тоқтатуға негіз бола алады.

Көктамырлық немесе артериялық тромбозға тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік көрсеткіштері бола алатын биохимиялық параметрлерде белсенділенген С протеиніне төзімділік, гипергомоцистеинемия, антитромбин-III тапшылығы, С протеині тапшылығы, S протеин тапшылығы, фосфолипидке қарсы антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) қамтылады.

Қауіп/артықшылық арақатынасын бағалағанда, дәрігер тиісті жай-күйді талапқа сай емдеудің сонымен байланысты тромбоздың даму қаупін азайта алатынына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, жүктілік кезіндегі тромбоздар мен тромбоэмболиялар қаупінің төмен дозалы (0,05 мг этинилэстрадиолдан аз) ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезіндегіден жоғары екенін ескеру керек.

Ісіктер

Адам папилломасы вирусын жұқтырған әйелдерде ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер ұзақ уақыт қолданылғанда жатыр мойны обырының даму қаупінің сәл жоғарылауы жөнінде хабарламалар бар.

Фармако-эпидемиологиялық зерттеулердің мета-талдауы зерттеу тұсында ішуге арналған біріктірілген контрацептивтерді пайдаланған әйелдерде диагностикаланған сүт безі обырының біршама жоғары салыстырмалы даму қаупі бар екенін көрсетті. Жоғары қауіп осы препараттар қабылдауды тоқтатқаннан кейін 10 жыл ішінде біртіндеп жоғалады. Байқалған қауіп жоғарылауы ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қолданатын әйелдерде сүт безі обырының ертерек диагностикалануының, ішуге арналған біріктірілген контрацептивтердің биологиялық әсерлерінің немесе екі фактордың бірігу нәтижесі болуы мүмкін.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қолдану аясындағы сирек жағдайларда бауырдың қатерсіз ісіктерінің дамуы және одан да сирек жағдайларда бауырдың қатерлі ісіктерінің дамуы байқалды. Жекелеген жағдайларда, бауыр ісіктері өмірге қатер төндіретін интраабдоминальді қан кетулерге әкелуі мүмкін. Іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырулар, бауырдың үлкеюі немесе интраабдоминальді қан кетулер белгілері білінген жағдайда дифференциялық диагноз қою кезінде бауыр ісігін ескеру керек.

Басқа жағдайлар

Бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде калий экскрециясы баяулауы мүмкін. Клиникалық зерттеулер бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа науқастарда қан сарысуындағы калий концентрациясына дроспиренон әсерінің болмайтынын көрсетті. Гиперкалиемияның теориялық даму қаупін калийдің жоғарғы қалып шегіндегі бастапқы концентрациясында бүйрек функциясының бұзылуы бар және бір мезгілде организмдегі калий іркілісіне әкелетін дәрілік заттар қабылдайтын науқастарда ғана жорамалдауға болады.

Гипертриглицеридемиясы бар (немесе отбасылық сыртартқысында осындай жағдайы бар) әйелдерде ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезінде панкреатиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдайтын көптеген әйелдерде артериялық қысымның аздап көтерілуі сипатталса да, клиникалық мәнді жоғарылау сирек білінеді. Дегенмен де, егер ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезінде артериялық қысымның тұрақты, клиникалық мәнді көтерілуі дамыса, бұл препараттарды тоқтатып, артериялық гипертензия емін бастау керек. Егер гипотензиялық ем көмегімен артериялық қысымның қалыпты мәндеріне жетуге болса, ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдауды жалғастыруға болады.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезінде, сондай-ақ, жүктілік кезінде байқалатын мына жағдайлар: холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қабында тастардың түзілуі, порфирия, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық-уремиялық синдром, Сиденгем хореясы, жүктілер герпесі, естімей қалу (отосклерозбен байланысты) пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін. Алайда аталған жай-күйлердің дамуы мен ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау арасындағы өзара байланыс дәлелденбеген.

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер осы ауруға түрткі болуы немесе симптомдарын өршітуі мүмкін.

Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары болса, бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалпына түсуіне дейін ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер пайдалануды тоқтату мәселесін шешіп алу қажет. Жүктілік немесе соның алдындағы жыныс гормондарын қабылдау кезінде дамитын қайталамалы холестаздық сарғаю дамығанда ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдауды тоқтату керек.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер инсулинге төзімділікке және глюкозаға төзімділікке ықпалын тигізсе де, төмен дозалы (<0,05 мг этинилэстрадиол) ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер пайдаланатын қант диабетімен науқастарда ем режимін өзгерту қажет емес. Дегенмен де, қант диабетіне шалдыққан әйелдер ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезінде мұқият қадағалануы тиіс.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қолдану аясында Крон ауруының және спецификалық емес ойық жаралы колит көріністері байқалды.

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау кезінде хлоазмаға бейімділігі бар әйелдер күн астында ұзақ болудан және ультракүлгінді сәулелену әсерінен аулақ болуы тиіс.

Медициналық тексерулер

Кристи қолдануды бастар алдында, сондай-ақ препарат қолдану барысында мезгіл-мезгіл әйелге жалпы медициналық және гинекологиялық тексеруден (артериялық қысымды өлшеу, сүт бездерін, құрсақ қуысы ағзалары мен кіші жамбас астауын зерттеу, соның ішінде цервикальді шырыштың цитологиялық зерттеуін қоса) тиянақты өтіп, жүктіліктің бар-жоғын анықтауға кеңес беріледі. Препаратты қолдану үдерісінде қарсы көрсетілімдер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар және басқалары) немесе қауіп факторлары (мысалы, тұқым қуалайтын көктамырлық немесе артериялық тромбоздарға бейімділік) көрініс беруі мүмкін екендіктен, мезгіл-мезгіл медициналық тексерулер өткізу маңызды.

Әйелге Кристи типті препараттардың АИВ жұқпасынан (ЖИТС) және жыныс жолымен берілетін басқа аурулардан қорғамайтынын ескерту керек!

Тиімділігінің төмендеуі

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтік препараттардың тиімділігі таблеткалар қабылдауды өткізіп алғанда, таблеткалар қабылдау кезінде құсу және диарея дамығанда немесе дәрілік өзара әрекерттесу нәтижесінде төмендеуі мүмкін.

Етеккір оралымына әсері

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау аясында, әсіресе, алғашқы үш айда қолданғанда жүйесіз қан кету (жағынды қанды бөліністер немесе құйылған қан кетулер) білінуі мүмкін. Сондықтан, кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау шамамен үш циклдан тұратын беймдену кезеңінен кейін өткізілуі тиіс.

Егер алдыңғы жүйелі оралымдардан соң жүйесіз қан кетулер қайталанса немесе дамыса, қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін мұқият тексеру жүргізген жөн.

Кейбір әйелдерде таблеткалар қабылдаудағы үзіліс кезінде тоқтату қан кетуі болмауы мүмкін. Егер ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер нұсқауларға сай қабылданған болса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз. Дегенмен де, егер осыған дейін ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер жүйесіз қабылданса немесе егер қатарынан екі рет тоқтату қан кетуі болмаса, препарат қабылдауды жалғастыруға дейін жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.

Зертханалық тестілер

Ішуге арналған біріктірілген контрацептивтер қабылдау бауыр, бүйрек, қалқанша без, бүйрек үсті бездері функциясының биохимиялық көрсеткіштері, плазмадағы тасымалдаушы ақуыздар деңгейі, көмірсу алмасу көрсеткіштері, коагуляция және фибринолиз параметрлері қамтылатын кейбір зертханалық тестілердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Өзгерістер, әдетте, қалыпты мәндер шегінен шықпайды. Дроспиренон плазма ренині мен альдостерон белсенділігін арттырады, бұл оның минералокортикоидқа қарсы орташа әсерімен байланысты болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Артық дозалану кезіндегі күрделі жағымсыз әсерлері жөнінде хабарланбаған. Симптомдары: жүрек айну, құсу және жас қыз балалардағы қынаптан болымсыз қан кету.

Емі: симптоматикалық, арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 21 таблеткадан салады.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лабораториос Леон Фарма С.А., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Бектұров к-сі 104.

Тел./Факс: 8(727)262 32 33, email: sabipharm@yandex.ru

 

Прикрепленные файлы

242427971477976492_ru.doc 127 кб
877687791477977658_kz.doc 176 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники