Келтикан® (капсулы)

Производитель: Феррер Интернасьональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015539
Информация о регистрации в РК: 15.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Келтикан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: цитидин -5´-динатрий монофосфаты 5 мг

уридин 5´-тринатрий трифосфаты,

уридин 5´-динатрий дифосфаты, ури-

дин 5´-динатрий монофосфаты (барлығы) 3мг

(уридинге баламалы) 1,33 мг,

қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), маннитол

желатинді капсула: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), индигокармин (Е 132), желатин

Сипаттамасы

Сұр түсті мөлдір емес корпусы және көк түсті қақпағы бар қатты желатинді капсулалар (№2). Капсула ішіндегісі – гигроскопиялы ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған өзге препараттар.

ATХ коды М09АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Келтикан® екі нуклеотид – цитидин монофосфаттың және уридинмонофосфаттың біріктірілімі болып табылады. Бұл нуклеотидтер организмде болады, сондықтан типтік фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Келтикан® миелинді қабықтың негізгі компоненттері - сфингомиелин және глицерофосфолипидтерді құрайтын фосфатидті қышқылдың және жүйке қабықшаларының қалыптасуы үшін кераминмен моносахаридтерді біріктіруге қажетті организмді фосфатты топтармен қамтамасыз етеді. Осылайша, аксондық жүйке талшықтары толық жетілуі және регенерациясы, төзімді трофикалық әсер қамтамасыз етіледі. Осының салдарынан аксонның зақымданған жерінің қабынуы азаяды және сезімталдығы қалпына келеді, ол аксондық тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

  • радикулиттерде (люмбаго, люмбалгия, люмбоишиалгия)

  • диабеттік полиневропатияда

  • алкогольдік полиневриттерде

  • белдемелі теміреткіде, ганглионитте

  • үшкіл жүйке невралгиясында

  • беттік және қабырға аралық жүйкелер невралгиясында

  • плекситтерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Келтикан® капсулаларын ішу арқылы қабылдайды.

Ересектерге: 2 капсуладан тәулігіне 2 рет.

Келтикан® капсулаларын тамақ ішуге дейін немесе одан кейін қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығын емделушінің жай-күйіне және емдеуге реакциясына байланысты дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Сипатталған жоқ.

Аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін, қандай да бір жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде қабылдауды тоқтату және міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Асқазанның қандай да болсын бұзылыстары болғанда, Келтикан® препаратын тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қолданылуы анықталмаған.

Жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде әйелдерге, егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа/ балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана, препаратты тағайындаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Өнім уыттылығының аздығын ескере отырып, емдік дозалар кездейсоқ асып кеткен жағдайда да, препаратпен уыттану ықтималдығы аз.

Кездейсоқ артық дозаланғанда, симптоматикалық емдеуді бастау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 капсуладан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Феррер Интернасьональ, С.А., Барселона, Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Феррер Интернасьональ, С.А., Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

Алматы қ., Бегалин к-сі 136 а

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

514022241477976625_ru.doc 47.5 кб
220561681477977767_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники