Корвалол® (таблетки)

МНН: Мяты перечной масло, Фенобарбитал, Этилбромизовалерианат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Барбитураты в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020621
Информация о регистрации в РК: 03.09.2019 - 03.09.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Корвалол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 100% затқа шаққанда α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі 12,42 мг, 100% құрғақ затқа шаққанда фенобарбитал 11,34 мг, жалбыз майы 0,88 мг;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты,

β-циклодекстрин, калий ацесульфамы.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын препараттар. Барбитураттар басқа препараттармен біріктірілімде.ATХ коды N05CB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сублингвальді қабылдаған кезде, сіңуі тіл асты аймағында-ақ басталады, белсенді заттардың биожетімділігі жоғары (шамамен 60-80%). Әсері жылдам (5-10 минуттан кейін) байқалады. Ішке қабылдаған кезде әсері 15-45 минут өткен соң дамиды және 3-6 сағат бойы созылады. Бұрын барбитурат қышқылы препараттарын қабылдаған адамдарда әсер ету ұзақтығы барбитураттар ферменттер индукциясын туындататын бауырдағы фенобарбиталдың жылдам метаболизмі есебінен қысқарады. Егде жастағы адамдарда және бауыр циррозы бар емделушілерде Корвалол® метаболизмі төмен, сондықтан оларда жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, бұл дозаны азайтуды және препараттың қабылдану аралығын ұзартуды қажет етеді.

Фармакодинамикасы

Корвалол® - тыныштандыратын және түйілуді басатын препарат, әсері оның құрамына кіретін компоненттермен анықталады.

α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі рефлекторлы тыныштандыратын және түйілуді басатын әсер береді, оған негізінен ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншағы рецепторларын тітіркендіруге, жүйке жүйесі орталық бөліктері рефлекторлық қозғыштығының төмендеуіне және ми қыртысы мен қыртыс астылық құрылымдар нейрондарындағы тежелу құбылыстарының күшеюіне, сондай-ақ орталықтық тамыр қозғалтқыш орталықтар белсенділігі төмендеуі мен тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жергілікті түйілуді басатын тікелей әсеріне байланысты болады.

Фенобарбитал ортаңғы және сопақша ми ретикулярлы формациясы орталықтарының үлкен жартышарлар қыртысына белсенділендіруші әсерін басады, сол арқылы ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарына қоздырғыш әсер беру легін азайтады. Белсенділендіруші әсерлердің азаюы дозасына байланысты тыныштандырғыш, транквилизациялаушы немесе ұйықтататын әсер береді.

Корвалол® жалпы артериялық қысымды төмендетіп, қан тамырлары, әсіресе жүрек қан тамырларының түйілуін басып және алдын ала отырып, тамыр қозғалтқыш орталықтарына, коронарлық және шеткергі қан тамырларына қоздырғыш әсерін азайтады.

Жалбыз майы құрамында эфир майларының мөлшері көп, оның ішінде

50 % жуық ментол және 4-9 % ментол эфирлері бар. Олар ауыз қуысының «суыту» рецепторларын тітіркендіруге және тегіс бұлшықеттер түйілулерін басып, тыныштандырғыш және жеңіл өт айдайтын әсер туғыза отырып, негізінен рефлекторлы түрде жүрек пен мидың қан тамырларын кеңейтуге қабілетті. Бұрыш жалбыз майы антисептикалық және спазмолитикалық әсер етеді, метеоризм құбылыстарын жою қабілетіне ие.

Қолданылуы

- қатты ашушаңдықпен невроздарда

- ұйқысыздықта

- гипертониялық аурулар мен вегетативтік қантамырлық дистонияны кешенді емдеуде

- жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстарында (оның ішінде тахикардияда)

- нейровегетативті бұзылыстармен байланысты ішек түйілулері (спазмолитикалық препарат ретінде)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Корвалол® сублингвальді (тіл астына) немесе ересектерге 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет тағайындалады.

Қажет болғанда (айқын тахикардия және коронарлық қантамырлар түйілуі) бір реттік дозаны 3 таблеткаға дейін арттыруға болады.

Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер клиникалық әсерге немесе препараттың жағымдылығына байланысты анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Корвалол®, әдетте, жақсы көтерімді. Жекелеген жағдайларда төмендегі жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:

- асқазан мен ішек аймағындағы жайсыздық, жүрек айнуы

- ұйқышылдық, жеңіл бас айналу, назар шоғырлануының төмендеуі

- аллергиялық реакциялар

- жүрек ырғағының баяулауы

Бұл құбылыстар дозаны азайтқанда қайтады.

Ұзақ қолданғанда препаратқа тәуелділік және бромизм құбылысы пайда болуы мүмкін. Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, үйлесімділіктің бұзылуы, сананың шатасуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, бромға жоғары сезімталдық

- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылулары

- бауыр порфириясы

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- бассүйек-ми жарақаты немесе ми аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Корвалолдың® әсерін орталықтан бәсеңдететін типтегі препараттар күшейтеді. Препараттың құрамында фенобарбитал болуы бауыр ферменттерін индукциялауы мүмкін, сонысымен оны бауырда метаболизденетін препараттармен (кумарин туындыларымен, гризеофульвинмен, глюкокортикоидтармен, пероральді ұрықтануға қарсы дәрілермен) бір мезгілде қолдануды қолайсыз етеді, өйткені олардың тиімділігі анағұрлым жоғары деңгейлі метаболизмнің нәтижесінде төмендейді. Корвалол® жергілікті жансыздандыратын, ауруды басатын және ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл құрамында барбитур қышқылы туындыларының болуымен байланысты.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның әсері күшейеді.

Метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда оның уыттылық әсері күшейеді.

Алкоголь препараттың әсерін, сондай-ақ оның уыттылығын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Спиртті сусындарды бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн.

Препаратқа тәуелділік қалыптасу мүмкіндігіне байланысты препаратты ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Препаратты артериялық гипотензия кезінде абайлап тағайындаған дұрыс.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты механизмдермен жұмыс істейтін адамдар, автокөлік жүргізушілерінің және т.б. қолданбағаны жөн.

Артық дозалануы

Препаратты жиі немесе ұзақ қолданған кезде артық дозалануы мүмкін, бұл оның құрамдастарының жинақталуымен байланысты. Ұзақ және тұрақты қолдану тәуелділікті, абстиненттік синдромды, психомоторлық қозуды туындатуы мүмкін. Препарат қабылдауды күрт тоқтату, тоқтату синдромын туындатуы мүмкін.

Артық дозалану симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, сананың шатасуы, бас айналу, атаксия, тіпті терең ұйқыға дейін болатын ұйқышылдық. Уланудың ауыр жағдайларында – тыныс алудың бұзылуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, кома.

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті жарықтан қорғайтын үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада

1, 3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

114087941477976696_ru.doc 72 кб
056011881477977833_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники