КМ-Шиповник

МНН: Шиповника плоды
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота (включая комбинации с другими препаратами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013166
Информация о регистрации в РК: 02.12.2014 - 02.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Итмұрын

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай

Құрамы

Бір сүзгі-пакеттің құрамы

белсенді зат: 2,0 г итмұрын жемістері

Сипаттамасы

Қызғылт сары-қызылдан қоңырлау-қызыл түске дейінгі итмұрын жемістерінен алынған ұнтақ. Иісі жоқ. Дәмі қышқылтым-тәтті, аздап тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Аскорбин қышқылы, басқа да препараттармен бірігулерін қоса алғанда.

АТХ коды A11G

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес препарат. Итмұрын жемістерінің құрамында органикалық қышқылдар, флавоноидтар, каротиноидтар, пектинді және иіткіш заттар, В, Р, К, С тобы витаминдері бар.

Цингаға қарсы, өт айдайтын әсері бар, организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, сыртқы ортаның зиянды әсеріне қарсылыстықты жоғарылатады.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

- авитаминоз кезінде

- асқазан-ішек жолы ауруларында

- несеп және өт-тас ауруларында, циститте

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетке 100-150 мл қайнаған су құяды, 10-15 минут демдеп, ересектер мен 12 жастан асқан балалар тамақтанудан кейін күніне 2 рет

½ стақаннан жылы күйінде қабылдауы керек.

6 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға – 1-2 шай қасықтан, от 1 жастан 2 жасқа дейін – 1 ас қасықтан күніне 2 рет, 3-тен 5 жасқа дейін – 2 ас қасықтан күніне 2 рет, 6-дан 12 жасқа дейін – ¼ стақаннан күніне 2 рет. Емдеу курсын дәрігер әр адамға жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар тәжірибесінде дәрігердің тағайындауы бойынша тағайындайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г препараттан бір реттік қолдануға арналған сүзгі-пакетте. Қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жеке қапталған 20 сүзгіш-пакеттен немесе 20 сүзгіш-пакеттен қораптық картоннан жасалған фирмалық қорапқа салынған. Нұсқаулық мәтінінің тікелей қорапқа жазылуына жол беріледі. Қораптар полиэтилен үлбірмен жабылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е-mail: reception@kyzylmay.com

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

652560651477976591_ru.doc 39.5 кб
984211771477977747_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники